Astana news
1.62K subscribers
6.36K photos
958 videos
1 file
647 links
Download Telegram
Astana news
Photo
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылы бойынша жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 17 маусымы сағат 10:00-ден 18 маусымы сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

🔻🔻🔻

ГУ «Управление транспорта и развития дорожно-транспортной инфраструктуры города Астаны» сообщает о проведении работ по укладке верхнего слоя дорожного полотна по пр. Кабанбай батыра на участке от ул. Сыганак до ул. Алматы.

В этой связи с 10:00 часов 17 июня до 07:00 часов 18 июня текущего года вышеуказанный участок будет полностью перекрыт.

Жителей и гостей столицы просим заранее планировать свой маршрут в целях исключения заторов на дорогах города. Приносим свои извинения за временные неудобства и просим с пониманием отнестись к проведению дорожно-строительных работ.
Astana news
Photo
«500 мың теңгеден аса табыс таптым»: елорда тұрғыны «JOLTAP» жобасы туралы айтты

Елордада жұмыссыз қала тұрғындарының жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «JOLTAP» жобасы жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде жоба аясында 2 мыңнан астам елордалық түрлі мамандықтар бойынша оқыту курстарынан өткен. Ал оқыту бағдарламалары еңбек нарығының сұраныстарына сүйене отырып жасалған. Мәселен елордалық Нұрсұлтан Телтаев жоба аясында «Мобилография» курсын аяқтап, бүгінде табыс тауып жүр.

28 жастағы қала тұрғыны «JOLTAP» жобасына дейін аспазшы болып табыс тапқан. Бірақ денсаулығына байланысты жұмысын ауыстыруға тура келген.

«Мобилографияны меңгермей тұрып, 6 жыл бойы аспазшы болып жұмыс істедім. Сол уақытта да видео түсіруге деген қызығушылығым болды. Ал нарықта оған үйрететін курстар айына 300-350 мыңнан басталады. Бірақ ондай мүмкіндігім болған жоқ. Кейін денсаулығыма байланысты жұмыс орнын ауыстыруыма тура келді. Осылайша қала көшелерінде орналасқан пунктердің біріне кіріп, 14 мамандықтың ішінен «Мобилография» курсын таңдадым», - дейді Нұрсұлтан Телтаев.

Елорда тұрғыны 11 күн ішінде смартфон арқылы сәнді фото мен видеоларды түсіруді және оны монтаждап, дайын контент жасауды үйренген. Курсты тәмамдағанына бір айдан аса уақыт өтсе де, 4 жоба бойынша жұмыс істеп үлгеріпті.

«Курс барысында бастапқы мобилограф маманына қажет барлық керек-жарақ түрлері айтылып, түсірілім тәсілдері үйретілді. Біздің оқытушымыз осы саланың мықты маманы деуге болады. Біз 11 күн ішінде әдемі видео түсіріп, оны монтаждауды үйрендік. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат берілді. Мен бірден тапсырыс алып, мобилограф ретінде табыс таба бастадым. Мәселен курсты бітіргеніме 1,5 ай болып қалды. Осы аралықта 4 жобадан ұсыныс түсіп, жалпы 500 мың теңгеден аса табыс таптым. Автоұйымдар мен бизнес-форумдардан видео түсірдім. Осы қысқа аралықта мобилография саласы арқылы түрлі адамдармен таныстым», - дейді елордалық жігіт.

Мобилограф Нұрсұлтан Телтаевтың сөзінше, «JOLTAP» жобасы жұмыссыз жандарға үлкен мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда жастардың жұмысқа орналасуы проблемаға айналып кетті деуге болады. Сол себепті «JOLTAP» жобасы халыққа нағыз керек жоба деп санаймын. Қаламызда жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін жоба бар екенін білмейтіндер бар. Жұмыссыз жүрген жандар тегін мамандықты игеріп, кейін жұмысқа тұрып жатса жетістік емес пе?! Жақында басқа да қалаларда ашылады деп естідік, бұл халыққа беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Өзім әрқашан өзгелерге «JOLTAP» жобасының мүмкіндіктерін айтып жүремін. Жоба ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін», - дейді Нұрсұлтан Телтаев.

Айта кетейік, қатысушылардың таңдауына 14 мамандық ұсынылған. Ал оқыту бағдарламалары мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға дейін барынша қысқа мерзімде практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Astana news
Photo
«Заработал более 500 тысяч тенге»: житель столицы рассказал о проекте «JOLTAP»

В столице реализуется проект «JOLTAP», который позволяет безработным горожанам найти работу и улучшить свое финансовое положение, сообщает официальный сайт акимата Астаны.

Сегодня в рамках проекта более 2 тысяч астанчан прошли курсы обучения по различным специальностям. Программы курсов разработаны исходя из запросов рынка труда. Так, житель столицы Нурсултан Телтаев в рамках проекта завершил курс «Мобилография» и сегодня уже зарабатывает.

28-летний горожанин работал шеф-поваром до проекта «JOLTAP». Но по состоянию здоровья ему пришлось менять работу.

«До освоения мобилографии 6 лет работал поваром. Еще в то время у меня был интерес к съемкам видео. А курсы, которые преподают на рынке, начинаются от 300-350 тысяч в месяц. Но у меня не было такой возможности. Позже мне пришлось сменить работу по состоянию здоровья. Так, войдя в один из пунктов, расположенных на улицах города, я выбрал курс «Мобилография» из 14 специальностей», — говорит Нурсултан Телтаев.

Астанчанин за 11 дней научился снимать фото и видео с помощью смартфона, монтировать и создавать готовый контент. Спустя более месяца после окончания курса, успел поработать над четырьмя проектами.

«В ходе курса были озвучены все виды аксессуаров, необходимые первичному специалисту-мобилографу, показаны приемы съемок. Наш преподаватель-сильный специалист в этой области. Мы научились снимать красивое видео и монтировать его за 11 дней. После обучения был выдан сертификат. Я сразу получил заказ и начал зарабатывать как мобилограф. Так, до окончания курса осталось 1,5 месяца. За этот период поступило предложение от 4 проектов, в общей сложности я заработал более 500 тыс. тенге. Снял видео с автоорганизацией и из бизнес-форума. За этот короткий промежуток времени я познакомилась с разными людьми в области мобилографии», — рассказывает Нурсултан.

По словам начинающего мобилографа, проект «JOLTAP » предоставляет большие возможности безработным.

«Сейчас трудоустройство молодежи стало проблемой. Поэтому я считаю, что проект «JOLTAP » - это проект, который нужен народу. Есть те, кто не знает, что в нашем городе есть проект, позволяющий устроиться на работу. Разве это не достижение, если безработные осваивают бесплатную профессию, а потом трудятся?! Мы слышали, что проект скоро запустят в других городах, а это большая возможность для населения. Я всегда рассказываю другим возможности проекта «JOLTAP». Выражаю благодарность организаторам проекта», — сказал Нурсултан Телтаев.

Отметим, что на выбор участников представлено 14 специальностей. А программы обучения направлены на приобретение практических навыков в максимально короткие сроки от 2 недель до 1 месяца, в зависимости от специальности.
Astana news
Photo
Игі істер марафоны: Астанада мұқтаж жандарға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды

Құрбан айт мейрамына орай Астанада дәстүр бойынша көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ауқымды іс-шараны қала әкімдігі мен демеуші болған Qazaq Oil компаниясы «Игі істер марафоны» аясында өткізіп жатыр.

«Бүгін мыңға жуық себет әлеуметтік жағынан осал отбасыларға таратылып жатыр. Олар – көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Қораптың салмағы – 45 келі. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, сүт және т.б. Осындай қайырымдылық іс-шарасына атсалысқаны үшін «Qazaq Oil» компанисына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қоса, өзге де бизнес өкілдерін игі іске қатысуға шақырамыз», - деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Ал «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері азық-түлік себеттерін мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізіп береді.

Себеттердің бірі астаналық көпбалалы ана Жанагүл Қарасаеваға табысталды. Ол осындай көмек көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді.

«Алғысымды білдіргім келеді. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға рақмет. Барша қазақстандықтарды Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін!» - деді көпбалалы ана.

Мұндай акция Астанада жыл соңына дейін ұйымдастырылады.
Astana news
Photo
 Марафон добрых дел: в Астане нуждающимся раздали более 1000 продуктовых корзин

В честь праздника Курбан-айт в Астане по традиции вручают продуктовые корзины всем, кто нуждается в помощи, сообщает официальный сайт столичного акимата.

Это масштабное мероприятие проводится акиматом города и спонсором – компанией Qazaq Oil – в рамках «Марафона добрых дел».

«Сегодня порядка тысячи корзин раздают социально уязвимым семьям. Это многодетные семьи, матери-одиночки, пенсионеры, граждане с инвалидностью, семьи, воспитывающие особенных детей. Вес коробки – 45 килограммов. В продуктовой корзине есть товары, необходимые для повседневной жизни. В частности, подсолнечное масло, сахар, мука, молоко и др. Выражаем благодарность компании Qazaq Oil за участие в таком благотворительном мероприятии. Кроме того, приглашаем других представителей бизнеса принять участие в благородном деле», - сказал советник акима Астаны Куаныш Молдабек.

А волонтеры Молодежного ресурсного центра «Астана жастары» доставляют продуктовые корзины на дом нуждающимся.

Одна из корзин была вручена многодетной матери Астаны Жанагуль Карасаевой. Она выразила огромную благодарность организаторам за такую помощь.

«Хочу выразить благодарность. Спасибо, что подарили праздничное настроение. Поздравляю всех казахстанцев с праздником Курбан Айт! Желаю Вам здоровья и благополучия!» - пожелала многодетная мать.

Такая акция будет продолжаться в Астане до конца года.
Astana news
Photo
Астанада «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауына өтінім қабылдау аяқталды

Астана қаласында «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінім қабылдау аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конкурстың негізгі мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты некенің маңыздылығын мойындау; ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Биыл 238 отбасы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырды. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар, көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, еңбек адамдары және шығармашыл әулеттер қатысып отыр.

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық байқауы Қазақстанда 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01.
Astana news
Photo
В Астане завершился прием заявок на конкурс "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ"

В Астане завершился прием заявок для участия в городском туре национального конкурса «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ», сообщает официальный сайт столичного акимата.

Основные цели конкурса-укрепление института семьи, нравственности, духовности, признание важности ответственного брака; повышение ответственности родителей в воспитании детей; пропаганда семейных ценностей, заботы совершеннолетних детей о нетрудоспособных и престарелых родителях; пропаганда позитивного имиджа казахстанской семьи.

В этом году документы для участия в конкурсе подали 238 семей. Участвуют семьи, имеющие достижения в труде и спорте, творческой и интеллектуальной сферах, науке и искусстве, а также семьи, активно участвующие в общественно полезной деятельности, многодетные семьи, семьи с особыми детьми, ветераны, люди труда и творческие династии.

Национальный конкурс "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" проводится в Казахстане ежегодно с 2013 года.
Конкурс направлен на активизацию нравственных качеств, повышение статуса и ценностей семьи.

Для получения дополнительной информации: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01.
Astana news
Photo
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 18 маусым сағат 21:00-ден 19 маусым сағат 21: 00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады(оның ішінде Керей Жәнібек хандар көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысы).

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

🔻🔻🔻

ГУ «Управление транспорта и развития дорожно-транспортной инфраструктуры города Астаны» сообщает о проведении работ по укладке верхнего слоя дорожного полотна по пр. Кабанбай батыра на участке от ул. Алматы до ул. Орынбора.

В этой связи с 21:00 часов 18 июня до 21:00 часов 19 июня текущего года вышеуказанный участок будет полностью перекрыт(в том числе перекресток ул. Керей Жанибек хандар-пр. Кабанбай батыра).

Жителей и гостей столицы просим заранее планировать свой маршрут в целях исключения заторов на дорогах города. Приносим свои извинения за временные неудобства и просим с пониманием отнестись к проведению дорожно-строительных работ.