Aqorda 🇰🇿
53.6K subscribers
10.4K photos
2.36K videos
12.7K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.…
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Курбан айт

Дорогие соотечественники!


Поздравляю вас со священным праздником Курбан айт, олицетворяющим идеалы добра и гуманизма, милосердия и сострадания, справедливости и ответственности.

Это особо почитаемый и ожидаемый всеми мусульманами праздник, который содействует продвижению созидательных инициатив и благотворительных начинаний, способствует укоренению нравственных ценностей, укреплению духовной сплоченности общества.

Наша традиционная религия гармонично вплетена в общенациональный культурный код. В трудные времена наш народ всегда проявлял солидарность, оказывал помощь нуждающимся. Это бесценное качество нации ярко проявилось во время разрушительных весенних паводков. Уверен, благодаря единству и согласию мы сможем преодолеть любые испытания и вызовы.

Желаю всем гражданам здоровья, благополучия и успехов!
Пусть исполняются все ваши надежды и мечты!
С праздником Курбан айт!

t.me/aqorda_resmi
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Құрметті дәрігерлер!
Қадірлі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!


Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз зор үлес қосып келесіздер. Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия.

Денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі. Біз өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізді қашанда жоғары бағалаймыз. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және олардың құқықтарын қорғауға әрдайым баса назар аударамыз. Жақында қабылданған арнайы заң – осының айқын дәлелі. Сондай-ақ елімізде тұңғыш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы белгіленді. Бұл марапат халыққа қалтқысыз қызмет еткен нағыз майталман мамандарға беріледі.

Сіздер «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдары мен құндылықтарын берік ұстанып, кәсіби біліктілік пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетіп жүрсіздер.

Қоғамның игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін!

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы Құрметті дәрігерлер! Қадірлі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға…
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем медицинского работника

Уважаемые врачи, работники сферы здравоохранения!


Поздравляю вас с профессиональным праздником!
Вы выполняете ответственную и благородную миссию, изо дня в день заботясь о здоровье граждан, самоотверженно спасая жизни людей.

Развитие системы здравоохранения, всесторонняя поддержка врачей – одна из приоритетных задач государства. Ваш неустанный труд заслуживает самого высокого признания и уважения. Недавно был принят закон, направленный на укрепление статуса и комплексную защиту прав медицинских работников. Впервые учреждено почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері», которое присваивается за выдающиеся заслуги перед страной.

Неизменно следуя идеалам и ценностям концепции «Адал азамат», вы показываете пример подлинного профессионализма и беззаветной верности врачебному долгу.

Выражаю вам искреннюю признательность за вашу созидательную деятельность на благо общества!

Желаю всем крепкого здоровья, счастья и новых достижений!

t.me/aqorda_resmi
🕌 Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🕌 Президент посетил мечеть Хазрет Султан

Касым-Жомарт Токаев по случаю священного праздника Курбан айт посетил мечеть Хазрет Султан в Астане.

В мечети были прочитаны суры из Корана и совершен обряд жертвоприношения от имени Главы государства.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 10-16 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 10 по 16 июня 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇵🇰 Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

📞 Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

✔️Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

✔️Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті.

✔️Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇵🇰 Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті 📞 Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады.…
🇰🇿🇵🇰 Глава государства провел телефонный разговор с Премьер-министром Пакистана Шахбазом Шарифом

📞 В ходе разговора, состоявшегося по инициативе пакистанской стороны, Президент Касым-Жомарт Токаев и Премьер-министр Шахбаз Шариф обменялись поздравлениями по случаю праздника Курбан айт.

✔️Во время беседы стороны уделили особое внимание перспективным направлениям двусторонних отношений.

✔️Глава нашего государства отметил большой потенциал экономической кооперации, который становится движущей силой многогранного сотрудничества двух стран.

✔️Кроме того, были обсуждены вопросы взаимодействия Казахстана и Пакистана в рамках международных организаций, в том числе повестка предстоящего саммита ШОС в Астане.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

➤ Президентке бір жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында қабылданған заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілгенін және балаларға қатысты зорлықтың кез келген түріне жаза қатаңдатылғанын атап өтті. Заңға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен азаматтық қоғам секторы бірлесе ұсынған нормалар топтамасы енді.

Динара Зәкиеваның баяндамасынан:

➤ қазір аталған заңнамалық нормаларды нақты жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
«111» бірыңғай байланыс жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ мектептерде буллингпен күресу үшін КiVa бағдарламасы және 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қауіпсіздік сабақтары енгізіледі;
– балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері үшін арнайы оқу курсы басталады;
– қорғаншылық және қамқоршылық органдарын күшейту мәселесі пысықталып жатыр;
– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен, сондай-ақ «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларымен серіктестік негізде 6 аутизм орталығы, 11 өңірлік оңалту орталығы ашылды.

✔️Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін тыңдаған соң Президент құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және оқушылар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау маңызды екенін айтты.

✔️Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленгенін еске салды. Аталған бағдарлама өскелең ұрпақтың бойына адами және ұлттық құндылықтарды сіңіріп, олардың шығармашылық қабілетін шыңдауды, өз бетінше әрекет ету және креативті ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Динара Зәкиеваға осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін педагогтер мен ата-аналардың арасындағы жұмысты үйлестіру міндеті жүктелді.

➤ Кездесу барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй бөлу, сондай-ақ ауылдық жерлерде жеткіншектерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

❗️Мемлекет басшысы балалар мен жөспірімдер арасында суицидке итермелейтін жағдайлардың белең алуына жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев балалар травматизмі мен оқыс оқиғалардың алдын алу мәселесін айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады ➤ Президентке бір жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен…
Глава государства принял Уполномоченного по правам ребенка Динару Закиеву

➤ Президенту было доложено о проделанной за год работе по защите прав и обеспечению безопасности детей.

✔️Касым-Жомарт Токаев отметил, что с принятием законодательных изменений по защите прав женщин и детей усилены меры по профилактике семейно-бытового насилия, ужесточено наказание за все формы насилия в отношении детей. В закон вошел блок норм, инициированных Уполномоченным по правам ребенка совместно с гражданским сектором.

Из доклада Динары Закиевой:

➤ ведется активная работа по практической реализации данных законодательных норм.
– функционирует Единый контакт-центр «111», в школах внедряется программа по борьбе с буллингом KiVa, а с сентября 2024 года будут введены уроки безопасности;
– начинается обучение сотрудников медико-социальных учреждений для детей;
– прорабатывается вопрос усиления органов опеки и попечительства;
– в партнерстве c ФНБ «Самрук Қазына», фондами «Қазақстан халқына» и «Қамқорлық» открыты 6 аутизм-центров и 11 региональных реабилитационных центров.

✔️Заслушав отчет, Президент подчеркнул важность повышения уровня правовой грамотности и культивирования принципа «Закон и порядок» среди школьников.

✔️В этой связи Касым-Жомарт Токаев напомнил, что по его поручению, данному на заседании Национального курултая в Туркестане, разработана Единая программа воспитания. Она нацелена на привитие подрастающему поколению человеческих и национальных ценностей, развитие творческого потенциала детей, формирование у них навыков самостоятельности и креативного мышления. Уполномоченному поручено обеспечить скоординированную работу педагогов и родителей по реализации программы.

➤ В ходе встречи были обсуждены вопросы выделения жилья детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, а также развития инфраструктуры для детей в сельской местности.

❗️В завершение Глава государства отметил необходимость принять комплексные меры по предотвращению суицидальных настроений среди детей и подростков. Наряду с этим Президент поручил держать на особом контроле вопрос профилактики детского травматизма и несчастных случаев.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Мемлекет басшысына елімізде бір жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Уполномоченный по правам ребенка Динара Закиева доложила Главе государства о проделанной за год работе по защите прав и обеспечению безопасности детей в стране

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM