Aqorda 🇰🇿
58K subscribers
12K photos
2.55K videos
14K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті

➤ Кездесуде SOVICO Group компаниясының Қазақстан экономикасындағы түрлі секторға әлеуетті инвестор ретінде қатысу перспективасы талқыланды.

➤ Мемлекет басшысының пікірінше, SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алуға ниет білдіруі вьетнамдық конгломераттың біздің өңірде азаматтық авиацияны дамытуға қатысты аса маңызды жоспары бар екенін көрсетеді.

➤ Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстандағы бірнеше әуежайды басқаруға алу, сондай-ақ логистикалық қоймаларға инвестиция құю ісіне қызығушылық танытатынын жеткізді. SOVICO компаниялар тобының құрамына кіретін Vietjet Air авиакомпаниясы еліміз арқылы жүк және жолаушылар тасымалдайтын әуе рейстерінің санын біртіндеп көбейтіп келеді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вьетнам мен Сингапур инвесторлары қатысатын үшжақты серіктестік құру ұсынылды. Аталған бастама авиация, тау-кен өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, «ақылды қалалар» және активтерді басқару секілді түрлі салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге бағытталған.

➤ Мемлекет басшысы компанияның әртараптандырылған бизнес жүргізуде тәжірибесі мол екенін ескеріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

➤ Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SOVICO компаниялар тобына кіретін Aviation Holdings Company арасында Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алу шарттарына қатысты міндет жүктейтін ұсынысқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Алдын ала жасалған уағдаластықтарға сәйкес инвестор 5 жыл ішінде Boeing 737-Max8 және Airbus A320/321 модельді кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр. Сатып алу-сату шартына қол қою және мәмілені аяқтау жұмыстары жақын арада іске асырылмақ.

✍️ Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

t.me/aqorda_resmi
Президент встретился с Председателем правления SOVICO Group Нгуен Тхань Хунгом

➤ Собеседники обсудили перспективы присутствия SOVICO Group в различных секторах казахстанской экономики в качестве потенциального инвестора.

➤ Глава государства подчеркнул, что намерение SOVICO Group приобрести авиакомпанию Qazaq Air свидетельствует об амбициозных планах вьетнамского конгломерата по развитию гражданской авиации в нашем регионе.

➤ Нгуен Тхань Хунг сообщил о заинтересованности компании взять под управление ряд аэропортов, а также направить инвестиции в логистические склады в Казахстане. Авиакомпания Vietjet Air, входящая в состав группы SOVICO, постепенно увеличивает грузовые и пассажирские перевозки через территорию нашей страны.

➤ Касым-Жомарту Токаеву также был представлен вариант трехстороннего партнерства с участием вьетнамских и сингапурских инвесторов, направленный на продвижение совместных проектов в различных отраслях, включая авиацию, горнодобывающую промышленность, ВИЭ, «умные города» и управление активами.

➤ Учитывая огромный опыт компании в ведении диверсифицированного бизнеса, Президент выразил уверенность в дальнейшем расширении взаимовыгодного сотрудничества.

➤ В рамках встречи было объявлено о подписании обязывающего соглашения о принципах между АО «Самрук-Казына» и Aviation Holdings Company (входит в группу SOVICO) относительно условий приобретения авиакомпании Qazaq Air. Согласно договоренностям, инвестор планирует в течение 5 лет поставить не менее 20 самолетов моделей Boeing 737-Max8 и Airbus A320/321. Подписание договора купли-продажи и закрытие сделки ожидается в ближайшее время.

✍️ На полях Казахско-сингапурского бизнес форума между Министерством транспорта Республики Казахстан и Sovico Group был подписан Меморандум о взаимопонимании по стратегическому партнерству.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысының SOVICO Group Басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен өткізген кездесудің нәтижесі туралы айтып берді.

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Председатель правления АО «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов рассказал о результатах встречи Главы государства с Председателем правления SOVICO Group Нгуен Тхань Хунгом.

🎦 t.me/aqorda_resmi
Президент Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді

✔️Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Алматы облысындағы аса ірі Alatau City жобасын іске асырудың маңызды аспектілері талқыланды.

▪️Кездесуге Surbana Jurong компаниялар тобының бас директоры Шон Чао, Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы және Temasek Trust компаниясының директоры Хеан Файн Вонг, China Development Institute компаниясының вице-президенті Цзянь Цю, KPMG ASPAC мемлекеттік секторының басшысы Майкл Камерленго, Kuok Singapore компаниясының төрағасы Хун Ин Куок, Boustead Singapore Ltd компаниялар тобының төрағасы және бас директоры Фонг Фуэй Вонг, KPMG Korea серіктесі Мунгу Парк, Samsung C&T Engineering and Construction Group компаниясының вице-президенті Юнг-Вук Ким, Kuok Group компаниясының қаржы директоры және Allgreen Properties компаниясының бас директоры Леонг Чье Тхо, Caspian Group компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай, сондай-ақ Қазақстан делегациясының ресми өкілдері қатысты.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді ✔️Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Алматы облысындағы аса ірі Alatau City жобасын іске асырудың маңызды аспектілері талқыланды. ▪️Кездесуге Surbana Jurong компаниялар тобының…
Президент провел встречу по вопросам реализации проекта Alatau City

✔️На полях Казахско-сингапурского бизнес-форума были обсуждены важные аспекты реализации флагманского проекта Alatau City в Алматинской области.

▪️Во встрече приняли участие генеральный директор группы компаний Surbana Jurong Шон Чао, председатель Asia Infrastructure Solutions Singapore и директор компании Temasek Trust Хеан Файн Вонг, вице-президент China Development Institute Цзянь Цю, глава государственного сектора KPMG ASPAC Майкл Камерленго, председатель Kuok Singapore Хун Ин Куок, председатель и генеральный директор группы компаний Boustead Singapore Ltd Фонг Фуэй Вонг, партнер KPMG Korea Мунгу Парк, вице-президент Samsung C&T Engineering and Construction Group Юнг-Вук Ким, финансовый директор Kuok Group и генеральный директор Allgreen Properties Леонг Чье Тхо, председатель Совета директоров Caspian Group Юрий Цхай, а также представители официальной делегации Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның кешенді жоспарын әзірлегені үшін сингапурлық Surbana Jurong компаниясына алғыс айтты

▪️Сондай-ақ бұл бастаманың әлеуеті зор екеніне сенім білдіріп, Сингапур бизнесінің өкілдерін осы жобаға белсенді қатысуға шақырды.

▪️Алматы облысының әкімдігі Caspian Group акционерлік қоғамымен және Surbana Jurong компаниясымен бірлесіп, өңірде G4 City қаласын дамыту жөніндегі Бас жоспардың тұжырымдамасын дайындады.

▪️Биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Іле ауданында облыстық маңызы бар Алатау қаласы құрылды. Үкімет Алатау қаласының Бас жоспарын бекітіп, Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекараларын өзгертті. Сондай-ақ Президент G4 City арнайы экономикалық аймағының аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін ұлғайтып, оның атауын Alatau арнайы экономикалық аймағы деп өзгерту туралы шешімді мақұлдады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның кешенді жоспарын әзірлегені үшін сингапурлық Surbana Jurong компаниясына алғыс айтты ▪️Сондай-ақ бұл бастаманың әлеуеті зор екеніне сенім білдіріп, Сингапур бизнесінің өкілдерін осы жобаға белсенді қатысуға шақырды. ▪️Алматы облысының…
Касым-Жомарт Токаев поблагодарил сингапурскую компанию Surbana Jurong за разработку комплексного мастер-плана проекта

▪️Он также выразил уверенность в большом потенциале данной инициативы и призвал представителей сингапурского бизнеса принять активное участие в его реализации.

▪️Акиматом Алматинской области совместно с АО Caspian Group и компанией Surbana Jurong была разработана концепция генерального плана развития города G4 City в Алматинской области.

▪️В январе текущего года Указом Главы государства был образован город областного значения Алатау Илийского района. Правительством утвержден Генплан города Алатау и изменены границы Илийского, Талгарского районов и города Конаев. Президент также одобрил решение о расширении территории СЭЗ с 30 тыс. до 96,5 тыс. гектаров и переименование названия СЭЗ G4 City в СЭЗ Alatau.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Президенттің шетелдік компаниялармен өткізген Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кездесуі туралы баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Аким Алматинской области Марат Султангазиев рассказал об основных итогах встречи Главы государства с зарубежными компаниями по вопросам реализации проекта Alatau City

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇬 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапарының бірінші күні

🇰🇿
🇸🇬 Первый день государственного визита Касым-Жомарта Токаева в Республику Сингапур

🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇸🇬 Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тео Чи Хин екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Астананың сенімді диалогқа, берік сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын екеніне тоқталды.

Президент бүгінгі 46-шы Сингапур лекциясында аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тақырыбы бойынша сөз сөйлеу зор мәртебе екенін жеткізді.

🇸🇬 Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хин Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтына келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол әлеуметтік-саяси үрдістерді, өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін және экономикалық жағдайды зерттеуде Қазақстан Президентінің дәрісі өзекті саналатынына тоқталды.

Мемлекет басшысы мен Сингапурдың аға министрі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

✍️ Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тео Чи Хинге өзінің «Беласу. Дипломатиялық очерктер» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасына қолтаңба берді. Айта кетерлігі, Тео Чи Хин бұл кітапты Қазақстанға жасаған сапарында сатып алып, зор ықыласпен оқып шыққан.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇬 Глава государства встретился со старшим министром – координирующим министром по национальной безопасности Сингапура Тео Чи Хином

Касым-Жомарт Токаев и Тео Чи Хин обсудили текущее состояние и перспективы развития политического и экономического сотрудничества между Казахстаном и Сингапуром.

Президент сообщил, что Астана готова открыть новую главу в двустороннем партнерстве, основанном на доверительном диалоге и прочных торговых и инвестиционных связях.

Глава государства подчеркнул, что для него большая честь выступить сегодня с 46-й Сингапурской лекцией по теме региональной безопасности, стабильности и устойчивого развития.

🇸🇬 Старший министр Тео Чи Хин поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за посещение Института исследований Юго-Восточной Азии. Он отметил актуальность лекции Президента Казахстана для изучения социально-политических тенденций, проблем безопасности и экономических событий в регионе.

Собеседники также обменялись мнениями по международной и региональной повестке дня.

✍️ В завершение встречи Глава государства оставил автограф в написанной им книге «Преодоление. Очерки дипломата» на английском языке, которую Тео Чи Хин ранее привез из Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM