Aqorda 🇰🇿
57.4K subscribers
11.8K photos
2.52K videos
13.8K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Глава государства:

«Хотел бы остановиться на еще одной значимой проблеме.

Высшие должностные лица полиции должны посещать школы и университеты, разъясняя подрастающему поколению необходимость следования законам и последствия их нарушения. К сожалению, у нашей молодежи низкий уровень правовой грамотности.

Подрастающее поколение плохо знает законы и зачастую до конца не осознает важность их неукоснительного соблюдения. Последствия такой юридической безграмотности могут быть очень серьезными.

Я всегда говорю о том, что в стране должно господствовать верховенство закона, только в таком случае в обществе будет порядок. Сотрудники полиции должны доносить эту простую истину до граждан, особенно молодежи»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Бүгінде азаматтарымыз өздерінің заңды құқықтарын, конституциялық бостандықтарын және жеке меншігін қорғау үшін мемлекетке жүгінеді. Олар қиын жағдайға тап болғанда билік өкілдері әділдікті тез арада қайта орнатады, кінәлілерді жауапқа тартады және шығынды өтеуге көмектеседі деп үміттенеді. Сондықтан арыз-шағымдарды барынша жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету қажет.

Алайда шағымдардың көптігі құқық қорғау жүйесінің бұл міндетті тиісті деңгейде атқара алмай жатқанын көрсетеді. Азаматтар жылдар бойы талай мекеменің табалдырығын тоздырып, нақты жауап таппай, шындыққа қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан менің тапсырмам бойынша Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі комиссия қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасын әзірледі.

Бұл құжат тергеушілердің және анықтаушылардың жұмысын жеңілдету үшін керек. Басты мақсат – оларды артық рәсімдерден, құжаттардан арылту. Түптеп келгенде, мұның бәрі сіздерге көмек сұрап келген азаматтар үшін жасалып жатыр»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Сегодня наши сограждане обращаются к государству, чтобы защитить свои законные права, конституционные свободы и частную собственность. Оказавшись в сложной ситуации, они обоснованно надеются на помощь представителей власти в скорейшем восстановлении справедливости, наказании виновных и возмещении ущерба. Поэтому реагировать на поступающие заявления нужно максимально оперативно и профессионально.

Однако огромный вал жалоб говорит о том, что с этим у правоохранительной системы пока имеются проблемы. Люди годами обивают пороги различных инстанций, не получая четких ответов, тщетно пытаясь добиться правды. Я только что выслушал некоторые доклады и дал поручение: в системе МВД на всех участках, во всех регионах следует наращивать цифровизацию. Цифровизация – это очень серьезный инструмент прозрачности работы полицейских и достижения соответствующей эффективности. Поэтому по моему поручению Комиссия по реформе правоохранительной системы подготовила проект закона об оптимизации уголовного и уголовно-процессуального законодательства.

Он призван облегчить работу дознавателей и следователей, освободив их от бесполезных дублирующих процедур и избыточного документооборота. Но в первую очередь законопроект разработан в интересах наших граждан, обращающихся к вам за помощью»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Бюрократия жойылса, полицияның уақыты үнемделеді, күш-қуаты босқа жұмсалмайды. Азаматтардың өзекті мәселесін шешуге көбірек мүмкіндік туады.

Біздің азаматтарымызға құрғақ есептер емес, сіздердің қызметтеріңіздегі елеулі өзгерістер мен нақты нәтижелер қажет. Сервистік модельдің мәні – осы. Оның негізгі тәсілдері полиция қызметінің барлық аспектілері мен салаларына енгізілуі керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Избавление от излишней бюрократии сэкономит ваши время и силы, чтобы вы могли сосредоточиться на реальном решении насущных проблем людей.

Нашим гражданам нужны не формальные отчеты, а ощутимые изменения в вашей работе и конкретные результаты. Именно в этом заключается суть сервисной модели, ключевые подходы которой должны быть внедрены во все аспекты и сферы вашей деятельности»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару керек. Статистика көңіл көншітпейді. Соңғы екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 878 фактісі және орташа зиян келтірудің 808 фактісі тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Бұл жерде учаскелік инспекторлар шешуші рөл атқарады. Уақтылы шаралар қабылданса, отбасылық және тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде жасалған қылмыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Яғни біреудің өмірі мен денсаулығын сақтап қалар едік. Мұны тәжірибе көрсетті. Қоғам сіздерден отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-әрекет күтеді.

Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды. Көптеген әлеуметтік кеселдің түп тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбылықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан құқық қорғау органдары адамдардың құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық моделін өзгертуде шешуші рөл атқара алады және атқаруы қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Особое внимание следует уделить повышению эффективности работы по профилактике семейно-бытового насилия. Я заслушал доклад. В принципе подходы правильные, поэтому данную работу надо продолжить. Но статистика неутешительная. За последние два с половиной года домашними агрессорами совершено 300 убийств. Зарегистрировано 878 фактов причинения тяжкого и 808 фактов – среднего вреда здоровью. К административной ответственности за правонарушения в этой сфере привлечено более 37 тысяч лиц.

Чтобы исправить сложившуюся ситуацию, необходима комплексная профилактическая работа. И здесь основная роль отводится участковым инспекторам полиции. Как показывает практика, при принятии своевременных мер большинство преступлений, совершенных на почве семейно-бытовых конфликтов, можно избежать, а это значит – сохранить чью-то жизнь и здоровье. В конце концов от этого зависит моральное состояние нашего общества. Общество ожидает от вас эффективной и планомерной работы по противодействию семейно-бытовому насилию.

Данный вопрос критически важен для построения справедливого государства. Корни многих социальных болезней, в том числе и преступности, зачастую берут начало в неблагополучных семьях, в которых атмосфера насилия деформирует сознание и психику детей. Поэтому органы правопорядка могут и должны играть ключевую роль в трансформации системы ценностей и моделей поведения людей, то есть роль МВД ни в коем случае нельзя преуменьшать. Ваш вклад должен быть абсолютно значимым»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Құқық қорғау органдары әрқашан басты назарда ұстауға тиіс тағы бір маңызды мәселе – жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру. Соңғы үш жылда жол-көлік оқиғаларының саны 9 пайызға өсті. Оның салдарынан 6,5 мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алды.

Шын мәнінде, біз жыл сайын ірі елді мекендердің халқынан айырылып отырмыз. Бұл – еліміз үшін нағыз қасірет. Біз адамдардың өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екенін үнемі айтамыз. Сондықтан жағдайды түзеу үшін жүйелі шаралар қабылдау керек. Ең алдымен, барлық азаматтың назарын жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға аудару керек.

Мәселен, жаяу жүргіншілердің кінәсінен тек биылдың өзінде 164 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 24 адам қаза тапты, 142 адам жарақат алды. Апаттардың көптігі жол қауіпсіздігі деңгейінің автомобильдер санының өсіміне сай келмейтінін көрсетеді. Бұл жол инфрақұрылымына да, оның қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтердің жұмысын ұйымдастыруға да қатысты.

Жуырда ғана электр самокаттарын және басқа да жеке көлік құралдарын пайдалану тәртібін реттейтін заң қабылданды. Енді көліктің жаңа түрлерін іс жүзінде қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету маңызды»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Еще один важный вопрос, который правоохранительным органам всегда нужно держать в фокусе внимания, – это повышение уровня дорожной безопасности. За последние три года количество дорожно-транспортных происшествий выросло на 9%. В них погибло свыше 6,5 тысячи граждан, более 55 тысяч получили травмы. Вдумайтесь в эти цифры.

По сути, мы ежегодно теряем крупные населенные пункты. Это настоящая трагедия для нашей страны. Мы всегда и везде заявляем, что жизнь и здоровье людей – это самое главное. Поэтому нужно принимать системные меры для исправления сложившейся ситуации. В первую очередь следует обратить внимание всех граждан на неукоснительное соблюдение правил дорожного движения.

Так, по вине пешеходов только в текущем году произошло 164 ДТП, в которых погибло 24 человека и травмировано 142. Удручающая статистка аварий говорит о том, что уровень дорожной безопасности не соответствует динамике автомобилизации. Это касается как дорожной инфраструктуры, так и организации работы служб, которые за эту безопасность отвечают.

Буквально на днях был принят закон, регламентирующий порядок использования электросамокатов и других средств индивидуальной мобильности. Теперь важно обеспечить на практике безопасное использование новых видов транспорта»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Ел аумағына ретсіз әкелінген шетелдік көліктер де жолдағы жағдайды ушықтырып жіберді. Олар тіркеусіз жүрді. Мұндай көліктерді тізгіндеген жүргізушілер жол жүру ережесін өрескел бұзды және көбіне жазасыз қалды. Қазір менің тапсырмам бойынша бұл көліктердің мәселесін құқықтық тұрғыда реттеу үшін заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың үстірт шешімі осындай көліктердің елге жаппай әкелінуіне себепші болды. Енді жіберілген олқылықтарды түзеуге мәжбүр болып отырмыз. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінің де қателіктері бар. Бұдан бөлек, шетелдік көліктерді әкелумен және оны есепке қоюмен айналысатын қылмыстық схемалар пайда болды. Оған полиция қызметкерлерінің де қатысы бар. Әділетті әрі құқықтық мемлекетте бүкіл құқық қорғау жүйесінің атына кір келтіретін мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі керек.

Сондықтан құқық қорғау органдары осы саладағы мамандармен және азаматтық белсенділермен бірлесіп, аталған мәселемен жан-жақты айналысуы керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Ситуацию на дорогах усугубил также беспорядочный ввоз в страну иностранных машин, которые ездили без должной регистрации. Их водители грубо, а зачастую безнаказанно, нарушали правила дорожного движения. Чтобы вернуть их в правовое поле, по моему поручению проводится легализация этих автомобилей. Сейчас я заслушал краткие доклады, работа проводится, сделано немало. Но, в принципе, эту работу надо продолжать. Самое главное – не повторять ошибки.

Причина массового ввоза в страну таких машин кроется в непродуманных решениях уполномоченных государственных органов. Сейчас мы вынуждены исправлять ранее допущенные ошибки, в том числе и министерством внутренних дел. Более того, образовались криминальные схемы ввоза иностранных автомашин и постановки их на учет с участием сотрудников полиции. Подобным беззакониям, бросающим тень на всю правоохранительную систему, не должно быть места в справедливом и правовом государстве.

Поэтому правоохранительным органам в тесном партнерстве с профильными специалистами и гражданскими активистами нужно предметно заниматься этим вопросом»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қылмыстың ұйымдасқан түрлері мемлекет пен қоғам үшін зор қауіп төндіреді. Ел ішінде болған жайттар, сондай-ақ төңірегіміздегі геосаяси кеңістікте болып жатқан оқиғалар ұйымдасқан қылмыстық топтармен ымырасыз күрес жүргізудің аса маңызды екенін көрсетті.

Ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге баруға, астыртын мәміле жасауға, сыбайластыққа жол берілмейді әрі қатаң тыйым салынады. Олардан қаһарман жасаудың керегі жоқ. Кезінде Абай «Күшік асырап, ит еттім, ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, ол мерген болды, мені атты» деп айтқан.

Таяудағы оқиғалар қылмыс әлемінің өкілдері, түптеп келгенде, мемлекет пен заңға бағынатын азаматтарға қарсы бас көтеріп, саяси талап қоюға және өз дегенін жасатуға тырысатынын көрсетті»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Огромную опасность для государства и общества представляют организованные формы преступности. Наш отечественный опыт, а также события, произошедшие в геополитическом окружении, показывают исключительную важность бескомпромиссной борьбы с организованными преступными группировками.

Не может и не должно быть никаких закулисных договоренностей, соглашательских сделок, заигрываний и прочих так называемых оперативных игр с организованным криминалитетом. Тем более, нельзя героизировать криминалитет. В свое время великий Абай сказал: «Күшік асырап, ит еттім, ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, ол мерген болды, мені атты».

Мы на примере недавних событий убедились, что криминалитет, в конечном счете, разворачивает острие своих атак против государства и законопослушных граждан, пытается ставить политические условия, диктовать свою волю»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Жалпы заңға бағыну мен құқық бұзушылықтың ара-жігін нақты ажырата білу қажет. Тағы да қайталап айтамын. Қоғамда Заң мен Тәртіп қатаң сақталуы керек. Сонда ғана еліміз өсіп-өркендейді. Бұл – мызғымас қағида.

Қылмыскерлермен күрес ымырасыз жүргізілуге тиіс. Бірде бір құқық бұзушылықты елеусіз қалдыруға болмайды. Мұнда ұсақ-түйек деген жоқ»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Необходимо провести четкую грань между соблюдением закона и правонарушениями. Вновь повторю: в обществе должны строго соблюдаться Закон и Порядок. Только тогда мы сможем говорить о развитии и прогрессе страны. Это аксиома.

Борьба с преступностью должна быть бескомпромиссной, ни одно нарушение не должно оставаться безнаказанным. И в этом деле не может быть мелочей»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Полиция қызметкері заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек. Ал тәртіп бұзушылармен заң аясында сөйлесу қажет. Адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейді. Әрбір тәртіп сақшысы мұны жете түсінуге тиіс.

Күнделікті жұмыста осы талаптар сақталса, азаматтардың полицияға деген сенімі артады. Әрине, қоғам тарапынан да құрмет болуы керек. Халықтың түсінігінде полиция азаматтарды қорғаушы, қолдаушы, қылмыстың алдын алушы, заңның орындалуын қадағалаушы болуға тиіс.

Өкінішке қарай, қазір ел арасында полицияның келбеті, беделі дәл сондай деп айта алмаймыз. Тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбау, оған қоқан-лоқы көрсету, тіпті, күш қолдану дұрыс емес. Осындай әрекеттерді доғару керек. Мұндай жағдайда бұзақылар жауапсыз қалмауы қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Сотрудники полиции должны с уважением относиться к законопослушным гражданам, в то время как с нарушителями порядка следует говорить строго с позиции закона. В ходе следственных действий абсолютно недопустимо применение насилия, пыток и других запрещенных методов. Каждый страж порядка должен это четко усвоить.

Только неукоснительное следование этим требованиям в повседневной работе может обеспечить высокое доверие населения. При этом и со стороны граждан должно проявляться уважение к сотрудникам правоохранительных органов. В глазах общества полиция должна восприниматься как надежная защита, опора, сила, предотвращающая преступления и обеспечивающая четкое исполнение закона.

Однако приходится с сожалением констатировать, что сегодня имидж и авторитет полиции среди населения не соответствуют этому идеалу. Такие действия, как неподчинение сотрудникам правоохранительных органов, угрозы или применение силы в их отношении, должны решительно пресекаться. Нарушители закона не должны оставаться безнаказанными»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Әлеуметтік желіде полицияға қатысты түрлі бейнежазбалар бар. Кейбір адамдар қасақана арандатушылық жасайды. Сондай кезде ұстамдылық танытып, дөрекі әрекеттерге жол бермеу өте маңызды. Тәртіп сақшысы сауатты сөйлеп, өзін лайықты ұстауы қажет. Полиция қызметкері заңдарды анық білуге тиіс, яғни еліміздің заңдарын жұртқа қарапайым тілмен түсіндіруге дайын болуы қажет. Сонда ғана полиция мен халық арасында мызғымас келісім болады.

Әрине, офицерлердің арасында кәсіби білікті, антына адал азаматтар көп. Сондай қызметкерлер өзгелерге, әсіресе, жастарға үлгі-өнеге көрсетуде. Осындай үздік қызметкерлерді қолдау қажет.

Ерлік көрсеткен офицер, сержанттар туралы жұрт білуге тиіс. Бұл – біздің тиісті министрліктің және жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті. Өздеріңізге мәлім, мемлекет ішкі істер органдарының жұмысын әрдайым жоғары бағалайды»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Сегодня в социальных сетях можно увидеть немало видеороликов о работе полицейских, некоторые из них носят откровенно провокационный характер. В такой ситуации стражам порядка очень важно проявлять сдержанность, не допускать грубости. Они должны уметь грамотно говорить и достойно вести себя. Полицейские должны четко знать законы и быть готовыми разъяснять их населению простым, доступным языком. Только так можно наладить партнерство и взаимопонимание между полицией и гражданами.

Безусловно, в офицерском корпусе немало профессионалов, верных присяге. Именно такие сотрудники служат примером для других, особенно для молодежи. Лучшим сотрудникам следует оказывать поддержку.

Общество должно знать имена офицеров и сержантов, проявивших мужество и героизм. Это задача профильного ведомства и средств массовой информации. Как известно, государство уделяет особое внимание деятельности органов внутренних дел»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Соңғы үш жылдың ішінде нақты шаралар атқарылды. Жалақыны бірнеше рет көтердік. Тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлер көбейді. Қазір олардың саны 38 мыңнан асты. Ұлттық ұланға қолдау көрсетілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Инновациялық технологиялар енгізілуде.

Жалпы ішкі істер органдарына қолдау көрсетіле береді. Осының бәрі азаматтарды қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін керек. Темірдей тәртіп – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі.

Мен Министрлік басшылығы аймақтарға барып, жұртпен кездесіп жүргенін білемін. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер аз емес. Соның бәрін көзбен көріп, ақылдасып, бірлесіп шешкен дұрыс. Сондықтан біз бүгін ішкі істер органдарының жұмысына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«За последние три года принят ряд конкретных мер. Неоднократно повышалась заработная плата. Увеличилось количество работников, получающих жилищные компенсации, сейчас их число превысило 38 тысяч. Оказывается поддержка Национальной гвардии. Ежегодно выделяются значительные средства на укрепление материально-технической базы, внедряются инновационные технологии.

В целом, поддержка деятельности органов внутренних дел будет продолжена. Все это необходимо для обеспечения безопасности граждан и укрепления общественного порядка. Железная дисциплина – залог стабильности и спокойствия в обществе.

Я проинформирован о том, что руководство министерства выезжает в регионы для встреч с населением. Действительно, граждан волнуют различные проблемы, и мы должны хорошо знать о них, обсуждать и сообща решать. Сегодня мы обсудим актуальные вопросы, касающиеся работы органов внутренних дел»

t.me/aqorda_resmi