Аят
“...Араның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі-түсті шәрбат (бал) шығады. Расында, осында да терең әрі жүйелі түрде ойланатын қауым үшін анық белгі, ап-айқын ғибрат бар”. (Нахл сүресі, 69)
Хадис
“Алла барлық ауруға шипаны қосып жаратқан” (Әбу Һурайрадан жеткен хадис).
Дұға
“Уа, адамдардың Раббысы! Ауруларымызға шипаңды бер. Өйткені Сен Шафисің (шипа беруші). Өзіңнің шипаңнан басқа шипа жоқ. Сенен ешбір аурудың қаша алмайтын шипасын сұраймыз”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Денсаулықпен тең түсер досың жоқ, Дерт, кеселмен тең түсер қасың жоқ”.

“Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер…” (Әли Имран сүресі, 103-аят).
Хадис
“Мүминдер – кірпіштері бірін-бірі толықтырып тұратын бүтін бір ғимарат іспеттес”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізге терең бойұсынушылық бер! Өзіңе бекем байлануды нәсіп ет. Бізді Өзіңе сәжде еткеннен кейін отқа тастай гөрме!” (Абдуллағла әт-Тәйми)
Мақал
“Бірлік болмай, тірлік болмас”.

“(Ей, Мұхаммед) айт! Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?” (Зүмәр сүресі, 9-аят).
Хадис
“Ілім алу мақсатымен жолға шыққан кісі үйіне оралғанға дейін Алланың жолында болып саналады”. (Әбу Нуайым)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған пайдалы ілім нәсіп еткейсің, пайдасыз ілімнен мені сақтағайсың”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Білім – гауһар бағасы жоқ, Надандық – дерт, дауасы жоқ”.

“Ендеше, жетімді әлсіз екен деп ақысын жеуші болма, төмен санап, көңілін қалдырма. (Алақан жайып) сұрап келгенді де қасыңнан қума (тілегін бер)”. (Духа сүресі, 9-10)
Хадис
“Әр нәрсенің бір кілті болады. Жәннәттің кілті жарлы-жақыбайларға сүйіспеншілік таныту әрі оларға қамқор болу”. (Ибн Лағыл)
Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Бізді «Раббымыз Алла» дегеннен кейін тура жолдан таймаған құлдарыңның қатарынан еткейсің. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) лайықты үммет болуды нәсіп қыл”.
Мақал
“Жетім көрсең жебей жүр”

“Сондай-ақ, сендерді (жоқтан жаратып) тіршілік иесі қылған да бір Өзі. Ол уақыты келгенде сендерді өлтіріп, жандарыңды алады да, содан кейін бәріңді қайта тірілтеді. Алайда, адам баласы, шынында да, жақсылықты түсінбейді”. (Хаж сүресі, 66)
Хадис
“Ажал ақиқатын жан жүрегімен сезінген адам өтпелі ләззаттардан бас тартады”. (Муснәдуш Шихаб)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңнен өлімнен кейіңгі өмірімнің жарқын болуын әрі Өзіңе есен-амандықта қауышуды жалбарына сұраймын”. (Фудайл ибн Убейд (р.а))
Мақал
“Ажал қиуадан келіп, Қимасыңды алады”

“Ол бергенін өзіне жасалған жақсылықтың қарымтасы деп бермейді. Қол ұзатқаны үшін ешкімнен сый-сияпат та күтпейді. Тек қана Раббысының разылығына қауышуды ғана көксейді”. (Ләйіл сүресі, 19-20)
Хадис
“Алла тағала тәубе етушінің тәубесін қабыл етеді”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Егер менің пешенеме бақыттылардың қатарында болуды жазған болсаң, мені ол жерде тұрақты ете гөр. Ал, егер бақытсыздардың қатарына жазған болсаң, онда мені олардың қатарынан өшіріп, жақсыларды қатарына жаза гөр. Өйткені, Сен қалағаныңды орындайсың уа, Раббым!” (әзірет Омар (р.а))
Мақал
“Жаңылмайтын жақ, Сүрінбейтін тұяқ жоқ”.

“Ендеше, шексіз ұлылық иесі Раббыңның Есімін (яғни, Оның мінсіз екендігін айтып), ұлықта!” (Уақиға сүресі, 96)
Хадис
“Мұсылманшылық дегеніміз – тазалық, адалдық. Таза болыңдар. Өйткені, жәннатқа тазалар ғана кіреді”. (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Көкірегімді аша гөр, істерімді жеңілдете гөр. Жүрекке келген күдіктерден, істерімнің сәтсіздігінен және қабір азабынан сақтай гөр деп бір Өзіңе сыйынамын”. (Дұғалар жинағынан)
Мақал
“Таза, мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза, мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады”.

“Сондай-ақ, олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер” (Әл-Ғимран сүресі, 134-аят).
Хадис
“Нағыз ержүрек адам ашуланған кезінде өз нәпсісіне ие болған адам”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Жаратушы жалғыз Ием! Мені кешір. Мені өз нәпсіммен жалғыз тастама. Мені Өз ізгілігіңе бөле. Егер де мені қуаласаң да Өзіңнің есігіңнен басқа бас сұғар жерім жоқ”. (Сади-и Ширази)
Мақал
“Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос”.

“(Уа, адамзат!) Өздеріңе Раббыларыңнан түскенді (Құранды) берік ұстаныңдар. Алладан өзгелерді қамқоршы дос тұтып, солардың соңынан еріп кетпеңдер. Сендер (ақиқат, иман жайлы) тым аз ойланасыңдар, ғибрат алғандарың да шамалы!” (Ағраф сүресі, 3)
Хадис
“Шындығында Ібіліс намаз оқушылардың өзіне табынуынан мүлде күдер үзді. Алайда олардың арасына алауыздық себетін болады”.
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді өзара араздықтан ұзақ қыла гөр. Бізге дүниеде һәм ақиретте жақсылықтар бер және бізді тозақ отынан сақта!” (Абдулкадири Гейлани)
Мақал
“Ынтымақ істі бітірер”.

“Ауқатты адам (қолына қараған әйел, бала-шағасына) ауқатына қарай (мол) нәпақа берсін. Ал ризық-несібесі шектеулі болғандар Алланың өзіне нәсіп еткен жағдайына қарай нәпақа берсін. Алла ешбір жанға Өзі берген мүмкіндіктен артық жүк артпайды. Алла әр қиындықтың артынан бір жеңілдік нәсіп етеді”. (Талақ сүресі, 7)
Хадис
“Алла тағала адал ас табу жолында тер төккен құлын көруді ұнатады”. (Дәйләми)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңе қанша шүкір етсем де аз. Өйткені маған берген ризықтарыңа шүкір етуді де нәсіп еткен Өзіңсің”. (Әбу Али Радбари)
Мақал
“Еңбектің наны – тәтті, Жалқаудың жаны – тәтті”.

“Уа, иман еткен құлдарым! (Егер өз жерлеріңде дін жолында қысым көріп, дінді еркін ұстана алмайтын халге жетсеңдер,) Менің жерім сөзсіз кең-байтақ, олай болса, (керек болған жағдайда дін жолында хижрет етіп) Маған ғана құлшылық етіңдер!” (Анкабут сүресі, 56)
Хадис
“Қайсыбірің сапарға аттанғанда діндес бауырымен қош айтыссын. Сонда Алла тағала олардың жасайтын дұғасын берекетті (қабыл) қылады”. (Дәйләми)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізге әрдайым Өзіңмен бірге болғанымыздай ләззат бере гөр”.
Мақал
“Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды”.

“Дүние жүзіндегі барша тіршілік иелерінің ырыс-несібесі тек қана Аллаға ғана тән” (Һұд сүресі, 6-аят).
Хадис
“Мал-дүниедегі шығынды үнемдеу – тіршіліктің жартысы”. (Табарани)
Дұға
“Уа, есепсіз нығметтердің Иесі болған Алла тағалам! Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет бақшаларыңды тамашалаушы ете гөр! Ерік-жігерімді Өзіңнің жомарттығыңа бағынышты ете гөр! Уа, жүрегімді нұрландырушы, қалауымның түпкі мақсаты болған Раббым! Әрдайым өзіңнің жолыңда қызмет етуімді әрі Өзіңнің разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп ете гөр!” (Арифе Зәхра)
Мақал
“Үнемшіл үйін гүл етер, Ысырапқор үйін тұл етер”.

“Күннің айды қуып жетуі лайықсыз, сондай-ақ түннің күндізді басып озуы да мүмкін емес. (Күн мен ай сынды) өзге жұлдыздар да әрқайсысы өз жолымен көк кеңістігінде жүзіп барады”. (Иәсин сүресі, 40)
Хадис
“Ашура күні ұстаған оразаның Алла алдында, сол күнге дейінгі бір жылдық күнәларына өтем болатынына үміт артамын”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Маған не керектігін Өзің ғана жақсы білесің. Маған қажет болған нәрсені бергейсің”. (Пири Әнсари)
Мақал
“Ғалымның бір күні – Наданның мың күніне татиды”.

“Расында, Алла күллі аспан әлемі мен жердің бар құпиясын толық білуші. Ол шүбәсіз, көкіректердегі бар сырды (яғни, ондағы барлық ойлар мен ниет-пиғылдарды) толықтай біледі”. (Фатыр сүресі, 38)
Хадис
“Қабыл болатынына шәк келтірмей Алла тағалаға дұға етіңдер”. (Кутубу Ситтә)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені тағы бір жаңа күнге жеткізгенің үшін шүкіршілік айтамын. Раббым бүгінгі күнімді пайдалы өткізуімді нәсіп ете гөр”.
Мақал
“Халқын алдаған би оңбайды”.

“Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Ғайыпты да, жарияны да (яғни сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезілетін жария әлемді де) толық білуші. Ол Рахман (күллі жаратылысқа рақымды), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді)”. (Хашыр сүресі, 22)
Хадис
“Мүмін адам жәннатқа жетпейінше құлағы жақсы сөз бен хикметке тоймайды (қанағаттанбайды)”.
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді адам қылып жаратқан һәм кемелдікке жеткізген Өзіңсің. Саған сансыз шүкірліктер болсын”.
Мақал
“Ғалым халық үшін көзін берсе, Батыр халық үшін өзін береді”.

“Сол күні жер мен тау-тастың бәрі қатты шайқалады, таулар үгітілген құм үйінділеріне айналады”. (Муззәммил сүресі, 14)
Хадис
“Үлкен белгілер бірінің артынан бірі шығады. Олар тізбектегі моншақтардай бірінен кейін бірі келеді”.
Дұға
“Алла тағала сендерді және бізді сәжде ететіндерден әрі қиямет күні қуанышқа бөленетіндерден етсін”. (Ибн Араби).
Мақал
“Адалдық ойласаң, бал жұтасың, Арамдық ойласаң, қан жұтасың”.

“Әй, адам баласы! Кәрим (асқан жомарт) Раббыңа қатысты сені азғырып, алдаған не еді?! Ол сені жоқтан жаратты, саған керемет кескін-келбет әрі дене мүшелеріңмен қоса бүкіл тәніңе керемет үйлесім мен өлшем берді. Сөйтіп, сені Өзі қалаған бейнеде қалыптастырды”. (Инфитар сүресі, 6-7-8)
Хадис
“Адам баласының барлық жерін топырақ жейді (яғни, шірітеді). Тек құйымшақ қана шірімейді. Адам құйымшақтан жаратылған және содан қайта құрылып, қайта жаратылады”, – дейді (Бұхари, Мүслим).
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді адам қылып жаратқан һәм кемелдікке жеткізген Өзіңсің. Саған сансыз шүкірліктер болсын”.
Мақал
“Адам кейде көл, кейде шөл”.

“Алланың шексіз құдіретін көрсететін дәлелдерінің бірі: (Қуаңшылық кезінде) жерді әбден қаңсып, ұнжырғасы түскен күйде көресің. Алайда, оған (көктен) жауын жаудырғанымызда, (әлгі өлі жер) бірден дүр сілкініп, қопсып, (қунап кетеді). Шүбәсіз, сол өлі жерді тірілткен (Алла) өлілерді қайтадан тірілтуші. Өйткені, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді”. (Фуссилат сүресі, 39)
Хадис
“Алла тағаланың мені тура жолға бастаушы һәм ілім үйретуші етіп жіберуі жер жүзіне жауған рахмет жаңбырына ұқсайды”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған Өзіңді жақсырақ тануым үшін биік парасат бер. Әрқашан Өзіңді еске алудан суы құрғамайтын тіл бере гөр!” (Низами-и Гәнжәуи)
Мақал
“Елі үшін сүрген ағаның, Етегін басып, жолын қу. Болайын деген баланың, Бетінен қақпай, белін бу”.

“Олай болса, бір істі бітірген соң, артынша тағы бір қайырлы іске кірісіп, шұғылдан”. (Инширах сүресі, 7)
Хадис
“Исламның тура жолы нәсіп етіліп әрі жеткілікті дәрежеде ризықтандырылып, соған қанағат қылған жан қандай бақытты!” (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Біздің намазымыз бен оразамызды және басқа да құлшылықтарымызды қабыл ете гөр. Әрі кемшіліктері болса, Өзің толықтырғайсың. Өзіңнің разылығың үшін жасаған ғибадаттарымызды кері қайтара гөрме”.
Мақал
“Сөз қуған пәлеге жолығар, Шаруа қуған қазынаға жолығар”.

“Оларға: «Егер дұға-мінәжаттарың болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын!», – деп, айт”. (Фурқан сүресі, 77)
Хадис
“Кісінің сөз арасында «иншалла» деуі иманының көркемдігі”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Раббым! Күнәм тым көп. Өзіңнің есігіңнен басқа барар есігім жоқ. Өзіңнен басқа жәрдемшім жоқ. Қателіктерімді азайтуым үшін маған жәрдем бер”. (Зәкария Әнсари)
Мақал
“Жалғыздың жары – Құдай”.