Aqorda 🇰🇿
58K subscribers
12.6K photos
2.62K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
📸🇰🇿🇶🇦

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Ақордаға келді

🇰🇿🇶🇦 Санаулы минуттардан кейін екі ел басшыларының кездесуі басталады.

Эмир Катара шейх Тамим бен Хамад Аль Тани прибыл в Акорду

🇰🇿🇶🇦 Через пару минут начнется встреча лидеров двух стран.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇶🇦 Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумына Қатар үкіметі мен бизнес өкілдерін бастап келгені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Таяу арада екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Бұл – ерекше мерейлі белес. Осы кезеңде біз тиімді мемлекетаралық ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Сындарлы саяси диалог құрдық. Былтыр Сіз елімізге мемлекеттік сапармен келдіңіз. Сондай-ақ жуырда Қазақстан Премьер-Министрі Қатарға сапармен барып келді. Бұл – дәстүрлі достық пен берік әріптестіктің айқын дәлелі. Сіз мемлекеттеріміздің арасындағы ықпалдастықты тереңдетуге зор үлес қосып келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын. Қазақ-қатар байланыстарын нығайту үшін Сізбен бірлесе әрекет етуге әрдайым дайынмын. Қатар инвесторларына барынша қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қатарға жалпы құны 250 миллион доллар болатын 60-қа жуық өнім түрінің экспортын арттыруға дайын. Сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайту үшін екі ел арасында тікелей әуе қатынастарын ашу маңызды.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇶🇦 Глава государства провел встречу c делегацией во главе с Эмиром Катара шейхом Тамимом бен Хамадом Аль Тани

Приветствуя шейха Тамима бен Хамада Аль Тани, Касым-Жомарт Токаев выразил признательность Эмиру Катара за участие в работе Международного форума Астана во главе делегации, в состав которой вошли представители Правительства и бизнес-сообщества Катара.

Президент подчеркнул, что Катар является для Казахстана важным и надежным партнером на Ближнем Востоке, и выразил уверенность в том, что сегодняшние переговоры придадут новый импульс дальнейшему развитию сотрудничества между двумя странами.

Скоро исполнится 30 лет с момента установления дипломатических отношений между нашими странами. Безусловно, это важная веха. За это время мы наладили эффективное межгосударственное сотрудничество и конструктивный политический диалог. В прошлом году Вы посетили Астану с государственным визитом. Недавно Премьер-министр Казахстана побывал с визитом в Катаре. Все это служит ярким свидетельством традиционной дружбы и крепкого партнерства. Вы лично вносите большой вклад в углубление связей между нашими странами. Я высоко ценю это и готов вместе с Вами прилагать усилия для дальнейшего укрепления казахско-катарских отношений. Со своей стороны мы готовы оказать всю необходимую поддержку катарским инвесторам, – заявил Глава государства.

Как сообщил Глава государства, Казахстан готов увеличить экспорт в Катар порядка 60 видов продукции на общую сумму 250 миллионов долларов. Кроме того, для активизации деловых контактов важным представляется открытие прямого авиасообщения между двумя странами.

t.me/aqorda_resmi
🇶🇦 Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни құрмет көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді

Астана халықаралық форумына шақыруыңызды қабыл алып, Қазақстанға келіп отырмын. Бұл – мен үшін зор құрмет. Былтыр қазан айында Қазақстанда кездескеннен кейін тағы да жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл – былтырғы келіссөздер барысында бауырлас Қазақстанмен арадағы қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын пысықтауға тағы бір мүмкіндік. Менімен бірге Қатардың іскер топтарынан құралған үлкен делегация келді. Бұл екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың табысты болуына жол ашады деп ойлаймын. Түрлі саладағы екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Біз басқа да бағыттардағы ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтуге ниеттіміз, – деді шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни.

Кездесу барысында тараптар еліміздің Қатар инвесторларымен мұнай-газ, тау-кен және металлургия, ауыл шаруашылығы, медицина, қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇶🇦 Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни құрмет көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді – Астана халықаралық форумына шақыруыңызды қабыл алып, Қазақстанға келіп отырмын. Бұл – мен үшін зор құрмет. Былтыр қазан айында Қазақстанда…
🇶🇦 Эмир Катара шейх Тамим бен Хамад Аль Тани поблагодарил Президента за гостеприимство и радушный прием

Я с удовольствием принял приглашение участвовать в Международном форуме Астана, чтобы вновь посетить Казахстан. Это для меня большая честь. Рад снова видеть Вас после моего визита в Астану в октябре прошлого года. Это еще одна хорошая возможность обсудить реализацию договоренностей, достигнутых с братским Казахстаном в ходе прошлогодних переговоров. Вместе со мной из Катара прибыла большая делегация, состоящая из представителей бизнес-сообщества. Полагаю, что это откроет путь к успешному взаимодействию между нашими странами. Сегодня двустороннее сотрудничество динамично развивается в различных отраслях. Мы намерены расширять сотрудничество и по другим направлениям, – сказал шейх Тамим бен Хамад Аль Тани.

В ходе встречи главы государств обсудили с инвесторами перспективы реализации совместных проектов в нефтегазовой, горно-металлургической, сельскохозяйственной отраслях, медицине и финансовой сфере. Также были рассмотрены вопросы взаимовыгодного сотрудничества по линии международных организаций.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇶🇦 Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің кездесуі

🇰🇿🇶🇦 Встреча Касым-Жомарта Токаева и шейха Эмира Катара Тамима бен Хамада Аль Тани

🎥 t.me/aqorda_resmi
📌 Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді

Форумда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді.

▪️Сонымен қатар Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді.

▪️Бұдан бөлек Президент:

– Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
– Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
– Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
– Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
– Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
– ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.

t.me/aqorda_resmi
📌 Сегодня Президент Касым-Жомарт Токаев выступит на пленарном заседании Международного форума Астана

В качестве спикеров на форуме также выступят Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Председатель президиума Боснии и Герцеговины Желька Цвиянович, Премьер-министр Узбекистана Абдулла Арипов, генеральный директор ЮНЕСКО Одрэ Азуле, директор-распорядитель МВФ Кристалина Георгиева и другие.

▪️Также под председательством Главы государства состоится заседание Совета иностранных инвесторов.

▪️Кроме того, Президент проведет встречи с:

– директором-распорядителем МВФ Кристалиной Георгиевой;
– президентом Европейского банка реконструкции и развития Одиль Рено-Бассо;
– президентом Азиатского банка развития Масацугу Асакавой;
– вице-президентом Всемирного банка Антонеллой Бассани;
– главным исполнительным директором Citigroup по Европе, Ближнему Востоку и Африк Дэвидом Ливингстоном;
– главным исполнительным директором компании ENI Клаудио Дескальци.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Кульгинов Алтай Сейдирович освобожден от должности Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Дуйсенова Тамара Босымбековна назначена Заместителем Премьер-Министра – Министром труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді.

Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял Директора-распорядителя Международного валютного фонда Кристалину Георгиеву

Поприветствовав Кристалину Георгиеву, Глава государства выразил признательность за 30-летнее плодотворное сотрудничество с МВФ.

Наше сотрудничество с Фондом складывается довольно успешно, и это сотрудничество имеет продолжение. Я весьма рад возможности поддерживать постоянные консультации с МВФ. Ваш вклад в экономическое развитие Казахстана абсолютно очевиден, – сказал Президент.

В ходе встречи Президент был проинформирован о предстоящих планах МВФ в Казахстане.

Глава государства поприветствовал инициативу Фонда по открытию Регионального центра развития потенциала в Алматы, выразив уверенность в том, что он внесет большой вклад в обеспечение стабильности финансовых систем в Казахстане и Центральной Азии в целом.

t.me/aqorda_resmi