Қостанай облысы білім басқармасы
1.12K subscribers
15.9K photos
3.35K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
​​🔊 Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады

🔹 ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған «100 медиативті мектеп» жобасын іске қосуда. Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектептерінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс атқара бастайды.

✔️ Осы қызметтердің жұмысына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Олар мектептегі медиация қызметтерін құру және олардың табысты жұмыс істеуі үшін қажетті теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Бұл ұсынымдар білім беру ұйымдарында медиативтік практикаларды енгізу үшін негіз болады.

«Негізгі мақсат - қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсету, балаларды дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұдан бөлек, мұнда отбасылық-құқықтық дауларды шешуге жәрдем көрсетіледі. Мектеп қызметтері қақтығыстарды реттеудің маңызды құралы болып табылады, ал медиативтік практикаларды пайдалану даулы жағдайлардың санын қысқартуға және оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.


📌 Медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақтың өкілдері кіреді.
​​🔊 В казахстанских школах появятся службы медиации

🔹 Министерство просвещения запускает проект «100 медиативных школ», направленный на создание безопасной и поддерживающей образовательной среды. В рамках инициативы во всех школах страны начнут функционировать службы школьной медиации, которые будут способствовать эффективному разрешению конфликтов и предотвращению негативных последствий для школьников, педагогов и родителей.

✔️ Для обеспечения единого подхода к работе таких служб утверждены методические рекомендации, разработанные НАО им.Ы.Алтынсарина. Они включают теоретические и практические материалы, необходимые для создания и успешного функционирования служб школьной медиации. Эти рекомендации станут основой для внедрения медиативных практик в организациях образования.

🗣️ «Основная цель — создание благоприятного, гуманного и безопасного пространства для развития и социализации детей, включая поддержку в трудных жизненных ситуациях. Кроме того, в службах будут оказывать содействие в разрешении семейно-правовых споров. Школьные службы примирения являются важным инструментом для урегулирования конфликтов, а использование медиативных практик позволит сократить количество спорных ситуаций и улучшить психологический климат в учебных заведениях», — отметила председатель Комитета по охране прав детей Министерства просвещения РК Насымжан Оспанова.

📌 Состав служб медиации включать старшеклассников, педагогов, педагогов-психологов, социальных педагогов, родителей, а также представителей неправительственных организаций, попечительских советов и старшего поколения.
⚡️ Ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша II республикалық олимпиада басталды

📊 10-14 желтоқсан аралығында Астанада ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтеді. Оған облыстық кезеңнен өткен 450 оқушы қатысады.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – ауыл оқушыларының таланттары мен қабілеттерін анықтау, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау және болашақ мамандықтарын таңдауға қолдау көрсету.

🧑🏻‍💻 Биыл олимпиадаға қатысуға 113 мыңнан астам оқушы ниет білдірді, бұл қатысушылардың өткен жылмен салыстырғанда 35 мыңға көбейгенін және ауыл оқушыларының интеллектуалдық жарыстарға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

❗️ Қорытынды кезең қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша дәстүрлі форматта, екі тур бойынша өтеді. Нәтижесінде қатысушылардың жалпы санының 45%-ы жеңімпаздар мен жүлдегерлер ретінде анықталады. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады, ал жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары беріледі.

✔️ Сондай-ақ қорытынды кезеңге қатысушылардың барлығы алдағы зияткерлік жарыстарға дайындалу үшін республикалық «Дарын» мектебіне сырттай оқуға қабылданады. І дәрежелі диплом иегерлері 2024-2025 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

📌 Ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша II республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі биылғы жылдың 14 желтоқсанында өтеді.
⚡️ Стартовала ІІ Республиканская олимпиада для учащихся сельских школ по предметам общественно-гуманитарного направления

📊 С 10 по 14 декабря в Астане пройдет четвертый (заключительный) этап Республиканской олимпиады по общественно-гуманитарному направлению для учащихся 10-11(12) классов сельских школ. В нем примут участие 450 школьников, прошедшие областной этап олимпиады.

Республиканская олимпиада среди учащихся сельских школ проводится вот уже второй год. Цель – выявление талантов и способностей сельских школьников, создание условий для их интеллектуального развития и поддержка в выборе будущей профессии.

🧑🏻‍💻 В этом году желание принять участие в олимпиаде изъявили более 113 тысяч учащихся, что на 35 тысяч больше по сравнению с предыдущим годом. Это подтверждает возрастающий интерес сельских школьников к интеллектуальным состязаниям.

❗️Сам заключительный этап пройдет по 7 предметам общественно-гуманитарного направления в традиционном формате в два тура. По итогам определяются победители и призеры — 45% от общего числа участников. Они награждаются дипломами I, II, III степеней Министерства просвещения РК. Также всем участникам будут вручены сертификаты и памятные подарки, а победителям будут вручены ректорские гранты ряда вузов страны.

✔️ При этом все участники заключительного этапа зачисляются в республиканскую заочную школу «Дарын» для подготовки к предстоящим интеллектуальным соревнованиям. Обладатели дипломов I степени примут участие в заключительном этапе республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам 2024-2025 учебного года.

📌 Церемония награждения победителей и призеров II Республиканской олимпиады среди учащихся сельских школ по предметам общественно-гуманитарного направления пройдет 14 декабря текущего года.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша II республикалық олимпиада басталды

📚📚📚

🎓 Стартовала ІІ Республиканская олимпиада для учащихся сельских школ по предметам общественно-гуманитарного направления
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😉😆☺️😗😋☺️😆😉

📺 14 желтоқсан күні сағат 21:30-да «Qazaqstan» телеарнасында Оқу-ағарту, Мәдениет және Ақпарат министрліктерінің қолдауымен «Ұстаз» көркем фильмінің премьерасы болады

👨‍🏫👨‍🏫👨‍🏫

📺 14 декабря в 21:30 на телеканале «Qazaqstan» при поддержке министерств просвещения, культуры и информации состоится премьера художественного фильма «Ұстаз»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласында «Балалар мен жастарды тәрбиелеу: мемлекет, қоғам және отбасы бірлесе әрекет етуде» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияға Қостанай облысының ата-ана қоғамының өкілдері А.Л. Гошовская және Б.К. Арыстан қатысты.
Диалог алаңында мемлекеттік органдардың өкілдері, ата-аналар, педагогтер, ғалымдар, сарапшылар отбасындағы тәрбие, саналы ата-ана болу мәдениетін дамыту идеяларымен бөлісті, өскелең ұрпақты тәрбиелеу проблемаларын талқылады және оларды шешудің үздік әдістерін анықтады.
_____________
10 декабря 2024 года в городе Астане состоялась Международная конференция «Воспитание детей и молодежи: государство, общество и семья в единстве действий».
В конференции приняли участие представители родительской общественности Костанайской области Гошовская А. Л. и Арыстан Б. К.

На диалоговой площадке представители госорганов, родители, педагоги, ученые, эксперты поделились идеями семейного воспитания, развития культуры осознанного родительства, совместными усилиями обсудить проблемы воспитания подрастающего поколения и определить лучшие способы их решения.
ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

2024 жылғы 2 желтоқсанда «Рудный музыкалық колледжі» КМҚК қабырғасында ынтымақтастық және кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Астана қаласы «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ жетекші дирижері үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті, дирижер - Мамырбаев Ербол Нурболатович және оқытушы, дирижер - Мухаммед Мусамен шығармашылық кездесу өтті.

Кездесу аясында колледждің білім алушылары мен педагогтарына арналған шеберлік сағаттары өтті, сондай-ақ қонақтар университет туралы толық ақпарат беріп, тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Шығармашылық кездесудің соңында «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ студенттік үрмелі оркестрінің концерті болды.
________________
ВСТРЕЧА С СОЦПАРТНЁРАМИ

2 декабря 2024 года в стенах КГКП «Рудненский музыкальный колледж», в рамках сотрудничества и профориентационной работы, состоялась творческая встреча с ведущими дирижёрами РГУ «Казахский национальный университет искусств», город Астана: доцентом кафедры духовых и ударных инструментов, дирижёром - Мамырбаевым Ерболом Нурбулатовичем и преподавателем, дирижёром - Мухаммедом Муса.

В рамках встречи состоялись мастер-классы для обучающихся и педагогов колледжа, а также гости дали подробную информацию об университете и ответили на все вопросы слушателей. Ярким завершением творческой встречи стал концерт студенческого духового оркестра РГУ «Казахский национальный университет искусств».
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жетістігімді еліме арнаймын» республикалық челленджіне Қостанай облысының оқушылары да өз үлестерін қосуда.

В честь Дня Независимости Республики Казахстан, отмечаемого 16 декабря, учащиеся Костанайской области принимают участие в республиканском челлендже «Жетістігімді еліме арнаймын» («Своё достижение посвящаю Родине»).

#Біртұтас_тәрбие #жетістігім_еліме