Aqorda 🇰🇿
53.4K subscribers
10.3K photos
2.34K videos
12.6K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇬 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Сингапур Президентінің Istana сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі

🇰🇿🇸🇬 Торжественная церемония встречи Главы государства Касым-Жомарта Токаева во Дворце Президента Сингапура Istana


t.me/aqorda_resmi
🇸🇬 Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді

✔️Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

🇰🇿 Мемлекет басшысы Қазақстанның Сингапурмен энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

✔️Президенттер өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету, соның ішінде екіжақты қатынастардың құқықтық базасын нығайту арқылы күш-жігер біріктіруге уағдаласты.

✔️Тараптар білім беру және адам капиталын дамыту бағыттарындағы ынтымақтасты жандандыру қажет деп санайды.

t.me/aqorda_resmi
🇸🇬 Президент Тарман Шанмугаратнам высоко оценил поступательное развитие взаимодействия между Казахстаном и Сингапуром

✔️В ходе встречи лидеры двух стран обстоятельно обсудили перспективы наращивания контактов в торгово-экономической, инвестиционной и культурно-гуманитарной сферах.

🇰🇿 Глава нашего государства заявил о заинтересованности Казахстана в расширении партнерства с Сингапуром в таких ключевых секторах, как энергетика, переработка критически важного сырья, развитие инфраструктуры, цифровая экономика, финтех, агротехнологии, логистика и связь.

✔️Президенты договорились приложить совместные усилия для продвижения взаимовыгодных инвестиционных проектов, в том числе путем укрепления правовой базы двусторонних отношений.

✔️Стороны пришли к общему мнению о необходимости активизировать сотрудничество в сферах образования и развития человеческого капитала.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇸🇬 Сингапур Премьер-министрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін мол әлеует бар екенін атап өтті

▪️Лоуренс Вонг екі елдің экономикасы бір-бірін толықтыратынын және Сингапур АСЕАН елдерімен ықпалдастықты кеңейтуде Қазақстан үшін өзіндік хаб бола алатынын, ал Қазақстан Сингапурдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді.

▪️Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Тараптар жасыл энергетика, көлік және логистика, цифрландыру, қаржы, агроөнеркәсіп кешені, коммуникация, аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу, электронды коммерция сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін қарастырды.

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лоуренс Вонг Алматы облысында сингапурлық Surbana Jurong компаниясының қатысуымен Alatau City (G4 City) сияқты аса ірі жобаны іске асыруды, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыруға бағытталған PSA International және «Қазақстан темір жолы» АҚ арасындағы серіктестікті құптады.

t.me/aqorda_resmi
🇸🇬 Премьер-министр Сингапура отметил наличие огромного потенциала для укрепления взаимовыгодного сотрудничества

▪️Как сообщил Лоуренс Вонг, экономики двух стран взаимодополняемы, и Сингапур может послужить своеобразным гейтом для Казахстана в расширении взаимодействия со странами АСЕАН, в то время как Казахстан может содействовать сближению Сингапура со странами Центральной Азии.

▪️Особое внимание собеседники уделили перспективам экономического и инвестиционного взаимодействия. Стороны подтвердили взаимную приверженность расширению сотрудничества в таких сферах, как зеленая энергетика, транспорт и логистика, цифровизация, финансы, АПК, коммуникации, добыча и переработка критически важного сырья, электронная коммерция.

▪️Касым-Жомарт Токаев и Лоуренс Вонг приветствовали реализацию таких флагманских проектов, как Alatau City (G4 City) в Алматинской области с участием сингапурской компании Surbana Jurong, а также партнерство PSA International и АО «ҚТЖ», направленное на наращивание потенциала Транскаспийского международного транспортного маршрута.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇸🇬 Кездесуде білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту, оның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияны арттыру, студенттер алмасу және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды

▪️Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін күш-жігер біріктіруге уағдаласты. Мемлекет басшысы екі елдің көпжоспарлы әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін Үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.

▪️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лоуренс Вонгты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

▪️Содан кейін Қазақстан Президенті мен Сингапур Премьер-министрі сапар барысында қол қойылған құжаттарды алмасу рәсіміне қатысты. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Сингапурдың Орнықты даму және қоршаған орта министрі, Сауда байланыстарына жауапты министр Грейс Фу бір-бірімен символдық тұрғыда құжат алмасты.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇸🇬 Кездесуде білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту, оның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияны арттыру, студенттер алмасу және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды ▪️Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы…
🇰🇿🇸🇬 Отдельное внимание было уделено укреплению взаимодействия в сфере образования и науки, в том числе усиление межвузовской кооперации, обмена студентами и др.

▪️Стороны договорились принять совместные усилия для расширения контактов между деловыми кругами Казахстана и Сингапура. Глава нашего государства предложил создать межправительственную комиссию, которая будет содействовать укреплению многопланового партнерства двух стран.

▪️В завершение встречи Касым-Жомарт Токаев пригласил Лоуренса Вонга посетить с официальным визитом Казахстан.

▪️Затем Президент Казахстана и Премьер-министр Сингапура приняли участие в церемонии обмена документами, подписанными в ходе визита. Состоялся символический обмен папками между заместителем Премьер-министра – министром иностранных дел Казахстана Муратом Нуртлеу и министром устойчивого развития и окружающей среды, ответственным министром торговых связей Сингапура Грейс Фу.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇸🇬 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Enterprise Singapore компаниясы арасындағы Сингапур стандарттарын тарату және аудару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

✍️ t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇸🇬 В рамках государственного визита Президента Касым-Жомарта Токаева в Республику Сингапур были подписаны следующие межгосударственные и межведомственные документы:

1. Меморандум о взаимопонимании между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Сингапур об экономическом сотрудничестве;

2. Меморандум о взаимопонимании между Министерством внутренних дел Республики Казахстан и Министерством внутренних дел Республики Сингапур;

3. Меморандум о взаимопонимании между Министерством юстиции Республики Казахстан и Министерством юстиции Республики Сингапур о сотрудничестве в сфере охраны прав интеллектуальной собственности;

4. Меморандум о взаимопонимании между Министерством юстиции Республики Казахстан и Министерством юстиции Республики Сингапур по правовому сотрудничеству;

5. Меморандум о сотрудничестве в области высшего образования между Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан и Министерством образования Республики Сингапур;

6. Соглашение между Казахстанским институтом стандартизации и метрологии и компанией Enterprise Singapore о сотрудничестве в распространении и переводе сингапурских стандартов.

✍️ t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇸🇬 Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеатты қабылдады

✔️Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумын ұйымдастырғаны үшін осы елдің Үкіметіне ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, бұл шара Қазақстан мен Сингапур компанияларын екі ел нарығында жаңа мүмкіндіктер іздеуге ынталандырады.

✔️Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді реформалар жүргізіліп жатқанын айтты.

🇸🇬 Хенг Суи Кеат Орталық Азия және АСЕАН елдерінің ынтымақтастығын кеңейтуге Қазақстан мен Сингапур септігін тигізе алатынын атап өтті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хенг Суи Кеат үкіметтер мен бизнес құрылымдардың ықпалдастығын нығайту арқылы екіжақты серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

✔️Сонымен қатар кездесуде мемлекеттік құрылым мен жаһандық экономикаға, оның ішінде цифрландыруға, технологияларды дамытуға, жасанды интеллекті және адам капиталына қатысты мәселелер қарастырылды.

t.me/aqorda_resmi