Aqorda 🇰🇿
54.1K subscribers
11.1K photos
2.45K videos
13.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ашығын айтсақ, елімізде көп жыл бойы қордаланған мәселе әлі де аз емес, түрлі саладағы түйткілдер шешілмеді. Соның салдарын енді көріп жатырмыз.

Қалай десек те, алдымызда – бір ғана жол бар. Біз барлық мәселені міндетті түрде шешуіміз қажет. Бұл – заманның да, халықтың да талабы. Жүйелі жұмыс істесек, барлығы орнына келеді деп ойлаймын. Дәл қазір жасалған іс-әрекеттің игілігін ертең кейінгі ұрпақ көреді. Сондықтан бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып адал еңбек етуіміз керек.

Халқымыз бұдан да күрделі кезеңдерді еңсерген. Бәрін берекелі бірліктің арқасында жеңе білген. Қазіргі жауапты сәтте де мызғымас ынтымағымыз айқын көрініп отыр. Осы ауызбіршілігімізден айырмасын, барлығын да еңсереміз.

Қазақ «Жамандық көрмей, жақсылық болмас» дейді. Елдің бірлігі де, мамандардың кәсіби деңгейі де осындай сын сағатта шыңдалады. Қазір мыңдаған мемлекеттік қызметші құтқарушылармен, волонтерлермен бірге күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың алдын алу, адамдарды құтқару және тасқынның салдарын жою үшін еңбек етіп жүр. Әр азаматтың шынайы отаншылдығы нақты іс жүзінде байқалып жатыр. Халыққа қызмет ету – парыз. Ал қиын-қыстау сәтте туған ел үшін адал қызмет ету – қасиетті борыш»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Хочу прямо сказать: в стране немало насущных проблем. Сегодня мы сталкиваемся с последствиями недостатков, которые накапливались в различных областях на протяжении многих лет.

Однако впереди нас ждет только один путь – мы непременно должны решить эти проблемы. Это требование времени, это требование народа. Думаю, если мы будем работать системно, все встанет на свои места. Плоды тех действий, которые мы предпринимаем сейчас, завтра увидит подрастающее поколение. Поэтому на нас лежит огромная ответственность. Мы все должны добросовестно трудиться.

Наш народ преодолел не менее сложные времена. Все удалось преодолеть благодаря крепкому единству. В такой ответственный момент также ярко проявляется незыблемая солидарность нашего народа. Мы все преодолеем.

Как говорится, «нет худа без добра». В такие времена закаляются единство страны и профессионализм специалистов. Сейчас тысячи государственных служащих трудятся днем и ночью вместе со спасателями и волонтерами. Они борются со стихией, спасают людей и устраняют последствия наводнения. Подлинный патриотизм каждого гражданина проявляется в реальной жизни. Служение народу – это долг. А верное служение своей стране в трудные времена – это священный долг»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Өздеріңізге мәлім, соңғы жылдары еліміз көптеген сын-қатерді бастан өткеріп жатыр. Мемлекеттік аппарат қиындықтармен күресіп, мол тәжірибе жинақтады. Шыңдала түсті. Қазіргі мемлекеттік қызметшілердің өмірлік сабағы тоқсаныншы жылдардағы тәжірибеден артық болмаса, кем емес. Мен су тасқынымен күресіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге, құтқарушыларға және еріктілерге алғысымды айтамын.

Сондай-ақ күрделі жағдайда мызғымас бірлікте болып, өзара жанашырлық көрсеткен, сабыр мен төзімділік танытқан барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Біз бұл қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Мемлекет тарапынан барлық шаруа тиянақты жасалады. Әр қиындықтың қайыры бар.

Апаттың салдарын жою – жұмыстың бір кезеңі ғана. Ең бастысы, апат болған аймақтарда жаңару және жаңғыру жұмыстары басталады. Бұл – өте маңызды шаруа. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыс тұр»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Как известно, в последние годы наша страна переживает немало трудностей. Государственный аппарат столкнулся с трудностями и накопил большой опыт. Он стал сильнее. Жизненные уроки, которые прошли современные госслужащие, не уступают, а может и превосходят опыт девяностых годов. Я выражаю благодарность государственным служащим, спасателям и волонтерам, которые борются с наводнениями.

Я также признателен всему нашему народу, который сохраняет непоколебимое единство, проявляет взаимное сочувствие, терпение и толерантность в такой сложной ситуации. Мы обязательно преодолеем нынешние трудности. Со стороны государства будут предприняты все необходимые меры.

Ликвидация последствий аварии – это только один из этапов работы. Самое главное – в регионах, где произошло бедствие, начнутся ремонтно-восстановительные работы. Это очень важная задача. Впереди нас ждет большая работа»

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі аяқталды

Завершилось выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева


t.me/aqorda_resmi
Жиында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы, академик Ахметқал Медеу, Назарбаев университеті жанындағы «National Laboratory Astana» ғылыми мекемесінің бас директоры, профессор Дос Сарбасов, «Young Researchers Alliance» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, PhD докторы Бейбіт Әбдікенов, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті қолданбалы механика және инженерлік графика кафедрасының меңгерушісі Айдархан Қалтаев және тағы да басқа ғалымдар сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

* * *

В ходе заседания выступили министр науки и высшего образования Саясат Нурбек, председатель правления АО «Институт географии и водной безопасности», доктор географических наук, академик Ахметкал Медеу, генеральный директор научного учреждения National Laboratory Astana при Nazarbayev University, профессор Дос Сарбасов, заместитель председателя общественного объединения Young Researchers Alliance, доктор PhD Бейбит Абдикенов, заведующий кафедрой прикладной механики и инженерной графики КазНИТУ им. К.Сатбаева Айдархан Калтаев и другие ученые.

t.me/aqorda_resmi