Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.4K photos
2.59K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

▪️Заң байланыс желілерін тарту, азаматтарды төтенше жағдай қаупі туралы шұғыл хабардар ету, төтенше жағдай енгізу тетіктерін жетілдіреді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тауар тасымалын қадағалау үшін көліктің барлық түріне навигациялық пломбалар орнату тәртібін енгізеді (қазіргі кезде пломбалар жүк тасымалдайтын автокөліктерге орнатылады).

▪️Бұл нормативтік құжат басқару орталығы Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан байланыс желілерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін елге жабдық әкелуге тыйым салады.

▪️Сонымен қатар Заңда антифрод-тетігі енгізілді. Оның аясында интернет-алаяқтыққа және қаржы ұйымдарын заңға қайшы мақсаттарда пайдалануға қарсы шара қолданылады.

▪️Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін автоматтандыруға, соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюға арналған денсаулық сақтау интеграциялық платформасының жұмысына қатысты мәселелер реттелді.

▪️Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүгедектігі бар адамдарға жеңілдік тарифтерін беру жөнінде байланыс операторларына қосымша міндеттемелер белгілеу құзыретіне ие болды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының…
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам связи, цифровизации, улучшения инвестиционного климата и исключения излишней законодательной регламентации»

▪️Законом совершенствуются механизмы прокладки линий связи, экстренного оповещения граждан об угрозе чрезвычайной ситуации, введении чрезвычайного положения, введен механизм установления навигационных пломб для отслеживания перевозок товаров в рамках Евразийского экономического союза на все виды транспорта (сейчас пломбы устанавливаются на автомобильный транспорт, осуществляющий перевозку грузов).

▪️Также документом введен запрет на ввоз в Казахстан оборудования для обеспечения функционирования сетей связи, центр управления которыми расположен за пределами страны.

▪️Законом введен антифрод-механизм в рамках которого будут применяться меры против интернет-мошенничества и использования финансовых организаций в противоправных целях.

▪️Урегулированы вопросы работы интеграционной платформы здравоохранения, предназначенной для автоматизации деятельности Министерства здравоохранения, в том числе для взаимодействия с организациями здравоохранения.

▪️Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности наделено компетенцией по установлению дополнительных обязательств операторов связи по предоставлению льготных тарифов лицам с инвалидностью.

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣 Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады

🇰🇿🇸🇬 Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi
📣 23-24 мая 2024 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев по приглашению Президента Тармана Шанмугаратнама посетит с государственным визитом Республику Сингапур

🇰🇿🇸🇬 Программа визита предусматривает ряд встреч Президента Казахстана с высшим руководством Сингапура, главами крупных международных компаний, а также участие в работе казахско-сингапурского бизнес-форума.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына келді

🇰🇿🇸🇬 Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства прибыл во Дворец Президента Сингапура Istana

🇰🇿🇸🇬 Касым-Жомарта Токаева встретил Президент Тарман Шанмугаратнам. Прозвучали государственные гимны Казахстана и Сингапура, начальник почетного караула отдал рапорт лидерам двух стран.

Президент Казахстана оставил памятную запись в Книге почетных гостей. Затем главы государств представили друг другу членов официальных делегаций.

По завершении церемонии Касым-Жомарт Токаев и Тарман Шанмугаратнам прошли в зал переговоров.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇬 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Сингапур Президентінің Istana сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі

🇰🇿🇸🇬 Торжественная церемония встречи Главы государства Касым-Жомарта Токаева во Дворце Президента Сингапура Istana


t.me/aqorda_resmi