Aqorda 🇰🇿
52.2K subscribers
9.54K photos
2.27K videos
12K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға…
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял председателя Мажилиса Парламента, председателя партии «AMANAT» Ерлана Кошанова

Президенту от партии «AMANAT» была предложена кандидатура Алихана Асхановича Смаилова на должность Премьер-министра.

В соответствии с действующим законодательством в ближайшее время Глава государства обсудит предложенную кандидатуру с фракциями партий в Мажилисе.

t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Кездесуде Мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

t.me/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев провел консультации с руководителями фракций политических партий в Мажилисе Парламента Республики Казахстан

Обращаясь к руководителям фракций, Глава государства сообщил, что в соответствии со статьей 44 Конституции должен провести консультации с ними по кандидатуре на должность Премьер-министра.

В обсуждении приняли участие руководители фракций партии «Amanat» Елнур Бейсенбаев, партии «Ауыл» Анас Баккожаев, партии «Ақ жол» Азат Перуашев, партии «Respublica» Айдарбек Ходжаназаров, Народной партии Казахстана Магеррам Магеррамов, Общенациональной социал-демократической партии Асхат Рахимжанов.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступит на пленарном заседании Мажилиса Парламента

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Конституцияның 70 бабына сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Осы ретте Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталғым келеді.

Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті.

Халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалды. Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Біз аз уақыттың ішінде ауқымды саяси реформа жүргіздік. Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына жол ашты. Бұл жұмыс жалғаса береді.

Бірақ экономикалық өзгерістер саяси жаңғыру үдерісінен кенже қалмауы керек. Сондықтан Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды батыл жүзеге асыруға тиіс. Бұл – өте жауапты жұмыс.

Азаматтарымыз Үкіметке зор үміт артады, жоғары талап қояды. Ел сенімін ақтау – бәрімізге сын.

Мен кеше Парламент сессиясының ашылуында нақты міндеттерге тоқталдым. Үкімет стратегиялық бағдарымызды жүзеге асыра отырып, мынадай мәселелерге баса мән беруге тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Бірінші. Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру.

Следует усилить позиции нашей страны в качестве ключевого регионального инвестиционного хаба. За последний год проведена серьезная работа в сфере демонополизации и создания реально конкурентной среды. Однако останавливаться на достигнутом нельзя.

Правительству требуется принять системные меры для дальнейшего расширения экономической свободы и снижения уровня влияния государства на рыночные процессы. Реализация данных подходов позволит повысить институциональную зрелость нашей страны, ее устойчивость к различным внутренним и внешним потрясениям»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Екінші. Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек.

Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Второе. Сдерживание инфляции. Уже в этом году необходимо снизить уровень инфляции в два раза.

В первую очередь нужно контролировать цены на продовольственные товары. Поэтому одним из ключевых приоритетов остается развитие агропромышленного комплекса и торговли. Следует обеспечить внутренний рынок прежде всего отечественными товарами. Важно также увеличить объем производимой сельхозпродукции и повышать ее добавленную стоимость»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Үшінші. Инфрақұрылымды дамыту қажет. Энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануға тиіс. Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады.

Қазір тауар газының тапшылығы күшейіп барады. Үкімет еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге 25 су қоймасын салып, суды барынша үнемдеу керек.

Қазақстан тұрақты даму үшін Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет. Бұған дейін қолға алынған көлік және логистика жобаларын түгел уақтылы бітіру өте маңызды»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Төртінші. Аумақтық саясат жан-жақты ойластырылып жүргізілуге тиіс. Аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді. Сондықтан еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы оңтайлы әрі тиімді болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе.

Былтыр жаңадан Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылғанын білесіздер. Бұл қадам осы аймақтарды тың қарқынмен дамытуға жол ашты. Біз аймақтар арасындағы экономикалық теңсіздікті азайту үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Осы ретте Үкімет әкімдермен бірлесіп, әрбір облыстың әлеуетін арттыруға тиіс.

Әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет. Мен мұны бірнеше рет айттым. Сондай-ақ агломерацияларды дамыту мәселесіне баса назар аударған жөн. Үкімет осыған қатысты заңның мүлтіксіз орындалуын және жоспарланған жұмыстың тиімді атқарылуын қамтамасыз етуге тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Пятое. Необходимо последовательно и системно повышать качество человеческого капитала. Следует обеспечить эффективную реализацию проекта «Комфортная школа» и продолжить создание центров академического превосходства на базе вузов.

Под моим личным контролем будет комплексное развитие отечественной науки. Кроме того, требуется вывести здравоохранение на качественно новый уровень. Для этого предстоит повысить эффективность системы социального медицинского страхования. Здесь крайне важно с помощью цифровых решений усилить контроль за расходованием средств. В целом, цифровизация должна охватить все отрасли экономики, проникнуть во все сферы жизни наших граждан. Для этого нужно максимально либерализовать рынок информационных технологий»

t.me/aqorda_resmi