АСТАНА СОТТАРЫ
711 subscribers
770 photos
74 videos
4 files
437 links
Download Telegram
🔊 Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесі қарсаңында Астана қалалық соты сот қоғамдастығының, соттар қызметінің жұмысын үздік көрсеткен бұқаралық ақпарат құралдары арасында конкурс жариялайды.

Толығырақ ақпарат алу үшін ЕРЕЖЕМЕН танысуыңызды сұраймыз.



🔊 Суд города Астаны объявляет конкурс на лучший материал в средствах массовой информации о деятельности судов, судей, органов судейского общества города Астаны, посвященный празднованию Дня работников средств массовой информации.

Для получения более подробной информации просим ознакомиться с ПОЛОЖЕНИЕМ.

https://t.me/astanasottary
🔊 Құрметті оқырмандар!

🎬 Сіздердің назарларыңызға «Судьялармен еркін диалог» айдарының 1-ші шығарылымын ұсынамыз

🎙 Қонақта Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы АМАНГЕЛДИН АЙБЕК ТЕМІРҰЛЫ ✔️

🎥 Шығарылымның толық нұсқасы:
https://www.youtube.com/watch?v=dfS70PgNmGE

жалғасы келесі бөлімде ➡️

https://t.me/astanasottary
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎬 Сіздердің назарларыңызға «Судьялармен еркін диалог» айдарының 1-ші шығарылымын ұсынамыз

🎙 Қонақта Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы АМАНГЕЛДИН АЙБЕК ТЕМІРҰЛЫ ✔️

🎥 Шығарылымның толық нұсқасы:
1. https://www.youtube.com/watch?v=dfS70PgNmGE

2. https://youtu.be/-uK8YUvF1q8?feature=shared

https://t.me/astanasottary
📌 Адвокаттар алқасы елордалық соттардың судьяларына алғысын білдірді

▪️ Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен Астана қаласы адвокаттар алқасы арасында тәжірибе алмасу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.

▪️ Меморандумның негізгі мақсаты кәсіби біліктілікті арттыруға және бірыңғай сот тәжірибесін әзірлеуге бағытталған.

▪️ Меморандум аясында елордалық соттардың судьялары адвокаттарға тұрақты негізде дәріс оқып, сот тәжірибесінің өзекті және күрделі мәселелерін талқылайды.

▪️ Судья және сот қызметкері күні қарсаңында Астана қаласының адвокаттар алқасы елордалық соттардың судьяларына бірлескен жұмысы мен елеулі еңбегі үшін алғысын білдірді.

▪️ Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті одан әрі Астана қаласының адвокаттар алқасымен бірлескен қызметін жалғастырады.

https://t.me/astanasottary
📌 Коллегия адвокатов поблагодарила судей столичных судов

▪️ Между Департаментом Судебной администрации по г.Астане и с коллегией адвокатов г.Астаны подписан Меморондум о взаимном сотрудничестве с целью обмена опытом.

▪️ Основная цель Меморандума была направлена на повышение профессиональной квалификации и выработки единообразной судебной практики.

▪️ В рамках Меморандума, судьи столичных судов на постоянной основе читают лекции адвокатам, обсуждают актуальные и проблемные вопросы судебной практики.

▪️ В преддверии Дня судьи и работника суда коллегия адвокатов города Астаны поблагодарила судей столичных судов за совместную работу и значительный труд.

▪️ Департамент Судебной администрации по г.Астане и в дальнейшем продолжит совместную деятельность с коллегией адвокатов г.Астаны.

https://t.me/astanasottary
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
📌 «Болашақ» халықаралық стипендиясын өндіріп алу туралы іс бойынша тараптар татуласты

▪️ «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы стипендиаттың кепілгерлері В. және Д.-ға қатысты талап арызбен сотқа жүгінді.

▪️ Іс материалдарынан Г.-ға Ұлыбританияда оқу үшін стипендия тағайындалған.

▪️ Халықаралық стипендия иегері 2016-2017 жылдар аралығында оқудан өткен.

▪️ Грант бөлу туралы Шартқа сәйкес оқудан кейін жұмыс берушіде немесе басқа ұйымда алған мамандығы бойынша кемінде 5 жыл үздіксіз жұмыс істеу міндеті көзделген.

▪️ Алайда, 2019 жылдың шілдесінде стипендиат Г. Ұлыбританияға кетіп, 2019 жылдың тамызынан бастап шарт бойынша келісілген талаптарды орындамай халықаралық компанияда жұмыс істеуде.

▪️ Орталық комиссиясының шешімімен стипендиат Халықаралық стипендиядан айырылып, оның Орталық алдындағы берешегі 28,7 млн. теңгені құрайды.

▪️ Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен В. Және Д. борышкерлерден (кепілгерлерден) Орталықтың пайдасына 28,5 млн. теңге мөлшерінде берешек өндірілді.

▪️ Апелляциялық сатыдағы бірінші отырыста алқа тараптарға істі бейбіт жолмен (медиациямен) аяқтау құқығын түсіндірді және қарау қорытындысы бойынша Астана қалалық соты алқасының көмегімен тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша стипендиат Г. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар Орталығы алдындағы берешекті өз еркімен өтеуге міндеттенді.

▪️ Сот алқасының қаулысымен іс медиативтік келісім бекітумен аяқталды.

https://t.me/astanasottary
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
📌 Стороны по делу о взыскании международной стипендии «Болашак» примирились

▪️ Центр международных программ «Болашак» обратился в суд с иском к гарантам стипендиата В. и Д.

▪️ Из материалов дела следует, что Г. была присвоена стипендия для обучения в Великобритании.

▪️ Обладатель международной стипендии прошла обучение в 2016-2017 годы.

▪️ Согласно Договору о выделении гранта предусматривалась обязанность после учебы отработать у работодателя или в другой организации непрерывно не менее 5 лет по полученной специальности.

▪️ Однако, в июле 2019 года стипендиат Г. выехала в Великобританию и с августа 2019 года работает в международной компании, не выполнив оговоренные условия по договору.

▪️ Решением комиссии Центра стипендиат лишена международной стипендии и задолженность стипенлиата перед Центром составляет 28,7 млн.тенге.

▪️ Решением Межрайонного суда по гражданским делам г.Астаны взыскана задолженность с солидарных должников (гаранты) В. и Д. в пользу Центра в размере 28,5 млн.тенге.

▪️ На первом заседании в апелляционной инстанции коллегией было разъяснено право сторон окончить дело миром (медиацией) и по итогам рассмотрения при содействии коллегии суда г.Астаны стороны пришли к соглашению, по условиям которого стипендиат Г. обязалась добровольно погасить задолженность перед Центром международных программ «Болашак».

▪️ Постановлением коллегии дело окончено утверждением медиативного соглашения.

https://t.me/astanasottary
▪️ 2024 жылғы 18 маусымда Астана қалалық сотының судьясы Тұрсынов Оралхан Тұрсынұлы «Басты тақырып» бағдарламасында «Әкімшілік әділетті қалыптастыру. Сот тәжірибесі: нәтижелері мен болашағы» тақырыбында сұхбат берді.

🎥 Шығарылымның толық нұсқасы:
https://www.youtube.com/watch?v=_Gr5VaijvAc

https://t.me/astanasottary
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▪️ «Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша Департаменті» РММ ішкі конкурс жарияланды

Толық ақпарат 🔽

https://astana.sud.kz/kaz/content/bos-oryndar-5

https://t.me/astanasottary
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▪️ РГУ «Департамент Судебной администрации по г.Астане» объявлен внутренний конкурс

Подробная информация 🔽

https://astana.sud.kz/rus/content/vakansii-9

https://t.me/astanasottary
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Сот жұмысшының құқығын қалпына келтірді

▪️ Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Ж.-ның қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасын, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың жарамсыз деп тану, бас директор лауазымын қалпына келтіру, мәжбүрлі жұмыстан шығу уақыты үшін жалақыны өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты талабын қарады.

▪️ Талап қою еңбек шартының сынақ мерзімінде және қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде бұзылуымен негізделді.

▪️ Сотпен еңбек шартының талаптары бойынша талапкерге 6 ай сынақ мерзімі белгіленгені, алайда шарт 1 ай өткеннен кейін бұзылғаны анықталды.

▪️ Осы құқықтық қатынастарға еңбек заңнамасы қолданылады.

▪️ Еңбек кодексінің 36-бабына сәйкес, еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін.

▪️ Осы Кодекстің 37-бабына сәйкес, жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оған еңбек шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетілген хабарлама беріп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.

▪️ Бұл жағдайда қызметкер сынақ мерзімінде жұмыстың теріс нәтижесі болмасада ешқандай себепсіз жұмыстан босатылды.

▪️ Сот шешімімен талап қанағаттандырылды. Сот жауапкермен қызметкердің сынақ мерзіміндегі біліктілігіне сәйкес еместігі дәлелденбегендіктен талапкердің құқықтары бұзылған деп таныды.Еңбек шарты жұмыстан шығару рәсімін бұза отырып күшін жойған.

▪️ Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты жарамсыз деп тану, Ж.-ның бас директор лауазымын қалпына келтіру туралы шешім шығарылып, мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін жалақысы және 100 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу өндірілді.

▪️ Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты

https://t.me/astanasottary
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Суд восстановил права работника

▪️ Межрайонным судом по гражданским делам г.Астаны рассмотрен иск Ж. к ТОО «АНПЗ» о признании протокола внеочередного общего собрания участников, приказа о расторжении трудового договора недействительными, восстановлении в должности генерального директора, о взыскании заработной платы за время вынужденного прогула и компенсации морального вреда.

▪️ Иск мотивирован тем, что трудовой договор расторгнут в период испытательного срока и временной нетрудоспособности работника.

▪️ Судом установлено, что условиями Трудового договора истцу установлен испытательный срок 6 месяцев, однако договор расторгнут по истечении одного месяца.

▪️ На данные правоотношения распространяется Трудовое законодательство.

▪️ Так, согласно статье 36 Трудового кодекса при заключении трудового договора может быть установлено условие об испытательном сроке в целях проверки соответствия квалификации работника поручаемой работе.

▪️ Согласно статье 37 данного Кодекса при отрицательном результате работы работника в период испытательного срока работодатель вправе расторгнуть договор, представив ему уведомление с указанием причин, послуживших основанием для расторжения договора.

▪️ В данном случае работник уволен в период испытательного срока в отсутствие отрицательного результата работы, без указания причин.

▪️ Решением суда иск удовлетворён. Суд признал права истца нарушенными, так как ответчиком не доказано не соответствие работника квалификации в период испытательного срока. Трудовой договор расторгнут с нарушением процедуры увольнения.

▪️ Постановлено признать приказ о расторжении трудового договора недействительным, восстановить Ж. в должности генерального директора, взыскана заработная плата за время вынужденного прогула и компенсация морального вреда в размере 100 000 тенге.

▪️ Решение суда не вступило в законную силу.

Межрайонный суд по гражданским делам г.Астаны

https://t.me/astanasottary
Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиевтің «Судья және сот қызметкері күнімен» құттықтауы
 

Құрметті әріптестер!
 
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – «Судья және сот қызметкері күнімен»құттықтаймын!

Сот жүйесі – мемлекеттіліктің маңызды тіректерінің бірі. Оның беделі мен азаматтардың сот билігіне деген сенімінің деңгейі сіздердің жоғары біліктіліктеріңіз бен моральдық-этикалық нормаларды сақтауларыңызға байланысты.

Бүгінде сот тәуелсіздігін нығайту бағытында маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Жаңа заңдар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтіп, сот төрелігі мен сот кадрларының сапасын арттыруға жағдай жасалуда. Цифрландыру және жасанды интеллект элементтері белсенді түрде енгізілуде.

Құрметті ардагерлер, судьялар және сот қызметкерлері!

Баршаңызға кәсіби біліктіліктеріңіз, адал еңбектеріңіз және сот қызметін жетілдіруге қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін алғыс айтамын.

Сіздерге шын жүректен ұзақ өмір, мол табыс, Отанымыздың өркендеуі жолында жаңа жетістіктер тілеймін.
Поздравление Председателя Верховного Суда А.Мергалиева с Днем судьи и работника суда

Уважаемые коллеги!

 
Поздравляю вас с профессиональным праздником – Днем судьи и работника суда!

Судебная система является одним из важных столпов государственности. Авторитет ее и уровень доверия граждан к судебной власти зависит от вашей высокой квалификации и соблюдения морально-этических стандартов.

Сегодня в целях укрепления судебной независимости реализуются важные инициативы. Новые законы усилили защиту прав и законных интересов граждан, создаются условия для повышения качества правосудия и судейских кадров. Активно внедряется цифровизация и элементы искусственного интеллекта.

Уважаемые ветераны, судьи и сотрудники судов!

Выражаю всем вам признательность за профессионализм, добросовестный труд и неоценимый вклад в совершенствование судебной деятельности.

Сердечно желаю вам долгих лет, профессиональных успехов, новых достижений на благо процветания нашей Родины.