Алмасбек. Әр қазақ бай болсын!
3.95K subscribers
398 photos
484 videos
7 files
302 links
Сол үшін қой бағыыып, жүрген сол.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сот қаулысы.

Өңірлерде, сонымен қатар сот жүйесінде, құқық қорғау органдарында "Жаңа" мен "Әділетті" Қазақстанның өзі түгілі иісі де жоқ.

Бұл елімізді қалай өзгертеміз? Қалай даму жолына саламыз?

Президент Тоқаевтың айтып жатқанын тыңдасаңыздар бәрі дұрыс және әдемі.
Маңайымыздағы өміріміз бен айналамызға қарасақ, мүлде басқа жағдай.

Толық конготивті диссонанс. Санама сыймайды болып жатқан дүниелер.

P.S. Қолдау білдіріп, уайымдап жатқан жақтастарыма, әріптестеріме және еліме ҮЛКЕН АЛҒЫС!
https://alash.online/1493-sharua.html


Әріптестер!

Мына петиция арқылы Президент Тоқаевтан "Ауылшаруашылығының қордаланған мәселелерін шешу үшін, арнайы жұмыс тобын құруды" сұраудамыз!
Сол сұрақтардың ішінде жер мәселелері, мақта мәселері, мемлекеттік қолдаудың (субсидияның) және ауылшаруашылығы несиелеудің қолжетімсідігі де бар.

Қолдап қол қойып, таратуға көмектесіңіздер!
Неге қазақтың тазысы мен төбетін түркімен алабайы сияқты ұлттық брендке айналдырмасқа?! Ит – жеті қазынаның бірі, ұлтымыздың құндылығы, байлығы. Оның тұқымын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу - біздің мақсатымыз.

Осы мақсатпен ертең Алматы облысында тазы мен төбет жанашырларының басын қоспақпыз.

Шараға ит баптаушылар, сарапшылар мен кинологтар қатысады. Ұлттық құндылығымыздың бірі - асыл тұқымды иттеріміздің тағдыры толғандырса, міндетті түрде келіңіздер!

📍Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы
12 қараша, сағат 10.00
📍Бүгін Алматы облысында тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет қазақтың ұлттық тазы мен төбет иттерінің ең ауқымды көрмесі өтті. Еліміздің әр өңірінде төбет пен тазы ұстап отырған замандастарымыз бар. Бірақ, бүгінгі басқосу - ірі жиындардың алғашқысы.

🔹Шараға мұрындық болған - «Жеті қазына» тазы мен төбет өсірушілер қауымдастығы. Бұл қауымдастықтың құрылтайшысы - «Шопан ата» агро-қозғалысы.

🔹Тазысыз, төбетсіз мал өспейтінін білесіздер. Ал біздің қауымдастық малшылардың мүддесін қорғайды. Сол үшін «Жеті қазынаның» құрылуына қолымыздан келгенше атсалысып, заңнамалық, ақпараттық қолдау көрсетіп жатырмыз.

🎯Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл облыстарынан және Ресейден қонақтар келді.

📌Президент тапсырмасының аясында ұлттық құндылығымыз тазы мен төбетті насихаттауды әлі де жалғастырамыз, бұйыртса!

📌Түпкі мақсатымыз - қазақ тазысы мен төбетін брендке айналдыру. Айтпақшы, басқосуды Астанада ұйымдастыруға ниеттіміз.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көрмеден видео репортаж түсірмедіңіз ба? деп сұрап едіңіздер.

Әрине, түсірдік! «Алмасбек. Әр қазақ бай болсын» арнасында толық нұсқасы тұр. Сілтемесі: https://youtu.be/50b8XNEIo9A

Ұлттық тазы және төбет иттерінің ең ауқымды көрмесі🔥
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ассалаумағалайкум, Qazaq eli!

Кеше ведомствоаралық комиссия отырысына қатыстым. Сол жерде болған жай туралы видео.

Еліміздің тірегі - кіші және орта шаруалар! Үкіметтің барлық әрекеттері соларға бағытталуы керек.
Агро олигархтардың мүддесін ондаған жылдар бойы ойлап, ауыл шаруашылығының тозығы жетті. Енесін емген арам малдар түйедей болса да, елдің еншісіне жабысып әлек.

Кіші шаруалардың да экспортқа шығаруаға үлесі болуы керек.

Пікір жазып, шаруаларды қолдаңыздар, құрметті оқырмандарым!

#алихансмаилов #серикжумагарин #раимбекбаталов
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Үкіметтегілерге ауыз ашып қарап отырмай, өз қаражатымызға тікұшақ алдық», дейді.

Сіздерге бұл идея қалай? Рас ма өзі?

Видео Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас ауылынан келді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ассалаумағалайкум, Qazaq eli!

Қазақ шаруаларын, ауылды бір қолдап жіберсеңіздер екен.
30 жыл қордаланған, күрделі мәселерлі шешуді сұрап 7000 шаруа қол қойған ПЕТИЦИЯҒА көмек берсеңіздер екен.

Сенесіздер ме?! Үш күнде 7000 шаруа қолдады!!!

P.S. Ұялы телефоныңыздың клавитурасын басқан әр қимылыңызға нұр жаусын! Әумин.

P.S.S. Жазбаны бөлісулеріңізді сұраймын.

ПЕТИЦИЯға сілтеме👇

https://alash.online/1493-sharua.html
Достар, маған мынандай идея келіп отыр. Азды-көпті жинаған тәжірибем бар. Сол тәжірибемді жастармен бөлісу ойы біраз мазалауда.

Сондықтан оларға ауылдағы өмірді қызықты өткізу, өзі құралпы жастарға таратуды қолға алса деймін.

Сіздің 16-21 жастағы балаларыңыз менің шаруашылығымда келіп жұмыс істеуге келісер ме екен? Сұрап көріңіздерші.

Міндеті сонда жұмыс істейтін азаматтарға көмекші ғана болып жүреді.

Ал менен:

- Жақсы жалақы
- жайлы үй
- қызықты өмір
- малмен, техникамен, жермен жұмыс тәжірибесін алу
- Тикток, ютуб блогері қылып шығару

Маған қазіргі жастардың ауылдағы өмірге деген қызығушылығы қандай екенін білу маңызды болып отыр.

Пікірлеріңізді күтемін.
Құрметті Qazaq шаруалары! Әріптестерім!

Төл мерекеміз құтты болсын!

Жаңа Қазақстанды ескі ауыл шаруашылығы саясатымен құру мүмкін емес. Агро саясат өзгереді деген үміттеміз.

Бәрі уақытша. Жер Ана мен шаруаның сүйіспеншілігі мен серіктестігі мәңгілік.
"Тойдың болғанынан боладысы қызық" - демекші. Саяси науқан екі ай шулатып, бір күнде аққан жұлдыздай өте шықты.

Және де әріптестер, сайлауды толық ұтылдық."Оппозиция" ештеңе жасай алмады. Сөздері халыққа өтпеді. "Оппозицияның" сөзін пысқырмады да. Бұл да толық жеңіліс.

Енді келесі этапқа (парламенттік сайлау) дайындалу керек. Басты жұмыс - сол бағытта.

P.S. Ия, нағыз оппозицияға сорпасы татығандар ол тіркелмеген Демпартия, Оян Қазақстан және қазақтың шаруалары.

Неге қазақ шаруалары? Өйткені, біз - электоралды науқанға қарамай, өз мәселелерімізді ашық көтеріп, соның шешімін іздеп, ұйымдасып билікке талап қойып, тіпті сотқа да тартылдық.
Артының қайырын берсін!

Ал Ақорда мен үкіметтегілерге айтарымыз: қазақ шаруаларының қордаланған мәселелері бойынша АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛСЫН! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды ескі қордаланған мәселелермен құруы мүмкін емес. Біз шешімдерді білеміз және атсалысамыз.

P.S.S. Тағы жолға шықтым. Ол жайлы ертең жазамын. Сәтті сапар тілеп қойыңыздар;)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Балықтың дәмін татамыз деп, Кореядағы балық өсіретін шаруашылықтан бірақ шықтық.

Жөнін білгенге бұл да бір мықты кәсіп.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұшты - ұшты, Алмасбек ұшты!

Ұшып жүріп, қарап, көріп жүргені - корейліктердің қорасы мен шаруашылықтары.
Әдет қалмайды деген осы екен ғой😁