GOSAUDIT.KZ
2.58K subscribers
1.28K photos
219 videos
5 files
568 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
ҚР Парламенті Мәжілісі
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тиімділігіне жүргізілетін мемлекеттік аудит» тақырыбындағы есебі. t.me/mazhilis_kz
Жоғары аудиторлық палата 2025 жылы жүргізген аудиттердің қорытындысы бойынша 70 материал құқық қорғау органдарына беріледі

📌ҚР Мәжілісінің отырысынан кейін БАҚ-қа арналған брифингте Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның 2025 жылғы жұмысының алдын ала қорытындысын шығарды.

📊 19 желтоқсандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палата 71 трлн теңгеден аса қаражатты қамтыған 32 аудиторлық іс-шараны аяқтады.

Нәтижесінде 2 трлн теңгеден аса бұзушылықтар (қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдалану және жоспарлау) анықталды.

🔵193 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

🔵Тағы 204 адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

🔵Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Олардың 44-і бойынша материалдар жіберілсе, 26-сы қаралу сатысында.

«Бұл жұмыс тұрақты жүргізілуде және қатаң бақылауда», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата 2025 жылы жүргізген аудиттердің қорытындысы бойынша 70 материал құқық қорғау органдарына беріледі 📌ҚР Мәжілісінің отырысынан кейін БАҚ-қа арналған брифингте Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның 2025 жылғы…
70 материалов по итогам аудитов ВАП в 2025 году будут переданы в правоохранительные органы

📌Председатель Высшей аудиторской палаты РК Алихан Смаилов подвел предварительные итоги работы ведомства в 2025 году. Данные он озвучил на брифинге для СМИ после заседания Мажилиса РК.

📊 Так, по состоянию на 19 декабря ВАП завершила 32 аудиторских мероприятия, которые охватили свыше 70 трлн тенге.

🔵В результате было выявлено нарушений на сумму более 2 трлн тенге (финансовые нарушения, неэффективное использование и планирование).

🔵К административной ответственности привлечены 193 физических и юридических лица.

🔵Еще 204 человека привлечены к различным видам дисциплинарной ответственности.

🔵70 материалов с признаками уголовных правонарушений решено направить в правоохранительные органы. Из них 44 переданы, 26 – находятся на стадии передачи.

«Эта работа нами активно проводится и находится на особом контроле», — отметил председатель ВАП.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
ВАП представила результаты аудита мер господдержки предпринимателей в Мажилисе РК 📌В Казахстане завершился аудит эффективности оказания мер государственной поддержки субъектам предпринимательства. Ключевые выводы проверки озвучил председатель Высшей аудиторской…
Әлихан Смайылов Алматыда жүргізілгенмемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады

📌ҚР Жоғары аудиторлық палатасы төрағасы Әлихан Смайылов Алматы қаласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады. Ол ҚР Мәжілісінде өткен БАҚ-қа арналған брифинг барысында ақпарат берді.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы аудит әлі аяқталу кезеңінде екенін атап өтті.

Аудит 15 ұйым мен 1,6 трлн теңге мөлшеріндегі қаражатты қамтиды.  

Тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар мен проблемалар анықталды.

Мысалы, Құрылыс басқармасы 2022 жылдан бастап «Жас қанат» шағын ауданында 7 тұрғын үй кешенін салуды аяқтамаған, сондай-ақ 13,3 млрд теңге сомасына пайдалануға берілген 12 тұрғын үй кешені тұрғын үй қорына берілмеген.

«Бұған себеп – іргелес аумаққа абаттандыру жүргізілмеген. Абаттандыруды аяқтау бойынша уақытылы шаралар қабылданса, кезекте тұрған шамамен 1,5 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге болар еді», — деді Әлихан Смайылов.


Сонымен қатар Қалалық мобильділі кбасқармасы тасымалдаушыларға субсидия төлеу кезінде көптеген бұзушылықтарға жолберген. Барлығы 2,3 млрд теңге негізсіз төленген.

«Алматыэлектротранс» та өз кезегінде 260 млн теңге сомасына жүргізушілердің әкімшілік айыппұлдарын төлеген. Алайда бұл айыппұлдарды төлеуге міндетті емес», — деп атап өтті төраға.


Сондай-ақ аудит кезінде жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтын 628 жаңа автобус пайдаланылмай тұрған. Мұның себебі – айыппұл бойынша қалыптасқан берешекке байланысты құжаттарды ұзақ уақыт бойы ресімдеу.

«Аудит аяқталғаннан кейін отырыс өтеді. Заңбұзушылықтардың сипатына қарай тиісті лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Әлихан Смайылов Алматыда жүргізілгенмемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады 📌ҚР Жоғары аудиторлық палатасы төрағасы Әлихан Смайылов Алматы қаласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады. Ол ҚР Мәжілісінде өткен…
Алихан Смаилов озвучил предварительные итоги госаудита в Алматы

📌Предварительные итоги государственного аудита в городе Алматы озвучил председатель Высшей аудиторской палаты РК Алихан Смаилов. Информацию он озвучил в ходе брифинга для СМИ в Мажилисе РК.

Как отметил председатель ВАП, аудит еще находится на стадии завершения.

Он охватывает 15 организаций и средства в размере 1,6 трлн тенге.  

Аудитом установлены отдельные нарушения и проблемы.

Например, Управлением строительства с 2022 года в мкр. «Жас-Канат» не завершены 7 жилых комплексов, а также не переданы в жилфонд 12 введенных в эксплуатацию ЖКна сумму 13,3 млрд тенге.

«Причина в отсутствии благоустройства прилегающей территории. Принятие своевременных мер по завершению позволило бы обеспечить жильем почти 1,5 тыс. очередников», — сказал Алихан Смаилов.


Кроме того, Управлением городской мобильности допущены многочисленные нарушения при выплате субсидий перевозчикам. Всего необоснованно выплачено 2,3 млрд тенге.

«Алматыэлектротранс» также оплатило административные штрафы водителей на 260 млн тенге. Хотя не должно было этого делать», — отметил председатель ВАП.


Также на момент аудита не эксплуатировались 628 новых автобусов общей стоимостью 64 млрд тенге. Причина в длительном оформлении документов из-зазадолженностей по штрафам.

«По завершении аудита будем проводить заседание. В зависимости от характера нарушений к ответственности будут привлечены соответствующие должностные лица», — заключил Алихан Смаилов.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Алихан Смаилов озвучил предварительные итоги госаудита в Алматы 📌Предварительные итоги государственного аудита в городе Алматы озвучил председатель Высшей аудиторской палаты РК Алихан Смаилов. Информацию он озвучил в ходе брифинга для СМИ в Мажилисе РК.…
Жоғары аудиторлық палата қандай бюджеттен тыс қорларды тексере алады

📌Қандай бюджеттен тыс қорлар Жоғары аудиторлық палатаның тексеру объектісіне айналуы мүмкін. Бұл туралы ведомство төрағасы Әлихан Смайылов ҚР Мәжілісінде журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

Қазіргі уақытта Жоғары аудиторлық палата осындай мекемелердің базасын жасап жатыр. Тізімде шамамен 18 қор бар. Олардың қатарында Ұлттық қор, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Арнайы мемлекеттік қор бар.

2025 жылы аудиторлық іс-шаралар шеңберінде БЖЗҚ мен ӘМСҚ-ға тексерулер жүргізілді.

2026 жылы Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Арнайы мемлекеттік қорға аудит жүргізу жоспарлануда.

«Бұл салада аудит жүргізудің бірыңғай әдістемесінің болмауы олардың жұмыс тиімділігін бағалауда қиындық тудырады. Сондықтан біз Азия даму банкінің қолдауымен халықаралық практиканы зерттеудеміз. Нәтижесінде бюджеттен тыс ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін боламыз», — деді Әлихан Смайылов.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата қандай бюджеттен тыс қорларды тексере алады 📌Қандай бюджеттен тыс қорлар Жоғары аудиторлық палатаның тексеру объектісіне айналуы мүмкін. Бұл туралы ведомство төрағасы Әлихан Смайылов ҚР Мәжілісінде журналистердің сұрақтарына жауап…
Какие внебюджетные фонды может проверять Высшая аудиторская палата

📌Какие внебюджетные фонды могут стать объектом проверки со стороны Высшей аудиторской палаты. Об этом, отвечая на вопросы журналистов в Мажилисе РК, рассказал председатель ведомства Алихан Смаилов.

По его словам, в настоящее время ВАП формирует базу таких учреждений – в ней уже порядка 18 фондов. В их числе Национальный фонд, Единый накопительный пенсионный фонд, Фонд социального медицинского страхования, Фонд компенсации потерпевшим, Специальный государственный фонд и др.

В 2025 году в рамках аудиторских мероприятий уже проведены проверки ЕНПФ и ГФСС.

В 2026 году аудиты затронут Фонд компенсации потерпевшим и Специальный госфонд.

«Отсутствие единой методологии аудита в этой сфере затрудняет оценку их эффективности. Поэтому при поддержке Азиатского банка развития мы изучаем международную практику. По итогам будут разработаны предложения по повышению эффективности использования внебюджетных ресурсов», — сказал Алихан Смаилов.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бұзушылықтарды анықтау, тапсырмалар беру, олардың орындалуын қадағалау: Жоғары аудиторлық палата 2⃣0⃣2⃣5⃣ жылы қандай жұмыс атқарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет ресурстарының тиімді пайдаланылуы мәселесіне ерекше назар аударады.

Елімізде осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінде дәйекті түрде реформалар іске асырылып, жүйе күшейіп келеді, цифрлық мониторинг технологиялары енгізілуде, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізіліп, қолданылуда.

📌2025 жылы аудиторлар мемлекеттік саясаттың, экономиканың және қоғамдық өмірдің негізгі бағыттарын қамтитын ондаған кешенді және салалық тексеру жүргізді.

🔍 250 объектіні және 74 трлн теңгені қамтыған 32 ірі тексеру жүргізілді.

📈 2,9 трлн теңгеден астам сомаға түрлі бұзушылықтар анықталды.

Қазірдің өзінде мемлекет пайдасына 365 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілді.

⚡️ 293 лауазымды адам мен компания әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

⚡️ Аудит қорытындылары бойынша 44 материалды құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылданды.

📄 ҚР Үкіметі мен аудит объектілеріне 132 ұсыным және орындалуы міндетті 1,4 мың нақты тапсырма жіберілді.

2025 жылы жүргізілген Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы елімізде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын пайдалануды жақсартуға елеулі үлес қосты⬇️

🔵Аудиторлық іс-шаралар

🔵Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамалары

🔵Бұзушылықтар үшін жауаптылық

🔵Мемлекеттік аудит жүйесін дамыту

🔵Digital-трендтерді дамудың негізгі бағыты ретінде басшылыққа алу

🔵Заңнамалық өзгерістер

🔵Аудиторлық дипломатия

🔵2026 жылға жоспар

👉👉👉👉 шолудан оқыңыздар.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Бұзушылықтарды анықтау, тапсырмалар беру, олардың орындалуын қадағалау: Жоғары аудиторлық палата 2⃣0⃣2⃣5⃣ жылы қандай жұмыс атқарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет ресурстарының тиімді пайдаланылуы мәселесіне ерекше назар…
Найти нарушения, дать поручения, проследить за исполнением: чем занималась Высшая аудиторская палата в 2⃣0⃣2⃣5⃣ году

Глава государства Касым-Жомарт Токаев уделяет приоритетное внимание вопросам эффективного использования бюджетных средств и ресурсов.

С этой целью в Казахстане последовательно реформируется и усиливается система государственного аудита, внедряются цифровые технологии мониторинга, анализируется и применяется проверенный международный опыт.


📌В 2025 году аудиторы ВАП провели десятки комплексных и точечных проверок, которые затронули ключевые направления государственной политики, экономики и общественной жизни.

🔍 Суммарно было 32 крупных аудита с охватом 250 объектов и 74 трлн тенге.

📈 В результате удалось выявить различные нарушения более чем на 2,9 трлн тенге.

Из них в пользу государства уже возмещено и восстановлено свыше 365 млрд тенге.

⚡️ 293 должностных лица и компании привлечены к административной ответственности.

📄 Для устранения системных недостатков и нарушений Правительству РК и объектам аудита направлено 132 рекомендации и 1,4тыс. конкретных поручений, обязательных к исполнению.

⚡️ 44 материала по итогам аудитов было решено передать в правоохранительные органы.

Работа ВАП, проведенная в 2025 году, стала весомым вкладом в повышение эффективности государственного управления и использования бюджетных ресурсов в Казахстане⬇️

🔵 Аудиторские проверки

🔵Предписания ВАП

🔵Ответственность за нарушения

🔵Развитие системы госаудита

🔵Digital-тренды как ключевой ориентир развития

🔵Законодательные изменения

🔵Аудиторская дипломатия

🔵Планы на 2026 год

👉👉👉👉 в обзорном материале.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мектеп оқулықтарын дайындау және сараптамадан өткізу: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін өзгерістер енгізілді
 
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) дайындауға, сараптауға және мониторингтеуге байланысты нормативтік базаны жаңарту және негізгі процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

📌Өткен жылдың ақпан айында орта білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторингтеу және басып шығару қағидаларына өзгерістер енгізу тапсырылды.

Өзгерістерде:

🔵уәкілетті органның жекелеген баспаларға сұрау салмай тақырыптық жоспарды бекітуі;

🔵тақырыптық жоспарды міндетті түрде жариялау;

🔵авторлық ұжымға тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш білікті маман қосу туралы талапты енгізу;

🔵оқулықтарға сараптамалық бағалау жүргізудің нақты өлшемшарттарын белгілеу;

🔵оқулықтарды жаңартудың 5 жылдық мерзімін сақтау үшін оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу тәсілдерін жаңарту көзделуге тиіс болды.

Нәтижесінде аталған өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 24 қарашадағы бұйрығымен бекітілді.

Жаңартылған нормалар тақырыптық жоспарды қалыптастыру тәртібін, авторлық ұжым құрамына қойылатын талаптарды, сараптамалық бағалау өлшемшарттарын регламенттейді, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу рәсімдерін нақтылайды.

Тақырыптық жоспар енді автоматты түрде жасалады: баспалар мен әзірлеушілер Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының www.bmso.kz интернет-ресурсы арқылы өтінім береді.

Оқулықтар мен электрондық оқулықтарды дайындауды құрамында тиісті оқыту курстарынан өткен ғалымдар, әдіскерлер және педагогтер бар авторлық ұжымнан тұратын әзірлеушілер немесе баспалар жүзеге асыратыны бекітілген.

Бұған қоса Министрлікке мектептердің кітапхана қорларын есепке алу және бақылау процестерін, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдауды автоматтандыру тапсырылды.

Негізгі процестерді автоматтандыруды және нормативтік базаны айтарлықтай пысықтауды қамтитын қабылданған шаралар оқулықтар мен ілеспе материалдардың сапасын арттыруға, субъективтілік пен қателікке жол беру тәуекелдерін азайтуға,
сондай-ақ олардың уақытылы жаңартылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мектеп оқулықтарын дайындау және сараптамадан өткізу: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін өзгерістер енгізілді   ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) дайындауға, сараптауға және мониторингтеуге…
Подготовка и экспертиза школьных учебников: процессы модернизированы после аудита ВАП

По предписанию Высшей аудиторской палаты РК проведена работа по обновлению нормативной базы и автоматизации ключевых процессов, связанных с подготовкой, экспертизой и мониторингом учебников и учебно-методических комплексов (УМК).

📌В феврале прошлого года состоялся государственный аудит эффективности использования средств, выделенных на развитие и повышение качества среднего образования.

По итогам проверки Министерству просвещения РК было поручено внести изменения в Правила подготовки, экспертизы, апробации, мониторинга и издания учебников и учебно-методических комплексов.

Изменения должны были предусматривать:

🔵утверждение Тематического плана уполномоченным органом без направления запросов отдельным издательствам;

🔵обязательное размещение Тематического плана в открытом доступе;

🔵введение требования о включении в авторский коллектив не менее трех квалифицированных специалистов с соответствующим образованием и опытом работы;

🔵установление четких критериев экспертной оценки учебников;

🔵обновление подходов к мониторингу качества учебников и УМК, чтобы соблюдался 5-летний срок их обновления.

В результате указанные изменения были утверждены приказом министра просвещения РК от 24 ноября.

Обновленные нормы регламентируют порядок формирования Тематического плана, требования к составу авторского коллектива, критерии экспертной оценки, а также уточняют процедуры мониторинга качества учебников и УМК.

Формирование Тематического плана теперь автоматизировано: издательства и разработчики подают заявки через интернет-ресурс Республиканского научно-практического центра экспертизы содержания образования www.bmso.kz.

Закреплено, что подготовка учебников и электронных учебников осуществляется разработчиками или издательствами, которые формируют авторский коллектив из ученых, методистов и педагогов, прошедших соответствующие обучающие курсы.

Дополнительно Министерству было поручено автоматизировать процессы учета и контроля школьных библиотечных фондов, а также прием учебников и УМК на экспертизу.

Принятые меры, включающие автоматизацию ключевых процессов и существенную доработку нормативной базы, позволят повысить качество учебников и сопутствующих материалов, сократить риски субъективности и ошибок, а также обеспечить их своевременное обновление.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Сәйкестік аудиті дегеніміз не? 📌Мұндай тексеру мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметі Қазақстан заңнамасының талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтау үшін қажет. Негізінен бұл тексерілетін…
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Қаржылық есептілік аудиті деген не және ол қалай жүргізіледі?

📌Бұл – мемлекеттік ұйымдардың қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жағдайының қаншалықты дұрыс әрі негізді екенін тексеру. Қарапайым тілмен айтқанда, аудит көрсетілген сандарға сенуге бола ма, соны талдайды.

Аудит әртүрлі деңгейлерді қамтиды:

🔵республикалық бюджет;

🔵жергілікті бюджеттер;

🔵бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жекелеген мемлекеттік мекемелер (ҚР Ұлттық банкін қоспағанда).

Қаржылық есептілік бірнеше негізгі нысаннан тұрады:

1️⃣ бухгалтерлік баланс (активтер мен міндеттемелердің «көрінісі»);

2️⃣ қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп (табыстар мен шығыстар);

3️⃣ қаражаттың қозғалысы туралы есеп (қаражаттың қайдан келіп, қайда жұмсалғаны);

4️⃣ таза активтердегі немесе капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5️⃣ттүсіндірме жазба (көрсеткіштерге түсініктеме береді).

Барлық есеп Қазақстан заңнамасында бекітілген, мемлекеттік секторға арналған халықаралық стандарттарға негізделген талаптар бойынша жасалады.

Мұндай аудиттің мақсаты – қаржылық есептіліктің нақты жағдайды дұрыс көрсететініне көз жеткізу. Аудиторлар қателіктер немесе адал емес әрекеттер салдарынан бұрмалаулардың бар-жоғын тексереді. Олардың қорытындылары мемлекетке, қоғамға және инвесторларға жағдайды түсінуге көмектеседі.

Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджетті, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және мемлекеттік мекемелерді (Ұлттық банк пен қаржылық қадағалау органдарын қоспағанда) тексереді.

Тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттер деңгейінде жұмыс істейді.

Қаржы министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелерге жыл сайын тексеру жүргізеді.

Қаржылық есептілік аудиті мемлекеттік қаржыға деген сенімді арттырады және бюджет қаражатының заңды әрі тиімді жұмсалатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Қаржылық есептілік аудиті деген не және ол қалай жүргізіледі? 📌Бұл – мемлекеттік ұйымдардың қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жағдайының қаншалықты дұрыс әрі негізді екенін тексеру. Қарапайым тілмен…
Госаудит по полочкам. Что такое аудит финансовой отчетности и как он работает?

📌Это проверка того, насколько достоверны и обоснованы финансовые отчеты, бухгалтерский учет и финансовое состояние государственных организаций. Проще говоря, аудит анализирует, можно ли доверять цифрам.

Он охватывает разные уровни:

🔵республиканский бюджет;

🔵местные бюджеты;

🔵администраторы бюджетных программ и отдельные госучреждения, за исключением Национального банка РК.

Финансовая отчетность включает несколько ключевых форм:

1️⃣ бухгалтерский баланс («снимок» активов и обязательств);

2️⃣ отчет о результатах финансовой деятельности (прибыль и расходы);

3️⃣ отчет о движении денежных средств (куда уходят и откуда приходят);

4️⃣ отчет об изменениях чистых активов или капитала;

5️⃣ пояснительная записка (разъясняет цифры).

Все отчеты формируются по стандартам, основанным на международных правилах для государственного сектора, закрепленных законодательством Казахстана.

Такой тип аудита нужен, чтобы убедиться, что финансовая отчетность отражает реальное положение дел. Аудиторы проверяют, нет ли существенных искажений из-за ошибок или недобросовестных действий. Их выводы помогают государству, общественности и инвесторам понять, можно ли доверять конкретным цифрам.

Высшая аудиторская палата проверяет республиканский бюджет, администраторов бюджетных программ и госучреждения (кроме Нацбанка и органов финансового надзора).

Ревизионные комиссии работают на уровне местных бюджетов.

Министерство финансов проводит ежегодную проверку администраторов бюджетных программ и госучреждений.

Аудит финансовой отчетности повышает доверие к государственным финансам и помогает убедиться, что деньги расходуются законно и эффективно.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық зерттеулер мен биоматериалдарды бақылауды күшейтті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биомедициналық және клиникаға дейінгі зерттеулерді, сондай-ақ биобанктердің қызметін реттейтін нормативтік құжаттарға бірқатар маңызды өзгеріс енгізді. Жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау аясында жүргізілді.

📌Жоғары аудиторлық палата өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында тиімділік аудитін жүргізді. Тексеру азаматтар мен медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік активтерді пайдалану мәселелерін қамтыды.

Аудит қорытындысы бойынша пысықтауды талап ететін бағыттар анықталды. Осыған байланысты Министрлікке бірнеше негізгі нормативтік құжатқа өзгерістер енгізу тапсырылды.

Атап айтқанда, биомедициналық зерттеулер жүргізудің, есепке алудың және мониторингтеудің нақты механизмін қалыптастыру үшін Биомедициналық зерттеулер жүргізу қағидаларын жаңарту қажет болды. Бұл бастама бойынша жүргізілетін, өз қаражаты есебінен жүргізілетін, халықаралық көздерден қаржыландырылатын және басқа да зерттеулердің барлық типіне қатысты болды. Сонымен қатар Дәрілік заттарды клиникалық зерттеу қағидаларының ережелерін қайталайтын нормаларды алып тастау ұсынылды.

Сондай-ақ биологиялық материалдарды сақтау мен басқарудың бірыңғай стандарттарын белгілей отырып, Биобанктер құру және қызметінің қағидаларын пысықтау ұсынылды.

Клиникаға дейінгі зерттеулерге де ерекше назар аударылды. Оларды есепке алудыңиашық тәртібін айқындау қажет болды.

Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі қажетті өзгерістер енгізді:

🔵Биомедициналық зерттеулер қағидаларына тіркеу, есепке алу және мониторингтеу механизмі қосылды, сондай-ақ Клиникалық зерттеулер қағидаларымен қиылысатын нормалар алып тасталды;

🔵Биобанктер қызметінің қағидаларына биологиялық материалдарды сақтау тәртібіне арналған жаңа тарау қосылды;

🔵Клиникаға дейінгі зерттеулер қағидаларына оларды есепке алу тәртібін белгілейтін түзетулер енгізілді.

Осылайша, биомедициналық, клиникаға дейінгі зерттеулер мен биобанктердің жұмысы саласындағы нормативтік база анағұрлым ашық әрі жүйелі бола түсті. Бұл зерттеулердің қауіпсіздігі мен сапасын арттырады, сонымен қатар биоматериалдарды бақылауды жақсартады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық зерттеулер мен биоматериалдарды бақылауды күшейтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биомедициналық және клиникаға дейінгі зерттеулерді, сондай-ақ биобанктердің қызметін…
Минздрав усилил контроль за медисследованиями и биоматериалами после аудита ВАП

Министерство здравоохранения РК внесло ряд важных изменений в нормативные документы, регулирующие биомедицинские и доклинические исследования, а также деятельность биобанков.

📌В прошлом году ВАП провела аудит эффективности Минздрава и его подведомственных организаций. Проверка охватывала вопросы обеспечения граждан и медучреждений лекарствами и медизделиями, а также использования госактивов.

По итогам аудита были выявлены направления, требующие доработки, в связи с чем Министерству поручалось внести изменения в несколько ключевых нормативных документов.

В частности, было необходимо обновить Правила проведения биомедицинских исследований, чтобы создать четкий механизм их организации, учета и мониторинга. Это касалось всех типов исследований: инициативных, проводимых за собственные средства, проектов, финансируемых международными источниками, и других видов. Кроме того, требовалось устранить дублирующие положения с Правилами клинических исследований лекарственных средств.

Также было рекомендовано доработать Правила создания и деятельности биобанков, установив единые стандарты хранения и управления биологическими материалами.

Отдельное внимание уделялось доклиническим исследованиям. Нужно было определить прозрачный порядок их учета.

В результате Министерством здравоохранения внесены необходимые изменения в документы:

🔵в Правила биомедицинских исследований добавили механизм регистрации, учета и мониторинга, а также убрали пересечения с Правилами клинических исследований;

🔵в Правила деятельности биобанков включили новую главу, посвященную порядку хранения биологических материалов;

🔵в Правила доклинических исследований внесли поправки, устанавливающие порядок их учета.

Таким образом, нормативная база в сфере биомедицинских, доклинических исследований и работы биобанков стала более прозрачной и структурированной. Это повысит безопасность и качество исследований, а также улучшит контроль за биоматериалами.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласында жүргізген аудит қорытындысы шығарылды
 
📌Алматы қаласында бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді (1 қаңтар мен 17 қыркүйек аралығы қамтылды). Аудит қорытындысы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды.

Бүгінгі таңда Алматы республиканың ең ірі экономикалық орталығы болып отыр. Халықтың 11%-дан астамы тұратын қала
ЖІӨ-нің шамамен 22%-ын құрайды. Алайда қала экономикасы әлі де негізінен сауда мен көрсетілетін қызметтерге бағдарланған, ал өндірістік және инновациялық секторлардың даму серпіні төмен. Бұл Алматының өсу қарқынын тежейді.

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру барысында жоспарлау, басқару және бақылау саласында кемшіліктер мен жекелеген бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Алматының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары үнемі түзетулер енгізілуіне қарамастан, басқарудың айтарлықтай тиімді құралына айналмады. Аудит барысында жоспарланған іс-шараларды толық қаржыландырмау практикасы анықталды. Бұл жекелеген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Бюджеттік инвестициялық жобалар санының 2022 жылғы
365-тен 2025 жылы 529-ға дейін өсуіне қарамастан,
оларды іске асыруда кемшіліктер бар.

Мысалы, 2021 жылы жасалған Жас Қанат шағын ауданында 41 көппәтерлі үй салу жобасы бойынша аудит кезінде 7 үй құрылысы аяқталмаған, ал тағы 12-сі іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке берілмеген.

Тексеру барысында Қалалық мобилділік басқармасының жұмысына қатысты да көптеген сұрақ туындады. Басқарма 2022-2025 жылдары тасымалдаушыларға 2,3 млрд теңгеге негізсіз субсидиялар төлеуге жол берген.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес Жер қатынастары басқармасы жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтықты арттырып, олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды күшейтуі қажет. Құрылыс тығыздығының сақталмауы нәтижесінде инженерлік және көлік инфрақұрылымына жүктеме ұлғая түсті, сондай-ақ қала тұрғындары үшін әлеуметтік игіліктерге қадамдық қолжетімділіктің болмауына әкелді.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметіне келетін болсақ, аудиторлардың пікірінше, ӘКК тиімсіз жұмыс істейді. Мәселен, тұрғын үй құрылысына арналған шамамен 30 млрд теңге бюджеттік инвестициялар үш жылға жуық игерілмеген күйінде қалып отыр.

ӘКК сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға толық көлемде қол жеткізе алмады. Бюджеттік кредиттер тиімсіз пайдаланылған және қаржы құралдарына орналастырылған.

🔵Жалпы аудит қорытындысы бойынша 203 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру жүргізу кезінде оның 26 млрд теңгеден астамы өтелді, сондай-ақ есепке алу бойынша және жұмыстарды орындау жолымен 83 млрд теңгеден астамы қалпына келтірілді.

🔵Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 417 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Жоғары аудиторлық палатаның тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және Алматы қаласында стратегиялық жоспарлауды, активтерді басқаруды, бюджеттік тәртіпті жақсарту бойынша қажетті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM