Aqorda 🇰🇿
56.7K subscribers
11.6K photos
2.5K videos
13.6K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
📸 Церемония подписания документов по итогам переговоров

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇯 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәлімдемесі

Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзінен:

■ Тәжікстан – біз үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес мемлекет. Біздің халықтарымызды шынайы достық, ортақ тарих, рухани және мәдени құндылықтар біріктіреді;

■ Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында өтіп отыр;

■ Екі ел үкіметтерінің сенімді саяси диалогы мен үйлесімді жұмысының нәтижесінде қарым-қатынастардың мазмұны мүлде жаңарып, байи түсті. Бүгін қол қойылған Одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларация – мұның айқын дәлелі;

■ Екіжақты өзара іс-әрекетті нығайту үшін энергетика және машина жасау салаларында зор мүмкіндік бар. Кеше өткен Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы мен Іскерлік кеңес отырысы кәсіпкерлердің осы салаларда өзара тиімді байланыс орнатуға қызығушылық танытып отырғанын растады;

■ Бизнес-форум барысында жалпы сомасы 1,8 миллиард доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды;

■ Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 40 пайызға өсіп, 500 миллион доллардан асты;

■ Қазақстан – Тәжікстанға үлкен көлемде бидай мен ұн жеткізетін елдің бірі. Бұл ретте біздің өсімдік майлары, макарон, сүт өнімдері және кондитерлік өнім түрлері бойынша экспортты ұлғайту үшін резервіміз жеткілікті;

■ Қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді және уақтылы іске асыру үшін Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасына қол қойылды;

■ Іскерлік байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты өңіраралық форумдар форматында екіжақты ынтымақтастықтың басталуы ерекше маңызға ие;

■ Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы ұстанымдарымыз ортақ екенін, сондай-ақ бұл істе конструктивті ынтымақтастық пен өзара тиімді шешімдер іздеу қажеттігін тағы да растадық. Бұл мәселеде Аралды құтқарудың халықаралық қоры айрықша рөл атқарады;

■ Қол жеткізілген уағдаластықтар – Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынастарын нығайту тұрғысынан аса маңызды және елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді екеніңіздің айқын дәлелі.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇯 Совместное заявление Касым-Жомарта Токаева и Эмомали Рахмона для представителей СМИ

Из выступления Президента Казахстана:

■ Таджикистан – это братская для нас страна, важный и надежный партнер. Наши народы связывают подлинная дружба, общая история, духовные и культурные ценности;

■ Символично, что Ваш визит проходит в год 30-летия установления дипломатических отношений между нашими государствами;

■ Благодаря доверительному политическому диалогу и скоординированной работе правительств оно постоянно наполняется качественно новым содержанием. Подтверждением тому служит подписанная сегодня Декларация о союзническом взаимодействии;

■ Большие возможности для углубления двустороннего взаимодействия имеются в энергетике и машиностроении. Казахско-таджикский бизнес-форум и заседание Делового совета, состоявшиеся накануне, подтвердили заинтересованность предпринимателей в налаживании взаимовыгодных контактов в этих сферах;

■ В ходе бизнес-форума были подписаны контракты на сумму 1,8 миллиарда долларов;

■ По итогам прошлого года товарооборот сельхозпродукции между нашими странами вырос на 40%, превысив 500 миллионов долларов;

■ Казахстан является одним из крупнейших поставщиков пшеницы и муки в Таджикистан. При этом у нас есть резервы для увеличения экспорта растительных масел, макарон, молочных продуктов и кондитерских изделий;

■ Для эффективной и своевременной реализации достигнутых договоренностей подписана Дорожная карта по активизации сотрудничества в области сельского хозяйства до 2025 года;

■ Отмечена необходимость создания более благоприятных условий для расширения деловых контактов и экономической кооперации. В этой связи особое значение приобретает начало двустороннего взаимодействия в формате межрегиональных форумов;

■ Еще раз подтверждена схожесть подходов в использовании водных ресурсов трансграничных рек Центральной Азии, а также необходимость укрепления конструктивного сотрудничества и поиска взаимоприемлемых решений. Особая роль в этом вопросе отводится Международному фонду спасения Арала (МФСА);

■ Достигнутые договоренности имеют исключительное значение с точки зрения укрепления казахско-таджикских отношений и являются ярким свидетельством Вашей приверженности дальнейшему сближению наших стран.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇯 Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы Декларация

🇰🇿🇹🇯 Декларация о союзническом взаимодействии между Республикой Казахстан и Республикой Таджикистан

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇯 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇯 Глава государства Касым-Жомарт Токаев в столичном аэропорту тепло попрощался с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном, завершившим государственный визит в Казахстан

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇯 Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары

🇰🇿🇹🇯 Государственный визит Президента Таджикистана Эмомали Рахмона
в Казахстан

t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌟 Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шараға қатысады

🌟 Сегодня Глава государства Касым-Жомарт Токаев примет участие в праздничном мероприятии, посвященном Дню защитника Отечества

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды

✍️ Глава государства подписал
Указ «О присвоении высших воинских и специальных званий, классных чинов»

t.me/aqorda_resmi
⚜️ Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтап, жыл сайын қатар атап өтілетін қос мереке Отан үшін от кешкен аға буын мен егемен елдің сарбаздары арасындағы сабақтастықты білдіретініне назар аударды.

Қазақ – даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз. Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Сондай-ақ өмір жолын әскери қызметке арнаған мамандардың кәсіби міндеті. Қазақстан – бейбіт мемлекет. Біз барлық елдермен достық қатынас орнаттық. Мемлекеттер арасындағы кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Барлық жағдайға сақадай сай болуымыз айрықша маңызды. Еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласын күшейту – басты міндеттің бірі, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сөзін қорытындылай келе, ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қорғауға атсалысып жүрген барша азаматқа алғыс айтты.

t.me/aqorda_resmi
⚜️ Президент принял участие в церемонии вручения государственных наград, высших воинских и специальных званий, классных чинов

Глава государства – Верховный Главнокомандующий Вооруженными силами Касым-Жомарт Токаев поздравил участников церемонии с Днем защитника Отечества и Днем Победы. Он отметил, что эти праздники олицетворяют преемственность между старшим поколением, защищавшим Родину в испытаниях прошлого, и поколением воинов независимого государства.

Казахи – народ со славной историей. Мы потомки великих батыров, не позволивших никому из врагов посягнуть на нашу священную землю. Мы наследники доблестных героев, победивших в страшной войне. Сегодня наши силовые структуры зорко стоят на страже безопасности Казахстана. Долг каждого гражданина – сохранить надежный фундамент нашей государственности. Это также профессиональная обязанность тех, кто посвятил свою жизнь военной службе. Казахстан – миролюбивое государство. Мы поддерживаем дружественные отношения со всеми зарубежными странами. Мы считаем необходимым разрешать любые вопросы между государствами мирным путем. Однако мы не можем проявлять беспечность, в любых условиях важно сохранять бдительность. Укрепление обороноспособности и безопасности нашей страны – одна из важнейших задач, – сказал Глава государства.

В завершение Президент поблагодарил всех соотечественников, обеспечивающих стабильность и безопасность нашего государства.

t.me/aqorda_resmi
📸 Мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру рәсімінен фотосуреттер

t.me/aqorda_resmi