Aqorda 🇰🇿
52.3K subscribers
9.3K photos
2.24K videos
11.7K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Глава государства:

«Таким же образом следует подойти и к вопросу повышения цен на бензин и дизельное топливо. Средства должны быть направлены на реализацию новых нефтяных и газовых проектов, модернизацию НПЗ, а не на увеличение доходов посредников.

Поэтому Правительство должно принять дополнительные меры по повышению налоговой отдачи для государства при пересмотре цен на нефтепродукты.

В целом, по тарифной политике поручаю Правительству проработать вопрос введения «социальных норм потребления» регулируемых товаров и услуг. Это международная практика»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Судың да сұрауы бар». Оны неғұрлым көп тұтынсаң, соғұрлым көп ақша төлейсің. Бұл – жұртты үнемшіл болуға үйрететін әділетті және қарапайым ұстаным. Дамыған елдердің тұрғындары әр нәрсенің қадірін біледі. Үнемшілдік олардың өмір салтына айналған. Тіпті, су мен жылуды ысырап етпеуді балаларға жастайынан үйретеді.

Біздің азаматтарымыз да осындай үнемшіл болуы керек. Әсіресе, суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауызсуға зәру. Бұл – ауылдағы ағайын ғана емес, қала халқы үшін де өте өзекті мәселе.

Ірі шаһарлардың инфрақұрылымы жылдан-жылға артып келе жатқан сұранысқа жауап бере алмай отыр. Тіпті, Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Басты себептің бірі – құрылыстың көбеюі. Үнемшіл болмасақ, таза су беретін жаңа нысандарды іске қосқанмен, тапшылықты жоя алмаймыз»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Для нас это очень актуально. Так, Казахстану требуется в 3 раза больше воды на доллар производимого ВВП, чем России или США, и в 6 раз больше, чем засушливой Австралии. Анализ работы предприятий, ответственных за централизованное управление водохозяйственными объектами, показал их низкую эффективность.

Займы от международных финансовых организаций на реконструкцию водохозяйственных и гидромелиоративных систем, должным образом не осваиваются. Остро стоит кадровый вопрос. Правительство определило базовый вуз для подготовки специалистов водной отрасли.

Теперь необходимо перезагрузить саму систему управления. «Казводхоз» следует переформатировать в финансово стабильную организацию. Она возьмет на себя лидирующую роль в трансформации водной отрасли»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Қазір 500-ден астам гидротехникалық нысан әбден тозып тұр. Тіпті, оның 200-інде төтенше жағдай туындау қаупі бар. Кезінде кейбір су қоймалары бұзылып, қайғылы оқиға болғанын білесіздер. Осындай жәйттің алдын алу үшін гидроқұрылымдар жан-жақты тексерілуге тиіс.

Апаттық жағдайда тұрған және қараусыз қалған нысандарды бақылауға алу керек. Қауіп-қатерлер картасын жасау қажет. Төтенше жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін қатерлердің алдын алу үшін нақты шараларды қолға алған жөн. Сондай-ақ Су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық-сараптамалық жүйесін жасау керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Еще одна проблема это благоустройство городов. Данным вопросом должны заниматься акимы всех уровней. Известно, что наряду с социально-экономическими факторами уровень развития регионов определяется внешний обликом зданий, их соответствием санитарным нормам, озеленением территорий, состоянием общественного пространства, наличием детских спортивных площадок и прочее.

В обществе также активно обсуждается вопрос эффективного управления жилым фондом. Реформа, направленная на внедрение института ОСИ, не доведена до конца. Наряду с ОСИ по-прежнему функционируют КСК. Мы с этой реформой ОСИ сильно ошиблись. В таких условиях главная задача – обеспечить людей качественными и прозрачными услугами – не выполняется.

В то же время данная реформа предполагала создание первой ступени в системе местного самоуправления. Поэтому оставлять без должного внимания эту задачу нельзя. В целом, требуется выверенная инфраструктурная политика»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Ко мне постоянно обращаются из всех областей с жалобами о бродячих собаках, которыми никто из представителей власти не занимается, ссылаясь на соответствующий закон. Но идя по такому пути, мы можем потерять контроль над ситуацией.

Да, мы должны бережно относиться к животным, но их агрессии к людям, особенно в отношении детей, допускать нельзя. Между тем количество жертв нападения бродячих собак увеличивается. Это недопустимо. Принимайте меры»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Ұлттың дені сау және сауатты болуы – өте маңызды мәселе. Осыны ескермесек, экономиканы реформалау бос әурешілік болады. Бұл – мемлекеттің міндеті.

Ең алдымен, адамдарға сапалы медицина қолжетімді болуы қажет. Денсаулық сақтау жүйесінде шешімін таппаған мәселе өте көп. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі осы саланы дамытуға тың серпін береді деп үміттенеміз. Алайда бұл жүйедегі қаржы айналымына бақылау жасалмайды»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Низкий уровень информатизации привел к существенному повышению нагрузки на медперсонал. Деятельность региональных комиссий Фонда медстрахования не прозрачна, что приводит к росту расходов на здравоохранение. На фоне бесконтрольного потребления медпомощи число дорогостоящих диагностических услуг увеличилось в 11 раз.

Стационары страны в конце прошлого года испытывали острый дефицит средств. Это означает, что отвлекаются средства от действительно важных направлений. Правительству совместно с акимами регионов следует провести ревизию деятельности региональных филиалов Фонда медстрахования. Коррупционные риски сохраняются и в вопросах лекарственного обеспечения. Этому способствует неэффективная система планирования.

До сих пор медицинские организации «вручную» формируют потребность в лекарственных средствах. Нередки случаи значительного завышения цен на медицинскую технику. Все еще не решен вопрос запуска интеграционной платформы здравоохранения. Работа ведется, и планы у Правительства большие, но важна эффективная и оперативная реализация»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес.

Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады.

Надо продумать, как объективно оценивать полученные знания в школе. В то же время нет смысла создавать новые ведомства или центры тестирования, сертификации и прочее. Через это мы проходили. Это тоже источник коррупционных рисков. Поэтому Правительство должно дать свои рекомендации на этот счет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Тағы бір назар аударатын мәселе – жас ұрпақтың қауіпсіздігі. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатыр. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр.

Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек.

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек. Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлген жөн. Тағы да ескертемін, біз қоғамдағы, көшедегі, тіпті әр үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпесек, дамыған елдердің қатарына қосылуымыз қиын болады. Азаматтарымыз еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Еще один вопрос, на который следует обратить внимание – безопасность детей. Все чаще страну сотрясают случаи насилия в отношении детей. Это происходит как в учебных заведениях, в общественных местах и даже дома. Зачастую это становится причиной суицидов среди учащихся.

К сожалению, имеются факты, когда дети подвергаются насилию или погибают от рук собственных родителей. Работа по профилактике семейного насилия ведется слабо, а меры, предпринимаемые соответствующими органами, в том числе правоохранительными, не приводят к положительному результату. Необходимо пересмотреть политику по профилактике бытового насилия.

Следует законодательно усилить меры по защите прав женщин и детей, акцентировано работать над продвижением семейных ценностей. Еще раз напоминаю: нам необходимо решительно пресекать все случаи насилия в обществе и в семьях, иначе мы так и не сможем считаться развитым государством. Нам нужно строить общество, в котором каждый человек будет чувствовать себя в безопасности»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«В рамках эффективного развития человеческого капитала государственная социальная поддержка должна стать точечной и адресной. Текущий объем социальных гарантий должен не сокращаться, а перераспределяться в пользу действительно нуждающихся в них граждан.

Государство будет помогать тем, кто без этого не может обойтись. Основой всего должна стать упреждающая социальная политика, направленная в большей мере не на выплату поддерживающих пособий, а на создание продуктивных рабочих мест. Это позволит обеспечить реализацию принципа «всеобщей занятости»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн.

Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар.

Жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінді. Қаражат аймақтарға берілді. Қазір бизнес саласындағы үздік идеяларды таңдап алу үшін конкурстар басталды. Халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет. Әкімдер бұл жұмыстың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруы керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«На особом контроле нужно держать вопросы повышения доходов и качества жизни в сельских регионах. Правительством разработана Концепция развития сельских территорий на 2023-2027 годы. Акимы должны принять меры для ее эффективной реализации.

Чтобы создать благоприятный инвестиционный климат и «точки роста» на уровне каждого района, моногорода и города, нужно определить их конкурентные преимущества и выбрать отраслевые приоритеты. Для повышения доходов сельчан должны быть созданы условия для сельхозкооперации с учетом успешного опыта отдельных регионов.

Важно доводить до самых отдаленных сельских округов информацию об инструментах господдержки, таких как микрокредитование и гарантирование личных подсобных хозяйств, стимулирование сервисно-сбытовых кооперативов»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс.

Сондай-ақ мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек. Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Эффективное решение всех вышеуказанных вопросов невозможно без кардинального совершенствования государственного управления. В настоящее время начата поэтапная децентрализация полномочий государственных органов. Около 500 функций Правительства передано министерствам.

Мы приступили ко второму этапу административной реформы, который предусматривает передачу функций от министерств в акиматы. Необходимо, чтобы решения принимались на местах, ближе к людям и их запросам. Но децентрализация не должна стать просто перекладыванием ответственности на акиматы.

Передавать функции целесообразно с одновременным наделением местных властей необходимыми кадровыми и финансовыми ресурсами. С расширением полномочий необходимо соразмерно повысить персональную ответственность политических служащих за развитие курируемых отраслей и принимаемые ими решения»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«В конце прошлого года я поручал провести анализ качественного состава вице-министров. Определенная работа проведена, каждому должностному лицу дана оценка в соответствии с его личными и профессиональными компетенциями.

В настоящее время аналогичный анализ осуществляется в отношении заместителей акимов областей. Правительство и Администрация должны учитывать результаты оценки при принятии кадровых решений: как при продвижении, так и при освобождении от занимаемых должностей. Необходимо усилить потенциал местного самоуправления. В данном контексте очень многое будет зависеть от качества работы вновь избранных маслихатов. Согласно последним социологическим опросам, на сегодня доверие граждан к маслихатам невелико – всего 53%.

Обращаюсь к присутствующим здесь председателям маслихатов. Ваша первоочередная задача – отстаивать интересы местных жителей, при этом не скатываться на рельсы легковесного популизма. Депутаты должны перейти к ежедневной кропотливой работе над актуальными проблемами электората, проявлять при этом профессионализм и ответственность. Взаимодействие с акиматами следует вести в конструктивном русле, обеспечивая прозрачность принимаемых исполнительными органами решений.

Бұл Парламент пен Үкіметтің өзара бірлескен жұмысына да қатысты мәселе. Парламент депутаттарының ой-пікірі атқарушы билікті беталды сынның астына алуды ғана көздемеуге тиіс. Үкіметтің де, Парламенттің де мақсаты – бір. Бұл – халықтың қамы және елдің мүддесі. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда бізге, ең алдымен, мызғымас бірлік қажет. Сондықтан азаматтарымыз Парламенттің жаңа құрамына ерекше үміт артып отыр. Ал Үкімет Парламентке өз жұмысы жөнінде есеп береді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Жергілікті депутаттар аймақтағы тексеру комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатуы керек. Бұл комиссиялардың рөлі едәуір артып, жауапкершілігі күшейтіледі. Алдағы екі жылда пилоттық жоба ретінде аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Осы орайда қажетті нормативтік базаны және жол картасын әзірлеу қажет. Үкімет бұл жұмысты Орталық сайлау комиссиясымен және облыс әкімдерімен бірлесіп жүргізеді.

Біз қоғамды демократияландыру және билік құзыреттерін төменге беру үдерісін жалғастырамыз. «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңның қабылдануы бұл бағыттағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Қазір тиісті заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатқанын білесіздер.

Ауыл әкімдері күн сайын тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешеді. Сондықтан олар елімізде айрықша рөл атқарады. Ауыл әкімдерінің 64 пайызы жергілікті жұрттың тікелей сайлауымен қызметке келді. Мұны, шын мәнінде, зор жетістік деуге болады. Тұрғындардың мәселесін жедел әрі тиімді шешу үшін оларға көбірек мүмкіндік беріліп жатыр. Бұл жұмыс та жалғасын табады»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Әрбір аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» бар. Өкінішке қарай, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды. Жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашады.

Жаңа жылдан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Соның 730-ын кестеден тыс, яғни табан астында жедел түрде қабылдауға тура келді. Олардың арасында барлық аймақтың тұрғындары бар. Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда 2 есе өсті»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«У каждого региона есть своя специфика и «болевые точки». К сожалению, зная о своих проблемах на местах, акимы не всегда готовы своевременно оценить риски, взять на себя ответственность и принять своевременное решение.

Только с начала года в общественной приемной Администрации Президента было принято 811 человек, из них 730 – вне графика. Это представители практически всех регионов. Поток обращений на имя Президента за последние три года вырос в два раза»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Сегодня Администрацией совместно с Правительством готовится к запуску единый Центр приема граждан, который позволит задать стандарт прямой коммуникации первых руководителей центральных госорганов с гражданами. Акимы должны выстроить аналогичную работу на местах.

Качество всей вертикали коммуникаций с населением должно обеспечить Правительство. Методологию и контроль возлагаю на Администрацию Президента»

t.me/aqorda_resmi