Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.3K photos
2.58K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇩🇪 Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары

🇰🇿🇩🇪 Государственный визит в Казахстан Федерального Президента Германии Франк-Вальтера Штайнмайера

t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇩🇪 Мемлекет басшысы Германияның Федералды Президентін әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты

Франк-Вальтер Штайнмайердің сапары одан әрі Маңғыстау облысында жалғасады.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇩🇪Глава государства в столичном аэропорту тепло попрощался с Федеральным Президентом Германии

Визит Франк-Вальтера Штайнмайера продолжится в Мангистауской области.

t.me/aqorda_resmi
📣Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлер форумына қатысады

Форум 30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болмақ.

Сонымен қатар жиында волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.


📣Сегодня Глава государства Касым-Жомарт Токаев примет участие в Международном форуме волонтеров

Мероприятие призвано стать крупнейшей площадкой для обмена опытом волонтеров из более 30 зарубежных стран и всех регионов Казахстана.

На полях форума планируется обсудить перспективы развития волонтерства и взаимодействия международных добровольческих организаций.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты

Президенттің сөйлеген сөзінен:

■ Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды;

■ Волонтерлік және қайырымдылық істерді институттық тұрғыда қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытқан жөн. Ол үшін волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажет;

■ Волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажет;

■ Маған еріктілер мен қайырымды жандардың «кең ауқымда ойла, соған сай әрекет ет» деген қағидаға сүйеніп жұмыс істейтіні ұнайды;

■ Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын;

■ Біздің волонтерлер Иордания, Кения, Тайланд және Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста, мен Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген БҰҰ өкілдеріне алғыс айтамын. Былтыр елімізде Орталық Азия волонтерлерінің алғашқы форумы өтті. Осындай маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял участие в Международном форуме волонтеров

Из выступления Президента:

■ Деятельность волонтеров необходимо стимулировать путем предоставления долгосрочных грантов. При этом важно выстроить устойчивое партнерство государственных и частных грантодателей, а также продуктивное взаимодействие между отечественными и международными донорами;

■ Следует последовательно развивать инфраструктуру институциональной поддержки волонтерских и благотворительных структур. Для этого надо значительно усилить организационный, технический и кадровый потенциал Фронт-офисов волонтеров на национальном и региональном уровнях;

■ Особое внимание нужно уделить дальнейшему укреплению и продвижению международного сотрудничества в области волонтерской деятельности;

■ Мне глубоко импонирует, что добровольцы и благотворители всегда действуют в соответствии со своим основополагающим принципом: «Думай глобально, действуй локально»;

■ Я лично поддерживаю волонтеров. Я высоко ценю вашу тяжелую работу и поддерживаю все инициативы в этом направлении;

■ Наши волонтеры специально побывали в Иордании, Кении, Таиланде, Турции, где получили полезный в своем деле опыт. Поэтому хотел бы поблагодарить представителей ООН, поддерживающих волонтеров Казахстана. В прошлом году в нашей стране прошел первый форум волонтеров Центральной Азии. Проведение подобных важных мероприятий будет продолжено и в дальнейшем.

t.me/aqorda_resmi
Президенттің сөйлеген сөзінен:

■ Волонтер болу бұл, ең алдымен, патриотизмнің, яғни отаншылдықтың жарқын көрінісі. Бұл – адамгершілік құндылықтарын бәрінен жоғары қоятын жандардың өмір салты. Еріктілер өнегелі істері арқылы қоғамды дамытуға зор үлес қосады. Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет;

■ Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан, бүгінгі жиынның мақсаты халқымыздың болмысымен үндес екені сөзсіз;

■ Өткен аптада Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті. Сол жиында отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, үнемшілдік, еңбекқорлық, жанашырлық секілді құндылықтар бәрінен биік тұруға тиіс екенін атап көрсеттім. Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Меніңше, барлық еріктілерді Адал азамат деуге болады;

■ Мемлекет басшысы ретінде мен «адамдар арасындағы дипломатия» қағидаты аясында халықаралық волонтерлік бағдарламалардың тиімділігі анағұрлым жоғары болады деп санаймын. Сонымен қатар ғұмырын басқаларға жәрдемдесуге арнаған жандар, әсіресе шетелдік қоғамдастық өкілдері, қандай да құрметке лайық және адамзаттың асылы деген атқа сай деп ойлаймын. Шын мәнінде, сіздер бейбітшілік пен мейрімділік елшісі ретінде халықтардың арасын жақындатып, түрлі мәдениет пен өркениет арасындағы диалогқа дәнекер болып жүрсіздер;

■ Қазақстан волонтерлік қозғалысты алдағы уақытта да қолдайды. Осы саладағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығымызды нығайтуға дайынбыз. Астанада өтіп жатқан бүгінгі форум волонтерлік қызметтің дамуына тың серпін береді деп ойлаймын. Форум жұмысына белсенді қатысқаныңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Сіздердің ізгі миссияларыңызға табыс тілеймін.

t.me/aqorda_resmi
Из выступления Президента:

■ Быть волонтером – это значит быть, прежде всего, патриотом своей страны. Это образ жизни тех, кто ставит нравственные ценности превыше всего. Благодаря своим добрым делам волонтеры вносят значимый вклад в развитие общества. Милосердие – качество присущее казахскому народу;

■ Наш народ всегда протягивал руку помощи, попавшим в беду. В трудную минуту сплачиваясь, люди находили выход из тяжелой ситуации. Многие представители этносов, депортированных в Казахстан, обрели здесь свой второй дом. Поэтому цель сегодняшнего форума, несомненно, созвучна образу жизни казахского народа;

■ На прошлой неделе в Туркестане состоялось второе заседание Национального курултая, на котором я подчеркнул, что превыше всего должны быть такие ценности, как патриотизм, гуманность, культ знаний, бережливость, трудолюбие, милосердие. Справедливый Казахстан построят только ответственные граждане. Уверен, что всех волонтеров можно назвать ответственными гражданами;

■ Как Глава государства, я твердо верю, что международные волонтерские программы являются наиболее эффективными в рамках "народной дипломатии". Я также уверен, что те, кто посвятил свою жизнь помощи другим, особенно выходцам из зарубежных сообществ, заслуживают признания и должны называться истинной элитой человечества. Действительно, все вы являетесь настоящими послами мира и доброты, способствуете сближению народов и диалогу между различными культурами и цивилизациями;

■ Казахстан привержен дальнейшей поддержке волонтерского движения. И мы готовы расширять наше сотрудничество с международными организациями, работающими в этой области. Сегодняшний форум, проходящий в Астане, придаст мощный импульс развитию волонтерской деятельности. Я выражаю свою искреннюю признательность всем вам за ваше активное участие в Форуме. Я желаю вам всяческих успехов в вашей благородной миссии.

t.me/aqorda_resmi