Aqorda 🇰🇿
52.8K subscribers
10K photos
2.31K videos
12.4K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Касым-Жомарт Токаев посетил концерт отечественных мастеров искусств, посвященный творчеству композитора Шамши Калдаякова

На сцене центрального концертного зала «Қазақстан» полюбившиеся народу хиты и музыкальные композиции знаменитого композитора исполнили известные певцы Роза Рымбаева, Майра Мухамедкызы, Мейрамбек Беспаев, Рухия Байдукенова, Алишер Каримов, Канат и Светлана Айтбаевы, а также эстрадно-симфонический оркестр г. Астаны, солисты Музыкального театра юного зрителя и другие деятели искусства.

В качестве почетного гостя концерт также посетила супруга композитора Жамиля Калдаякова, а его сын Мухтар и внучка Айсулу Калдаяковы выступили с музыкальным номером.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концерт

Концерт, посвященный творчеству композитора Шамши Калдаякова

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Наурыз мерекесі құтты болсын!

С праздником Наурыз!

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Ардақты ағайын!


Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды.

Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Халқымыз әрдайым Наурыз мейрамын жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Түбегейлі өзгерістер қастерлі Отанымызды өркендетуге тың серпін береді деп сенемін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, қолға алған игі бастамаларымыз оңынан болсын, ағайын!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!
Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!


t.me/aqorda_resmi
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю праздника Наурыз мейрамы

Дорогие соотечественники!

Сердечно поздравляю всех с Наурыз мейрамы!

Наурыз символизирует обновление и возрождение, процветание и единство. В это время года день сравнивается с ночью, пробуждается природа. Поэтому испокон веков наши предки придавали особое значение этому яркому весеннему празднику, называя его «Ұлыстың ұлы күні».

В его основе лежат ценности мира и согласия в обществе, в нем прочно укоренены наши национальные традиции и обычаи. Сегодня Наурыз стал по-настоящему народным праздником.

В эти дни на первый план выходят такие качества, как милосердие, сострадание, стремление к созиданию, способствующие укреплению единства и солидарности в нашей стране.

Наш народ всегда связывает с Наурызом самые светлые надежды и ожидания. Казахстан вступил в новый этап своего развития. Уверен, проводимые кардинальные преобразования придадут мощный импульс прогрессу нашей страны. Пусть все наши начинания увенчаются успехом!

Пусть Наурыз принесет счастье и радость в каждый дом!
Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!

С праздником Наурыз мейрамы!

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!


t.me/aqorda_resmi
✉️ Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мейрамына орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиëев құттықтау жеделхатында ежелден бастау алатын Наурыз мейрамының философиялық мән-мазмұнында қазақ пен өзбек халықтарына ортақ әдет-ғұрыптар мен құндылықтар көрініс тапқанын атап өтіп, екі халық та бұл мерекені зор үмітпен қарсы алатынын айтқан.

Өзара тату, көршілес елдер ретінде арамыздағы ынтымақтастық екі халықтың мүддесіне сай дами түсетініне сенімдімін. Жоғары деңгейдегі байланыстарды одан әрі жандандырып, стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастық қарым-қатынасымызды нығайта түсуге мүмкіндігіміз мол, – деп жазылған жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің жеделхатында жыл басы саналатын әрі ынтымақ-бірлікке шақыратын Наурыз мейрамында бауырлас қазақ халқына бақ-береке тіледі.

Осы жыл біздің елдеріміз үшін даму жылы болады деп ойлаймын. Ортақ рухани құндылықтар мен достыққа, сондай-ақ стратегиялық серіктестікке негізделген жан-жақты қарым-қатынасымыз ортақ күш-жігеріміздің арқасында жүйелі түрде дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбіт өмір мен игілік тіледі.

Наурыз мейрамының мызғымас құндылықтарын ту еткен елдеріміз стратегиялық серіктестік аясында достық қатынастарымызды және өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін, – деп жазылған Тәжікстан Президентінің құттықтауында.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев өзінің құттықтау жеделхатында Наурыз халықтарымыздың әлемдік мәдениетке қосқан құнды үлесі деп атап өтті.

Бұл мереке – өзара түсіністік, достық пен ынтымақтастықтың белгісі. Біздің халықтарымыздың еркімен қазақ–әзербайжан достық қарым – қатынасы мен серіктестігін сақтау және нығайту жолында бірлескен күш-жігерімізді жалғастырамыз деп сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран Президенті Ибрахим Раиси, Грузия Президенті Саломе Зурабишвили және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау жеделхаттарын жолдады. Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Телеграммы поздравления в адрес Президента Казахстана по случаю праздника Наурыз

На имя Касым-Жомарта Токаева продолжают поступать поздравления от глав иностранных государств и руководителей международных организаций по случаю праздника Наурыз.

Президент Узбекистана Шавкат Мирзиëев в своей поздравительной телеграмме отметил, что наряду со своей древней историей Наурыз в своем философском содержании отражает общие обычаи и ценности казахского и узбекского народов.

Глубоко убежден, что наше взаимное сотрудничество, основанное на добрососедских отношениях, будет расширяться в соответствии с общими интересами наших народов, а дальнейшая активизация взаимных связей на высоком уровне будет способствовать укреплению нашего стратегического партнерства и союзнических отношений, – говорится в телеграмме.

Президент Кыргызстана Садыр Жапаров в праздник Наурыз, символизирующий начало нового года и призывающий к миру и единству, пожелал братскому казахскому народу добра и счастья.

Считаю, что этот год станет годом развития для наших стран. Пусть многогранные отношения между Кыргызстаном и Казахстаном, основанные на общих духовных ценностях и дружбе, а также стратегическом партнерстве, последовательно развиваются благодаря нашим общим усилиям, – написал в поздравительном послании Садыр Жапаров.

Президент Таджикистана Эмомали Рахмон пожелал Касым-Жомарту Токаеву крепкого здоровья и новых успехов, а братскому народу Казахстана – мира, благоденствия и процветания.

Уверен, что наши страны с новыми надеждами и чаяниями, следуя немеркнущим ценностям Навруза, и впредь будут расширять и развивать свои дружественные отношения и взаимовыгодное сотрудничество в рамках стратегического партнерства, – отметил лидер Таджикистана.

В поздравительном послании Президента Азербайджана Ильхама Алиева подчеркивается, что Наурыз является ценным вкладом наших народов в мировую культуру.

Этот праздник символизирует взаимное понимание, дружбу и солидарность. Верю, что по воле наших народов мы и впредь продолжим совместные усилия на пути сохранения и укрепления азербайджано-казахских дружественных отношений и партнерства, – говорится в телеграмме.

Свои поздравления также направили Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов, Президент Ирана Ибрахим Раиси, Президент Грузии Саломе Зурабишвили и Генеральный секретарь ТЮРКСОЙ Султан Раев. Письма и телеграммы в адрес Главы государства продолжают поступать.

t.me/aqorda_resmi