Astana news
1.77K subscribers
21.7K photos
2.08K videos
1 file
1.09K links
Download Telegram
Astana news
Photo
«Таза Қазақстан»: елордалық жас спортшылар экологиялық акцияға қатысты

Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Аспан» спорт кешенінің ауласында алма ағаштарын суарып, табиғатты қорғауға үлес қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жазғы оқу-жаттығу лагеріне қатысып жатқан қазақ күресі бөлімінің спортшылары бапкерлерінің жетекшілігімен алма ағаштарына ұқыпты күтім жасап, жасыл желектерді аялап, қамқорлық көрсетті. Бұл шара қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғатты таза әрі жасыл күйінде сақтауға бағытталған игі бастама екенін бапкерлер атап өтті.

«Қазақ күресінің спортшылары осы апта бойы «Аспан» спорт кешенінде жазғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бүгін біз жаттығу залынан бөлек, тәрбиелік жұмыстар аясында спортшыларымызға қоршаған ортаны қорғау мен жасыл желекті сақтау баршамыздың ортақ міндетіміз екенін түсіндіріп, алма ағаштарын суардық. Жас спортшыларды кішкентай кезінен бастап табиғатты аялауға тәрбиелеу аса маңызды», — деді қазақ күресінің бапкері Тілеген Көбейсін.

Айта кетейік, бүгінде «Аспан» спорт кешенінде жазғы оқу-жаттығу лагері қызу жүріп жатыр. Аталған лагерьге Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бекітілген кесте бойынша қатысып, өз спорт түрлерінен дайындықтарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта бұл спорт кешенінде 2379 тәрбиеленуші жаттығады.

Мұнда спортшылар қазақ күресінен бөлек футбол, волейбол, тренажер залында шынығу сияқты оқу-жаттығу жиындарынан өтеді. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек және тәрбиелік бағыттағы дәрістер де ұйымдастырылған.
👍1
Astana news
Photo
Воспитанники столичной спортшколы присоединились к масштабной экоакции «Таза Қазақстан»

В рамках экологической акции «Таза Қазақстан» воспитанники столичной детско-юношеской спортивной школы №7 приняли участие в поливе яблонь, расположенных на территории спортивного комплекса «Аспан», передает официальный сайт акимата Астаны.

Юные спортсмены, занимающиеся қазақша курес и проходящие летние учебно-тренировочные сборы, проявили особую заботу о деревьях, внося свой вклад в охрану окружающей среды. По словам их тренеров, данная акция направлена на улучшение экологической ситуации в городе и формирование чистой и зеленой городской среды.

«На этой неделе спортсмены по қазақша курес проходят летние учебно-тренировочные сборы на базе спортивного комплекса «Аспан». Сегодня, помимо тренировок в зале, мы провели воспитательное мероприятие, напомнив им о важности охраны окружающей среды и бережного отношения к зеленым насаждениям. Вместе со спортсменами мы вышли во двор спорткомплекса и полили яблони. С раннего возраста очень важно формировать у спортсменов любовь к природе и ответственное отношение к экологии. Подобные акции способствуют формированию экологической культуры у молодёжи», — отметил тренер по қазақша курес Тілеген Көбейсін.

В настоящее время на базе спортивного комплекса «Аспан» продолжаются летние учебно-тренировочные сборы. Воспитанники детско-юношеской спортивной школы №7 акимата города Астаны принимают участие в занятиях согласно утвержденному расписанию. На сегодняшний день в спорткомплексе занимаются 2379 юных спортсменов.

Кроме қазақша курес, юные спортсмены посещают занятия по футболу, волейболу, а также тренажёрный зал. Для них также проводятся учебные лекции по пожарной безопасности, оказанию первой медицинской помощи и другим направлениям воспитательной работы.
👍1
Әкелер күні: Астанада отбасылық садақ ату іс-шарасы өтеді

Қазақстанда 15 маусымда аталып өтетін Әкелер күніне орай Астанада садақ атудан спорттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Sadaq Aty іс-шарасын Қазақстандағы Даму қауымдастығы мен қалалық ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізеді. Бұл – әкелер мен балалардың дәстүрлі қазақ садақ ату өнерімен танысып, бірге уақыт өткізуге, өзара түсіністікті нығайтып, ұлттық дәстүрлер рухын заманауи форматта сезінуге арналған бірегей мүмкіндік. Жиын Астанада жастар мен отбасылар арасында садақ атуды кеңінен насихаттап жүрген Sadaq Aty атты жетекші клуб аумағында өтеді.

Іс-шара 15 маусым күні сағат 15:00-де басталады.

Тіркелу үшін https://forms.gle/LS3Ya4Mc1u239SbB9  сілтемесі арқылу өту қажет.
👍1
Astana news
Әкелер күні: Астанада отбасылық садақ ату іс-шарасы өтеді Қазақстанда 15 маусымда аталып өтетін Әкелер күніне орай Астанада садақ атудан спорттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Sadaq Aty іс-шарасын Қазақстандағы…
День отцов: семейное мероприятие по стрельбе из лука пройдет в Астане

В честь Дня отцов, который отмечается в Казахстане 15 июня, в Астане проведут спортивно-познавательное мероприятие по стрельбе из лука, передает официальный сайт акимата столицы.

Мероприятие Sadaq Aty проводит Казахстанская Ассоциация Даму совместно с городским Управлением внутренней политики.

Это уникальная возможность для отцов и детей приобщиться к традиционному казахскому искусству стрельбы из лука, провести время вместе, укрепить взаимопонимание и почувствовать дух национальных традиций в современной форме.

Мероприятие состоится на территории стрелкового клуба Sadaq Aty — одного из ведущих пространств в Астане, популяризирующих стрельбу из лука среди молодёжи и семей.
Начало в 15:00 часов 15 июня.

Регистрация по ссылке обязательна: https://forms.gle/LS3Ya4Mc1u239SbB9. 
👍1
№101 станциясына алғашқы LRT құрамы көтерілді

Бүгін №101 станциясында екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді. Құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті.

Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі болып табылады. Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.

«LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз», — деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
👍1
Astana news
№101 станциясына алғашқы LRT құрамы көтерілді Бүгін №101 станциясында екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді. Құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті.…
На станцию №101 поднят первый состав LRT

Сегодня на станции №101 проведены успешные работы по подъёму первого состава лёгкого рельсового транспорта (LRT), состоящего из двух вагонов. Подъем прошел в штатном режиме с соблюдением всех технических и безопасностных требований.

Подъём состава является частью плановых мероприятий в рамках строительства системы LRT. Вагоны будут находиться на станции до начала тестовых запусков, которые запланированы на сентябрь 2025 года.

«Реализация проекта LRT направлена на развитие современной городской транспортной инфраструктуры, повышение мобильности и комфорта для жителей. Подъём первого состава — важный этап в реализации проекта. Мы движемся строго по графику, и уже этой осенью начнём тестирование систем LRT», — отметил Председатель Правления ТОО «City Transportation Systems» Асылбек Дуйсебаев
👍4
Astana news
Video
Dimash Qudaibergen-нің тренд болып жатқан «Tау ішінде» әніне Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері де үн қосты!

Пенсионеры столичного Центра активного долголетия тоже присоединились к тренду на песню «Tау ішінде» Димаша Қудайбергена!
👍31
Astana news
Photo
Астананың жасыл патрульдері: 100-ден астам жас экологиялық тазалыққа шықты

Астананың Байқоңыр ауданында 100-ден астам «Жасыл ел» жауынгері «Таза сәрсенбі» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Таза сәрсенбі» акциясының мақсаты — қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тазалықты сақтау, әр аулада тәртіп пен тазалыққа саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыру.

Шара Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Байқоңыр ауданы әкімдігі және «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының қолдауымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды.

«Шараға 100-ден астам «Жасыл ел» жауынгері қатысты. Олар қоқыс жинап, көшеттерге күтім жасап, ағаштарды суарумен айналысты. Астанада экологиялық акциялар тұрақты түрде өткізіледі: «Таза бейсенбі», «Таза жұма» және «Таза сенбі». Осы бастамалар аясында жауынгерлер демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын саябақтар мен скверлерді қоқыстан тазартып келеді», – деді Астана қаласы Жастар саясаты басқармасы бөлімінің маманы Ерлан Айдар.

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының XXI маусымы аясында елорда бойынша 5200-ден астам жас жұмыспен қамтылады. Олар құрылыс нысандарында, қала маңындағы жасыл белдеуде, әлеуметтік нысандар мен білім беру мекемелерінің аумағында, сондай-ақ қалалық саябақтар мен көгалдандыру жұмыстарына тартылады.

Бағдарламаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жасақ жауынгерлері мамыр мен тамыз аралығында 4 ай жұмыс істеуге құқылы. Оларға арнайы киім үлгісі мен 65 мың теңге көлемінде жалақы беріледі. Ерекше назар әлеуметтік осал санаттағы жастарға аударылады. Кәмелетке толмағандар Еңбек кодексіне сәйкес, денсаулығына зиян келтірмейтіндей, күніне 4 сағаттан, аптасына 5 күн жұмыс істей алады.

Жасақ құрамына қосылғысы келетін оқушылар өз мектептеріндегі әлеуметтік педагогтерге жүгіне алады. Қаладағы 120-дан астам мектепте қатысушыларды тіркеу жүріп жатыр.

«Саябақтар мен скверлерде жұмыс істеуді қалайтындар «Жасыл ел» қалалық штабына өтінім бере алады — құжаттар әр айдың 25-күні басталып қабылданады. Артықшылық көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Міндетті түрде растайтын құжаттар мен жеке ниет болуы тиіс», — деді Ерлан Айдар.