Aqorda 🇰🇿
53.6K subscribers
10.5K photos
2.37K videos
12.8K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺 Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары

🇰🇿🇷🇺 Официальный визит Президента России Владимира Путина в Казахстан


🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары теміржол, автомобиль, теңіз, әуе көліктері, сондай-ақ құбыр арқылы тасымалдау бағыттарында жиі ұшырасатын проблемаларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

➤ Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау ісін дамытудың өзектілігіне назар аударды. Сондай-ақ отандық өнімдерді экспорттау үшін транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулер мен басқа да кедергілерді жойып, көлік-логистика қызметінің сапасын арттыру және тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру қажет.

➤ Жиын барысында өнеркәсіп, экспорт және транзит әлеуетін қатар дамыту, инфрақұрылым құрылысының заманауи стандарттарын енгізу және көлік-логистика саласының экономикаға мультипликативті әсерін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша мән берілді.

❗️Кеңес қорытындысы бойынша Президент Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства провел заседание Совета Безопасности

Под председательством Касым-Жомарта Токаева состоялось заседание Совета Безопасности Республики Казахстан, на котором были рассмотрены стратегические риски реализации транспортно-логистического потенциала страны.

Руководители государственных органов и национальных компаний доложили о работе по решению системных проблем по комплексу направлений, включая железнодорожные, автомобильные, морские и воздушные перевозки, трубопроводный транспорт.

➤ Глава государства отметил высокую актуальность развития транзитных грузоперевозок, в том числе по Транскаспийскому международному транспортному коридору, а также расширения транспортных мощностей для экспорта отечественной продукции. Это требует снятия инфраструктурных ограничений и других барьеров, повышения качества транспортно-логистических услуг, совершенствования системы тарифообразования.

➤ Особое внимание было уделено синхронизации развития промышленности, экспорта и транзитного потенциала, внедрению современных стандартов инфраструктурного строительства, обеспечению мультипликативного эффекта для экономики от транспортно-логистической отрасли.

❗️По итогам рассмотрения Президент дал ряд конкретных поручений Правительству.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Астанада (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Всемирной организацией здравоохранения об организации в Астане (Республика Казахстан) семьдесят третьей сессии Европейского регионального комитета Всемирной организации здравоохранения».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 6-11 қараша аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 6 по 11 ноября 2023 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді.

Берік Асылов:

заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Шетелге шығарылған активтерді іздеу, заңсыз схемаларды әшкерелеу үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы IT технологияларды қолданатынын айтты;
➤ маңызды инвестициялық жобаларды құқықтық тұрғыдан қолдау жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны бақылауға алды. Қазірдің өзінде 41 инвестордың түйткілді мәселелері шешімін тапқан;
➤ инвестицияның қауіпсіздігіне кепілді күшейту үшін инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл процесін нақты уақыт режимінде бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты негізгі шешімдерін прокурормен келісу ұсынылғанын жеткізді;
➤ үш буынды модель аясында кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау 3 есе қысқарғаны (614-тен 204-ке дейін) жөнінде мәлімет берді. Жалпы, еліміз бойынша 1041 тұлғаның негізсіз қылмыстық қудалауға тартылуына жол берілген жоқ. Конституциялық құқық бұзушылықтар саны 29 пайызға қысқарған (310-нан 222-ге дейін).
➤ азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде баяндады. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін 54 түзету мекемесінде 29 мың бейнекамера орнатылған, сәйкесінше азаптау фактілеріне шағымдану да 94-тен 17-ге дейін азайған.
➤ халықаралық ынтымақтастық бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды. Атап айтқанда, биыл шетелден ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған 40 адам экстрадицияланды. Жалпы Қазақстан қылмыстық-құқықтық сала бойынша алыс шетелдің 34 мемлекетімен 74 шартқа қол қойылған.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тыныс-тіршілігіне қатысты барлық салада заңның сақталуын қамтамасыз ету ісін күшейту қажет екеніне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді. Берік Асылов: ➤ заңсыз иемденілген активтерді…
Глава государства принял Генерального прокурора Берика Асылова

Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о состоянии законности и правопорядка в стране, а также о деятельности надзорного органа по приоритетным направлениям.

Берик Асылов:

➤ доложил о принимаемых мерах по возврату незаконно приобретенных активов. Для поиска выведенных за рубеж активов, раскрытия незаконных схем будут использованы IT-технологии с применением искусственного интеллекта;
➤ представил информацию о работе по сопровождению значимых инвестпроектов, в том числе на мониторинг прокуроров взято более 900 инвестпроектов, разрешены проблемные вопросы 41 инвестора;
➤ отметил, что для повышения гарантий безопасности инвестиций предложено внедрить цифровые решения, позволяющие в режиме реального времени отслеживать все процессы реализации проекта, согласование с прокурором ключевых решений госорганов в отношении бизнеса;
➤ рассказал, что в рамках трехзвенной модели в 3 раза сокращено уголовное преследование предпринимателей (с 614 до 204). По стране не допущено необоснованное вовлечение в уголовную орбиту 1041 лиц, число нарушений конституционных прав снизилось на 29 % (с 310 до 222);
➤ сообщил о мерах по противодействию пыткам, в рамках которых в 54 исправительных учреждениях установлено 29 тысяч видеокамер, число жалоб осужденных на пытки снизилось с 94 до 17;
➤ озвучил результаты работы по международному сотрудничеству. В частности, в текущем году из-за рубежа экстрадировано 40 лиц, обвиняемых в совершении тяжких и особо тяжких преступлений. Всего Казахстаном заключено 73 договора в уголовно-правовой сфере с 34 странами дальнего зарубежья.

❗️Глава государства обратил внимание на необходимость усиления обеспечения законности во всех сферах жизнедеятельности страны.

t.me/aqorda_resmi
Президент Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Мемлекет басшысына еліміздің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала нәтижелері туралы есеп берілді.

Әлібек Қуантыровтың баяндамасынан:

➤ 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайыз көлемінде болады деген болжам жасалып отыр. Бірінші жартыжылдықта шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 13,3 миллиард долларға жетті. Жылдық инфляция 2 есе, яғни 10,8 пайызға дейін (ақпан айында 21,3 пайыз) төмендеді;
➤ жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,4 пайызға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 28 триллион теңгеден асты. Бұл салада 4,3 миллион адам жұмыспен қамтылған. Биыл 9 мың жобаға субсидия берілді. Несиенің жалпы көлемі – 669 миллиард теңге;
➤ бизнесті тексеру ісін 2 есе азайту үшін кәсіпкерлік саласына жаңа реттеу саясаты енгізіледі. Міндетті талаптар реестрі жасалып, сын-қатерлерді басқару жүйесі автоматтандырылады;
➤ жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің әзірлену барысы туралы айтылды;
➤ биыл 267 миллиард теңге инвестиция тарту, 5,8 мың шақырым желіні жөндеу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жалақысын 50 пайызға көтеру, желілердің тозу деңгейін 3,2 пайызға азайту жоспарланған;
➤ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы іске қосылғалы бері республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 7 есе артты. Биыл 771 ауылда 1,8 мың жобаны орындау жоспарланып отыр.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ реформаларды тиімді жүргізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады Мемлекет басшысына еліміздің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала нәтижелері туралы есеп берілді. Әлібек Қуантыровтың баяндамасынан: ➤ 2023 жылдың қорытындысы бойынша…
Глава государства принял министра национальной экономики Алибека Куантырова

Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет о предварительных итогах социально-экономического развития страны за 10 месяцев текущего года.

Из доклада Алибека Куантырова:

➤ по итогам 2023 года ожидается рост ВВП на уровне 5 %. За первое полугодие объем прямых иностранных инвестиций достиг 13,3 млрд долларов. Годовая инфляция снизилась в 2 раза до 10,8 % (в феврале т.г. – 21,3 %);
➤ доля малого и среднего бизнеса в ВВП достигла рекордных 36,4 %. Производство продукции малого и среднего бизнеса превысило 28 трлн тенге, численность занятых в МСБ – 4,3 млн человек. В 2023 году просубсидировано 9 тысяч проектов, общая сумма кредитов составила 669 млрд тенге;
➤ в целях сокращения проверок бизнеса в 2 раза будет внедрена новая регуляторная политика в сфере предпринимательства. Вводятся реестр обязательных требований и автоматизация системы управления рисками;
➤ разрабатываются новые Бюджетный и Налоговый кодексы, осуществляется инвестиционная политика и развивается ГЧП;
➤ в 2023 году планируется привлечь 267 млрд тенге, отремонтировать 5,8 тысячи км сетей, повысить зарплату работникам ЖКХ на 50 %, снизить износ сетей на 3,2 %;
➤ с момента реализации программы «Ауыл – Ел бесігі» объем финансирования из республиканского бюджета увеличился в 7 раз. В течение 2023 года планируется реализовать 1,8 тысячи проектов в 771 селе.

❗️По итогам встречи Глава государства поручил продолжить работу по обеспечению качественного и устойчивого экономического роста, а также эффективному проведению реформ.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Президентке еліміздің биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала нәтижелері туралы баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министр национальной экономики Алибек Куантыров доложил Президенту о предварительных итогах социально-экономического развития страны за 10 месяцев текущего года

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Тимур Сүлейменов:

▪️Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде есеп берді;
▪️Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндады;
▪️цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары жайында мәлімет берді;
▪️экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуге қатысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді;
▪️ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жөнінде айтты.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады Тимур Сүлейменов: ▪️Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде есеп берді; ▪️Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету…
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова

Тимур Сулейменов:

▪️отчитался об итогах реализации Национальным банком денежно-кредитной политики за январь-октябрь 2023 года;
▪️проинформировал о ситуации в экономике Казахстана, мерах по снижению инфляции, а также о состоянии золотовалютных резервов, активов ЕНПФ и Национального фонда;
▪️доложил о ходе подготовительных работ по запуску цифрового тенге и планах по развитию цифровой финансовой инфраструктуры;
▪️представил информацию о ходе исполнения Национальным банком озвученных в Послании народу Казахстана поручений Главы государства по разработке мер по стимулированию кредитования экономики;
▪️рассказал о подготовке к празднованию знаковой даты – 30-летия национальной валюты тенге.

❗️Президент поставил ряд задач, направленных на эффективную реализацию денежно-кредитной политики.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен: Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды; Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс»…
✍️ Распоряжениями Главы государства:

Уштаев Куанышбек Ускенбаевич назначен командующим войсками регионального командования «Юг», он освобожден от должности командующего войсками регионального командования «Восток»;

Маралов Женис Мухамедкалиевич назначен командующим войсками регионального командования «Восток».

t.me/aqorda_resmi