Press Pavlodar region
888 subscribers
3.95K photos
298 videos
5.6K files
546 links
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің арнасы

Канал пресс-службы акима Павлодарской области
Download Telegram
Әбілқайыр Сқақов Павлодар көшелеріндегі қарды шығару жұмысының сапасын сынға алды
 
Павлодар облысының әкімі қала көшелерін аралады. Алайда, коммуналдық қызметтердің қар шығару жұмыстарына оның көңілі толмады.
 
Өңір басшысы Павлодар қаласының әкімі Ержан Имансляммен бірге 22 қараша, жексенбі күні кешке облыс орталығының көшелерін аралап шықты. Олар Катаев көшесінің бойындағы қар үйінділері шығарылмай жатқанын байқады.
 
- Біз мердігерлерден сапалы жұмыс талап етеміз. Қар түскеннен кейін қала 2-3 күн ішінде тазартылуы тиіс, көшелерде 10 күн бұрын жауған қалың қар әлі үйіліп жатыр. Көктайғаққа қарсы қоспаны шашу, жүру бөлігін қардан тазалау және көше бойын сыпыру бойынша мәселе жоқ, ал қарды полигондарға шығару бойынша жұмыстар орындалмаған. Коммуналдық қызметтерге қаланы қардан тазарту үшін ақы төленеді, оларға талапты дұрыстап қою керек, - деді Әбілқайыр Сқақов қала басшысына.
 
Облыс әкімі әңгімелескен коммуналдық қызмет бригадалары Катаев көшесінен жиналған қар дүйсенбі күні таңертең шығарылатынын айтты. Сонымен қатар, жұмысшылар Амангелді, Ак. Марғұлан және Ак. Бектұров көшелерін тазартып үлгеру керек. Өңір басшысы облыс орталығының тазалығына жауапты мердігер ұйымдарға наразылық талабы қойылып, олардың жұмысын мұқият бақылауға алуды тапсырды.
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев
Абылкаир Скаков раскритиковал качество работы по вывозу снега с улиц Павлодара
 
Аким Павлодарской области совершил рабочий объезд по городу и остался недоволен работой коммунальных служб по вывозу снега.
 
Глава региона вместе с акимом Павлодара Ержаном Иманслямом объехал центральные и второстепенные улицы областного центра в воскресенье, 22 ноября. Около 19:00 они зафиксировали десятки гор снега вдоль улицы Катаева.
 
- Это не то качество, которое мы требуем с подрядчиков, - обратился Абылкаир Скаков к градоначальнику. - Выпавший снег должен быть вывезен в течение 2-3 дней, на деле же на улицах остается снежная масса после обильных осадков, которые были 10 дней назад. По разбрасыванию противогололедной смеси, уборке снега с проезжей части и подметанию вдоль улиц вопросов нет, а вот по вывозу снега на полигоны работа не выполнена. Хотя коммунальным службам платят именно за очистку города от снега, это и должно быть конечным результатом их работы.
 
Бригады коммунальщиков, с которыми пообщался аким области, заверили, что к утру понедельника весь собранный снег с улицы Катаева будет вывезен. Кроме того, работникам предстоит убрать снежную массу с улиц Амангельды, Ак. Маргулана и Ак. Бектурова. Глава региона потребовал выставить претензию подрядным организациям, которые отвечают за чистоту областного центра, и тщательнее контролировать их работу.
 
Пресс-служба акима Павлодарской области
Фото Валерия Бугаева
Павлодар облысы Экологиялық кеңесінің құрамына тек бес шенеунік кірді
 
Консультативтік-кеңесші органдағы орындардың 80%-ын экологиялық белсенділер, ғалымдар мен қоғам белсенділері иеленді. Экокеңестің жаңа форматы мен жұмыс жоспары 20 қарашада Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен онлайн-отырыста талқыланды.
 
Өңір басшысының пікірінше, өзгерістер қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдердің сапасы мен уақтылығына оң әсер етуі тиіс.
 
- Негізгі стратегиялық бағыттар анықталды. Бұл атмосфералық ауа сапасын жақсарту, зиянды қалдықтарды азайту, көгалдандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды игеру және облыс тұрғындарының экологиялық мәдениеті деңгейін арттыру. Бұл жерде, басқа салалардағыдай, сіздердің қолдауларыңыз маңызды, біздің экологиялық белсенділермен, сарапшылармен және ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет. Бүгін біз Экологиялық кеңес жұмысының жаңа форматын және алдағы кезеңге арналған жоспарларымызды талқылаймыз,-деді Әбілқайыр Сқақов отырысқа қатысушыларға сөзін арнап.
 
Бұған дейін өңірлік Экокеңеске 17 адам кірсе, енді оның құрамында 25 адам болады. Мұнда экологиялық үкіметтік емес ұйымдардан 10 өкіл, ғылымдар мен сарапшылар саны 7, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестен 3 адам, экологияға қатысы бар мемлекеттік органдардан 5 маман кірді.
 
Экокеңесте қазір төрт негізгі бағытта жұмыс істейтін төрт жұмыс тобы бар:
 
- атмосфералық ауаны қорғау, жасыл технологияларды енгізу, ең озық қолжетімді технологиялар;
- өндіріс және тұтыну қалдықтарын игеру, тарихи ластану жағдайлары;
- су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану;
- жасыл аймақтарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, биоалуантүрлілікті дамыту.
 
- Соңғы екі жылдағы жұмыс тәжірибесі артық бюрократиялық процедурасыз, жұмыстың барынша мобильді және жанды форматы қажет екенін көрсетті. Жұмыс топтарын бөліп, олардың белгілі бір бағытта жұмыс істегені тиімді әрі нәтижелі болады. Ал, отырыстарға онда көтерілетін мәселеге қарамастан, Экокеңестің барлық қатысушылары шақырылатын болады,-деп хабарлады жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев.
«ЭКОМ» ҚБ басшысы Светлана Могилюк жоспарланған жобалар бойынша ашық қоғамдық тыңдаулар өткізу үрдісі сақталатынына үміт білдірді. Оның пікірінше, Экокеңестің қызметі де көпшілікке жария болуы керек. Светлана Могилюк өңір тұрғындарын көгалдандыру шаралары және қоршаған ортаны жақсартудың басқа жоспарлары туралы көбірек ақпараттандыруға шақырды.
 
- Билік тарапынан да, тұрғындар тарапынан да шешуді талап ететін мәселелердің тағы бір түйіні - жайлы орта қалыптастыру. Тұрғын үй аулаларындағы ауаны ластайтын өнеркәсіп емес, көліктер. Автомобильдер балалар алаңдары мен көгалдарға заңсыз қойылады. Біз ауа, көгал, сонымен қатар аулаларды абаттандыру сапасына назар аударуымыз керек,-деді қоғам белсендісі.
 
Павлодар География үйінің басшысы Александр Вервекин экспедициялар мен жаяу жорықтар кезінде қоғамдық бірлестік мүшелері Ертістің жағалауы мен орман аумақтарын қоқыстан бірнеше рет тазартқанын айтты. Қоғам белсендісі кәсіпкерлер мен тұрғындарды пластик өнімдерін пайдалануды азайтуға шақыруды ұсынды.
 
- Мектептерде экологиялық білім беру сабақтарын енгізу мәселесі қаралса, жақсы болар еді. Біз балаларға тілдерді, физика және химия пәндерін үйретеміз, ал экологиялық мәдениетке үйретіп жатқан жоқпыз. Мәселен, балалар Баянауылдағы қарағайға шүберек байласа, тілек орындалатынына шын сенеді. Ал, қорықшылары ұлттық саябақтың аумағында шүберектердің кесірінен қурап қалған екі ағашты мұндай әрекеттердің неге алып келетінін көрсету үшін әдейі қалдырып отыр. Адам бала кезінен экологияда не жақсы, не жаман екенін білуі тиіс,- деп қосты Александр Вервекин.
 
«Берегиня – Био» қорының басшысы Татьяна Пономарева кеңес мүшелеріне ағаштарды күту мәселесі туралы еске салды. Ол соңғы уақытта қала аумағындағы жасыл желектерді суару жиілігі мен сапасы бойынша көптеген шағымдар жиналып қалғанын атап өтті. Қоғам белсендісі жасыл аумақты  үш жылдық күтім жасау әдісіне қайта көшуді ұсынды.
 
– Қазір былай болып жатыр: қаржыландыру көлемі жасыл аумақтардың санына бөлінеді де, көшеттерді суару саны шығарылады. Бір мәселе - бұл суару жеткіліксіз, екінші мәселе - суару өте кеш басталады. Сондықтан ағаштарға үш жылдық күтім жасау жүйесіне мүмкіндігінше ертерек көшу керек,-деді биолог
Өңір басшысы келесі жылы облыстың елді мекендерін жаппай көгалдандыру жоспарланғанын атап өтті. Павлодардың өзінде ғана көшелер мен жалпы пайдалану орындарында 20 мың ағаш отырғызылмақ. Әбілқайыр Сқақов өз қарамағындағыларға бұл жұмысты экологиялық белсенділермен және сарапшылармен бірлесіп жүргізуді тапсырды. Әкім Экокеңес мүшелерімен ынтымақтастыққа үстірт қарауды доғаруды талап етті. Өңір басшысының айтуынша, олардың барлық ұсынысы қоршаған ортаны қорғау саласында шешім қабылдаған кезде маңызды рөл атқаруы керек. Экокеңестің кезекті отырысы келесі айға жоспарланды.  
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев
Всего пять чиновников вошли в состав Экологического совета Павлодарской области
 

80% мест в консультативно-совещательном органе заняли экологические активисты, ученые и общественники. Новый формат и план работы Экосовета обсудили 20 ноября на онлайн-заседании с участием акима Павлодарской области Абылкаира Скакова.
 
По мнению главы региона, изменения должны положительно сказаться на качестве и своевременности решений в сфере защиты окружающей среды.
 
- Определены основные стратегические направления. Это улучшение качества атмосферного воздуха, снижение выбросов, озеленение, управление твердыми бытовыми отходами и повышение уровня экологической культуры жителей области, - обратился к участникам заседания Абылкаир Скаков. - Здесь, как ни в какой другой отрасли, важна ваша поддержка, необходима совместная работа с нашими экологическими активистами, экспертами и учеными. Сегодня обсудим новый формат работы Экологического совета и наши планы на предстоящий период.
 
Ранее в региональный Экосовет входили 17 человек. Сейчас состав консультативно-совещательного органа увеличен до 25. Значительно расширено представительство экологических неправительственных организаций - с 3 до 10. В совет также вошли 7 представителей научного сообщества и экспертов, 3 представителя маслихатов и общественного совета. Представителей профильных государственных органов – 5.
 
В Экосовете теперь четыре рабочие группы, которые сосредоточатся на четырех основных направлениях:
 
- охрана атмосферного воздуха, внедрение зеленых технологий, наилучшие доступные технологии;
- управление отходами производства и потребления, исторические загрязнения;
- охрана и рациональное использование водных ресурсов;
- развитие зеленых зон, особо охраняемых природных территорий, биоразнообразия.
 
- Опыт работы последних двух лет показал, что необходим более мобильный и живой формат взаимодействия, без лишних бюрократических процедур, - сообщил руководитель управления недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Кадылжан Сатиев. - Предлагаемый подход с делением на рабочие группы и фокусированием каждой из них на определенном направлении будет более эффективным и ориентирован на результат. При этом на заседания будут приглашаться все участники Экосовета, вне зависимости от рабочей группы и тематики заседания.
 
Глава ОО «ЭКОМ» Светлана Могилюк выразила надежду на то, что тенденция проведения открытых общественных слушаний по планируемым проектам сохранится. По ее мнению, деятельность Экосовета тоже должна стать более публичной. Светлана Могилюк призвала больше информировать жителей региона о мероприятиях по озеленению территорий и других планах по улучшению окружающей среды.
 
- Еще один клубок проблем, который требует решения и со стороны властей, и со стороны жителей, - это создание комфортной среды, - сказала общественница. - Загазованность в жилых дворах создают не промышленные предприятия, а автомобили, которые стоят на детских площадках, на газонах, хотя это запрещено существующими правилами. Нам всем нужно обратить внимание на качество воздуха, качество озеленения, качество благоустройства детских площадок во дворах домов.  
 
Руководитель Павлодарского Дома географии Александр Вервекин рассказал, что во время экспедиций и пеших походов членам общественного объединения не раз приходилось очищать прибрежные зоны Иртыша и лесные территории от мусора. Общественник предложил обратиться к предпринимателям с просьбой снижения использования продукции из пластика и призвать к этому же жителей.
 
- Было бы хорошо изучить вопрос внедрения в школах уроков экологического воспитания, - добавил Александр Вервекин. - Мы можем научить детей языкам, физике и химии, но вот экологической культуре – пока нет. Дети искренне говорят нам, что, если привязать тряпочку на сосну в Баянауле, сбудется желание. Баянаульские егеря специально оставили на территории нацпарка два дерева, погибших от таких тряпочек, чтобы объяснять, что ни к чему хорошему это не приводит. Человек с детства должен знать, что есть хорошо, а что плохо в экологии.