Symbattan🔊
347 subscribers
133 photos
451 videos
55 files
5 links
Поэзия жүрегімде💔керемет дауыс иесі☝🏻🥰
Download Telegram
Мен сондаймын
Күліп тұрып, жылай алам,
Біліп тұрып, керегімді сұрай алам.
Жаратылыс сондай енді қайтейін,
Мұндай мінез беріпті Құдай маған.

Мен сондаймын,
Құдыретін сезінетін қаламның,
Өнеріне арқа сүйер адаммын.
Кей кездері жақсы болсам егіліп,
Кей сəттерде ел жек көрер " жаманмын".

Мен сондаймын,
Тік айта алмай жасқанам,
Қорғанымды іздемеймін басқадан.
Байлап қойғам ар мен намыс аттыны,
Тəрбиемнен еш уақытта аспағам.

Мен сондаймын,
Шектеулерге ешқашан да сенбегем,
Қиындыққа қарсы тұрам көлденең.
Жылы шырай, кейде суық танытқан,
Иа сондаймын, мен деген.

Мен сондаймын,
Дегеніме жетемін,
Маған бəрібір, кімнің келіп- кетерін.
Білем бір күн, арманым мен мақсатым,
Орындалар таңғажайып екенін.

Мен сондаймын,
Шабыттансам шыдамаймын,
Азаптансам тізе бүгіп, құламаймын,
Жанарымнан жас шыққанмен суланып,
Анығында жүрекпен жыламаймын.

Мен сондаймын,
Өтірікке сене қалып, алданам,
Осы үшін де аңдап бастым əр қадам.
Ұнатпаймын жалғандықты сол үшін,
Жалғандықты көтеруге жоқ шамам.

Мен сондаймын,
Көтермеймін "мықтысынып" көкірек,
Ол адамның абыройын кетіред(і).
Ашық жарқын мінезімнен байқаймын,
Тұйықтығым басым екен көбірек...

Əбдіғұл Мейірім 🐻
Түспеші менің есіме
Қиялым шаршап шалдығып ,
Жеттіме жетер жеріне 💌
Тоғысып оймен сезімдер ,
Жетегіне еріп кеттіме 💌

Арпалыс неткен қиын еді ,
Ойменен жүрген жарысып .
Ғашықтың күні құрысын ,
Сезіммен жалғыз алысып .

Түспеші менің есіме 💌
Кеттің бе қайтып оралма .
Алаңдап жүру күнімен 💌
Дейсің бе маған оңайма ?

Қиналды жаным тоңғандай ,
Күздің де сүрең күндері .
Қабағын ашпай аспан да ,
Салқындап бүгін түнерді .
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көбелектің кеселі💫🦋
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Не деген керемет күн!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ла-Ла-Ленд (2016)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Побег из Шоушенка (1994)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Роднойлар бар ма?🥺😍
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шерлок Холмс: Игра теней (2011)