Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.3K photos
2.58K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Президентке University Medical Center корпоративтік қоры қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына мекеме негізінде алғашқы Интеграцияланған академиялық медициналық орталық құру арқылы UMC-ді трансформациялау барысы туралы мәлімет берілді. Негізгі мақсат – білім беру, зерттеу ісін және клиникалық тәжірибені тоғыстыра отырып, медициналық қызмет сапасын жақсарту.

Юрий Пя Қасым-Жомарт Тоқаевқа заман талабына сай дәрігерлерді даярлау үшін Қордың жүзеге асырып жатқан шаралары туралы айтты. Сондай-ақ еліміздегі медициналық білім беру ісін жетілдіру перспективалары туралы көзқарасын жеткізді.

Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелері, соның ішінде қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдалану және Қазақстанда медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шаралары талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады Президентке University Medical Center корпоративтік қоры қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Мемлекет басшысына мекеме негізінде…
Глава государства принял председателя правления корпоративного фонда University Medical Center Юрия Пя

Президенту было доложено о результатах деятельности и дальнейших планах корпоративного фонда University Medical Center.

Главу государства проинформировали о ходе трансформации UMC путем создания на его базе первого Интегрированного академического медицинского центра, основной целью которого является улучшение качества медицинских услуг путем интеграции образования, исследований и клинической практики.

Юрий Пя рассказал Касым-Жомарту Токаеву о реализуемых фондом мерах по подготовке врачей новой формации и поделился своим видением перспектив совершенствования медицинского образования в стране.

В ходе встречи также были обсуждены проблемные вопросы отечественной системы здравоохранения, включая эффективность использования имеющейся инфраструктуры и меры по повышению качества оказания медицинской помощи в Казахстане.

t.me/aqorda_resmi
📣 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілде күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады

Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

***

📣 4 июля Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев примет участие в заседании Совета глав государств – членов Шанхайской организации сотрудничества в формате видеоконференции

По итогам мероприятия планируется подписание Нью-Делийской декларации и других документов.

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысына Қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және сатып алулардың ашықтығы есебінен импортты алмастыру, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестиция құю мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Президентке Қор қызметінің күтілетін нәтижесі, маңызды жобалар мен жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, Қордың құрамындағы компаниялар тобы қызметінің тиімділігін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды. Мемлекет басшысына Қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары…
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО «Самрук-Қазына» Нурлана Жакупова

В ходе встречи были рассмотрены перспективы дальнейшего развития АО «Самрук-Қазына».

Глава государства был проинформирован о подходах к увеличению стоимости активов группы фонда, которые включают в себя повышение эффективности портфельных компаний за счет корпоративного управления, реализацию программы «Тариф в обмен на инвестиции», поддержку МСБ и импортозамещение за счет прозрачности закупок, а также инвестирование совместно с иностранными партнерами.

Касым-Жомарту Токаеву также было доложено об ожидаемых результатах деятельности фонда, ходе реализации приоритетных проектов и программы приватизации.

❗️В завершение Президент дал ряд конкретных поручений, в том числе по своевременной реализации инвестиционных проектов, а также по совершенствованию эффективности деятельности группы компаний фонда.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Кездесу барысында Президент балалардың құқығын қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда бала құқығын қорғауға және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірнеше маңызды мәселе көтергенін еске салып, отбасыларға жан-жақты көмек көрсететін жүйені қалыптастырып, отбасын қолдау орталықтарын ашу, әлеуметтік қолдауды күшейту, заңға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қатаңдататын  өзгерістер енгізу маңызды екенін айтты.  

Сонымен қатар Президент балалар арасында зорлық-зомбылық және буллинг фактілері әлі де азаймай тұрғанын атап өтіп, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік құрылымдармен өзара тығыз жұмыс істеу маңызды екеніне назар аударды.

❗️Кездесу соңында Президент балалар омбудсменінің өз міндетін тиісті деңгейде атқаруы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтып, балалардың құқығын қорғау ісінде жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнату жөнінде тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады Кездесу барысында Президент балалардың құқығын қорғау мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда…
Глава государства принял уполномоченного по правам ребенка Динару Закиеву

В ходе встречи Президент обратил внимание на приоритетность вопросов защиты прав детей в ходе реализации государственной политики.

Глава государства напомнил, что на недавнем заседании Национального курултая в Туркестане он поднял ряд важных вопросов, касающихся защиты прав детей и воспитания подрастающего поколения. Он отметил необходимость формирования системы всесторонней помощи семьям, открытия центров оказания поддержки семей, усиления социальной поддержки, внесения законодательных поправок, ужесточающих ответственность за безопасность детей.

Кроме того, Президент, указав на продолжающиеся факты насилия и буллинга среди детей, отметил необходимость более тесного взаимодействия c родителями, общественными организациями и соответствующими государственными структурами.

❗️В завершение Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что государство будет поддерживать детского омбудсмена в осуществлении предусмотренных полномочий, а также поручил выстроить тесное взаимодействие с местными исполнительными органами в вопросах защиты прав детей.

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апаттардан кейін туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр

Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

❗️Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілді.

t.me/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев держит на постоянном контроле ситуацию, возникшую после аварий на АНПЗ и МАЭК

Он поручил создать государственную комиссию по расследованию причин аварий. Виновные будут привлечены к ответственности согласно закону.

❗️Правительству поручено в кратчайшие сроки привести указанные предприятия в рабочее состояние.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент Қазақстан мен Американың…
✉️ Касым-Жомарт Токаев направил поздравительную телеграмму Джозефу Байдену по случаю Дня независимости США

🇰🇿🇺🇸 Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев поздравил Президента Соединенных Штатов Америки Джозефа Байдена и американский народ с Днем независимости.

Глава государства отметил поступательное развитие казахско-американского расширенного стратегического партнерства в сферах обеспечения безопасности, энергетики, привлечения инвестиций, борьбы с изменением климата и отношений между народами двух стран.

В телеграмме лидера Казахстана высказана признательность за поддержку в деле укрепления безопасности и взаимосвязанности региона Центральной Азии.

Касым-Жомарт Токаев также выразил уверенность в дальнейшем успешном развитии сотрудничества во всех сферах.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Кусаинов Даулетбек Каирбекович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Канаде. Он освобожден от должности заведующего Отделом внешней политики и международных связей Администрации Президента Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Глава государства принял участие в заседании Совета глав государств – членов ШОС

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Ең алдымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан Республикасының табысты төрағалық еткені үшін Премьер-министр Нарендра Моди мырзаға алғыс айтамын. Сіздің еліңіз ұйымымызды дәйекті дамытуға және оның халықаралық беделін арттыруға елеулі үлес қосты.

Бүгінгі саммит ашықтық, өзара сенім мен тең құқықтық принциптеріне негізделген жаһандық көпжақты диалогқа тың серпін береді. ШЫҰ қарқынды түрде кеңейіп келеді. Бұл ұйымның рөлі артып келе жатқанын және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нығая түскенін білдіреді. Осы ретте әріптесіміз Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиді ШЫҰ-ға толыққанды мүше мемлекет мәртебесін иеленуімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Беларусь Республикасының да біздің Ұйымға мүше атану процесі аяқталуға жақын.

Осы жағдайды пайдалана отырып, әріптесіміз Президент Александр Григорьевич Лукашенконы кеше өткен Беларусьтің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бауырлас белорусь халқына амандық, бақ-береке тілеймін. Бірнеше күннен кейін Өзбекстан Республикасында президент сайлауы өтеді. Құрметті Президент Шавкат Миромонович Мирзиёевке осы маңызды шараны табысты өткізуге тілектестік білдіремін»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Прежде всего выражаю благодарность Премьер-министру, уважаемому Нарендре Моди, за успешное председательство Республики Индия в Шанхайской организации сотрудничества. Ваша страна внесла значительный вклад в последовательное развитие и укрепление международного авторитета нашей Организации.

Уверен, сегодняшний саммит придаст новый импульс глобальному многостороннему диалогу, основанному на принципах открытости, взаимного доверия и равноправия. Поступательное расширение ШОС свидетельствует о неуклонно растущей роли и все большей привлекательности нашего многопланового взаимовыгодного сотрудничества. В этом контексте позвольте поздравить нашего коллегу, Президента Исламской Республики Иран Ибрахима Раиси, с обретением его страной полноправного статуса государства – члена ШОС. Близится к завершению и процесс вступления Республики Беларусь в нашу Организацию.

Пользуясь случаем, хотел бы поздравить нашего коллегу, Президента Александра Григорьевича Лукашенко, с прошедшим вчера Днем Независимости Беларуси. Я желаю братскому белорусскому народу благополучия и процветания. Через несколько дней в Республике Узбекистан состоятся президентские выборы. Желаю уважаемому Президенту Шавкату Миромоновичу Мирзиёеву успешного проведения этого важного события»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық беделі жоғары. Бүгінде табысты әрі көпжақты ұйымға айналды.

Жер шары халқының шамамен жартысын қамтитын ШЫҰ – күн тәртібінде ауқымды мәселелерді қарастыратын бірегей еуразиялық ұйым. Әлемдік ЖІӨ-нің төрттен бірі, дүниежүзілік сауданың 15 пайызы біздің мемлекеттеріміздің үлесіне тиесілі»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Шанхайская организация сотрудничества по праву пользуется высоким международным авторитетом и является успешным многосторонним объединением.

Охватывая практически половину населения планеты, ШОС является уникальной евразийской организацией с обширной повесткой дня. На долю наших государств приходится четверть мирового ВВП и более 15% мировой торговли»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Саяси ықпалы зор, экономикалық мүмкіндігі мол және орасан зор адам ресурсына ие ШЫҰ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге және адамзаттың заманауи сын-қатерлерін еңсеруге елеулі үлес қоса алатынына сенімдімін.

Жаһандық тәртіпті түбегейлі трансформациялау жағдайында бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленістің, сауда және санкциялық соғыстардың, сондай-ақ басқа да заманауи сын-қатерлердің күшейе түскеніне куә болып отырмыз.

Халықаралық құқық негіздері мен оның маңызды қағидатының, яғни теңдей, бірлескен, бөлінбейтін, кешенді және тұрақты қауіпсіздіктің бұзылуы қалыпты жағдайға айналды»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Уверен, обладая значительным политическим влиянием, существенными экономическими возможностями и колоссальными человеческими ресурсами, ШОС способна внести весомый вклад в достижение целей устойчивого развития и преодоление современных вызовов человечества.

В условиях кардинальной трансформации глобального миропорядка мы являемся свидетелями беспрецедентного роста геополитической напряженности, усиления торговых и санкционных войн и многих других современных вызовов.

Обыденным становится подрыв основ международного права и его важного принципа – равной, совместной, неделимой, комплексной и устойчивой безопасности»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«В этой связи нам необходимо сохранять приверженность формированию более представительного, демократического и многополярного мира при центральной и координирующей роли ООН.

Как государство, стоявшее у истоков создания ШОС, Казахстан в рамках предстоящего председательства в этой авторитетной организации продолжит повышать ее глобальную роль, содействуя укреплению дружбы и добрососедства на пространстве ШОС.

В этой связи, а также исходя из общих интересов, позвольте кратко представить приоритеты, которые, на мой взгляд, будут иметь стратегическое значение для всех государств – членов нашей Организации»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«ПЕРВОЕ. Обеспечение безопасности и стабильности на пространстве ШОС.

Создавая Организацию, мы договорились осуществлять совместный поиск решения проблем, которые возникнут в XXI веке. На данном этапе магистральной задачей наших стран должно стать недопущение геополитического разлома между Востоком и Западом. Шанхайская организация сотрудничества может и должна предложить мировому сообществу свое видение устойчивого мира.

Поэтому в рамках своего председательства Казахстан представит инициативу «О мировом единстве за справедливый мир и согласие». В данный всеобъемлющий документ будут заложены принципы укрепления мер доверия, поддержания стабильности и безопасности. Убежден, совместное продвижение этой инициативы отвечает нашим общим интересам»

t.me/aqorda_resmi