Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.9K photos
3.35K videos
12 files
4.81K links
Download Telegram
Бүгін Білім басқармасында басшы Айман Елеманқызы Ибраеваның төрағалығымен Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы Бауыржан Дәулетиярұлы Ұзынжаспен бірігіп білім саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл және болдырмау мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңес спикерлері: Рүстем Тасанбиұлы Тоқбергенов - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары, Нағашыбай Қаратайұлы Ергазин - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын тергеу бойынша бөлімнің басшысы. Кеңеске білім беру саласының 120-дан астам қызметкері қатысты.

Құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша тиімді шаралар мәселелері көтерілді, қатысушылар сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығын талқылап, барлық мүдделі тараптардың осы күреске белсенді қатысу қажеттігін атап өтті. Кеңес барысында ҚР ҚПК-нің 200-бабы аясындағы ұсынысы қаралды.

Басқарма басшысы атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Сегодня в Управлении образования под председательством руководителя Айман Елемановны Ибраевой совместно с руководителем Антикоррупционной службой по Костанайской области Бауыржаном Дәулетиярұлы Ұзынжас состоялось совещание, посвященное вопросам противодействия и пресечения коррупционных проявлений в сфере образования.

Спикерами совещания выступили первый заместитель руководителя Антикоррупционной службы Рустем Тасанбиевич Токбергенов и руководитель отдела по расследованию коррупционных правонарушений Нагашыбай Каратаевич Ергазин. На совещании присутствовало более 120 сотрудников сферы образования.

Подняты вопросы эффективных мер по борьбе с правонарушениями, участники обсудили значимость профилактики коррупционных действий, подчеркнув необходимость активного участия всех заинтересованных сторон в этой борьбе.

В ходе совещания также рассмотрено представление в рамках ст.200 УПК РК.
Как отметила руководитель УО, работа в данном направлении будет продолжена.
kopd_mp_rk:

🔰Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы Тимур Әбілмәжінов, сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина 40-тан астам баланы тәрбиелеп отырған Қостанай облысынан келген ерекше көп балалы отбасымен кездесу өткізді.

⚜️Шүкіровтер отбасына Оқу-ағарту министрінің атынан отбасы құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі баға жетпес мейірім мен қамқорлықтары үшін алғыс хат табыс етіліп, балаларға естелік сыйлықтар ұсынылды.

🧑‍🧑‍🧒‍🧒Биыл ынтымағы жарасқан, еңбегі мен еленген бұл отбасы нағыз үлгілі жанұя ретінде жыл сайынғы «Мейірлі отбасы» байқауына қатысуда.

Кездесу барысында Шүкіровтер отбасылық дәстүр, балалардың қызығушылықтары және бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсілдер жайлы айтып берді.

📌Сондай-ақ, балаларға министрлік бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда олар түрлі комитеттер мен департаменттердің басшыларымен танысып, мекемеде жұмыс үдерісінің қалай жүріп жатқанын көрді.