Baribar - LIVE
1.19K members
4 photos
205 links
Бізде бәрі бар! Мультимедиалық контент дайындайтын көпсалалы сайт. Сұрақтар бойынша: @yerbolserikbay
Download Telegram
to view and join the conversation
Педагогпен сұхбат. Баланы вокал өнеріне қалай баулу қажет?

"Кей баладан шыдамсыздықты, өзгенің жетістігіне қуана алмауды көп байқаймын. Олар сахнаға шығатын кезегі жеткенше сабырсыздық танытып жатады. Ата-ана да өз баласынан басқа баланың озып бара жатқанын байқаса, қынжылып қалады. Өнер адамы болған соң қуанышты сәт те, “әттеген-ай” дейтін кез де болады. Сондықтан бәріне дайын болу қажет", - дейді Әлия Шаймерденова.

https://baribar.kz/108174/pedagogpen-suhbat-balany-vokal-oenerine-qalaj-baulu-qazhet/
Ерлердің қатерлі ісігіне әйелдердің ашық киінуінің еш қатысы жоқ

Ақын, “Асыл арна” телерадиокомпаниясының бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, псиxология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, 2019 жылдың 27 шілдесі) жартылай жалаңаш әйелдер ерлердің қуықасты безінің қатерлі ісігіне себепкер болатыны туралы жазды. Ол бұл пікіріне бірнеше “дәлел” де келтірген.

“Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40% – ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну “сәнге” айналған еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды) (жазбаның стилі мен орфографиясы қаз-қалпында сақталды), – деп жазды қоғам қайраткері.

Baribar.kz қайраткердің атышулы мәлімдемесінде келтірілген дәйектердің рас-өтірігін тексерді.

https://baribar.kz/108177/erlerdinh-qaterli-isigine-ajelderdinh-ashyq-kiinuininh-esh-qatysy-zhoq/
Эльфира Дудник: Триатлон адамның мүмкіндігі көп екенін ұқтырады

"Триатлонмен айналысып жүргенде, әсіресе, ерлердің көп салмақ тастағанын байқадым. Қатысушылардың эстафетаға дейінгі және одан кейінгі фотоларында айырмашылық бар, кейбірі адам танымастай өзгереді. Спортпен айналысып, денені өзіңе ұнайтын қалыпқа келтіруге болады. Сонымен қатар адамның өзіне, күшіне сенімі артады, шабыттанады. Сондықтан жай айналысып қоймай, марафон мен түрлі эстафетаға қатысқан жөн. Триатлонмен 25 жастан асқанда айналысқан дұрыс. Бала кезде қысқа дистанциялардан өтіп, ұнататын спортпен айналысқан жақсы. Себебі ол кезде шыдамды сынап көрудің қажеті жоқ. Орта жасқа жеткенде қиын әрі ұзақ марафондарда бақ сынауға болады. Триатлонмен айналысатындар көбіне 30-35 жаста бастайды", - дейді Эльфира Дудник.

Жақында Iron Moms KZ - "Қазақстанның темір аналары" командасы EnduromanArchtoArc ультратриатлон жарысына қатысып келді. Олар Лондоннан Дуврға 140 шақырым жүгіріп, Ла-Манш бұғазын (36 шақырым) жүзіп өтті. Әрі қарай Парижге дейін (290 шақырым) велосипедпен жеткен. Команда мүшесі, Ironman жарыстарының шебері Эльфира Дудник эстафетаның қалай өткенін және экстремал триатлонға қатысты басқа да жайттар туралы айтып берді.

https://baribar.kz/108417/elfira-dudnik-triatlon-adamnynh-mumkindigi-koep-ekenin-uqtyrady/
Стас Васильевтің кеңесі. Техноблогер болу үшін нені білу керек?

"Техноблогинг – күрделі жанр. Техноблогер сынға ұшырамай қоймайды, мұнда жағымсыз пікір көп жазылады. Ең бастысы – сынды жақын қабылдамай, әрі қарай контентті жасай беру".

Техноблогинг деген не? Оның басқа блогтан қандай айырмашылығы бар? Техноблогер болу үшін адамда қандай қасиет болғаны дұрыс? Жаңа медиатренд туралы осы және өзге де сұрақтарға техноблогер, "Ай, как просто!" YouTube-каналының авторы Стас Васильев жауап берді.

https://baribar.kz/108535/stas-vasilevtinh-kenhesi-tehnobloger-bolu-ushin-neni-bilu-kerek/
Отырар археологиясының қандай жәдігерлерін көру қажет?

1219 жылы Шыңғысхан Отырарды жаулап алмақшы болады. Қала қорғанысы алты ай берілмеген. Сол уақыттан бері 800 жыл өтті.

Атаулы күнге орай ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде “Қамалы бекем, халқы қайсар Отырар” атты көрме ашылды. Көрме Отырар мемлекеттік археология қорық-музейінің қор материалдары негізінде ұйымдастырылған. Орталық музейдегі археология орталығының жетекшісі Хамит Айтқұл бізге ондағы жәдігерлерді таныстырды.

https://baribar.kz/108541/otyrar-arheologiyasynynh-qandaj-zhadigerlerin-koeru-qazhet/
Магистратураға түсу үшін әр тест бойынша шекті балл өзгерді ме?

16 тамыз - магистратураға түсу үшін талапкерлерді кешенді тестілеудің соңғы күні. Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі магистратураға мемлекеттік грантпен түсу үшін оқу дайындығын анықтайтын тест пен бейінді екі пән сынағындағы шекті балды бастапқы 15 пен 20-дан 7-ге төмендетті деген ақпарат тарады. Baribar.kz Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұловтан магистратура бойынша мемлекеттік грантқа кімдердің үміткер бола алатынын сұрады.

https://baribar.kz/108582/magistraturagha-tusu-ushin-ar-test-bojynsha-shekti-ball-oezgerdi-me/
Әлдекімдер жеке мәліметіңізді заңсыз қолданғанда не істеу керек?

Көптеген адам жеке басына қатысты деректерді желіде жариялағанда, мессенджер арқылы сенімсіз тұлғаға жібергенде немесе жеке куәлігін жоғалтып алғанда жапа шегіп жатады.

Сол арқылы екінші бір тұлға оны пайдасына асырып, түрлі қылмысқа барады. Заңгер Ержан Болатбектің (@zanger_kenesi) айтуынша, Қылмыстық кодексте тұлғаның жеке басына қатысты ақпарат арқылы алаяқтыққа барған адам ғана емес, оны иесінің рұқсатынсыз пайдаланған тұлға да жауапкершілікке тартылады.

https://baribar.kz/108554/aldekimder-zheke-malimetinhizdi-zanhsyz-qoldanghanda-ne-isteu-kerek/
“Ақ желкен” қызметкері балаларға арнап қандай өлең жазып жүр?

Қазір балалар қандай өлең оқып жүр? Баланы қызықтыратын поэзия қалай жазылады? Балалар әдебиетінде қандай тақырыптар жазылмай жатыр? Бұл жолы ақын, "Ақ желкен" журналы бас редакторының орынбасары Асылан Тілегенмен сұхбаттастық.

https://baribar.kz/108383/aq-zhelken-qyzmetkeri-balalargha-arnap-qandaj-oelenh-zhazyp-zhur/
Келін мен күйеу бала ата-енемен қалай сыйласып өмір сүре алады?

Біздің қоғамда ата-ене мен келіннің немесе күйеу баланың арасындағы түсініспеушілік - күрделі мәселе. Осы бір тұрмыстық қарым-қатынастың қандай психологиялық астары бар? Кейбір ата-ененің келіні мен күйеу баласын жатсынуына не себеп? Сауалдарымызға психолог Серікгүл Сәли жауап берді.

"Ата-енелердің “Келінім мен күйеу балам мынандай болса екен” деп өздеріне ұнайтын образды алдын ала қалыптастырып алатыны бар. Оның үстіне, үлкендер үшін “Өзіміз жақтан, өзіміздікі” деген түсініктің ролі өте жоғары. Сондықтан келіні я күйеу баласы өзге аймақтан, салт-дәстүрі өзгеше жерден келсе, жатсынады. Бұл – алғашқы кездегі жатсыну", - дейді психолог.

https://baribar.kz/108714/kelin-men-kujeu-bala-ata-enemen-qalaj-syjlasyp-oemir-sure-alady/
Жалаңаш адамды сығалаған балалар мәселесі қалай шешілгені жөн?

2019 жылдың 16 тамызы күні әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Төле би ауданындағы "Сұңқар" лагерінде балаларды ұрып-соғып жатқан тәрбиешінің видеосы пайда болды. Полиция бұл деректі Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-тармағы бойынша тіркегенін хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың Facebook желісінде хабарлауынша, комиссия 14-15 жастағы жасөспірімдердің жуынып жатқан 18 жастағы тәрбиешіні сығалағанын анықтаған. Қыз сол себепті балаларды өзі жазаламақшы болған. Қазір бұл жайтты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тексеріп жатыр.

Бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі балалардың ісі албырттық десе, енді біреулер олардың ісінен қоғамға қауіп көріп отыр.

Мұндай жағдайда кімнің әрекеті теріс? Балалардың ересек адамдардың жалаңаш тәнін қызықтауы нені аңғартады? Білім мен тәрбие беру орындары қандай шешім шығаруы керек? Балаларды ақтау дұрыс па? Baribar.kz осы оқиға туралы психологтың, заңгердің және қоғамның басқа да мүшелерінің пікірін білді.

https://baribar.kz/108739/zhalanhash-adamdy-syghalaghan-balalar-maselesi-qalaj-sheshilgeni-zhoen/
Балаларды суицид туралы ойдан қалай құтқару керек?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Қазақстан әлемде суицид саны бойынша 3-орында, ал ТМД бойынша көш бастап тұр. Суицидке баратын жастардың орташа жас шамасы – 14 пен 17 аралығы. Балалар суициді мамандарды алаңдатып отыр. Балалар неге өмір сүргісі келмейді? Оған кім кінәлі? Психотерапевт Светлана Богатырева балалар суицидінің себептері мен оны болдырмау жолдарын және осы мәселе туралы миф пен фактілерді айтып берді.

https://baribar.kz/108690/balalardy-suitsid-turaly-ojdan-qalaj-qutqaru-kerek/
Студент стипендиясын қайткенде тиімді жұмсай алады?

Мемлекеттік білім гранты бойынша білім алатын студенттің стипендиясы қазір шамамен 21 000 теңге. Қаржыгер Жалғасбек Ақболаттың айтуынша, стипендияны тиімді жұмсау үшін нақты шешім қажет. Қаржыны басқару тек математика немесе экономика факторымен шектелмейді. Ол адамның психологиясы мен эмоциясына тікелей байланысты. Ең бастысы – нақты шығынды білу. Мысалы, студент күнделікті өмірде жолақы, түскі ас, оқу құралдары шығынын бөліп қарастыруы керек. Өйткені бұл – өзгермейтін шығын. Сонымен қатар ай сайын жалпы шығынды есептеп отыруы қажет.

Мемлекеттік грант бойынша білім алатын студент стипендияны қалай жұмсауы керек? Қаржыгер Жалғасбек Ақболат студенттерге кеңес берді.

https://baribar.kz/108769/student-stipendiyasyn-qajtkende-tiimdi-zhumsaj-alady/
Baribar.kz музыкасы: R&B, инди-рок және The Cranberries-тің қоштасуы

Кейде адамды күн сайын тыңдап жүрген музыкасы жалықтырып жіберуі мүмкін. Осындай кезде ол жаңа нәрсені іздеп, плейлистін жаңартқысы келеді. Baribar.kz редакциясының қызметкерлері танымал музыка альбомдарына шолу жасай отырып, оқырманды бірге әуен алмасуға шақырады. Қазіргі көңіл-күйіңізге лайық альбомды таңдау еркіңізде.

https://baribar.kz/108904/baribar-kz-muzykasy-r-b-indi-rok-zhane-the-cranberries-tinh-qoshtasuy/
Жұмыспен қамту орталығы азаматтарға қалай көмектесіп жатыр?

Жұмыспен қамту орталығына кімдер жұмыс іздеп келіп жатыр? Қазір қандай мамандарға сұраныс көп? Осы және өзге де сұрақтарымызға Жұмыспен қамту орталығының маманы Досым Әділханұлы жауап берді.

https://baribar.kz/109162/zhumyspen-qamtu-ortalyghy-azamattargha-qalaj-koemektesip-zhatyr/
Cәтсіз операциядан зағип болған азамат қалай өндіріс орнын ашты?

Жолдас Ғұмаров - Атыраудағы "Мөлдір көз" зағиптар бірлестігінің жетекшісі. Дәрігердің қатесінен оның екі көзі бірдей көрмей қалады. Жолдас 2012 жылы Ресейдің Орынбор қаласында көзін емдетпек болады. Оның айтуынша, операцияға дейін көзі қатты қызарып жүріпті. Бірақ көзіне одан өзге шағымы болмаған. Ресейлік дәрігер "операциядан кейін барлығы жақсы болады" деп сендіреді. Бірақ операция дәрігердің қатесінен сәтсіз аяқталып, зағип болады. Содан бері Жолдастың екі көзі көрмейді, бірінші топ мүгедегі.

Ол бұл сынаққа мойымай, кәсіп бастап, зағиптар бірлестігін ашқан.

https://baribar.kz/109297/catsiz-operatsiyadan-zaghip-bolghan-azamat-qalaj-oendiris-ornyn-ashty/
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен балаға не себепті депозит ашу керек?

Бала дүниеге келісімен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жеке депозит ашуға болады. Банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың мәліметінше, қазірге дейін банк салымшыларының 11%-ке жуығы балаларына арнап қаржы жинай бастады. Депозитті қалай ашуға болады? Оның қандай пайдасы бар? Мектеп бітірген балаға баспана алып берудің тиімді жолы қайсы?

https://baribar.kz/card/turghyn-uj-qurylys-zhinaq-bankinen-balagha-ne-sebepti-depozit-ashu-kerek/
Жанар Егісбекова: Сеулде оқытушының айтқаны – заң, істегені дұрыс

"Оңтүстік Корея шетел азаматтарын өз еліне қуана шақырады. Әсіресе, АҚШ-пен салыстырмалы түрде қарастырсақ, ТМД елдерінің студенттеріне білім грантын жеңіп алу мүмкіндігі оңайырақ. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдерге көп грант бөлінеді".

Оңтүстік Кореядағы университеттердің ерекшелігі қандай? Онда оқу үшін талапкер нені білуі керек? Бізге "Болашақ" бағдарламасы бойынша Сеул ұлттық университетінде оқып жүрген Жанар Егісбекова осы туралы айтып берді.

https://baribar.kz/109638/zhanar-egisbekova-seulde-oqytushynynh-ajtqany-zanh-istegeni-durys/
Қандаладан қалай оңай әрі біржола құтылуға болады?

2019 жылдың жазында Нұр-Сұлтанның, Алматының элита және ескі үйлеріндегі қандала тақырыбы аз қозғалмады. Соған қарап бұл жәндікті жазда ғана белсенді деп ойлағандар бар. Негізінде қандала адамды жылдың кез келген маусымында мазалайды. Бұл туралы Baribar.kz тілшісіне Ұлттық сараптама орталығының мамандары айтып берді. 

https://baribar.kz/109715/qandaladan-qalaj-birzhola-ari-onhaj-qutylugha-bolady/
iKOMEK109. Астаналықтар қоғам мәселесін қалай шеше алады?

АҚШ азаматтары тұрмыстағы, қоғамдағы мәселелерін "311" нөміріне қоңырау шалу арқылы шешсе, Нұр-Сұлтан тұрғындары "109" нөмірінен көмек сұрайды. iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы қалай жұмыс істейді? Тұрғындар оның көмегіне қалай жүгіне алады? Осы және өзге сұрақтарға орталық жетекшісі Жаннат Дубирова жауап берді.

https://baribar.kz/109257/ikomek109-astanalyqtar-qogham-maselesin-qalaj-sheshe-alady/
Тест: Жол-көлік оқиғасында дұрыс әрекет ете білесіз бе?

Тәжірибелі жүргізушінің өзі жол-көлік оқиғасының алдын ала алмайды. Сол себепті барлық жүргізуші жолдағы жазатайым оқиға кезінде дұрыс әрекет етуі қажет. Ал Сіз бұл туралы білесіз бе? Тест тапсырып, өзіңізді сынап көріңіз.

https://baribar.kz/105635/test-zhol-koelik-oqighasynda-durys-areket-ete-bilesiz-be/