АСПИР
976 subscribers
373 photos
21 videos
2 files
114 links
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі

Агентство по стратегическому планированию и реформам РК
Download Telegram
Әсет Ерғалиев халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен брифингте Агенттік төрағасы Әсет Ерғалиев ведомствоның қызметі және еліміздегі ауқымды өзгерістер жайлы айтты.

Қазақстан өзінің дамуының жаңа дәуіріне аяқ басты. Мемлекет басшысы саяси және экономикалық жүйелерді түбегейлі реформалауға бастамашы болды. Қазақстандықтар бұл бастамаларды жалпыұлттық референдум мен президенттік сайлауда қолдады.

​Әсет Ерғалиевтің айтуынша, экономикалық реформалар саяси өзгерістермен қатар жүреді. Олар экономиканы диверсификациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және инвестициялар тартуға бағытталған.

Қажетті жағдайлар жасау мақсатында құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету, адал бәсекелестік пен экономикалық бостандықтарды дамыту жөніндегі шаралар пакеті іске асуда.

Мәселен, жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қалыптастыру, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту, кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ инфрақұрылым мен өнеркәсіпті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Адами капиталды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде.

Жалпы саяси және экономикалық реформалардың синергиясы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыра отырып, елдің орнықты, сапалы және инклюзивті дамуын қамтамасыз етуге арналған.

Іс-шараға 10 елдің БАҚ өкілдері (Бельгия, Үндістан, Италия, Иран, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Пәкістан, Түркия, Тәжікстан және Оңтүстік Корея) қатысты.
Асет Иргалиев встретился с представителями международных СМИ
 
Сегодня на брифинге с представителями зарубежных средств массовой информации Председатель Агентства по стратегическому планированию и реформам РК Асет Иргалиев рассказал о деятельности ведомства и масштабных переменах в нашей стране.

Он отметил, что с прошлого года Главой государства инициированы кардинальные реформы политической и экономических систем. Казахстанцы поддержали эти намерения на общенациональном референдуме и президентских выборах.

По словам Асета Иргалиева экономические реформы идут «рука об руку» с политическими преобразованиями. Они направлены на диверсификацию экономики, стимулирование предпринимательской деятельности и привлечение инвестиций. В целях создания необходимых условий реализуется пакет мер по обеспечению верховенства права, развитию честной конкуренции и экономических свобод.

Так, ведётся активная работа по формированию новых Бюджетных и Налоговых кодексов, модернизации судебной и правоохранительных систем, обеспечению равных условий и возможностей для предпринимательской деятельности, а также развития инфраструктуры и промышленности. Большое внимание уделяется вопросам развития человеческого капитала.

В целом, синергия политических и экономических реформ призвана обеспечить устойчивое, качественное и инклюзивное развитие страны, повысив благосостояние каждого казахстанца.
 
В мероприятии приняли участие более 10 зарубежных журналистов (из Бельгии, Индии, Италии, Ирана, Кыргызской Республики, Монголии, Пакистана, Турции, Таджикистана и Южной Кореи).
 
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу өтті

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік орган басшылары, ұлттық компания жетекшілері мен кадрлық резерв мүшелерінің қатысуымен өткен шарада өңірлік даму саясаты сөз болды.

Шараға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов қатысты.

Кездесуде өңірлік даму саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасы талқыланды.

Ашық әрі қызу талқыға қатысушылар өңірлік даму әдістері мен стандарттарын жоспарлау, ауылдық аумақтарда халықтың табысын арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды ынталандыру туралы айтты.

Жиын барысында кадрлық резерв мүшелері тұжырымдама жобасына белсенді қатысуға шақырылды.
Состоялась встреча с членами президентского молодежного кадрового резерва

На мероприятии в Академии государственного управления при Президенте РК руководители государственных органов, национальных компаний и члены кадрового резерва обсудили политику регионального развития.

На встрече принял участие заместитель председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам РК Аркен Утенов.

В частности участники выразили мнения касательно системы государственного планирования, проекта Концепции развития сельских территорий РК на 2023-2027 годы.

Участники открытого и оживленного обсуждения рассказали о планировании методов и стандартов регионального развития, повышении доходов населения на сельских территориях, стимулировании развития местного самоуправления.

В ходе совещания члены кадрового резерва были приглашены принять активное участие в проекте концепции.
Қазақстанда инфляция Еуропа елдерінің тәжірибесіне сай есептелмек

Бүгін Агенттіктің Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов Үкімет отырысында фискалдық операторлар деректері негізінде инфляция мониторингін көздейтін жаңа пилоттық жоба туралы айтты.

Жоба статистиканы қалыптастыру жеделдігін қамтамасыз ету, шығындарды оңтайландыру және деректер сапасын арттыруға бағытталған.

Жандос Шаймардановтың айтуынша, бюро жұмысының басым бағыттарының бірі баламалы көздерді, мәселен, фискалдық чектерді, басқаша айтқанда, кассалық чектерде жазылатын деректерді пайдалану болып табылады.

«Бельгия, Швеция, Швейцария және басқа да бірқатар елдер инфляцияны есептеу үшін осы әдісті белсенді пайдаланады. Біз Қазақстанда осындай жобаны іске асыруға кірістік. Халықаралық валюта қоры сарапшылары әдіснамалық көмек берді, қаржы министрлігі фискалдық деректерді ұсынды»,–деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, бюро басшысы болашақ жоспарлармен де бөлісті. «Бюро тауарлар мен қызметтердің бірыңғай каталогы енгізіліп, Халықаралық валюта қоры тарапынан жаңа тәсіл расталған соң, бағаларды дәстүрлі тіркеуді фискалдық деректерді пайдалануға ауыстыруды жоспарлап отыр. Әзірге біз деректерді дәстүрлі әдіспен жинауды жалғастырып, фискалды чектер негізінде тәжірибе ретінде есептеуді жүргізіп келеміз».

Жаңа әдістемені енгізу процесінің жылдамдығын ескере отырып, Бюро статистикалық деректерді жинау процесін жеңілдету және жеделдету үшін мобильді қосымша іске қосуда.

Ведомство басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта бағаларды өңірлердегі бюро мамандары тіркейді. Олардың әрқайсысы қағаз күнделігін жүргізеді, онда баға динамикасын қолмен тіркейді.

Жаңа мобильді қосымша баға ұсыныстарын электронды түрде тіркеп қана қоймай, сонымен қатар штрих-кодты және өнімнің суретін оқуға, объектінің орналасқан жерін растауға және деректерді онлайн режимінде жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған жаңашылдықтар деректерді алу сапасын бақылауды арттырады, деректерді өңдеу мерзімдерін қысқартады, сондай-ақ бағаны талдау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
В Казахстане инфляцию будут рассчитывать по опыту европейских стран
 
Сегодня руководитель Бюро национальной статистки АСПиР РК Жандос Шаймарданов рассказал на заседании Правительства о новом пилотном проекте, который подразумевает мониторинг инфляции на основе данных фискальных операторов.

Проект призван обеспечить оперативность формирования статистики, оптимизировать расходы и повысить качество данных.

По словам Жандоса Шаймарданова одним из приоритетных направлений Бюро является использование альтернативных источников, в данном случае – фискальных чеков, другими словами, данных, которые записываются в кассовых чеках.

«Ряд европейских стран, такие как Бельгия, Швеция, Швейцария и другие активно используют этот источник для расчета инфляции. Мы также приступили к реализации аналогичного проекта в Казахстане, привлекли методологическую помощь от экспертов МВФ. В свою очередь, Министерство финансов предоставило фискальные данные»,–заявил глава ведомства.

Кроме того, руководитель Бюро поделился планами на будущее. «Бюро планирует заменить традиционную регистрацию цен на использование фискальных данных после завершения внедрения Единого каталога товаров и услуг, а также валидации нового подхода со стороны МВФ. Пока мы продолжаем собирать данные традиционным методом, параллельно ведется экспериментальный расчет на основе фискальных чеков».

Учитывая, что процесс внедрения новой методики не быстрый, Бюро создает мобильное приложение для упрощения и ускорения процесса сбора статистических данных.

Как отметил Жандос Шаймарданов, в настоящее время цены регистрируются специалистами Бюро в регионах. Каждый из них ведет бумажный дневник, где записывает динамику цен вручную.

Новое мобильное приложение позволит не просто фиксировать ценовые котировки электронно, но также считывать штрих-код и изображение товара, подтверждать локацию объекта и передавать данные в онлайн режиме.

Все названные новшества позволят не только повысить контроль качества получения данных, но и расширят возможности для анализа цен, сокращая сроки обработки данных.
Азаматтарды қабылдауда құқықтық бастамалар талқыланды
 
Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтармен кездесу өткізді.

Қабылдауға келген «Қазақстандықтар – прогресс үшін» азаматтық платформасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Айтбаева мен төраға орынбасары А. Сағадиева Агенттік қызметімен танысып, халықты және инвесторларды құқықтық қорғауға қатысты өз идеяларын ұсынды.
 
Қабылдау соңында О. Төлеуов ҮЕҰ өкілдерінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп одан әрі талқылауға шақырды.
Правовые инициативы обсуждены на приеме граждан
 
Сегодня заместитель Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам РК Олжас Тулеуов провел личный прием граждан.
 
Пришедшие на прием председатель РОО «Гражданская платформа «Казахстанцы – за прогресс» А. Айтбаева и заместитель председателя А. Сагадиева были ознакомлены с деятельностью Агентства и представили свои идеи касательно правовой защиты населения и инвесторов.
 
По окончании приема О.Тулеуов пригласил участниц к дальнейшему обсуждению предложений совместно с отраслевыми государственными органами.
Салық саясатын реформалау бойынша стратегиялық сессия өтті
 
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде жаңа салық саясаты мәселелері бойынша кеңес өтіп, оған мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Іс-шарадағы кіріспе сөзінде Агенттік төрағасы Әсет Ерғалиев Агенттік жаңа салық саясатына қатысты өзінің тұжырымдамалық көзқарасы мен тәсілдерін пысықтап әзірлегенін атап өтіп, кеңес қатысушыларын конструктивті талқылауға шақырды.

Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов өз сөзінде қолданыстағы салық саясатын талдап, салық заңнамасын қайта өзгертудің алғышарттарын белгіледі.

Қазақстанның жаңа салық саясаты моделінің жобасын таныстырды және арнаулы салық режимдерін оңтайландыруды қоса алғанда, салықтардың жекелеген түрлерін реформалау тәсілдеріне тоқталды.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин ведомствоның ұстанымын айта отырып, жаңа Салық кодексінің салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі, салықтық бақылауды цифрландыру, салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру және тағы да басқа негізгі міндеттерін атап өтті.

«Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов жаңа кодексті әзірлеуде салалық ерекшеліктерді есепке алу қажеттілігіне назар аударды.

Аталғанды ескере отырып, Палата осы аспектіні бірлесіп терең зерттеу жүргізу бойынша күш-жігерді біріктіруге үндеді.

Жиын қорытындысында Әсет Ерғалиев жаңа Салық кодексі макроэкономикалық құрамдас бөліктер мен салалық ерекшелікті ескеретінін айтты. Осыған байланысты ол іс-қимылдың одан әрі бірыңғай алгоритмін әзірлеуді ұсынды.

Сондай-ақ жиын қатысушыларын халық пен бизнестің сұраныстарын да, мемлекет алдында тұрған міндеттерді де ескеретін жаңа Салық кодексін әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
 
В АСПиР прошла стратегическая сессия по реформам налоговой политики
 
В Агентстве по стратегическому планированию и реформам прошло совещание по вопросам новой налоговой политики, в котором приняли участие представители государственных органов, НПП «Атамекен» и эксперты.

Открывая мероприятие, Председатель Агентства Асет Иргалиев отметил, что АСПиР проработал собственное концептуальное видение и подходы к новой налоговой политике и призвал участников совещания к конструктивному обсуждению.

В своем выступлении заместитель Председателя АСПиР Олжас Тулеуов представил анализ действующей налоговой политики, обозначил предпосылки для перезагрузки налогового законодательства, презентовал проект модели новой налоговой политики Казахстана и остановился на подходах реформирования отдельных видов налогов, включая оптимизацию специальных налоговых режимов.

Вице-министр национальной экономики Азамат Амрин, озвучив позицию ведомства, подчеркнул основные задачи нового Налогового кодекса такие, как сервисная модель налогового администрирования, цифровизация налогового контроля, повышение эффективности налоговых льгот и другое, а также выразил предложения и обоснования к ним.

Председатель Президиума НПП «Атамекен» Раимбек Баталов заострил внимание на необходимости учета отраслевых особенностей в разработке нового кодекса. Учитывая это, Палата призвала объединить усилия по проведению глубинного совместного изучения данного аспекта.

Резюмируя, Асет Иргалиев озвучил, что новый Налоговый кодекс будет учитывать макроэкономическую составляющую и отраслевую специфику.

В этой связи он предложил выработать дальнейший единый алгоритм действий и призвал всех участников к совместной работе для разработки нового Налогового кодекса, учитывающий как запросы населения и бизнеса, так и задачи, стоящие перед государством.
 
Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов «Хабар 24» телеарнасында «Экономика с Алишером Кожасбаевым» бағдарламасына экономикадағы стратегиялық реформалар жайлы сұхбат берді.  

Сұхбатты осы сілтемеде көруге шақырамыз!
 
***
 
О стратегических реформах в экономике рассказал заместитель Председателя Агентства Олжас Тулеуов в эфире программы «Экономика с Алишером Кожасбаевым» на телеканале «Хабар 24».

Приглашаем посмотреть интервью по ссылке