Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.5K photos
2.6K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі

⚡️Касым-Жомарт Токаев подарил Центру настольного тенниса автобус и пожелал юным спортсменам успехов

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді

✔️Мемлекет басшысына жаңа технологияларды пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынның жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Корпорация 100-ден астам тауар түрін шығарады.

▪️Бүгінде компания өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салып отыр.

▪️Корпорацияның иелігінде 4 шаруашылық, соның ішінде сиырларды автоматты түрде саууға және жемдеуге арналған құрылғымен жабдықталған роботты ферма бар. Бұған қоса, кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшылармен әңгімелесіп, қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық салаға айналуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ компания ұжымына табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев посетил корпорацию «Восток-Молоко»

✔️Глава государства был проинформирован о деятельности предприятия, специализирующегося на производстве и переработке молока с использованием новейших технологий. Корпорация вырабатывает более 100 видов молочной продукции.

▪️На сегодняшний день предприятие увеличивает долю высокорентабельной сельхозпродукции и расширяет экспорт.

▪️Как рассказали Президенту, корпорация имеет 4 собственных хозяйства, в том числе роботизированную ферму, оснащенную оборудованием для автоматической дойки, диагностики и кормления коров. Для обеспечения производства предприятие осуществляет сбор молока в 22 населенных пунктах.

✔️Касым-Жомарт Токаев побеседовал с работниками корпорации. Он подчеркнул, что современное сельское хозяйство должно стать высокотехнологичной отраслью, и пожелал успехов трудовому коллективу.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

Рабочая поездка Главы государства в Восточно-Казахстанскую область


🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

▪️Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.

✔️Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.

✔️Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті.

✔️Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді ▪️Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында…
Глава государства провел заседание Совета Безопасности

▪️В ходе мероприятия были рассмотрены вопросы актуализации основных подходов к реализации Стратегии национальной безопасности. Глава государства отметил особое значение рассматриваемой проблематики с точки зрения укрепления экономического и военного потенциала Казахстана в свете усложнения геополитической ситуации в мире.

✔️Заслушан доклад заместителя Премьер-министра - министра национальной экономики Нурлана Байбазарова. Информацию также представили руководители ряда профильных государственных органов.

✔️Президент подчеркнул необходимость объективного анализа ключевых вызовов и угроз национальной безопасности в современных условиях, а также выработки мер по их предупреждению.

✔️Глава государства отметил, что вопросы безопасности граждан и государства в целом должны постоянно находиться в фокусе внимания Правительства и всех ведомств в качестве приоритетного направления их деятельности.

✔️По итогам заседания Советом Безопасности приняты решения, направленные на повышение эффективности системы защиты национальных интересов и управления рисками национальной безопасности.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Бұл құжат жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Түзетулер 5 заңнамалық актіге, оның ішінде Жер, Орман кодекстеріне енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы жекелеген адамдардың малын жаюға арналған жайылымдық алқаптардың тапшылығын жоюға бағытталған.

Осы мақсатта Жер кодексіне және «Жайылымдар туралы» Заңға жайылымдардың жаңа түрі, яғни «қоғамдық жайылымдар» ұғымы енгізілді. Қоғамдық жайылымдар тек жергілікті тұрғындардың малын жаюға пайдаланылады. Олар жалға берілмейді.

Қоғамдық жайылымға жатпайтын жайылымдардың жалға берілуі және шабындық үшін пайдаланылуы мүмкін.

◾️Қоғамдық жайылымдарды, сондай-ақ жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынды. Мал шаруашылығы және мал жаю үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану нормасынан (5 жылға) конкурссыз жер алу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл мақсаттар үшін жер конкурстық тәртіппен ғана беріледі.

◾️Ормандардың ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану үшін орман/табиғатты қорғау мекемелері жыл сайын әкімдіктерді бос емес және бос алаңдардың нақты орындарын көрсете отырып, шөп шабуға және мал жаюға болатын орман қорының учаскелері туралы хабардар етеді.

◾️Түзетулердің екінші блогы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту жөніндегі талаптарды жаңартты.

◾️Түзетулердің үшінші блогы жайылымдардың деградациясы мен шөлейттенуіне, сондай-ақ оларды суландыруға қарсы күрес тетіктерін күшейтті.

◾️Атап айтқанда, жайылымдардың жай-күйін қалпына келтіру және жақсарту үшін жайылымдарды геоботаникалық зерттеу, мониторингтеу, түгендеу және өзге де шаралар көзделген.

◾️Жер пайдаланушылар мен меншік иелеріне топырақ құнарының жойылуына жол бермеу, жер түріне сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалану міндеті енгізілді.

t.me/aqorda_resmi