BAQ.kz
3.11K subscribers
25.4K photos
5.35K videos
11 files
13.2K links
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.

Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз:

Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/
Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU
TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
Download Telegram
⚡️Премьер-министр Балқаш қаласында әлеуметтік нысандар мен жолдарды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Қалада жолдар мен әуежайды жаңғырту, әлеуметтік нысандарды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы үш жылда Қарағанды облысында 875 шақырым жол жөнделмек.

@baq_kz
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты
 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін атап өтті.
 
– Осы жылдар ішінде тұтас дәуірді қамтыған ұзақ әрі сындарлы, сонымен қатар жемісті жолды еңсердік. Егемендігімізді нығайтып, дамудың төл моделін қалыптастырдық. Халықаралық қоғамдастықта лайықты орынға ие болдық. Бүгінде Орталық Азия мен Әзербайжан Еуразиядағы өсіп-өркендеп келе жатқан геосаяси ықпалдастық орталығы саналады. Ең бастысы, бауырлас халықтарымыздың парасаты мен ынтымақ-бірлігінің арқасында бейбітшілік пен келісім орнаған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ауызбіршілік, өзара қолдау мен сенім осы заманның сын-қатерлеріне төтеп беру үшін ортақ стратегиялық тірегімізге айналды. Бұл үрдістер геосаяси шиеленіс пен жікке бөліну күшейіп, халықаралық қатынастар құрылымы өзгеріске ұшыраған тұста өте өзекті, – деді Мемлекет басшысы.

 
@baq_kz
BAQ.kz
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты   🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін…
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуы өңірдің транзиттік әлеуетін арттыратынын атап өтті. Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілері аяқталуға жақын, келесі жылы Бақты – Аягөз бағыты ашылады.

Президент Транскаспий халықаралық көлік дәлізін және Солтүстік – Оңтүстік бағытын дамытуға баса мән берілетінін айтты.

@baq_kz
BAQ.kz
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуы өңірдің транзиттік әлеуетін арттыратынын атап өтті. Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілері аяқталуға жақын, келесі жылы Бақты – Аягөз бағыты ашылады. Президент Транскаспий…
⚡️2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы 4 есе артуы мүмкін.

Президент Орта дәлізді TRIPP бастамасымен ұштастыруды ұсынды.

Су мәселесі – Орталық Азия тұрақтылығына төнетін негізгі қатерлердің бірі. Президент су ресурстарын бірлесіп басқару үшін өңірлік конвенция қабылдауды ұсынды.

@baq_kz
BAQ.kz
⚡️2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы 4 есе артуы мүмкін. Президент Орта дәлізді TRIPP бастамасымен ұштастыруды ұсынды. Су мәселесі – Орталық Азия тұрақтылығына төнетін негізгі қатерлердің бірі. Президент су ресурстарын бірлесіп басқару үшін өңірлік…
⚡️Президент аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауды басты міндет деп атады.

Терроризм, есірткі, адам саудасы, заңсыз көші-қон және ұйымдасқан қылмысқа қарсы ынтымақтастықты күшейту қажет.
Қазақстан мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетіп, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды ұсынды.

@baq_kz
⚡️2 мың адам зардап шегіп отыр: Алматыдағы тұрғын үй кешені бірнеше күннен бері жарықсыз

Алматыдағы Etasa Residence тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше күннен бері жарық пен сусыз отырғандарын айтып, қала әкімі Дархан Сатыбалдыға үндеу жолдады.

Тұрғындардың айтуынша, Жароков көшесі, 218 мекенжайында орналасқан кешенде шамамен 2 мың адам тұрады. Олардың арасында балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар.

@baq_kz
🇰🇿🇹🇲Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

✔️Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

✔️Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.

@baq_kz
❤1
⚡️Теңге нығая ма?

Қаржы нарығы сарапшылары Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені төмендету циклін жалғастырады деп күтеді. 85% сарапшы 23 қазандағы отырыста мөлшерлеме 15,75-16%-ға дейін төмендейді деп болжайды.

Сарапшылар доллар мен базалық мөлшерлемеге болжам жасады.

@baq_kz
💳 «Стоп-кредит» қосулы болса да несие берілуі мүмкін

Қазақстанда «Стоп-кредит» қызметін қосқан азаматтарға банк пен микроқаржы ұйымдары әдетте қарыз бермеуге міндетті. Алайда заңда бірнеше ерекшелік қарастырылған.

Атап айтқанда, тауарды бөліп төлеуге алу, сол қаржы ұйымындағы несиені қайта қаржыландыру, салық пен айыппұл берешегін өтеу кезінде қарыз берілуі мүмкін. Сондай-ақ банк картасына 648 750 теңгеден аспайтын кредиттік лимит белгілеуге рұқсат етіледі.

Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️

@baq_kz
👎1
🚨Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әйелдің қайда екені әлі белгісіз

Бұған дейін үш қазақстандық туристің жоғалғаны хабарланған еді. Кейін олардың бірі сапарынан бас тартып, Қазақстанда қалғаны анықталды.

Жоғалған әйелдердің туыстары ДНҚ арқылы сәйкестендіру үшін биологиялық материал тапсырған. Қазақстан СІМ жағдайды бақылауда ұстап, отбасыларға көмек көрсетіп жатыр.

@baq_kz
🚁 Алматы тауларында құтқарушыларға арналған жаңа тікұшақ алаңы жабдықталды

Алматы өңірінің биік таулы аумағында құтқару жұмыстарын жедел жүргізуге арналған Air 112 тікұшақ алаңы жабдықталды. Жоба бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Жаңа алаң құтқарушылар мен қажетті жабдықтарды жетуі қиын мұздық көлдерге небәрі 10–15 минутта жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге және сел қаупінің алдын алуға көмектеседі.

Алдағы уақытта теңіз деңгейінен шамамен 3 200 метр биіктікте тағы бір тікұшақ алаңын жабдықтау жоспарланып отыр.

@baq_kz
❤1
⛽ Қазақстанда жанармайды міндетті таңбалау енгізілуі мүмкін

Қазақстанда мұнай өнімдерін молекулалық таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды. Жаңа технология жанармайдың шығу тегін, қай жерде сатылғанын және оның құрамына басқа заттар араластырылғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің айтуынша, мұнай өнімдерінің көлеңкелі нарығы 3,2 трлн теңгеге бағаланып отыр.

Жаңа талап жанармай бағасына әсер ете ме және таңбалау қалай жүргізіледі? Толығырақ – BAQ.KZ сайтында ⬅️

@baq_kz
❤2
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады.

🔹Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды «Оғыздар» («Огузлар») қойылымы көрсетілді.

🔹Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

🔹Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

@baq_kz
⚡️Алматыда ертең жылу беру басталады

Алматыда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 9 қазанда басталады. Қаладағы ғимараттар жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосылады.

Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға, кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға жылу беріледі.

Жылыту маусымы кезінде қаланың сегіз ауданында жауапты мамандар жұмыс істейді. Жылуға қосылу мәселесі немесе ақаулар туындаған жағдайда тұрғындар қызмет көрсетуші ұйымдарға, аудан әкімдіктеріне немесе e-Otinish платформасы арқылы хабарласа алады.

@baq_kz
⚡️Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 9 қазанда жаңбыр, қар, тұман және қатты жел күтіледі. Кей облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Толығырақ ⬅️

@baq_kz