Aqorda 🇰🇿
52.8K subscribers
10.1K photos
2.32K videos
12.4K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
📸 Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсімінде сөз сөйледі

🇰🇿Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии поднятия Государственного флага

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен елдіктің ең басты белгісі. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе.

Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртын біріктірген. Абылай ханның ақ туы бүкіл қазақтың басын қосқан. Алаш туы арыстарымыздың жігерін жанып, намысын қайраған. Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз.

Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды
»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Халқымыз азаттыққа ерен ерлік пен қажымас қайраттың арқасында жетті. Туымызды тұғырына қондыру оңай болған жоқ. Ал оны әрдайым биік ұстау тіпті зор күш-жігерді талап етеді. Ол үшін бізге еселі еңбек және берекелі бірлік қажет. Сонда ғана Қазақстанның шаңырағы биік, іргесі берік болмақ. Қастерлі нышандарымызды құрметтеу – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Біз асыл құндылықтарымызды аяқ асты етуге жол бермейміз.

Биыл мемлекеттік рәміздерді қорлаған адамдарды жазалау шаралары күшейтілді. Түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Отаншылдық мемлекеттік рәміздерді қастерлеуден басталады. Біз ұлттық нышандарымызды ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеміз. Оларды отансүйгіштік, жасампаздық рухта тәрбиелейміз. Сондықтан бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық, тәрбиелік мәні айрықша.

Былтыр дәл осы күні елімізде республикалық референдум өткенін білесіздер. Халқымыз жаңару мен жаңғыруға жол ашқан тың бастамаларға қолдау көрсетті. Басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Бір жылдың ішінде ауқымды шаралар атқарылды, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса береді
»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Государственные символы олицетворяют историю, самобытность и светлые устремления нашего народа в будущее. Они несут в себе колоссальный заряд энергии, который объединяет всех граждан Казахстана, укрепляет нашу общенациональную идентичность.

Во время больших праздников и знаковых спортивных побед в наших сердцах сильнее разгорается пламя любви к Родине, мы острее чувствуем гордость за свою страну. Почитание государственных символов является ярким показателем высокой гражданственности и подлинного патриотизма.

Флаг, Герб, Гимн – это слава нашего государства и честь нашего народа. Они дают нам силу твердо идти вперед и добиваться высоких целей
»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Құрметті жас сарбаздар!

Біз қазір еліміздегі ең биік байрақтың түбінде тұрмыз. Жыл сайын осы жерде жас офицерлерге әскери шен табыстау жақсы дәстүрге айналды. Осындай шаралар Отан күзетінде тұрған жастарымызға жігер береді. Оларға зор жауапкершілік жүктейді.

Бабаларымыз «Туың жығылмасын» деген баталы сөз қалдырған. Рәміздерімізді қорғап, қадірлеу, көздің қарашығындай сақтау – бәрімізге ортақ аманат. Сіздер халқымызға адал қызмет етесіздер деп сенемін
»

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿 Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды

🇰🇿 В
ходе торжественной церемонии 12 лучших выпускников военных вузов получили офицерские звания из рук Президента Казахстана – Верховного Главнокомандующего Вооруженными Силами Республики Казахстан

⭐️
ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Военно-инженерный институт радиоэлектрики и связи МО РК):
1) Есенбаев Мирас Сүлейманұлы
2) Әшім
Ақыл Ермұратұлы

⭐️ ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институты (Военный институт Сухопутных войск МО РК):
3) Аманалы Айдәулет Медетұлы
4) Саткеев
Әділ Марғұланұлы

⭐️ ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы (Пограничная служба КНБ РК):
5) Бекболатов Ержан Бекболатұлы
6) Бірлік
Бауыржан Жанатбекұлы

⭐️ ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (Карагандинская академия имени Б.Бейсенова МВД РК):
7) Темірбеков Самат Талғатұлы
8) Бақтиярова Дана Асланқызы

⭐️ ҚР Ұлттық ұлан академиясы (Академия Национальный гвардии РК):
9) Тілеген Өмір Русланұлы
10) Керімбеков Ерболат Сұлтанұлы

⭐️ ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы (Академия гражданской защиты имени М.Габдуллина МЧС РК):
11) Полатов Ербағлан Еркінұлы
12) Бакирамов
Дихан Нұрланұлы

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік туды көтеру рәсімінде сөйлеген сөзі

🎥 Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на церемонии поднятия Государственного флага

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі, лейтенант Әділ Саткеев

💬 Выпускник Военного института Сухопутных войск Министерства обороны Республики Казахстан, лейтенант Адиль Саткеев

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі, лейтенант Дана Бақтиярова

💬 Выпускница Карагандинской академии имени Б.Бейсенова Министерства внутренних дел Республики Казахстан, лейтенант Дана Бактиярова

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі, лейтенант Ербағлан Полатов

💬 Выпускник Академии гражданской защиты имени М.Габдуллина Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, лейтенант Ербаглан Полатов

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсімін тамашалауға жиналған қауыммен жүздесті

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Асламбек Мерғалиев:

✔️еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмыстарының барысын таныстырды;
✔️сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты;
✔️сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады Асламбек Мерғалиев: ✔️еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмыстарының барысын таныстырды; ✔️сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен…
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Верховного суда Асламбека Мергалиева

Асламбек Мергалиев:

✔️ознакомил с ходом модернизации судебной системы в стране;
✔️рассказал о реализации задач по обеспечению независимости судов и судей, укреплению судейского корпуса высококвалифицированными юристами, а также усилению гарантий прав граждан и бизнеса в судебном процессе;
✔️проинформировал о принятии мер, направленных на укрепление аналитического обеспечения судебной деятельности, повышение ответственности председателей областных судов.

❗️Глава государства акцентировал внимание на важности качественной реализации проводимых в судебной системе реформ и продолжении работы по повышению доверия общества к судам, а также усилению защиты прав граждан.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады

Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтты.

❗️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял заслуженного деятеля Республики Казахстан, актрису Самал Еслямову

В ходе встречи были обсуждены актуальные вопросы развития отечественного театрального искусства и кинематографии.

Как отметил Президент, театр и кино играют важную роль в духовном воспитании общества. Государство оказывает необходимую поддержу данным отраслям.

По словам Главы государства, при создании фильмов основной акцент нужно делать на популяризации нашего историко-культурного наследия, формировании у подрастающего поколения чувства патриотизма, продвижении духовно-нравственных ценностей.

В свою очередь Самал Еслямова поделилась с Президентом творческими планами и высказал ряд предложений по развитию отечественного искусства.

❗️В завершение Касым-Жомарт Токаев выразил актрисе признательность за продвижение национальной культуры и пожелал ей творческих успехов.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямова Президентке отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.

Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.

Кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

t.me/aqorda_resmi