Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.8K photos
3.34K videos
12 files
4.8K links
Download Telegram
​​📁 В Казахстане стартовало ежегодное исследование PISA для школ-2024

⚡️ С 18 ноября по 25 декабря 2024 года в 1 тыс. организации образования пройдет международное исследование PISA для школ. В нем принимают участие более 30 тысяч казахстанских учащихся, достигших 15 лет.

📚 Исследование основывается на методологии традиционного PISA и оценивает ключевые навыки функциональной грамотности, такие как чтение, математика и естественные науки, предоставляя всестороннюю картину внешней оценки на уровне отдельных образовательных организаций. Также оно позволяет выявить факторы, влияющие на академическую успеваемость учащихся.

🗣️ «PISA для школ проводится ежегодно и предоставляет индивидуальные отчеты с анализом результатов на уровне каждой школы. Это позволяет выявить области, требующие улучшения. Подробные отчеты становятся важным инструментом для руководства школ в разработке стратегий и программ, направленных на повышение качества образования. Исследование «PISA для школ» способствует улучшению образовательного процесса, помогая выявить сильные и слабые стороны учебных заведений и принимать необходимые меры на основе полученных данных», — подчеркнул заместитель председателя Комитета по обеспечению качества в сфере образования Майра Мелдебекова.


📌 Стоит отметить, что исследование «PISA для школ» проводится Организацией экономического сотрудничества и развития. В период с 2021 по 2023 годы в нем приняли участие 2200 организаций образования страны.
Директорлар НЗМ тәжірибесімен танысты

Қостанай облысында «Көшбасшылық мектебі» бағдарламасы белсенді түрде жұмыс істеуде. 2 жыл бойы 20-дан астам директор Қостанай қаласындағы НЗМ ФМБ бойынша тағылымдамадан өтті.

2024 жылдың 18 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында ауылдық және қалалық мектептердің тағы бес директоры НЗМ менеджментін зерделеді. Бес күн ішінде мектеп басшылары сабақтарды бақылап, тәрбие жұмысының жүйесі, кітапхананың қызметі, мұғалімдерді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, мектепішілік бақылау жұмыстарымен танысты.

Тағылымдама директорлардың Қостанай облысының жас педагогтарының форумына қатысуымен аяқталды.
Әр директор сертификатқа ие болды.
Директоры изучили опыт НИШ

Программа «Школа лидерства» активно работает в Костанайской области. Свыше 20 директоров за 2 года приняли участие в стажировке НИШ ФМН в г.Костанай.

С 18 по 22 ноября 2024 года еще пять директоров сельских и городских школ погрузились в менеджмент НИШ. За пять дней руководители приняли участие в наблюдении урока, изучили систему воспитательной работы и библиотечной деятельности, методическое сопровождение педагогов, внутришкольный контроль.

Закончилась стажировка участием директоров в Форуме молодых учителей Костанайской области.
Каждый директор получил Сертификат.
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

19 қараша күні «943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Рудный қаласында №5 гимназия базасында «Сараланған оқыту және оны іске асыру» семинары өтті.

Облыстың нысаналы мектептермен жұмыс істеу тәжірибесін зерделеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының әдістемелік орталығынан біздің әріптесіміз, әдіскер Ғалия Талғатқызы Ебишева келді. Мектеп нысаналы мектептердегі әріптестерімен оқу процесінде саралауды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында шеберлік сыныптары мен практикалық сессиялар, ашық сабақтар өткізілді.

Қатысушылар дифференциацияны, цифрлық құралдарды, онлайн-платформаларды тиімді пайдалану, оқушылармен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізу жолдарын егжей-тегжейлі талқылады. Семинардың барлық қатысушылары өз қызметінде жаңа білім мен әдістерді жүзеге асыруға бел буып, ұсынылған жұмыс формаларының практикалық маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, СҚО әдістемелік орталығының әдіскері нысаналы мектептерге әдістемелік көмек көрсету бойынша біздің әдістемелік орталықтың қызметімен танысты.

Тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар Петропавл қаласында жалғасты. Онда Әдістемелік орталық директорының орынбасары Гүлнар Өтегенова мен әдіскер Жанар Дощанова көрші облыстағы әріптестерінің жұмыс тәжірибесін зерделеді. Сапар бағдарламасы СҚО Әдістемелік орталығымен танысуды қамтыды. 2 нысаналы мектеп - 44 ОМ және Г. Зенченко атындағы мектепке барды.

Басқа аймақтағы әріптестермен өзара әрекеттесу жұмыс сапасын жақсартуға және дамытуға үлкен ұмтылысты тудырады. Сапар біздің кәсіби тәжірибемізді байытып қана қоймай, болашақта нәтижелі ынтымақтастықтың негізі бола алатын жаңа достық байланыстарға жол ашты.

Сапар барысында Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Троебратская орта мектебінде болдық: әкімшілік және мұғалімдермен әңгіме жүргізіліп, негізгі деңгей курстарынан өту мәселелері талқыланып, ұсыныстар берілді.