Aqorda 🇰🇿
56.7K subscribers
11.6K photos
2.5K videos
13.6K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
📸 Кадры с церемонии вручения государственных наград и высших воинских и специальных званий, классных чинов

t.me/aqorda_resmi
📸 Президенттің салтанатты шараға қатысушылармен бірлескен фотосы

📸 Совместное фото Президента с участниками торжественной церемонии

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімінен бейнекадр

🎥 Видеокадры с церемонии вручения государственных наград, высших воинских и специальных званий, классных чинов

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌟 Бүгін Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес өтеді

🌟 Сегодня под председательством Главы государства – Верховного главнокомандующего Вооруженными силами Касым-Жомарта Токаева состоится Всеармейское совещание

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес отырысы басталды

Под председательством Главы государства – Верховного главнокомандующего Вооруженными силами Касым-Жомарта Токаева началось Всеармейское совещание

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Қарулы Күштеріміз – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі. Туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау – қасиетті парыз. Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау – басты міндетіміз.

Біртұтас әрі қуатты мемлекетті ұрпаққа табыстау – негізгі мақсатымыз. Ел іші – тыныш, қоғам – тұрақты болса, жасампаз әрі өркениетті мемлекетке айналамыз. Яғни, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, бейбітшілік және тыныштық керек.

Қарулы Күштеріміз осы қастерлі құндылықтарды қорғауға тиіс. Қазақстан барлық елдермен достық қатынас орнатқан. Біздің ұстаным – айқын»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Барлық мәселе халықаралық құқық аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес шешілуге тиіс деп санаймыз. Алайда, заман күнде құбылып жатыр. Мемлекеттер өз мүддесін қорғау үшін жиі күш қолданатын болды. Әлемде жаппай қарулану белең алды. «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Қазіргі күрделі кезеңде армияның рөлі күшейе түсті. Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болу қажет. Оның кәсіби дайындығы, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуы басты факторға айналды.

Әскердің білікті болуы және ұтқырлығы ұрыс нәтижесіне тікелей әсер етеді. Армия осы талапқа сай болса, өз міндетін ойдағыдай атқарады. Түрлі қауіп-қатерге тойтарыс бере алады. Мен сайлау алдындағы бағдарламада Қорғаныс саласының басымдықтарына арнайы тоқталдым»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет. Қазір Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Сондай-ақ десанттық-шабуылдаушы әскердің қарым-қабілетін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Аумақтық қорғаныстың әлеуеті күшейтілуде. Азаматтық қорғаныс бөлімшелері құрылып жатыр. Арнайы жасақ бөлімдерін дамыту ісі тың қарқынмен жалғасуда. Осы жұмыстың бәрін уақтылы аяқтау керек. Олар біртіндеп қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Мемлекеттік органдардың тығыз қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Сонда ғана біз кез келген қауіп-қатерге төтеп бере аламыз. Қуатты армия – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Необходимо продолжить технологическую модернизацию армии.

Следует нарастить долю современного вооружения и техники, особенно высокоточных средств поражения, беспилотников и роботизированных комплексов. Для повышения мобильности войск требуется увеличить парк военно-транспортной авиации и боевых машин.

Важной задачей является внедрение передовых информационных систем и технологий. Особое внимание нужно уделить повышению оперативности принятия решений и наращиванию потенциала боевых подразделений. Это позволит кратно улучшить эффективность применения войск»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«В полноценном перевооружении и модернизации нашей армии большую роль призван сыграть отечественный оборонно-промышленный комплекс.

Правительству следует принять все меры для расширения номенклатуры продукции военного назначения и услуг.

Другой актуальной задачей является наращивание возможностей заводского и войскового ремонта. В этом направлении у нас имеется большой потенциал»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Нужно усовершенствовать систему служебно-боевой подготовки войск. Способы ведения боевых действий нуждаются в постоянном и глубоком анализе. Следует детально изучать актуальный международный опыт и активно применять у нас самые лучшие наработки.

Современный бой предъявляет повышенные требования к выучке подразделений и профессиональной подготовке командиров, особенно младшего и среднего звена. В них необходимо воспитывать такие качества, как инициативность и самостоятельность. Солдаты и офицеры не должны бояться ответственности за принимаемые решения.

Одним из ключевых условий качественной подготовки личного состава является наличие развитой полигонной инфраструктуры, потому что полигон – это академия солдата. Большое значение имеет широкое использование различных тренажеров и симуляторов»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Әскери білім және ғылым жүйесін дамыту – аса маңызды міндет. Әскери академиялар, институттар әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс. Осы саладағы жоғары оқу орындарының материалдық базасын нығайту керек. Сондай-ақ оқу бағдарламасын заман талабына сай бейімдеу қажет.

Әскери мамандар даярлау үшін басқа да жоғары оқу орындарының мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Ректорлар студенттердің жауынгерлік дайындығына тікелей жауапты болуға тиіс. Әскери қауіпсіздік мәселесі ғылыми тұжырымға сүйенуі керек. Яғни, ғылыми-зерттеу жұмысына басымдық беру қажет.

Әскери оқу орындары қорғаныс саласындағы кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуы керек. Қазіргі қақтығыстардың сипаты мүлде бөлек. Әлемде гибридті соғыс жүріп жатыр. Сондықтан Қарулы Күштердің зияткерлік қабілетін арттыру – өте маңызды міндет. Білім мен тәрбие әрдайым бірін-бірі толықтырып отыруы қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Сарбаздарымыз қайсар, батыл, сондай-ақ білімді болуы шарт. Жауынгерлердің бойына отаншылдық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Олар нағыз азамат деген атқа лайық болуы қажет. Бір сөзбен айтсақ, армия – бұл рухани тәрбие орталығы.

Біз қатігездік, әлімжеттік сияқты қоғамға қауіпті үрдістерге жол бермеуіміз керек. Бүгін осы жерде ардақты ардагерлеріміз отыр. Олардың тәжірибесі, көрген-түйгені мол. Біз ардагерлерге зор құрмет көрсетеміз. Аға буынның тәжірибесін жас сарбаздарды тәрбиелеу ісіне тиімді пайдаланған жөн»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Солдаты должны быть не только мужественными и самоотверженными, но и образованными. Мы должны воспитывать в военнослужащих чувства патриотизма, человечности и доброты, чтобы они в полной мере соответствовали истинному предназначению слова «гражданин». Таким образом, армию должна стать оплотом духовно-нравственного воспитания.

Это во многом поможет предотвратить такие опасные для общества явления, как насилие и дедовщина. Сегодня на мероприятии присутствует много уважаемых ветеранов, обладающих большим жизненным опытом. Они пользуются заслуженным почетом. Их знания и опыт нужно эффективно использовать в деле воспитания молодых воинов»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Существующая военная инфраструктура создавалась с учетом стандартов советской армии. Сегодня перед нами стоит сложная задача по трансформации нашей армии. Мы строим новые гарнизоны, военные городки и заставы там, где их раньше не было. Проводятся мероприятия по оперативному оборудованию территории страны.

Опасные объекты хранения боеприпасов выносятся за пределы населенных пунктов. Неправильно перекладывать всю ответственность за эту большую работу только на силовые структуры. Правительству и акиматам следует активно содействовать развитию военной инфраструктуры»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Әскери қызметте «әлеуметтік лифттің» болуы маңызды. Сол арқылы жастардың қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік беруіміз керек. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі.

Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет.

Әскерде жүрген жастарымыз нағыз сарбаз, нағыз маман болып шығуы – міндет. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскери қызметшілерге жақсы жалақы төленуі керек. Үкімет Күштік құрылымдарға еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көшкен кезде осыны ескеруге тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Для военнослужащих важно и наличие социальных лифтов, которые помогают молодежи найти свое место в обществе. Сейчас в этом направлении ведется активная работа: действуют льготы для поступления в высшие учебные заведения для молодых людей, прошедших военную службу.

Солдаты-срочники временно освобождаются от обязательств по погашению кредитов. Также при желании они могут в ходе службы получить определенную специальность. В целом, следует расширить подобные меры социальной поддержки военных.

Наш долг – превратить юношей в настоящих солдат, истинных профессионалов своего дела. Они должны стать образцом для подрастающего поколения. У них должна быть и достойная заработная плата. Правительству при переходе на единую систему оплаты труда военнослужащих следует принять это во внимание»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«В этом году заработная плата военных летчиков увеличится в среднем на 60%, так же, как и у преподавателей и медиков, работающих в этой сфере. В 2024 году месячный оклад за воинское звание вырастет на 30%.

На рассмотрении находится вопрос пенсионного обеспечения военнослужащих. Будет продолжена работа по социальной поддержке сержантов и офицеров. Их должны волновать не бытовые вопросы, а безопасность и спокойствие страны»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Тағы бір маңызды міндет – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Елімізде 9 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым жұмыс істейді. Сол ұйымдардың қатарында 260 мыңнан астам жасөспірім бар. «Жас сарбаз» қозғалысының аясында 400 «Смарт сарбаз» үйірмесі ашылды. Бұл үйірмелерге 6 мыңға жуық жас жеткіншек қатысады.

Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажет. Бауыржан Момышұлы «Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді, өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген.

Біз батырларымыздың ерлігін үнемі дәріптеп отыруымыз қажет. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу керек. Сондай-ақ «Жас сарбаз» қозғалысын дамытып, оны ұлттық деңгейге көтерген жөн»

t.me/aqorda_resmi