Aqorda 🇰🇿
53.6K subscribers
10.5K photos
2.37K videos
12.8K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Шарлапаев Канат Бисимбаевич назначен Министром промышленности и строительства Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды.

Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды, – деді Президент.

Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.

Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс, – деді Президент. Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды. – Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең…
Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды

Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды, – деді Президент.

Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.

❗️Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства провел заседание Совета безопасности

Под председательством Касым-Жомарта Токаева состоялось заседание Совета Безопасности Республики Казахстан, на котором были рассмотрены вопросы игровой зависимости среди населения.

В последние годы ситуация с игровой зависимостью в Казахстане стала приобретать все более широкие масштабы. Для некоторых семей это стало большой трагедией, – отметил Президент.

Касым-Жомарт Токаев акцентировал внимание на том, что особую группу риска составляет молодежь, и поручил государственным органам усилить работу по установлению ограничений в отношении азартных игр для отдельных категорий граждан.

В борьбе с лудоманией особое внимание должно уделяться воспитательным и разъяснительным мерам, – подчеркнул Глава государства и поставил конкретные задачи перед профильными министерствами.

❗️Президент обратил внимание правоохранительных органов на рост преступности, связанный с зависимостью населения от азартных игр, и поручил принять как профилактические, так и иные меры по обеспечению законности и правопорядка.

Он отметил важную роль общественности, духовенства и средств массовой информации в формировании социальных установок, способствующих недопущению развития лудомании в стране.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Глава государства провел заседание Совета безопасности Под председательством Касым-Жомарта Токаева состоялось заседание Совета Безопасности Республики Казахстан, на котором были рассмотрены вопросы игровой зависимости среди населения. – В последние годы…
Глава государства также указал на необходимость активизации работы по предотвращению финансовых и других нарушений в сфере игорного бизнеса

Важно отслеживать все перемещения финансовых средств и принимать необходимые меры при выявлении нарушений, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

В ходе заседания были заслушаны доклады членов Правительства и руководителей ряда государственных органов.

❗️По итогам обсуждения Президент поручил принять комплекс законодательных, организационных и информационно-идеологических мер по борьбе с игровой зависимостью среди граждан.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Сулейменов Тимур Муратович назначен Председателем Национального Банка Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлейменовті таныстырды. Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-экономикалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін және қаржы реттеушісінің қызметін жетік білетінін, төрт жылдан астам уақыт Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық блогын басқарғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы атқарған жұмысы үшін Ғалымжан Пірматовқа алғыс айтып, қабылданған шаралардың нәтижесінде макроэкономикалық, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Президент Ұлттық банкке инфляцияны төмендету, қаржы технологиялары мен инновацияны дамыту және келесі жылы ұлттық төлем жүйесін толыққанды іске қосу жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін хабарлады.

Біз бизнесті жеткілікті дәрежеде несиелендіруді қамтамасыз ету міндетін көтергенімізге бір жыл ғана болған жоқ. Бұл жұмысты жеделдету қажеттігі жөнінде мен Қазақстан халқына Жолдауымда мәлімдедім. Аталған мәселе бойынша теңгерімді шешім табу, жаңа тәсілдерді, құралдар мен тетіктерді енгізу ісін белсенді түрде ынталандыру маңызды. Халықаралық қаржылық ынтымақтастыққа және Ұлттық банктің үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет. Қазіргі геосаяси жағдайда еліміздің қаржы жүйесіне жаһандық реттеушілердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан осындай қарым-қатынас орнатуда теңгерімді әрі тиімді жол табу және елдің қаржылық қауіпсіздігі үшін тәуекелдер мен салдарға тиісті баға беруді қамтамасыз ету маңызды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің ұжымы жүктелген барлық міндетті жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Президент провел совещание с руководством Национального банка

Глава государства представил руководству Национального банка нового председателя Тимура Сулейменова. Как подчеркнул Касым-Жомарт Токаев, вновь назначенный руководитель имеет большой опыт работы в финансово-экономическом направлении и глубоко погружен в деятельность финансового регулятора, более четырех лет возглавлял социально-экономический блок Администрации Президента.

Президент поблагодарил Галымжана Пирматова за проделанную работу и отметил, что благодаря принятым мерам обеспечена макроэкономическая и финансовая стабильность.

Глава государства сообщил, что перед Национальным банком поставлены важные задачи по снижению инфляции, развитию финансовых технологий и инноваций, полноценному запуску национальной платежной системы уже в следующем году.

Мы не первый год думаем над задачей по обеспечению достаточного кредитования бизнеса. О необходимости форсирования данной работы я уже заявил в своем Послании народу Казахстана. Важно найти сбалансированные решения по данному вопросу, активно стимулировать внедрение новых подходов, инструментов и механизмов. Особое внимание следует уделить вопросу международного финансового сотрудничества и взаимодействия Нацбанка с центральными банками и финансовыми институтами третьих стран. В текущих геополитических условиях со стороны глобальных регуляторов усиливается интерес к нашей финансовой системе. Поэтому важно найти «золотую середину» в выстраивании таких отношений и обеспечить надлежащую оценку рисков и последствий для финансовой безопасности страны, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

Президент выразил уверенность, что коллектив Национального банка сможет реализовать все поставленные задачи.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Нысанбаев Ерлан Нуралиевич назначен Министром экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Ахметжанов Марат Муратович назначен акимом Акмолинской области.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Карашукеев Ербол Шыракпаевич назначен акимом Жамбылской области.

t.me/aqorda_resmi
Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақмола облысының жаңа әкімін таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысу үшін Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында Олжас Бектенов депутаттарға Ақмола облысының әкімі лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Мұрат Сағатұлы Балпанның кандидатурасын ұсыну туралы Президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс берудің нәтижесінде 177 депутат Марат Ахметжановтың, 73 депутат Мұрат Балпанның кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Жиналысқа барлығы 250 депутат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Президент Жарлығымен Ахметжанов Марат Мұратұлы Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

Өңір активіне жаңа әкімді таныстырған Олжас Бектенов Марат Ахметжановтың құқық қорғау және қадағалау салаларында түрлі басшылық қызметтерді тиімді атқарған тәжірибелі басшы екенін атап өтті.

Олжас Бектенов облыс басшылығы Президенттің халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға күш салуы қажет екенін айтты. Ақмола облысының әкімдігі өңір экономикасын дамыту, азаматтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, облыс орталығындағы жылу энергиясының тапшылығын жою, медицина саласын дамыту, тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, туристік әлеуетті нығайту, елорда маңындағы аумақтарды дамыту және басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеуі керек.

Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың жұмысы азаматтармен табысты байланыс орнатуға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделуі қажет екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Олжас Бектенов Марат Ахметжановқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тіледі, сондай-ақ аймақтың бұрынғы басшысы Ермек Маржықпаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

t.me/aqorda_resmi