Қостанай облысы білім басқармасы
1.13K subscribers
15.9K photos
3.35K videos
12 files
4.82K links
Download Telegram
Ыбырай Алтынсариннің шөбересі АҚШ семинарда ағартушының идеяларын танытты

Global Scholars бағдарламасының 10-жылдығына орай АҚШ, Вашингтонда өткен халықаралық семинарға ҚР педагогтері делегациясының қатарында Қостанай қаласының № 19 ЖББМ директоры Анар Кабдулинова және осы мектептің ағылшын тілі мұғалімі, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шөбересі Әйгерім Алғожина қатысты.

Семинар тәжірибе алмасу, жаңа байланыстар орнату және жаңашыл білім беру тенденциялары туралы құнды ақпаратпен бөлісудің бірегей алаңына айналды.

Қостанайлық мұғалімдер жаһандық білім беруді дамытуға және инновациялық әдістерді интеграциялауға арналған талқылаулар мен панельдік сессияларға қатысты.

Анар Кабдулинова мен Әйгерім Алғожина әртүрлі елдердің мұғалімдерімен заманауи мектепте цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша кәсіби тәжірибелерімен және Ыбырай Алтынсариннің гуманистік идеяларымен бөлісті.

Мектеп директоры Анар Кабдулинова: «Туған қаламызға жаңа біліммен және озық білім беру тәжірибелерін енгізу бойынша жоспарлармен орала келе, оқушылар өздерін және өз таланттарын ашу үшін біз Code Book сияқты жаңашыл әдістемелер мен технологияларды енгізуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз».

Әйгерім Алғожина жан-жақты сауатты оқушыны дамыту ұлы атасының басты мақсаты болғанына сенімді. «Ол өзінің қырағылығымен өз дәуірінен оза түсіп, бізге, қазіргі мұғалімдерге, дұрыс бағытты көрсетті», - деп атап өтті.
Өткенді болашақпен байланыстыратын байланыстырушы – ол білім. Ұлы ағартушының ұрпақтары да ұстаздық жолды таңдап, атасының ізімен жүргені, әрине, ерекше қуантады.
Правнучка Ибрая Алтынсарина транслировала идеи просветителя на семинаре в США

В числе делегации педагогов РК на международном семинаре в Вашингтоне, США, приуроченном к 10-летию программы Global Scholars, были директор ОШ № 19 г.Костаная Анар Кабдулинова и учитель английского языка этой школы Айгерим Алгужина, правнучка просветителя степи Ибрая Алтынсарина.

Семинар стал уникальной площадкой для обмена опытом, установления новых контактов и получения ценной информации о новейших образовательных тенденциях.
Костанайские педагоги участвовали в обсуждениях и панельных сессиях, посвященных развитию глобального образования и интеграции инновационных методов.

Анар Кабдулинова и Айгерим Алгужина поделились с учителями разных стран своим профессиональным опытом по использованию цифровых ресурсов в современной школе и гуманистическими идеями Ибрая Алтынсарина.

Директор школы Анар Кабдулинова отмечает: «Вернувшись в родной Костанай с новыми знаниями и планами по внедрению передовых образовательных практик мы планируем продолжить внедрение новейших методик и технологий, таких как Code Book, чтобы ученики могли реализовать себя и раскрыть свои таланты».

Айгерим Алгужина уверена, что заветной целью ее прадеда было развитие всесторонне грамотного ученика. «Своей прозорливостью он опередил свою эпоху, показывая нам, современным учителям, верное направление», - отмечает она.

Образование - связующая нить, скрепляющая прошлое с будущим. Отрадно, что и прямые потомки великого просветителя идут по его стопам, выбрав для себя учительскую стезю.
06 қыркүйекте жүлде қоры 6 миллион теңгені құрайтын барлық үлгідегі қосымша білім беру ұйымдары арасында «Қосымша білім берудің үздік ұйымы» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурсқа 11 өңірден 12 қосымша білім беру ұйымы қатысты, финалға Облыстың 5 өңірінен 6 ұйым өтті. Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын (3 млн.теңге) – ҚОӘББ «Қостанай қаласы білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ;
2 орын (2 млн.теңге) – ҚОӘББ «Қостанай ауданы білім бөлімінің Балалар шығармашылығы үйі» КММ;
3 орын (1 млн.теңге) – ҚОӘББ «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығы» КМҚК.

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Қол жеткізген нәтижеге тоқталмай, жаңа биіктерге ұмтылуды тілейміз.
6 сентября состоялась церемония награждения победителей областного конкурса «Лучшая организация дополнительного образования» среди организаций дополнительного образования всех типов, где призовой фонд составлял 6 миллионов тенге.

В конкурсе приняло участие 12 организаций дополнительного образования, из 11 регионов, в финал прошли 6 организаций из 5 регионов области. По итогам конкурса места распределились следующим образом:

1 место (3 млн.тенге) – КГУ «Школа технического творчества детей и юношества отдела образования города Костаная» УОАКО;
2 место (2 млн.тенге) - КГУ «Дом детского творчества отдела образования Костанайского района» УОАКО;
3 место (1 млн.тенге) - КГКП «Детско-юношеский центр «Жас Ұлан» отдела образования города Аркалыка» УОАКО.

Поздравляем с победой в конкурсе! Желаем не останавливаться на достигнутом результате и стремиться к новым вершинам.
Бүгін Білім басқармасында басшы Айман Елеманқызы Ибраеваның төрағалығымен Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы Бауыржан Дәулетиярұлы Ұзынжаспен бірігіп білім саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл және болдырмау мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңес спикерлері: Рүстем Тасанбиұлы Тоқбергенов - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары, Нағашыбай Қаратайұлы Ергазин - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын тергеу бойынша бөлімнің басшысы. Кеңеске білім беру саласының 120-дан астам қызметкері қатысты.

Құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша тиімді шаралар мәселелері көтерілді, қатысушылар сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығын талқылап, барлық мүдделі тараптардың осы күреске белсенді қатысу қажеттігін атап өтті. Кеңес барысында ҚР ҚПК-нің 200-бабы аясындағы ұсынысы қаралды.

Басқарма басшысы атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.