Aqorda 🇰🇿
56.1K subscribers
11.2K photos
2.46K videos
13.4K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
🇰🇿🌳🇦🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Астана қаласындағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызды

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🌳🇦🇿 Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев совместно посадили деревья в Ботаническом саду города Астаны

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇦🇿 Қазақстан мен Әзербайжан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Мемлекеттер басшылары АХҚО-дағы Халықаралық соттың жұмысымен танысты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының тіркеушісі және аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт Орталық Азиядағы ағылшын құқығы нормалары мен қағидаттарына негізделген ең алғашқы сот жүйесі туралы баяндады. Ол соттың АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең үздік халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтінін жеткізді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Орталықтың Қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің, бизнесті дамыту жөніндегі тобының, «АХҚО-дағы венчурлық қаржыландыру және технологиялық инновацияларды дамыту туралы» Тех Хабының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының «АХҚО-да тіркелген компанияларды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау қызметі» туралы мәлімет берілді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров мемлекеттер басшыларына АХҚО-ның жұмысы туралы баяндады.

Іс-шара соңында Әзербайжан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇦🇿 Президенты Казахстана и Азербайджана посетили МФЦА «Астана»

Главы государств осмотрели офис Международного суда МФЦА. Регистратор и руководитель аппарата суда МФЦА Кристофер Кэмпбелл-Холт рассказал о функционировании первой в Центральной Азии судебной системы, основанной на нормах и принципах английского права. По его словам, Международный суд, рассматривающий гражданские и коммерческие споры, работает по лучшим международным стандартам.

Затем Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев ознакомились с деятельностью Комитета МФЦА по регулированию финансовых услуг и Группы по развитию бизнеса. Представители Тех Хаба МФЦА рассказали им о развитии венчурного финансирования и технологических инноваций.

Кроме того, лидерам двух стран была презентована работа Экспат центра «Поддержка деятельности участников МФЦА по принципу «одного окна». Управляющий МФЦА «Астана» Ренат Бектуров проинфорировал глав государств о текущей деятельности Центра.

В завершение Президент Азербайджана оставил запись в Книге почетных гостей Международного финансового центра «Астана».

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿 Қазақстан мен Әзербайжан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

🇰🇿🇦🇿 Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев посетили Международный финансовый центр «Астана»

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿 Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары

🇰🇿🇦🇿 Официальный визит в Казахстан Президента Азербайджанской Республики Ильхама Алиева

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидың еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі есебін тыңдады

Атап айтқанда:

▪️бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар;

▪️биыл 23 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған. Жоба аясында шамамен 7 мың кәсіпкер көмек алып үлгерген.

▪️биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыным мен ұсыныс енгізілген.

❗️Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды.

t.me/aqorda_resmi