Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.9K photos
3.35K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мектептердің материалдық-техникалық базасын байыту, заманға сай жабдықтау, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңғырту – мемлекеттік маңызы бар міндет. Себебі білім беру нысандарында болашақтың іргесі қаланып, адам капиталын арттыру көзделеді.

Сондықтан да сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу негізінде Жангелдин ауданында тиісті жұмыстар орындалуда.

ОТРК "Qostanai"

https://www.youtube.com/watch?v=jIUaSMVk8xs
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кабинеты поддержки инклюзии продолжают открывать как городских, так и сельских школах области. Один из них накануне открыли в школе имени Ы. Алтынсарина Джангельдинского района.

Подробности - в сюжете ОТРК "Qostanai".

https://www.youtube.com/watch?v=-QHLA_eaQsQ
🇰🇿 Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ортақ жауапкершілік болуы керек –Оқу-ағарту министрі ата-аналармен кездесуде тәрбиеге басымдық берді

🔹 Ғани Бейсембаев ата-аналар комитетінің өкілдеріне арналған «Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» семинар-тренингіне қатысты. Оған еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық ата-ана жиналды.

🔺 Министр ата-аналарды балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге шақырды және ата-ана мен мектептің ынтымақтастығын арттыру, ата-аналар комитеттерінің рөлін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

«Балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде ортақ жауапкершілік болуы керек - бұл біз ұмтылуымыз керек негізгі құндылық. Ол ең алдымен ата-ананың басты жауапкершілігінде, мемлекет пен мектеп тарапынан оларға қолдау көрсетіп, әрбір баланың жан-жақты дамуына жағдай жасауда. Тәрбие отбасынан басталатынын есте ұстаған жөн. Ата-ана ұстазға деген құрметтің үлгісін көрсетуі керек, өйткені бала ата-анасының айнасы», – деді Ғани Бейсембаев.


✔️ Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы. Бұл бағытта ауқымды шаралар атқарылуда. Бес жылда елімізде 1 млн оқушы орнына арналған 1 мыңнан астам мектеп ашылды. Алғаш рет өткен жылдан бастап 1,7 миллионнан астам бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылды.

«Мемлекет балалар үшін қауіпсіз және эргономикалық білім ортасын құруды жалғастыруда. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен қалалар мен шалғайдағы ауылдарды да қамтитын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы іске асырылуда. Өткен жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, оның аясында балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттілігін арттыруға, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды», – деп атап өтті министр.


📁 Бұл семинар-тренинг «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тәрбие жұмысы бойынша негізгі төрт тақырыпқа бөлінген дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафаның тақырыптық көрмесі өтіп, ата-аналарға қазіргі заман жағдайында балалармен эмоционалды байланыс орнату тәсілдері, жанжалдарды еңсеру және отбасы мен мектепте сенімді атмосфера құру бойынша әдістемелік құралдар ұсынылды.
🇰🇿 В процессе обучения и воспитания детей должна быть солидарная ответственность – министр просвещения обратился к родительской общественности

🔹 Гани Бейсембаев принял участие в республиканском семинаре-тренинге «Благосостояние и безопасность детей: совместная ответственность родителей и школы» для председателей родительских комитетов. В нем приняли участие более 500 родителей со всех регионов страны.

🔺 Обращаясь к участникам, министр призвал уделить особое внимание вопросу воспитания детей и подчеркнул важность укрепления сотрудничества между родителями и школой, а также усиления роли родительских комитетов.

«В процессе обучения и воспитания детей должна быть солидарная ответственность — это ключевая ценность, к которой мы должны стремиться. Прежде всего, она заключается в том, что родители несут основную ответственность, а государство и школы поддерживают их, создавая условия для полноценного развития каждого ребенка. Важно помнить, что воспитание начинается в семье. Родители обязаны подавать пример уважительного отношения к учителю, ведь ребенок — это отражение своих родителей», — сказал Гани Бейсембаев.


✔️ По его словам, обеспечение безопасности детей, защита их прав, создание благоприятных условий для их развития – важнейший приоритет государственной политики. В этом направлении принимаются колоссальные меры. За пять лет в стране открыто более 1000 школ на 1 млн ученических мест. Впервые с прошлого года более 1,7 млн учащихся начальных классов, и детей других возрастов из социально уязвимых семей обеспечены бесплатным питанием.

«Государством продолжается системная работа по созданию безопасной и эргономичной образовательной среды. По инициативе Главы государства реализуется Национальный проект «Комфортная школа», который охватывает не только города, но и отдаленные села. С прошлого учебного года во всех организациях образования внедрена программа «Біртұтас тәрбие», в рамках которой открыты Центры педагогической поддержки родителей, направленные на повышение психолого-педагогической и социальной компетенции родителей в воспитании детей, а также на формирование позитивной культуры родительства», — отметил министр.


📁 К слову, прошедший семинар-тренинг для родителей также прошел в рамках принятой программы «Біртұтас тәрбие». Дискуссионные площадки были разделены на четыре основные темы по воспитательной работе. Кроме того, прошла тематическиая выставка казахстанской художницы Ансаган Мустафа, были предложены методические рекомендации по установлению эмоционального общения с детьми в современных условиях, преодолению конфликтов и созданию надежной атмосферы в семье.
IT-білім берудегі трендтер

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде информатика және ақпараттық пәндер оқытушыларының ОМО жұмысы аясында "IT-білім берудегі трендтер"тақырыбында облыстық педагогикалық идеялар квесті өткізілді. Бұл кәсіби іс-шара педагогтердің кәсіби дамуы үшін тиімді платформа болып табылады, білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді және оқыту, тәжірибе алмасу және практикалық жұмыс элементтерін біріктіреді. Бағдарлама мыналарды қамтыды: шық сабақтар, мастер-класстар, тәжірибе алмасу, кейстерді шешу: мұғалімдердің нақты мәселелерді шешудегі практикалық жұмысы.

Өткізу барысында it-білім берудің өзекті тақырыптары қарастырылды, мысалы: ынтымақтастық үшін онлайн құралдарды пайдалану, интерактивті цифрлық ресурстарды құру және қолдану, білім беру процесін ұйымдастыру үшін онлайн платформаларды пайдалану.

Педагогтер мұндай семинарлар: білім беру сапасын арттыруға, білім алушылардың уәждемесін арттыруға, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға, педагогтерді цифрлық ортада жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.