Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.9K photos
3.35K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
⚡️ Оқу-ағарту министрі Алматының педагогикалық қауымдастығымен білім беру ісінің басым бағыттарын талқылады

✔️ Алматы қаласының педагогикалық қауымдастығымен кездесуде министр білім сапасын арттырудың негізгі бағыттарын айқындады.

⚜️ Министр Мемлекет басшысының атынан ұстаз Күләш Рахметоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, Президент Республика күні қарсаңында отандық білім беру ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар педагогтерді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

🔷 Ғани Бейсембаев мемлекет тарапынан педагогтерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, жас ұрпақтың толыққанды дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, жыл сайын кемінде 1 мыңнан астам ауыл мектебі жаңартылуда, 1,5 мыңнан астам пән кабинеттері жабдықталған, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Педагогтердің ендігі міндеті – білім сапасын арттыруға және балалардың жан-жақты, үйлесімді дамуына бар күш-жігерін салу.

«Мемлекет басшысы педагогтерге ерекше көңіл бөліп, оған қоғамның төрінен орын ұсынды, үлкен сенім мен жауапкершілік артты. Бұған жуырда ғана екі ұстазымыздың «Қазақстанның Еңбек Ері» құрметті атағымен марапатталуы дәлел бола алады. Біздің басты міндетіміз - өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Сондықтан педагогтердің кәсібилігін арттыру еліміздің сапалы адами капиталын қалыптастырудың негізі болып табылады. Мұғалім мамандығын таңдаған әрбір жан еліміздің ертеңі үшін жауапты екенін саналы түрде сезінуі тиіс»,- деді министр өз әріптестеріне.


🔺 Сондай-ақ министр педагог кадрларды даярлау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы тамақтануды ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуге бөлек тоқталды.
Бала құқықтарын қорғау саласының мамандарымен кездесуде мектептерде психологиялық қызметтің рөлін арттыру, министрліктің батамасымен енгізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтары арқылы ата-аналармен ынтымақтастық құру мәселелерін талқылады.
Кездесулердің қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берілді.
⚡️ Министр просвещения обсудил приоритетные направления образования с педагогами Алматы

✔️ На встрече с педагогическим сообществом города министр обозначил ключевые направления по повышению качества образования.

⚜️ От имени Главы государства министр вручил почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» педагогу Куляш Рахметовой. Напомним, что накануне Дня Республики Президент подписал Указ о присуждении ряду учителей государственных наград за их значительный вклад в развитие отечественного образования.

🔷 Обращаясь к педагогам Гани Бейсембаев отметил, что государство оказывает всестороннюю поддержку педагогам и создает все условия для полноценного развития подрастающего поколения. Реализуется Национальный проект «Комфортная школа», ежегодно не менее 1 тыс. сельских школ проходят модернизацию, оснащаются более 1,5 тыс.предметных кабинетов, проводится комплексная работа по подключению школ к высокоскоростному интернету. Задача педагогов — приложить все усилия по повышению качества образования, гармоничному и всестороннему развитию детей.

«Глава государства уделяет особое внимание поддержке педагогов, повышая их статус в обществе и возлагая на них высокое доверие. Об этом свидетельствует недавнее награждение двух наших педагогов высокими званиями «Героя труда Казахстана». Наша главная задача — приложить все усилия для обеспечения качественного образования и достойного воспитания подрастающего поколения. Поэтому повышение профессионализма педагогов является основой для качественного формирования человеческого капитала страны. Каждый, кто выбирает профессию педагога, должен осознавать свою ответственность за будущее», — отметил министр, обращаясь к коллегам.


🔺 Отдельно он акцентировал внимание на усилении работы по подготовке педкадров, обеспечению безопасности детей и организации качественного питания. На встрече со специалистами в сфере защиты прав детей он обсудил меры по усилению роли психологических служб в школах, а также взаимодействие с родителями через комплексную реализацию программы «Біртұтас тәрбие» и центры психолого-педагогической поддержки, созданные по инициативе министерства. По итогам встреч ответственным лицам был дан ряд поручений.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, кездесулер өткізді және Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын тексерді

⚜️ ⚜️ ⚜️

🇰🇿 Министр просвещения Гани Бейсембаев в ходе рабочей поездки в г. Алматы посетил ряд организаций образования, провел встречи и проверил исполнение поручений Главы государства
📁 Алматылық оқушылармен және ата-аналармен кездесуде еліміздің бас ұстазы балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігінің маңыздылығын атап өтті

🧑🏻‍💻 Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Ғани Бейсембаев алматылық талантты және дарынды балалармен кездесті. Оған 100-ден астам халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, балалар-жасөспірімдер ұйымдарының белсенділері қатысты.

⚡️ Айта кету керек, алматылық оқушылар соңғы 20 жылдан бері республикалық пәндік олимпиадаларда «ҚР ең үздік олимпиада командасы» тұғырынан түспей келеді. 160-қа жуық бала халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды. Олардың қатарында физика (IPhO), математика (IMO), информатика (IOI) бойынша ең беделді мектеп олимпиадаларының жүлдегерлері — Марғұлан Нұрсағатов, Досжан Бисімби, Ілияс Қасымбек, Мирон Юркевич, Амирлан Аманжолов, Максим Цой, Назар Сератзидинов бар.

«Мектепте алған білімдеріннің арқасында жоғары жетістіктерге қол жеткізген талантты, мақсатшыл, көздерінде от жанған жастармен сұқбаттасудың сәті түскеніне қуаныштымын. Сендер отандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық деңгейде дәлелдедіңіздер. Бұл білікті ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың да ортақ жеңісі. Мемлекет әрі қарай да сіздердің тұлғалық қалыптасу, даму кезеңдеріңде қолдау білдіреді», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.


🔺 Сондай-ақ Ғани Бейсембаев ата-аналар комитетімен жеке кездесу өткізді. Ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие жұмысы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құрылған ата-аналарды қолдау орталықтары арқылы мектептердің ата-аналармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының басынан ата-аналарды қолдау орталықтарында 25 мыңнан астам дәріс өтті, оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысты.
📁 Главный педагог страны отметил значимость воспитания и безопасности детей на встрече с молодежью и родителями Алматы

🧑🏻‍💻 Во время рабочей поездки в Алматы Гани Бейсембаев провел встречу с талантливыми и одаренными детьми города. В ней приняли участие более 100 победителей и призеров международных и республиканских олимпиад, а также активисты детско-юношеских организаций.

⚡️ На протяжении 20 лет алматинские школьники держат звание «Лучшей олимпийской команды» по итогам республиканских предметных олимпиад. Около 160 детей стали победителями и призерами международных олимпиад и конкурсов. В их числе призеры самых престижных школьных олимпиад по физике (IPhO), математике (IMO), информатике (IOI) — Маргулан Нурсагатов, Досжан Бисимби, Ильяс Касымбек, Мирон Юркевич, Амирлан Аманжолов, Максим Цой, Назар Сератзидинов.

«Отрадно видеть перед собой талантливых, амбициозных и целеустремленных молодых людей, достигающих высоких результатов благодаря знаниям, полученным в школе. Вы доказали конкурентоспособность и высокий уровень казахстанского образования на международной арене. Безусловно, в этом успехе велика роль ваших педагогов и родителей. Государство и дальше будет поддерживать вас на этом важном пути, предоставляя необходимые ресурсы и создавая условия для дальнейшего развития», — отметил Гани Бейсембаев.


🔺 Отдельно глава профильного ведомства провел встречу с родительскими комитетами. Он отметил важность обеспечения безопасности детей, воспитательной работы и взаимодействия школ с родителями через Центры поддержки родителей, действующих при школах в рамках программы «Біртұтас тәрбие». Напомним, в них с начала учебного года прошло более 25 тысяч занятий, в которых приняли участие свыше 1 миллиона родителей.
Экологиялық тәрбие берудің құзырет орталығы ашылды

Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер барған сайын өзекті мәселе бола түсуде. Сондықтан - да табиғатты аялау ерекше маңызға ие болды.

Адам табиғаттың бір бөлігі. Сол себепті оның тұрмыс -тіршілігі қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты. Табиғатты қорғау тұрақты даму үшін өте маңызды.

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2024 жылдың 8 қараша күні Рудный қаласындағы Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында Экологиялық тәрбие беру құзыреттілік орталығы ашылды.

Іс-шараға облыстық әдістемелік орталықтың өкілдері, АҚӘК басшылары, мектеп клубтарының жетекшілері және ЮНЕСКО клубына мүшелікке үміткерлер қатысты. А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің биология, экология және химия кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессордың ассистенті Юнусова Гүлнәр Батырбекқызы өз баяндамасында экологиялық білім берудегі заманауи тренттерімен таныстырды.

Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры Қ. И. Бірманова экологиялық мәдениетті дамыту тәжірибесімен, экологиялық бастамалармен және осы бағыттағы мектеп қызметінің нәтижелерімен таныстырды.
Оқушылар экологиялық инсайт аясында ғылыми жобаларын көрсетті.

Біздің әрқайсымыздың да экожүйенің салауатты дамуына үлес қосу мүмкіндігіміз бар. Өзара бірігу арқылы ғана, біз табиғат пен адамдар үйлесімді өмір сүретін тұрақты болашақ жасай аламыз!
Открылся Центр компетенций по экологическому воспитанию

В современном мире экологические проблемы становятся все более актуальными. Поэтому бережное отношение к природе приобретает особое значение. Человек — часть природы, и его существование напрямую зависит от состояния окружающей среды. Беречь природу важно для устойчивого развития.

Согласно Дорожной карте по реализации Национального доклада «Качественное образование, доступное каждому» 8 ноября 2024 года в школе-гимназии № 7 имени Б. Майлина г. Рудный открылся Центр компетенций по экологическому воспитанию.

На мероприятии присутствовали представители областного методического центра, руководители РГМК, школ-клубов и кандидатов в члены клуба ЮНЕСКО. Современные тренды в экологическом образовании представила в своем выступлении Юнусова Гульнара Батырбековна, ассистент профессора, кандидат технических наук, кафедра биологии, экологии и химии, Костанайский региональный университет им. А. Байтұрсынұлы.

Бирманова К.И., директор школы-гимназии № 7 имени Б. Майлина, познакомила с опытом развития экологической культуры, экологических инициатив и результатами деятельности школы по данному направлению.

Учащиеся показали свои научные проекты в рамках Экологического инсайта.

Каждый из нас способен внести вклад в здоровом развитии экосистемы. Только объединив усилия, можно создать устойчивое будущее, где природа и человек будут сосуществовать в гармонии!
🏢 «Колледждер креативті көшбасшылар мен еңбек нарығына икемді, білікті мамандарды дайындайтын алаңға айналуы тиіс»: Ғани Бейсембаев Алматының ТжКБ ұйымдарының жұмысымен танысты

🔷 Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының колледждерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар колледж басшыларының қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау мәселелерін талқылады.

✔️ Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі жеңіл өнеркәсіп, ІТ технологиялар, бизнес және қызмет көрсету саласы бойынша мамандар даярлайды. Колледж ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың да мамандық игеруіне мүмкіндік беретін инновациялық технологиялармен және алдыңғы қатарлы әдістемелермен жадбықталған. Мұнда тігін өндірісі және киім үлгілерін модельдеу мамандығы бойынша дуальді оқыту жүзеге асырылуда, сондай-ақ бұл мамандық бойынша колледж биылғы жылы халықаралық салалық аккредитацияға қол жеткізді. Академиялық мобильділік енгізіліп, студенттер Қытайдың дизайн институтында білімін жалғастыруда.

«Мемлекет басшысы 2025 «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, сондай-ақ еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында колледждер салалық көшбасшылар бірігетін, бизнеспен ынтымақтастықты арттыратын индустриялық алаңға айналуы тиіс. Бұл мақсатта техникалық және кәсіптік білім жүйесінде тиімді менеджментті қалыптастыру аса маңызды. Жастар колледждерден мамандықпен бірге кәсіпкерлік дағдысын да меңгеріп шығуы тиіс, біз олардың бизнес-стартаптары үшін қажетті алғышарттарды қалыптастыруымыз керек», - деді министр.


Сондай-ақ министр техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қаржылық моделін жаңарту, оның ішінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшерін ұлғайту туралы да айтып өтті.

🔺 Жиналысты қорытындылай келе, Ғани Бейсембаев колледж басшыларына бизнеспен ынтымақтастықты дамыту, студенттердің сапалы жұмыспен қамтылуын арттыру, мамандықтар бойынша халықаралық сертификаттау енгізу, педагогтердің кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өнеркәсіптен мамандарды тарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.