Aqorda 🇰🇿
56.7K subscribers
11.5K photos
2.49K videos
13.6K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы өскемендік жас спортшылармен әңгімелесіп, оларға ізгі тілегін арнады

Жеңіл атлетикамен айналысып жүрген 11-сынып оқушысы Аружан Рамазанова Ольга Рыпакова сияқты даңқты спортшы болуды армандайтынын жеткізді. Ал кішкентай футболшы, 4-cынып оқушысы Альтаир Бақытұлы Президенттен жабық шағын футбол стадионын салып беруді өтінді.

* * *

Глава государства побеседовал с юными спортсменами и пожелал им успехов

Одиннадцатиклассница Аружан Рамазанова, занимающаяся легкой атлетикой, рассказала, что мечтает стать такой же прославленной спортсменкой, как Ольга Рыпакова. Юный футболист, учащийся 4 класса Альтаир Бакытулы попросил Президента построить крытый футбольный мини-стадион.

🎦 t.me/aqorda_resmi
Президент Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралап көрді

Президентке берілген мәліметке сәйкес, орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорт шаралары мен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Сондай-ақ инваклуб спортшылары, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дәрістер, шоудаун (көзі нашар көретіндерге арналған үстел теннисі) ұйымдастырылады.

Ғимарат кәсіби теннис үстелдерімен және басқа да спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстардан кейін және жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қайта қалыпқа келуі үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорттың осы түрі бойынша өңірдің жетістіктері туралы мәлімет берілді. Мысалы, өткен жылы облыс командасы Қазақстанның ашық чемпионатында жеңімпаз атанған.

Президентке тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент посетил Центр настольного тенниса в Усть-Каменогорске

Как сообщили Главе государства, центр был создан на базе областной специализированной детско-юношеской спортивной школы олимпийского резерва по настольному теннису. Здесь проводятся крупные соревнования, спортивно-массовые мероприятия и учебно-тренировочные сборы, а также профессиональные занятия спортсменов инваклуба, шоудаун и воспитанников детского дома «Үміт».

Здание оснащено профессиональными теннисными столами, силовыми тренажерами и спортивным инвентарем. В центре имеется врачебно-физкультурный диспансер, в котором установлено новейшее физиотерапевтическое и реабилитационное оборудование для восстановления спортсменов после соревнований и травм.

Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о достижениях региона в данном виде спорта. В прошлом году команда области победила на открытом чемпионате Казахстана.

Президенту также рассказали о возможности создания Академии настольного тенниса с целью обмена опытом и повышения спортивного мастерства.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі

⚡️Касым-Жомарт Токаев подарил Центру настольного тенниса автобус и пожелал юным спортсменам успехов

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді

✔️Мемлекет басшысына жаңа технологияларды пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынның жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Корпорация 100-ден астам тауар түрін шығарады.

▪️Бүгінде компания өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салып отыр.

▪️Корпорацияның иелігінде 4 шаруашылық, соның ішінде сиырларды автоматты түрде саууға және жемдеуге арналған құрылғымен жабдықталған роботты ферма бар. Бұған қоса, кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшылармен әңгімелесіп, қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық салаға айналуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ компания ұжымына табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM