Aqorda 🇰🇿
53.9K subscribers
10.8K photos
2.41K videos
13K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Хельга Шмидпен кездесуі

🎥 Встреча Касым-Жомарта Токаева с Хельгой Шмид

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді.

Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

***

Президент Касым-Жомарт Токаев провел встречу с руководителем компании Shell Уаэлем Сауаном

Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о реализуемых транснациональной компанией проектах в энергетике и нефтехимии.

В ходе встречи также были обсуждены перспективы сотрудничества Казахстана и компании в нефтегазовой отрасли.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Факультативного протокола к Конвенции о правах инвалидов».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
Президент Астана қаласы әкімінің баяндамасын тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың сумен қамтамасыз етілу жағдайы туралы Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады.

Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

❗️Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.

t.me/aqorda_resmi
Президент заслушал доклад акима Астаны

Глава государства Касым-Жомарт Токаев заслушал доклад акима Жениса Касымбека о положении дел с водоснабжением столицы.

Акиму поручено в самые короткие сроки принять меры системного и оперативного характера, чтобы полностью исключить возникновение кризисных ситуаций не только с обеспечением водой, но и с другими системами жизнедеятельности города.

❗️По поручению Главы государства ситуация находится на контроле Администрации Президента.

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени және тарихи мұраларды сақтау, білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту ісіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азулеге ілтипат білдіре отырып, оның ЮНЕСКО Бас директоры ретіндегі көшбасшылығын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ ұйымды одан әрі нығайтуға бағытталған қызметіне қолдау көрсететінін атап өтті.

Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғысын айтты. Сондай-ақ оның Түркістанға сапарын азаматтарымыз оң қабылдағанын жеткізді.

Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін аса маңызды. ЮНЕСКО біз үшін ерекше ұйым әрі басымдыққа ие. Біз осы өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы климат, биоалуантүрлілік және су ресурстары салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға Қазақстанның ниетті екенін жеткізді.

Жақын арада Өңірлік көпсалалы кеңсе болып қайта құрылатын Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросының қызметі – Қазақстанның осы ұйыммен табысты байланысының жарқын мысалы.

t.me/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев принял Генерального директора ЮНЕСКО Одрэ Азуле

В ходе встречи были рассмотрены актуальные вопросы сотрудничества между Казахстаном и ЮНЕСКО в деле сохранения культурного и исторического наследия, расширения международных контактов в сферах образования и науки.

Приветствуя Одрэ Азуле, Касым-Жомарт Токаев высоко оценил ее лидерство во главе ЮНЕСКО и заявил о поддержке усилий по дальнейшему укреплению Организации.

Президент выразил признательность Генеральному директору за посещение Мавзолея Ходжи Ахмеда Яссауи. Он добавил, что ее визит в Туркестан был положительно воспринят нашими гражданами.

Ваш визит весьма важен с точки зрения дальнейшего развития взаимовыгодного сотрудничества между Казахстаном и ЮНЕСКО. Для нас ЮНЕСКО – особая организация, отношения с которой имеют приоритетное значение. Мы прилагаем все усилия для того, чтобы и далее развивать это взаимодействие, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

Лидер нашей страны подтвердил приверженность Казахстана реализации совместных проектов в области климата, биоразнообразия и водных ресурсов.

Одним из примеров успешного взаимодействия с Организацией является деятельность Бюро ЮНЕСКО в городе Алматы, которое в ближайшее время будет преобразовано в Региональный многосекторальный офис.

t.me/aqorda_resmi
Одрэ Азуле қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Сондай-ақ ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне енген Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған кезде алған әсерін бөлісті.

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға, соның ішінде азаматтық қоғамды нығайтуға, білім және мәдениет саласын дамытуға қатысты бастамаларына жоғары баға берді.

Менің Қазақстанға жасаған сапарым Сіздің еліңіздегі маңызды стратегиялық кезеңмен тұспа-тұс келді. Сіз ауқымды реформа жүргізіп жатырсыз. Бұл істе сіздің президенттік мандатыңыз шешуші рөл атқаруға тиіс, – деді Одрэ Азуле.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Одрэ Азуле қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты Сондай-ақ ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне енген Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған кезде алған әсерін бөлісті. ЮНЕСКО-ның Бас…
Одрэ Азуле поблагодарила Главу нашего государства за оказанное гостеприимство на казахской земле

Она поделилась впечатлениями о своем посещении Мавзолея Ходжи Ахмеда Яссауи, который входит в список всемирного культурного наследия ЮНЕСКО.

Генеральный директор ЮНЕСКО высоко оценила осуществляемые под руководством Касым-Жомарта Токаева масштабные реформы, в том числе в контексте укрепления гражданского общества, продвижения образования и культуры.

Мой визит в Казахстан совпал с важным стратегическим периодом для Вашей страны. Вы проводите масштабные реформы. Ваш президентский мандат должен сыграть ключевую роль в этом деле, – подчеркнула Одрэ Азуле.

t.me/aqorda_resmi
Одрэ Азуле Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне, сондай-ақ «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін растайтын сертификаттарды табыстады.

***

Одрэ Азуле вручила Президенту сертификаты о включении заповедников «Бурабай» и «Маркаколь» в глобальную сеть биосферных резерватов, а также музыкально-кукольного искусства «Ортеке» – в список нематериального культурного наследия ЮНЕСКО.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле Президентпен болған кездесуден кейін Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның арасындағы ынтымақтастық мәселелері туралы айтты

💬 Генеральный директор ЮНЕСКО Одрэ Азуле после встречи с Президентом рассказала о перспективах сотрудничества Казахстана и ЮНЕСКО

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Одрэ Азулемен кездесуі

🎥 Встреча Касым-Жомарта Токаева с Одрэ Азуле

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇶🇦 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды

Бүгін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇶🇦 Глава государства Касым-Жомарт Токаев встретил в аэропорту Астаны Эмира Катара шейха Тамима бен Хамада Аль Тани, прибывшего с рабочим визитом в Казахстан

Сегодня главы государств проведут встречу в двустороннем формате и обсудят вопросы дальнейшего укрепления сотрудничества между странами.

t.me/aqorda_resmi
📸🇰🇿🇶🇦

t.me/aqorda_resmi
📸🇰🇿🇶🇦

t.me/aqorda_resmi