Aqorda 🇰🇿
63.6K subscribers
15.2K photos
2.89K videos
16.7K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Сондай-ақ «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ дәрігері С.Андосова, «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ профессоры А.Плешаков, «Шыңға өрлеу» ҚҚ директоры Р.Сыпабекова, «Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы» КММ аға бапкері Н.Құлышов және басқа да азаматтар 🎖«Құрмет» орденімен марапатталды.

Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 94 жұмысшысы мен еңбеккері 🎖ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін иеленді.

🎖ІІ дәрежелі «Достық» ордені «Алға, Петербург» интернет жобасының авторы Иван Червинскийге берілді.

Ал футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов 🏅«Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды.

🏅«Ерлігі үшін» медалімен Мұрат Есенқабылов пен Талғатбек Төлеубаев наградталды. Мұрат Есенқабылов өртеніп жатқан көлік ішінен 3 әйел мен 5 баланы аман алып қалса, Талғатбек Төлеубаев тілсіз жауды ауыздықтауда үлкен ерлік көрсеткен.

Пара жеңіл атлетика спортшысы, бірнеше республикалық сайыстардың жеңімпазы Айсұлу Сүлейменоваға 🏅«Шапағат» медалі табысталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет салаларының 31 көрнекті өкіліне және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы Ақмола облысы «№4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Ү.Еңсебаеваға берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 143 адам наградталды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажыр-қайраты үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдері 🎖І және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, 🏅«Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

t.me/aqorda_resmi
🎖Орденом «Құрмет» награждены доктор НАО «Национальный научный кардиохирургический центр» С.Андосова, профессор НАО «Северо-Казахстанский университет имени М.Козыбаева» А.Плешаков, директор ОФ «Шыңға өрлеу» Р.Сыпабекова, старший тренер КГУ «Мангистауский областной клуб инвалидного спорта» Н.Кулышов и другие.

🎖Кавалерами ордена «Еңбек Даңқы» ІІІ степени стали 94 рабочих и тружеников промышленности, транспорта, строительства, сельского хозяйства и других отраслей материального производства.

🎖Ордена «Достық» ІІ степени удостоился автор интернет-проекта «Алға, Петербург» Иван Червинский.

🏅Медалью «Ерен еңбегі үшін» награждены игроки Национальной сборной по футболу Асхат Тагыберген, Бахтиёр Зайнутдинов и Максим Самородов.

🏅Медалью «Ерлігі үшін» награждены Мурат Есенкабылов и Талгатбек Толеубаев. Мурат Есенкабылов отличился героизмом при спасении 3 женщин и 5 детей из горящего автомобиля, а Талгатбек Толеубаев проявил мужество при тушении пожара.

🏅Медали «Шапағат» удостоилась спортсменка по пара легкой атлетике, многократная чемпионка республиканских соревнований Айсулу Сулейменова.

Почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» присвоено 31 видному представителю науки и культуры; почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» – учителю областной специализированной школы-лицея-интерната «№ 4 «Болашак» Акмолинской области У.Енсебаевой. Почетной грамотой Республики Казахстан награждены 143 человека.

За образцовое исполнение воинского и служебного долга, мужество и отвагу, проявленные при обеспечении законности и правопорядка, укреплении национальной безопасности и обороноспособности страны 🎖орденами «Даңқ» I и II степени, «Айбын» II и III степени, 🏅медалями «Ерлігі үшін» и «Жауынгерлік ерлігі үшін» награждена группа военнослужащих и сотрудников правоохранительных органов.

t.me/aqorda_resmi
Жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілді

Атап айтқанда, марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар.

Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам.

Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
В этом году при присуждении государственных наград приоритет был отдан гражданам следующих профессий:

298 педагогов и работников отрасли здравоохранения, 259 представителей сельского хозяйства, 119 ветеранов труда, 88 работников производственной сферы
, что стало ярким подтверждением повышения статуса тружеников и их роли в обществе.

Списки награжденных будут опубликованы в печати.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығы «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке;
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының бірінші орынбасары Виктор Владимирович Баклановқа;
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Владимир Анатольевич Витюкке;
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас инженерінің орынбасары Денис Борисович Зарваға;
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаевқа;
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері Мәжін Қанапияұлы Сқақовқа;
7. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының бас ғылыми қызметкері Ирина Лашкаровна Тәжібаеваға;
8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы Бауыржан Жамбылұлы Шектібаевқа берілді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығы «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға…
Указом Президента Государственная премия Республики Казахстан 2023 года в области науки и техники имени аль-Фараби за работу на тему «Исследования и разработки мирового уровня для создания атомно-энергетической отрасли и реализации Стратегии достижения углеродной нейтральности Республики Казахстан» присуждена:

1. Батырбекову Эрлану Гадлетовичу – генеральному директору РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»;
2. Бакланову Виктору Владимировичу – первому заместителю директора филиала «Институт атомной энергии» РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»;
3. Витюку Владимиру Анатольевичу – заместителю генерального директора РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»;
4. Зарве Денису Борисовичу – заместителю главного инженера РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»;
5. Коянбаеву Ерболату Тайтолеуовичу – заместителю директора по материаловедческим исследованиям филиала «Институт атомной энергии» РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»;
6. Скакову Мажыну Канапиновичу – главному научному сотруднику РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»;
7. Тажибаевой Ирине Лашкаровне – главному научному сотруднику филиала «Институт атомной энергии» РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан»;
8. Чектыбаеву Бауржану Жамбуловичу – начальнику отдела термоядерных исследований филиала «Институт атомной энергии» РГП на ПХВ «Национальный ядерный центр Республики Казахстан».

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім басталды

Началась торжественная церемония вручения государственных наград и премий с участием Президента Касым-Жомарта Токаева

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын!

Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн.

Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Поздравляю вас с главным праздником нашей страны – Днем Республики!

Это день возрождения нашей многовековой государственности, берущей свое начало с эпохи Тюркских каганатов, Золотой Орды и Казахского ханства. В этот день воплотилась в жизнь идея свободы, за которую боролись деятели Алаш.

Неспроста говорят, что без суверенитета нет и страны. 33 года назад с принятием Декларации о государственном суверенитете восторжествовала историческая справедливость. Этот важнейший документ открыл дорогу Независимости Казахстана»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Шын мәнінде, егемендік декларациясын қабылдау оңайға соққан жоқ. Еліміздің ұлттық құрамы біркелкі емес еді. Сол кездегі Парламентте, яғни Жоғарғы Кеңесте және бүкіл қоғамымызда ұзақ пікірталас, қызу талқылау болды. Құжаттың әр сөзін, әр бабын қорғауға тура келді.

Әлихан Бөкейхан «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деген. Ел ағалары халқымыздың ардақты ұлының бұл өсиетіне адал болды. Олар жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білді. Ақжолтай құжат жұртымыздың талап-тілегіне сай жазылды, отаншыл азаматтардың ақыл-парасатының арқасында қабылданды. Олардың сын сағаттағы батылдығын нағыз ерлік деп бағалауға болады»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Принятие Декларации было нелегким делом. Этнодемографическая структура страны была сложной. В Верховном Совете, Парламенте того времени и во всем обществе происходили долгие и горячие дискуссии. Защищать и обосновывать приходилось каждую статью, каждое слово документа.

Алихан Бокейхан говорил, что путь к свободе лежит только через единство нации. Государственные деятели нашей страны показали верность этому назиданию великого сына нашего народа. Объединившись в ответственный момент, они смогли отстоять национальные интересы. Судьбоносный документ соответствовал устремлениям и ожиданиям народа и был принят благодаря мудрости и рассудительности патриотов страны. Их смелость и решительность, проявленные в критический час, можно расценивать как подлинный героизм»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Біз қазір Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беріп отыруымыз керек.

Азаттық жылнамасында Салық Зиманов, Серікболсын Әбділдин, Қаратай Тұрысов, Зинаида Федотова, Ерік Асанбаев, Әбіш Кекілбаев, Ғайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Олжас Сүлейменов, Александр Княгинин, Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Терещенко және тағы басқа көптеген тұлғаның есімін құрметпен атап өту керек.

Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс.

Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі ол еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Сегодня мы строим Справедливый Казахстан, поэтому деятелям прошлого, их труду и заслугам, нужно давать достойную и справедливую оценку.

В летописи нашей независимости почетное место должны занимать имена Салыка Зиманова, Серикболсына Абдильдина, Каратая Турысова, Зинаиды Федотовой, Ерика Асанбаева, Абиша Кекильбаева, Гайрата Сапаргалиева, Султана Сартаева, Озбекали Жанибекова, Олжаса Сулейменова, Александра Княгинина, Мырзатая Жолдасбекова, Омирбека Байгелди, Куаныша Султанова, Сергея Терещенко и многих других личностей.

Необходимо, чтобы их патриотизм и верность интересам нации служили непреходящим примером для последующих поколений.

Мы должны твердо придерживаться исторической справедливости. Поэтому будет правильным отметить и историческую роль первого президента Нурсултана Абишевича Назарбаева, внесшего огромный вклад в укрепление основ нашей страны как независимого государства»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақта «Егемен елдің еңсесі биік» деген сөз бар. Азаттықпен бірге ұлттың рухы көтерілді. Халқымыз көптеген табысқа жетті.

Тәуелсіздік жылдарын біздің халқымыз абыроймен жүріп өткен дара жол деуге болады. Осы кезеңде біз қуатты әрі жауапты мемлекет ретінде қалыптастық, елдігіміздің тұғырын нығайттық. Көк туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр.

Көрші елдермен сындарлы келіссөз жүргізіп, шекарамызды біржола шегендедік. Соның арқасында шынайы достық шекарасы қалыптасты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз еттік.

Мемлекетіміздің жетістіктерін қаперден шығармай, үнемі айтып жүру керек. Өйткені, оның бәрі – Қазақстанның шынайы егемендігінің жемісі. Сонымен бірге, әрине, қателіктер де болды. Оны ұмытпаған жөн. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін одан қорытынды жасалуға тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Издавна у нас в народе говорят, что только суверенная страна уверенно смотрит в будущее. С обретением суверенитета укрепился дух нашей нации, мы достигли значительных успехов.

За годы Независимости наш народ прошел колоссальный путь. Мы состоялись как ответственное и сильное государство. Наш флаг гордо реет в штаб-квартире Организации Объединенных Наций.

Благодаря конструктивному диалогу с соседями Казахстан решил все пограничные вопросы. Так мы сформировали границы настоящей дружбы и обеспечили свою национальную безопасность.

Обо всех достижениях нашего государства нужно помнить и говорить, поскольку они воплощают в себе реальный суверенитет Республики Казахстан. В то же время следует помнить и допущенные ошибки, а они, конечно, были, извлекать из них полезные уроки, чтобы обеспечить поступательный прогресс Казахстана»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Еліміз соңғы жылдары түбегейлі жаңғырды. Біз ауқымды, бірегей конституциялық реформа жасадық. Бұл маңызды қадам біздің геосаяси ортамызды алып қарасақ, теңдессіз реформа болды.

Жалпыұлттық референдумда халқымыз бұл өзгерістерге барынша қолдау білдірді. Азаматтардың саяси үдеріске қатысу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы жаңа сипатқа ие болды. Яғни, жалпыұлттық диалогтың ауқымы кеңейді.

Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Аралас сайлау жүйесі енгізілді. Мұның бәрін саяси реформаның басты мазмұны деуге болады»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«За последние годы в нашей стране осуществлены коренные преобразования. Мы провели масштабную и уникальную в нашем геополитическом регионе конституционную реформу, которая получила убедительную поддержку народа на общенациональном референдуме.

В результате значительно расширилось участие граждан в политическом процессе. На новый уровень вышло партнерство государства и общества, значительно укрепился общенациональный диалог.

Важными составляющими политической реформы стали введение однократного семилетнего мандата для Президента и переход к смешанной избирательной системе»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Осыдан тура бір жыл бұрын мен ауқымды сайлау кезеңі басталатынын айтқан едім. Қысқа мерзім ішінде Президент, Сенат пен Мәжіліс, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы кезең-кезеңімен өтті. Оның бәрі жаңа әрі әділ ережемен жүргізілді. Бұл сайлаулар азаматтарымыздың саяси және сайлау мәдениетінің деңгейі өскенін көрсетті.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың енгізілуі саяси реформадағы аса маңызды қадамның бірі болды. Қазірге дейін 1900-ден астам ауыл округында сайлау өтті. Ауыл әкімдерінің 60 пайызға жуығы жаңарды.

Жақында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін азаматтарымыз тікелей сайлайтын болады. Әзірге жаңа тәсілдің тиімділігін байқап көреміз. Адам құқығын қорғау жүйесі жетіле түсті. Конституциялық Сот қайта құрылды. Омбудсмендердің мәртебесі көтеріліп, құзыреті кеңейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға жаза күшейтілді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Год назад я говорил о том, что мы вступаем в большой электоральный цикл. За короткий период по новым, более справедливым правилам, мы поэтапно провели выборы Президента, депутатов Сената, Мажилиса и маслихатов всех уровней. Эти выборы продемонстрировали возросший уровень политической и электоральной культуры граждан.

Одним из важнейших шагов политической реформы стало введение прямой выборности сельских акимов. На сегодня в более чем 1900 сельских округах прошли выборы, корпус сельских акимов обновился почти на 60%.

В скором времени граждане смогут, пока в пилотном режиме, избирать акимов районов и городов областного значения. Усовершенствована система защиты прав человека, воссоздан Конституционный Суд, усилены статус и полномочия омбудсменов, ужесточена ответственность за семейно-бытовое насилие»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстан әлеуметтік салада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Халықтың денсаулығын жақсарту үшін қомақты қаржы бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде азаматтардың орташа жасы 74,4 жасқа жетті. Бұл – ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Қиындығы көп болған тоқсаныншы жылдарда халық саны күрт азайды. Біз қазіргі таңда осы демографиялық құлдырауды еңсердік. Көп ұзамай халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Бұл еліміздің тұрақты дамуының айқын көрінісі деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, азаматтарымыз өз ұрпағының жарқын болашағына және еліміздің ертеңіне сеніммен қарайды.

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру үшін тиісті заң қабылданды. Небәрі екі айдан кейін балаларымыздың есеп-шотына қаржы түсе бастайды»

t.me/aqorda_resmi