Astana Daryny
6.56K subscribers
135 photos
2 videos
534 links
Центр по выявлению и поддержке одаренных детей и талантливой молодёжи «Астана Дарыны» акимата города Астаны
https://astanadaryny.kz

Обратная связь в чате @intellectualevents
Download Telegram
«Мәуелі мұра» оқулары

2024 жылдың 27 қаңтар күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №64 мектеп-лицейі базасында 8 - 11 сынып оқушылары арасында IV қалалық «Мәуелі мұра» оқуларын (әрі қарай - Оқулар) өткізетінін хабарлайды.
Жас ұрпақты қазақ әдебиеті шығармаларын насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін көрсету, әдеби тіл байлығын дамыту мақсатында IV қалалық «Мәуелі мұра» оқулары оқулары саңлақ суреткер, көркем сөз өнерінің асқан шебері, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналады.
Өтетін орны: №64 мектеп-лицейі (Ғ.Мүсірепов көшесі 15).
Өтетін уақыты- тіркеу: сағат. 08:15-08:40; басталуы: сағат. 09:00.
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өтіп жатыр:
1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» - ақындар айтысы номинациясы;
2. «Толғауы тоқсан қызыл тіл....» - ақындар мүшайрасы номинациясы;
3. «Таза, мінсіз асыл сөз....» - эссе жазу номинациясы;
4. «Әдебиет танытқыш» - шығарма мәтінінің көркемдік құрылысын талдау номинациясы.

Трансляция:

1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»-2. «Толғауы тоқсан қызыл тіл....»

3. «Таза, мінсіз асыл сөз....»

4. «Әдебиет танытқыш»

5. «Таза, мінсіз асыл сөз....» 2

6. «Таза, мінсіз асыл сөз....» 3

Эссе жұмыстары

Хаттамалар
Жалпы білім беретін пəндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I аудандық кезеңі
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жалпы білім беретін пəндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I аудандық кезеңін ұйымдастырып өткізеді.
2024 жылы 01 ақпанда 5 - сыныптар
Өтетін орны:
​№95 мектеп-лицейінде (Ұлы Дала 73/1).
Басталу уақыты: 9:30
​Пәндер: қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі (К2/КРШ);
​№80 мектеп-гимназияда (Ш. Косшығұлұлы 17/2). Басталу уақыты: 12:30
​Пәндер:қазақ тілі мен әдебиеті (К1/КИЛ), орыс тілі мен әдебиеті (Р1/РИЛ), қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі (Р2/РКШ), ағылшын тілі.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз💐💐💐


Трансляция

Хаттамалар

Жұмыстар
«Ұлы Дала қоңырауы» байқауы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 2 ақпан күні 8-11 сынып оқушылары арасында қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған Ы.Алтынсарин шығармашылғына арналған қалалық «Ұлы Дала қоңырауы» байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Ы.Алтынсарин шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, әдеби тіл байлығы мен көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ағартушы еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту.
Байқау ережеге сәйкес үш номинациядан тұрады:
● «Ыбырай – дала қоңырауы» - Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы. Бұл номинацияға мемлекеттік және орыс тілінде білім беретін мектептердің оқушылары қатыса алады (әр мектептен оқыту тіліне қарай бір оқушыдан).
●«Желкілдеп шыққан көк шөптей» номинациясында Ыбырай әңгімелерінен сахналық қойылым көрсетіледі;
●«Бір құдайға сыйынып...» жас ақындар номинациясында Ы.Алтынсарин әдеби мұрасы негізінде ұсынылған үш тақырыптың біреуіне 90 минут ішінде өз өлеңін шығарады.
«Ұлы Дала қоңырауы» қалалық байқауына елорда білім беру мекемелерінен 236 қатысушы тіркелді.
Өтетін орны: Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы (А. Байтұрсынұлы көшесі, 35).
Басталуы: сағ. 09.00.
«Ұлы Дала қоңырауы» қалалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.

Трансляция:

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Бір құдайға сыйынып...

Ыбырай – дала қоңырауы

Ыбырай – дала қоңырауы 2

Ыбырай – дала қоңырауы 3

Желкілдеп шыққан көк шөптей 2

Хаттамалар
Жалпы білім беретін пəндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I аудандық кезеңі
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Жалпы білім беретін пəндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың I аудандық кезеңін ұйымдастырып өткізеді.
2024 жылы 02 ақпанда 6 – сыныптар ​№95 мектеп-лицейінде (Ұлы Дала 73/1). Басталу уақыты: 9:30
​Пәндер: қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі (К2/КРШ);
​№80 мектеп-гимназияда (Ш. Қосшығұлұлы 17/2). Басталу уақыты: 12:30.
​Пәндер:қазақ тілі мен әдебиеті (К1/КИЛ), орыс тілі мен әдебиеті (Р1/РИЛ), қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі (Р2/РКШ), ағылшын тілі.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз💐💐💐

Трансляция

Хаттамалар

Жұмыстар
2-4 сынып оқушыларына арналған "Бастау" XXIl республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңінің іріктеу(сырттай) турының қорытындысы

Хаттамалар
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 7-8 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңін өткізеді.

Өтетін орны: №75 мектеп-гимназиясы (Мәңгілік ел даңғылы, 28/1) - (барлық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі). Басталу уақыты - 10:00

№60 мектеп-лицейі (Кубрин көшесі, 21/1) - математика, информатика, география). Басталу уақыты - 14:00

№50 мектеп-лицейі (Күйші Дина көшесі, 6) - физика, химия, биология. Басталу уақыты - 14:00.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 💐

Трансляция

Хаттамалар 7 сынып

Трансляция 8 сынып

Хаттамалар 8 сынып

Трансляция 8 сынып, ЖМБ боыйнша

Жұмыстар
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауының қорытынды кезеңін (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.
Мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және озық инновациялық тәжірибелерін таратуға ықпал ету.
Байқауға сараптамадан өткен 34 елордалық мектептен 71 бастауыш сынып педагогтері қатысады.
Өтетін орны: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектеп- лицейі (А.Байтұрсынов көшесі, 49 А);
Өтетін күні: 23.02.2024 ж.;
Тіркелу уақыты: 09:30;
Басталу уақыты: 10:00.

Трансляция:

Жаратылыстану

Қазақ тілі мен әдебиеті


Орыс тілі мен әдебиеті

Математика

Хаттамалар
«Математиқалық регата» олимпиадасы

2024 жылдың 23 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мұғалімдерге арналған «Математиқалық регата» олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру.
Олимпиаданың өтетін орны: №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі (Төле би көшесі 26).
Тіркелу уақыты: сағ. 13.00-13.45.
Басталу уақыты: 14.00.
Керекті қосымша мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Қабанбай батыр даңғылы 33, 5-қабат, 503-кабинет, байланыс телефоны: 25-01-69, 8 771 909 16 03.

Трансляция

Хаттама
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеу қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 15 қаңтар мен 21 ақпан күндері аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеуге 5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша тіркеу жүргізіліп, Ережеге сәйкес номинациялар бойынша барлығы 140 бейнематериал қабылданды.
Қазақ ұлттық хореография академиясының Режиссура кафедрасының доценті, мемлекеттік концерттік шаралардың музыкалық продюссер-вокал педагогі, орталықтың медиа сүйемелдеу бөлімінен композитор –вокалист өнер тұлғаларынан құралған қазылар алқасының қалалық байқауға іріктеу отырысы 2024 жылдың 23 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.
«Вокалдық топ» номинациясында 49 вокалдық топтың бейнематериалы қаралып,
20 топ (тәрбиеленуші саны -135);
«Вокал» номинациясында 25 өнерпаздың бейнематериалы қаралып, 21 вокалист;
«Хореография» номинациясында 57 би тобының бейнематериалы қаралып,31 би тобы (тәрбиеленуші саны-272);
«Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациясында 9 оркестр/ансамбльдің бейнематериалы қаралып, 7 аспапта ойнау тобы (тәрбиеленуші саны-89 ) барлығы өнер шығармасы қазылар алқасының шешімімен қалалық байқауға жолдама алды.
«Елорданың еркетайы» қалалық байқауына өткен 70 мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшаның 517 тәрбиеленушісі 2024 жылдың 5 наурыз күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында бақ сынайды.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Хаттамалар
“Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 24 ақпанында "Сөз -ғажайып әлем " байқауын өткізеді.
Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:
1. “Мықты болсаң-тауып көр” - берілген прозалық шығармаларды кезекпен жалғастырып айту.
2. “Сөз мәйегі…” - шағын ойтолғау, шығармашылық жұмыс жазу.
3. “Ұшқыр ой” - алдын ала берілген прозалық шығармалардан алынған сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру.
Өтетін орны: №82 мамандандырылған лицейі
Тіркелу уақыты: 8:00-8:45
Басталу уақыты - 9:00

Трансляция:

Ұшқыр ой

Ұшқыр ой 1 топ

Мықты болсаң, тауып көр

Сөз мәйегі

Сөз мәйегі 2

Мықты болсаң, тауып көр 2 топ

Мықты болсаң, тауып көр 3

Хаттамалар
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVII республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицей (Әл-Фараби көшесі, 9/5) базасында өтеді.
Қатысушыларды тіркеу: сағат- 11.00 Турнирдің басталуы: сағат –12:00

Городской этап XVII республиканского математического турнира «Бастау» для учащихся начальных классов пройдет 24 февраля текущего года на базе школы-лицея BINOM SCHOOL имени Кадыра Мырза Али (ул. Аль-Фараби, 9/5).

Регистрация участников: 11.00 часов

Начало турнира: 12.00 часов

Трансляция

Хаттама
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 24 ақпан күнi информатика пәні мұғалiмдерiне арналған «ПедОлимп» қалалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әpi -Олимапиада) өткiзетiнiн хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-комуникативтік технологияларды дамыту, қолдау және пайдалану.

Хаттама
Математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасы

2024 жылдың 26 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының (әрі қарай-Олимпиада) қалалық кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты:
Астана қаласы бойынша математика пәнінен қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру.
Өтетін орны: №95 мектеп-лицейі (Ұлы дана даңғылы, 73/1).
Тіркелу уақыты: сағ. 13:00-13:45дейін.
Басталу уақыты: 14:00.
Олимпиада мемлекеттік тілде өтеді. Олимпиадаға қатысушылардың тізімі қосымшада беріледі.
Олимпиада туралы тиісті ақпараттарды мына мекенжайдан білуге болады: «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі, Қабанбай батыр 40, байланыс тел:87779336887.

Хаттамалар
«ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны

2024 жылдың 29 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейімен бірлесіп қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын өткізеді.
Мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің өмір жолына қызығушылықтарын ояту, шығармаларын насихаттау,оқушылардың әдебиеттік шығармаларға құштарлығын арттыру.
Міндеттері:
- мектеп оқушыларына Ұлт көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан және Алаш қайраткерлерінің тарихи ерліктерін насихаттау;
- жаңа буынның патриоттық сезімін ояту, тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрмет дәріптеу;
- Әлихан Бөкейханның еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту.
Ойында 3 бағыт бойынша сұрақтар болады:
• «Ұлт көсемі - Әлихан» - Әлихан Бөкейханның өмірбаяны мен шығармашылығы;
• «Ұраны – АЛАШ, мұраты - азаттық» - Алаш қайраткерлері (А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Шоқай, С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Х.Дос¬мұ¬хамедұлы, Х.Ғаб¬бас¬ұлы, М. Тыныш¬бай¬ұлы) өмірбаяны;
• «Алаш тағылымы» - Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы.
Ойын 2 айналымнан тұрады:
1 айналым – (әр мектептен келген оқушылар бір-бірімен сайысады);
2 айналым – (жеңімпаздар арасындағы сайыс).
Ойын ережеге сәйкес 8-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде өтеді және әр білім беру мекемесі тек 1 қатысушы ұсынады.
Өтетін орны: № 76 мектеп-лицейінде (Түркістан көшесі, 10/1)
Басталуы: сағ.09.00
Тіркеу: сағ.08.15-08.45.

Трансляция

Хаттама
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 1 наурыз күні мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді. Олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада бес бағыт бойынша өтеді:
1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (Б.Соқпақбаев көшесі, 17 үй)

4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
5. «Әнші-бұлбұлдар» (жанды дауыста ән айту);
Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» (Тұрар Рысқұлов көшесі, 14)
Қатысушыларды тіркеу уақыты: 09:15-09:45
Олимпиаданың басталу уақыты: 10:00-де

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

Трансляция:

Сөз шеберлері

Сөз шеберлері (2)

Жас қаламгер

Жас қаламгер (2)

Жас қаламгер (3)

Бейнелеушілер

Бейнелеушілер (2)

Бейнелеушілер (3)

Білгірлер бәйгесі

Хаттамалар
8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М. Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасы

2024 жылдың 02 наурыз күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған Ө.М. Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту, пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау және әлемдік деңгейде физика-математика саласында із қалдырған ғалым, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің ғылымға қосқан үлесін насихаттай отырып, олимпиада резервтерін қалыптастыру.
Олимпиаданың өтетін орны: №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі (Ұлы Дала даңғылы, 61/1).
Тіркелу уақыты: сағ. 09.00-09.45 дейін.
Басталу уақыты: 10.00.


Трансляция

Жұмыстар

Хаттамалар
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 4 наурызда жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңін өткізеді.
Өтетін орны:
№80 мектеп-гимназиясы (Ш.Қосшығұлұлы, 17/2) .
Пәндер: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі).Басталу уақыты - 10:00.
№95 мектеп-лицейі (Ұлы Дала даңғылы, 73/1).
Пәндер: Қазақстан тарихы, жаратылыстану, математика, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі. Басталу уақыты - 10:00.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Трансляция

Хаттамалар

Жұмыстар
“Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 5 наурызында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында “Елорданың еркетайы” қалалық байқауын өткізуде.
Қалалық кезеңде “Вокалдық топ” номинациясында 20 команда, “Вокал” номинациясында 20 қатысушы, “Хореография” номинациясында 28 би тобы, “Балалар музыкалық аспаптарында ойнау” номинациясында 6 ансамбль өнер көрсетеді.
Қатысушыларға сәттілік!

Трансляция
«Ұлттың Ұлы тұлғасы» қалалық байқауының
баспасөз хабарламасы

2024 жылдың 05 наурызында 8-10 сынып оқушылары арасында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған «Ұлттың Ұлы тұлғасы» қалалық байқауы өтеді.
Байқауды Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Әлихан Бөкейханның саналы ғұмыры негізінде жас ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеу және адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту;
- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, әмбебап ғалым Ә.Бөкейханның құнды мұраларын дəріптеп, халық үшін атқарған қызметін насихаттау;
- саяси, мәдени, экономикалық, әдеби-публицистикалық мұрасын көпшілікке танымал ету.
Байқау мемлекеттік тілде және 4 номинация бойынша өткізіледі:
- «Ә.Бөкейхан – ұлт жанашыры» эссе жазу номинациясы;
- «Ұлт көсемі – Әлихан» жас ақындар номинациясы;
- «Алаштың Әлиханы» буктрейлер номинациясы;
- «Әлихан жүрген ізбенен» комикстер номинациясы.
Өтетін орны: Әлихан Бөкейхан атындағы Binom school мектеп-лицейі (Шафика Чокина көш., 5).
Басталуы: сағ.09.00.
Тіркеу: сағ.08.15-08.45.

Трансляция:

Алаштың Алиханы

Ұлт көсемі - Әлихан

Әлихан - ұлт жанашыры

Әлихан - ұлт жанашыры 2

Әлихан жүрген ізбенен

Хаттамалар
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жылдық жоспарға сәйкес 2024 жылдың 12-14 наурыз аралығында елордалық білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында «JasSkills Astana-2024» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңін өткізіп жатыр.
Чемпионат 8 құзыреттілік бойынша өткізіледі:
1.Веб – дизайн және әзірлеу;
2.Графикалық дизайн;
3.Мобильді қосымшаларды әзірлеу;
4.Мейрамханалық сервис
5.Сән технологиясы
6.Кәсіпкерлік
7.Электромонтаждау жұмыстары
8.Мобильді робототехника

Трансляция

Хаттамалар

Трансляция 2 күн

Трансляция 3 күн