Aqorda 🇰🇿
53.6K subscribers
10.3K photos
2.34K videos
12.6K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял бойца смешанных единоборств Шавката Рахмонова

Президент поздравил известного спортсмена с блестящей победой в бою на турнире UFC, прошедшем недавно в Лас-Вегасе.

Как отметил Глава государства, воля к победе и успех таких сильных спортсменов, как Шавкат Рахмонов, вдохновляют подрастающее поколение, побуждают молодежь вести здоровый образ жизни.

Касым-Жомарт Токаев пожелал казахстанскому бойцу добиться новых высот в спортивной карьере.

В свою очередь Шавкат Рахмонов поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за теплый прием. Он также заверил Президента, что приложит все усилия, чтобы оправдать ожидания болельщиков, достойно защитив честь страны.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады

🎥 Глава государства принял бойца смешанных единоборств Шавката Рахмонова

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳 Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.

Әңгімелесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аударылды. Қазақстан Шыңжаң өлкесімен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм секілді көптеген бағыт бойынша табысты қарым-қатынас жасап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестік пен мәңгілік достық рухында жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге баса мән беретінін айтты. Мемлекет басшысы екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі сенімді саяси диалог қалыптасқанына тоқталып, ҚХР-ды Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаның былтыр қазан айында Қазақстанға жасаған сапары өте сәтті болғанын айтқым келеді. Бұл СOVID пандемиясы салдарынан болған ұзақ үзілістен кейінгі бірінші сапар екенін атап өттік. Біз өте маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Екі елдің үкіметтері мен тиісті аймақ басшыларына ең жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды табысты жүзеге асыру міндеті жүктелді, – деді Президент.

Ма Синжуй қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді.

Менің сапарымның негізгі мақсаты – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Сіздің араңыздағы маңызды стратегиялық келісімдерді жүзеге асыру. Біз Қытайдың бір өлкесі ретінде еліміздің батысындағы мемлекеттермен қарым-қатынастарды нығайтуға жауаптымыз. Қазақстан – біз үшін өзара ынтымақтастықтың басым бағыты. Жалпы, Қытай мен Қазақстанның ынтымақтастығы Шыңжаң арқылы жүзеге асырылады, – деді Ма Синжуй.

Кездесу соңында Президент Шыңжаң басшысының Қазақстанға сапары өңіраралық байланысты тереңдетіп, оның бағыт-бағдарын нақтылай түсуге тың серпін беретініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің ҚХР Төрағасы болып қайта сайлануына байланысты оған ізгі тілегін жолдап, сәттілік тіледі.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳 Президент принял секретаря парткома КПК Синьцзян-Уйгурского автономного района КНР Ма Синжуя

Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял члена Политбюро ЦК КПК, секретаря парткома КПК Синьцзян-Уйгурского автономного района КНР Ма Синжуя.

Основное внимание в ходе беседы было уделено развитию межрегионального сотрудничества. Казахстан успешно взаимодействует с Синьцзяном по многим направлениям, включая промышленность, транспорт, логистику, сельское хозяйство и туризм.

В ходе встречи Касым-Жомарт Токаев сказал, что Казахстан придает большое значение углублению всестороннего сотрудничества с Китаем в духе стратегического партнерства и вечной дружбы. Президент отметил, что между нашими странами поддерживается активный и доверительный политический диалог на всех уровнях, и назвал КНР одним из ключевых торговых партнеров Казахстана.

Я хотел бы отметить, что визит Председателя Китайской Народной Республики господина Си Цзиньпина в октябре прошлого года был абсолютно успешным. Мы отметили, что этот визит состоялся первым после длительного перерыва, который был вызван пандемией COVID. Мы сумели достичь очень важных соглашений, и перед правительствами двух стран, перед руководителями соответствующих регионов стоит задача успешной реализации договоренностей, достигнутых на самом высоком уровне, – заявил Президент.

В свою очередь Ма Синжуй поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за оказанное гостеприимство и передал ему слова приветствия от Председателя КНР Си Цзиньпина.

Основная цель моего визита заключается именно в реализации важных стратегических соглашений, достигнутых между Председателем КНР Си Цзиньпином и Вами. Мы как регион Китая ответственны за связи страны на западном направлении. Казахстан для нас является самым приоритетным направлением взаимного сотрудничества. В целом, сотрудничество Китая с Казахстаном осуществляется через Синьцзян, – заявил Ма Синжуй.

По итогам встречи Глава государства подчеркнул, что визит руководителя Синьцзяна в Казахстан придаст значительный импульс дальнейшему углублению межрегиональной кооперации и наполнит ее конкретным содержанием.

Касым-Жомарт Токаев также передал теплые слова поздравления Си Цзиньпину в связи с переизбранием на пост Председателя КНР и пожелал ему успехов.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйдің кездесуі

🇰🇿🇨🇳 Встреча Касым-Жомарта Токаева с секретарем парткома КПК Синьцзян-Уйгурского автономного района КНР Ма Синжуем

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

✍️ Главой государства подписан Указ о созыве первой сессии Парламента Республики Казахстан восьмого созыва.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступит на открытии первой сессии Парламента Республики Казахстан VIII созыва

На мероприятие приглашены руководители государственных органов, члены Национального курултая, общественные деятели и другие.

Выступление Президента на совместном заседании палат Парламента будет показано в прямом эфире республиканских телеканалов и в социальных сетях 29 марта в 10:00 часов.

t.me/aqorda_resmi
President Kassym-Jomart Tokayev will address at the opening of the first session of the Parliament of the Republic of Kazakhstan of the 8th convocation

The event invited heads of state bodies, members of the National Kurultai, public figures and other officials.

President Tokayev’s address at the joint session of the Parliament chambers will be broadcasted live on the national TV channels and social media at 10:00 a.m. on March 29, 2023.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

✍️ Главой государства подписан Конституционный закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан».

Текст Конституционного закона опубликован в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования процессуального законодательства и реформирования судебной системы».

Текст Закона опубликован в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Республикой Узбекистан о демаркации казахстанско-узбекской государственной границы».

Текст Закона опубликован в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнения в Закон Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2023 – 2025 годы».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды

Началось выступление Касым-Жомарта Токаева на открытии первой сессии Парламента Республики Казахстан VIII созыва

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік.

Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды»

t.me/aqorda_resmi