Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.8K photos
3.35K videos
12 files
4.81K links
Download Telegram
📆 ЦИФРА ДНЯ

✍🏻 По поручению Главы государства с прошлого года учащиеся начальных классов, и дети из социально уязвимых слоев населения обеспечиваются бесплатным горячим питанием.

🎒 На текущий момент обеспечены бесплатным горячим питанием 1,7 млн школьников, для этих целей из местного бюджета выделено 162 млрд тенге.

✔️ Об этом сообщил министр просвещения Гани Бейсембаев на Заседании Правительства РК.
📁 Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді

✍🏻 Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

🔺 Министрдің айтуынша, биылғы жылы тиісті нормативтік құқықтық талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қайта қаралды.

🗣️ «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді», - деді министр.


✔️ Сонымен қатар Ғани Бейсембаев «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында тегін тамақ алатын балаларды автоматтандырылған түрде есепке алу жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті.

🔹 Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді, оны 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарлануда.

📌 Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын екі ведомство басшысы мұндай шешімді білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына бірлесіп бақылау жүргізу барысында қабылдаған болатын.
📁 В казахстанских организациях образования внедрен ежедневный мониторинг качества питания

✍🏻 Об этом в своем докладе рассказал министр просвещения Гани Бейсембаев на Заседании Правительства РК, передает пресс-служба ведомства.

🔺 По словам Гани Бейсембаева, в этом году усилены и утверждены соответствующие нормативные правовые требования. В частности, пересмотрены нормы питания в организациях образования в соответствии с рекомендациями Всемирной организации здравоохранения.

🗣️ «В целях повышения качества питания в дошкольных и средних организациях образования внедрен ежедневный мониторинг качества питания. Усилены требования к квалификации поваров, их образованию и стажу работы. Введено требование по наличию санитарно-эпидемиологического заключения поставщика до начала деятельности. Также в организациях образования введено требование по установке видеонаблюдения на пищеблоках», - сказал министр.


✔️ Он также отметил, что на сегодня ведутся работы для обеспечения прозрачности процесса и автоматизации учета детей, получающих бесплатное питание в рамках проекта «Социальный кошелек».

🔹 Совместно с Минздравом разработан новый стандарт питания в организациях образования, реализация которого запланирована на 2025 год.

📌 Напомним, ранее к такому соглашению пришли главы двух ведомств на совместном объезде организаций образования по обеспечению качества питания.
​​Оқу-ағарту министрлігі мектепте тамақтандыру қызметін көрсетушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мүмкіндігін қарастыруда

✍🏻 ҚР Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Республикалық мониторингтің қорытындылары туралы Ғани Бейсембаев баяндады.

❗️Оқу-ағарту министрі республикалық мониторинг қорытындысында мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсеткенін, сондай-ақ мұны заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де анық аңғаруға болатынын атап өтті. Мониторинг тобы заң талаптарын бұзылуы бойынша 771 фактіні анықтаған.

📊 Сондай-ақ Министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша кешенді бағалау жүргізді. Бағалау кезінде тамақтандыру сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері, асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, 1 оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны, ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілді. Оның нәтижесінде Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығы анықталды.

🗣️ «Қазіргі таңда Министрлік мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтауда», - деп қорытындылады Ғани Бейсембаев.

📌 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік талаптарды күшейтіп, білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қараған болатын.
​​Министерство просвещения рассматривает возможность введения ответственности за нарушение требований при отборе поставщиков школьного питания

✍🏻 По поручению Главы Правительства РК Минпросвещения совместно с Минздравом организован мониторинг школьных столовых страны на соответствие санитарно-эпидемологическим требованиям. Об итогах республиканского мониторинга рассказал глава профильного ведомства Гани Бейсембаев.

❗️Как отметил министр, результаты мониторинга вызывают вопросы к качеству организации школьного питания и свидетельствуют о недостаточном контроле со стороны местных исполнительных органов, что подтверждается фактами нарушения требований законодательства. Так, мониторинговой группой выявлено 771 нарушение требований законодательства.

📊 Наряду с этим, министерством проведена комплексная оценка организации школьного питания. В ней учитывались результаты проведенного мониторинга качества питания, материально-техническая оснащенность столовых, стоимость питания в регионах на 1 учащегося, результаты опроса родителей. Так, акиматами Жамбылской, Мангистауской, Алматинской, Атырауской областей и г.Шымкент на уделяется должного внимания организации качественного питания в школах.

🗣️ «В настоящее время Министерством прорабатывается вопрос введения административной ответственности должностных лиц за нарушение требований отбора поставщиков при закупках услуг школьного питания», - заключил Гани Бейсембаев.

📌 Напомним, ранее министерством усилены требования и пересмотрены 7 нормативно-правовых актов к организации питания в организациях образования.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📁 Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

➤ ➤ ➤

📁 В казахстанских организациях образования внедрен ежедневный мониторинг качества питания. Об этом в своем докладе рассказал министр просвещения Гани Бейсембаев на Заседании Правительства РК.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Чемпионат күнделігі

Бүгін Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің педагогтары мен студенттері өз түлегі, “Кіші сыныптарда оқыту" құзыреттілігі бойынша “WorldSkills Kazakhstan 2024" Республикалық чемпионатының жеңімпазы Сандыбекова Жансая Нұрланқызын күтіп алды.
__________
Дневник Чемпионата

Сегодня педагоги и студенты Костанайского высшего педагогического колледжа встретили свою выпускницу, победителя Республиканского чемпионата “WorldSkills Kazakhstan 2024” по компетенции “Преподавание в младших классах” Сандыбекову Жансаю Нурлановну.

@talap.edu.kz
@oqu_agartu_ministrligi
@muhametkali_rinat
@ibraeva.0707
@ardak_begatarov
​​⚡️ «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды

✍🏻 Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына сілтеме жасап.

⛹🏻 Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Барлығы аудандық, облыстық деңгейде іріктеуден өткен. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

✔️ Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің  еңбегінің беделін арттыру.

📊 Байқау үш кезең бойынша өткізіледі:
I тур – «Креативті педагог»;
II тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы»;
III тур – «Үздік спорттық-бұқаралық  іс-шара».

📌 Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сондай-ақ, арнайы номинациялардың иегерлеріне 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталады.
​​⚡️ Стартовал республиканский конкурс «Лучший педагог физической культуры – 2024»

✍🏻 В Щучинске начался республиканский конкурс «Лучший педагог физической культуры – 2024», передает пресс-служба Минпросвещения РК со ссылкой на Национальный научно-практический центр физической культуры.

⛹🏻 В нем принимают участие 19 учителей физической культуры организаций среднего образования из разных регионов страны. Все участники прошли отборочные этапы на областном уровне. Стаж педагогической работы – не менее 3 лет.

✔️ Основная цель конкурса — поддержка творческой инициативы педагогов физической культуры, содействие их профессиональному росту и повышение престижа педагогической профессии.

📊 Конкурс пройдет в три тура:
I – «Креативный педагог»;
II – «Современный урок физической культуры»;
III – «Лучшее спортивно-массовое мероприятие».

📌 Отметим, призовой фонд конкурса оценивается в 1,5 млн тенге. Также обладатели специальных номинаций получат сертификаты на сумму 100 тысяч тенге.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

15 қараша күні талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ету, қолдау көрсету және марапаттау мақсатында Психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыс жөніндегі өңірлік оқу-әдістемелік орталығы республикалық «Жылдың үздік психологы» байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауға Қостанай облысындағы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары (мектептер, ТжКБ, балабақшалар, арнайы және мамандандырылған мекемелер) қатысты. Байқауға 13 аймақтан 29 қатысушы үш номинация бойынша өтінім берді: «Жас психолог» (3-5 жыл), «Жүрек қалауы психолог» (5-7 жыл), «Өз ісінің кәсіби шебері» (7 жылдан жоғары).

Байқау нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

«Жас психолог» номинациясы бойынша:
1-орын – Чувякова Екатерина Джамаловна, Жітіқара ауданы, Абай атындағы мектеп-лицей;
2-орын – Гузова Алла Алексеевна, Сарыкөл ауданы, Барвинов орта мектебі;
3-орын – Петрова Татьяна Викторовна, «Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы.

«Жүрек қалауы психолог» номинациясы бойынша:

2-орын – Аллавердиева Наталья Евгеньевна, Қостанай құрылыс колледжі;

3-орын – Герц Юлия Витальевна, Қостанай ауданы, Садчиков орта мектебі.

«Өз ісінің кәсіби шебері» номинациясы бойынша:

1-орын – Аманжолова Данара Каримовна, Қарабалық ауданы, «Айналайын» балабақшасы;

2-орын – Биль Виктория Викторовна, Қостанай ауданы, «Сәулетай» балабақшасы;

2-орын – Бандуровская Фаузия Шакировна, Лисаков қаласы, «Ивушка» балабақшасы;

3-орын – Базаркина Ирина Викторовна, Қостанай ауданы, Александров орта мектебі.

1 және 2 орын алған жеңімпаздар Қостанай облысының намысын республикалық кезеңде қорғайтын болады! Біз жеңімпаздарды және жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға республикалық деңгейде лайықты өнер көрсетіп, жеңіспен оралуға тілектеспіз!
ИТОГИ ОБЛАСТНОГО ЭТАПА РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА
«ЛУЧШИЙ ПСИХОЛОГ ГОДА»
15 ноября, в целях выявления талантливых, творчески работающих психологов, содействия росту профессионального мастерства, их поддержки и поощрения Региональный учебно-методический центр психологической поддержки и воспитательной работы провел областной этап республиканского конкурса "Лучший психолог года".

В конкурсе приняли участие педагоги-психологи организаций образования области (школы, ТиПО, детские сады, специальные и специализированные учреждения) Костанайской области. Было заявлено - 29 участников из 13 регионов области, в трех номинациях: «Молодой психолог» (от 3 до 5 лет), «По призванию - психолог» (от 5 до 7 лет), «Профессионал своего дела» (от 7 и более лет).

По итогам конкурса места распределились следующим образом:

в номинации «Молодой психолог»:

1 место - Чувякова Екатерина Джамаловна, Школа-лицей имени Абая Житикаринского района;

2 место - Гузова Алла Алексеевна, Барвиновская ОШ Сарыкольского района»;

3 место - Петрова Татьяна Викторовна, Детская деревня семейного типа «Жанұя».

в номинации «По призванию - психолог»:

2 место – Аллавердиева Наталья Евгеньевна, Костанайский строительный колледж;

3 место - Герц Юлия Витальевна, Садчиковская ОШ Костанайского района.

в номинации «Профессионал своего дела»:

1 место - Аманжолова Данара Каримовна, Ясли-сад «Айналайын» Карабалыкского района;

2 место - Биль Виктория Викторовна, Ясли-сад «Сәулетай» отдела образования Костанайского района;

2 место - Бандуровская Фаузия Шакировна, Ясли-сад «Ивушка» города Лисаковска»;

3 место - Базаркина Ирина Викторовна, Александровская ОШ Костанайского района.

Победители занявшие 1 и 2 места представят Костанайскую область на республиканском этапе конкурса! А мы поздравляем победителей и призеров желаем достойно выступить на республиканском уровне чтобы вернуться домой с победой!