Aqorda 🇰🇿
58.1K subscribers
12K photos
2.55K videos
14K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Мемлекет басшысы:

«ЕКІНШІ. Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды. Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр. Яғни, ел экономикасының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан әрі дамыта беру керек.

Бірақ жер қойнауын пайдалану саласында ондаған жыл бойы қордаланған проблемалар аз емес. Геологиялық барлау жұмыстарының ойдағыдай жүргізілмеуі тау-кен өнеркәсібін өркендетуге кедергі келтіріп отыр. Минералды шикізат базасын толықтыру қарқыны бәсеңдеп барады. Оның үстіне қазір игеріліп жатқан кен орындарының қоры сарқыла бастады.

Қазба байлықты тиімді және үнемді пайдалану қажет. Ол үшін заңнаманы жақсартып, рәсімдерді жеңілдету керек. Геологиялық барлау және кеніштерді игеру ісіне инвестиция тарту айрықша маңызды. Үкімет пен Парламент осы салаға қатысты нақты шаралар әзірлеуге тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Второе. Важно в полной мере задействовать производственный потенциал нашей страны.
Экономика Казахстана по-прежнему зависит от добычи полезных ископаемых. Иными словами, ее структура остается сырьевой, тогда как для прогрессивного развития страны необходима диверсификация экономики.
Конечно, у нас есть и свои конкурентоспособные преимущества на мировом рынке, которые необходимо эффективно использовать для решения текущих и стратегических задач. Поэтому эти отрасли необходимо продолжать развивать.

Однако, за последние десятилетия в сфере недропользования накопились системные проблемы. Полноценную реализацию возможностей горнодобывающей промышленности сдерживают недостаточные объемы геологоразведочных работ. Темпы восполнения минерально-сырьевой базы также замедляются. И это происходит на фоне истощения осваиваемых недр.

Необходимо эффективно и рационально использовать минерально-сырьевые ресурсы.
Для этого требуется усовершенствовать законодательство и упростить необходимые процедуры.
Особое значение имеют инвестиции в геологоразведку и разработку месторождений полезных ископаемых.
Правительству и Парламенту следует принять конкретные меры в этом направлении.»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Былтыр тауар газының тапшылығына тап болдық. Бұл жағдай бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре жаздады. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін нарықты газбен қамтамасыз ету керек. Қазақстанда газдың бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді бізге де енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Жалпы, төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидиялар көрші елдерге босқа кетеді. Қаншалықты қиын болса да, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет. Басқа жол жоқ.

Қазіргі уақытта зәулім үйлерін күндіз-түні төмен тарифпен жылытатындар үшін жаңа жүйе бойынша газдың текшеметрі қымбатырақ болуға тиіс. Әлеуметтік әділдік дегеніміз – осы.

Қолда бар шикізатты пайдалану тиімділігін арттыру маңызды. Күнделікті тұрмыста да, мемлекет деңгейінде де үнемдеп үйрену керек. Бұл – әлемдік тәжірибе. Оның өзектілігі қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында күшейе түсті.

Өндірісте де, тұрмыста да газды арзан екен деп бей-берекет жаға беруге болмайды. Мұны доғару керек. Үкімет Тауар газының энергетикалық тиімділігін арттыру және оны үнемді пайдалану жоспарын әзірлеуі қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«В прошлом году мы столкнулись с серьезным дефицитом товарного газа, что поставило под угрозу энергетическую безопасность страны.
Чтобы исключить подобные ситуации в будущем, необходимо обеспечить внутренний рынок этим видом топлива.
В то же время цены на газ в Казахстане самые низкие в сравнении со всеми соседними государствами.
Поэтому по примеру зарубежных стран нужно рассмотреть возможность введения дифференцированных тарифов.
В целом, низкие тарифы и низкие цены негативно сказываются на нашей экономике. Все выделяемые субсидии уходят в соседние страны. Проблема довольно сложная, но ее нужно постепенно решать. Другого выхода нет.

Для тех, кто сейчас днем и ночью отапливает огромные особняки по низкому тарифу, в новой системе цена кубометра должна стать выше. В этом и проявляется социальная справедливость.

Важно повышать эффективность использования имеющегося сырья, надо учиться жить в условиях жесткой экономии как в быту, так и на уровне государства. Это мировая практика, которая усилилась в современной сложной геополитической ситуации.

Бесконтрольное и нерачительное использование дешевого газа как в производстве, так и в быту, должно уйти в прошлое. Правительству следует разработать План энергоэффективности и рационального потребления товарного газа»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Бәсекеге қабілетті экономика дегеніміз – әртараптандырылған экономика. Пандемия және қазіргі геосаяси дағдарыс шикізат нарығының тұрақсыз екенін айқын көрсетті. Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды.

Бұған дейінгі индустрияландыру жұмысының барысында шикізаттық емес сала ойдағыдай дамыған жоқ. Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауардың өзін әлі күнге дейін сырттан сатып алып отырмыз. Инфляцияның өсуіне басты себептің бірі – осы»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Здоровая конкурентоспособная экономика – это, прежде всего, диверсифицированная экономика.
Пандемия и текущий геополитический кризис наглядно продемонстрировали, как нестабильны сырьевые рынки. Уповать только на недра уже не получится.
Необходимо активно увеличивать добавленную стоимость добываемых ресурсов, перерабатывая их в качественные и востребованные товары.
Проводимая до настоящего времени работа по индустриализации не смогла обеспечить развитие несырьевых отраслей экономики на должном уровне. Мы продолжаем импортировать продуты питания и товары первой необходимости. Это является одной из ключевых причин растущей инфляции»


t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Қазақстан – Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі. Сондықтан сыртқы саудамызды еркін түрде дамытуымыз керек. Бірақ кемінде өз әлеуетіміз жететін нәрселермен өзімізді қамтамасыз етуіміз қажет.

Мысалы, шикізат та, мамандар да, кейбір технология да өз елімізде бар. Елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты бір негізгі ұстаным болуға тиіс. Ең алдымен, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз қажет.

Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Бұл – айдан анық нәрсе. Сол себепті Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек.

Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек. Депутаттар осы заң жобасына мен береді деп ойлаймын»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Казахстан – член ВТО, поэтому мы должны придерживаться принципов свободной торговли во внешнеэкономических связях.
Однако как минимум по тем позициям, где у нас есть реальный потенциал – сырье, кадры и технологии – мы должны быть самообеспечены.
Следует выработать целостное видение развития внутристрановой ценности, то есть обрабатывающей промышленности, направленной в первую очередь на внутренний рынок.
Ускоренное развитие обрабатывающей промышленности возможно лишь на базе инноваций и передовых технологий. Это аксиома.
Поэтому казахстанская экономика должна стать наукоемкой.
Требуется не только проводить исследования и получать патенты, но и внедрять научные разработки в производство.
С целью комплексного развития науки предстоит принять новый закон.
Ожидаю, что депутаты уделят особое внимание этому законопроекту»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«ҮШІНШІ. Инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау қажет. Биылғы қыстың қалай өткенін баршаңыз білесіздер. Қыстың көзі қырауда бірқатар аймақта қалалар мен елді мекендер жылусыз қалды. Әбден тозған энергетика инфрақұрылымы әрең жұмыс істеп тұр.

Менің тапсырмаммен электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа үлгісі дайындалып жатыр. Сол арқылы осы салаға қосымша инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ бұл құжат осы саланың барынша ашық болуын қамтамасыз етпек.

Қазір Мәжілістің қарауында электр энергетикасына қатысты үш заң жобасы жатыр. Депутаттық корпус заңнамадағы тиісті өзгертулерді шұғыл түрде қарап, қабылдауға тиіс. Коммуналдық желілердің әбден тозу салдарынан барлық өңірде дерлік қайта-қайта апат болып жатыр. Көптеген қалада жол, электр тарату желісі, газ құбыры секілді негізгі инфрақұрылымдардың тапшылығы қатты байқалады.

Біз еліміздің инфрақұрылымдық қуатын қалыптастыруымыз қажет.

Сондықтан мен Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынамын. Құжатта осы саладағы басты мәселелер ашық көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобалар қамтылуы қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«ТРЕТЬЕ. Предстоит пересмотреть подходы к инфраструктурному развитию.
Всем известно, насколько тяжело прошел текущий отопительный сезон, особенно в отдельных регионах.
Устаревшая энергетическая инфраструктура работает на пределе возможностей.
По моему поручению разрабатывается новая модель развития рынка электроэнергетики.
Она направлена на привлечение дополнительных инвестиций в отрасль при одновременном повышении прозрачности работы всех ее участников.

В Мажилисе находятся три законопроекта, касающиеся электроэнергетики.
Прошу депутатский корпус оперативно рассмотреть их и принять соответствующие законодательные изменения.

Из-за высокого износа коммунальных сетей серьезные аварии регулярно происходят практически во всех регионах. Во многих городах остро ощущается недостаток базовой инфраструктуры: дорог, линий электропередач, газопроводов и так далее.

В этой связи предлагаю принять Национальный инфраструктурный план, нацеленный на формирование устойчивого инфраструктурного каркаса страны.
В нем необходимо отразить основные проблемы инфраструктурного развития и обозначить ключевые проекты, которые будут реализованы до 2029 года»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хаттар өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді.

Тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты. Сондықтан біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек.

Важную роль призван сыграть Градостроительный кодекс, который систематизирует и кардинально улучшит политику в отрасли. Правительство должно выработать новые подходы к решению вопроса об удешевлении жилья для наших граждан, желающих поселиться в приграничных районах.

Также требуется обратить внимание на модернизацию и создание инженерной, социальной инфраструктуры. На мой взгляд, это важная стратегическая задача. У нас 65 приграничных районов, и к сожалению, социально-экономическое положение многих из них находится на низком уровне.

Иногда это связано с экономическими факторами, а порой – с неэффективным административно-территориальным делением. Учитывая стратегическую важность данных районов, в рамках разрабатываемой по моему поручению Концепции развития сельских территорий следует предусмотреть конкретные меры по развитию приграничных территорий. Главная цель – снизить отток населения, создать комфортные условия для жизни людей, придать новый импульс экономическому развитию приграничных районов»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет. Ашығын айтсақ, агроөнеркәсіп кешені бұл міндетті толық орындап отырған жоқ. Осы саладағы саясат бірізді емес. Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат тиімді жұмсалмайды. Өнім өндіруші мен тұтынушының арасында делдал көп.

В частности, отмечаются завышенные требования к залоговому обеспечению. Медленно развиваются альтернативные инструменты фондирования агробизнеса. Это негативно повлияло на динамику продовольственной инфляции.

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. Сонымен қатар ауыл-аймақтарды кешенді түрде өркендету аса маңызды. Елімізде бірнеше жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында 1 мыңнан астам ауылдағы үш мың жеті жүз нысан жаңғыртылды. Оның бәрі – әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары. Бұл жұмыс болашақта да жалғасады»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінеді. Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек. Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. Осы мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«В текущем году из бюджета предусмотрено выделение 143 миллиарда тенге для реализации еще свыше 1500 проектов. В своей предвыборной платформе одной из важных задач я определил развитие сельского предпринимательства через сельхозкооперацию. Для этого будет запущен проект «Ауыл аманаты», в рамках которого сельчанам будут выдаваться микрокредиты под 2,5% годовых сроком на 5-7 лет.

Сельхозкооперативы будут создаваться для оказания сервисно-сбытовых услуг населению, они получат доступ к субсидиям на покупку оборудования и сельхозтехники. На эти цели будет направлено порядка 1 триллиона тенге.

Проекты «Ауыл – Ел бесігі» и «Ауыл аманаты» должны стать основой новой Концепции развития сельских территорий. Нужны системные меры по сохранению и улучшению плодородия почв, усилению контроля за рациональным использованием сельхозземель, повышению урожайности и диверсификации культур.

Надеюсь, прохождение в Мажилис партии «Ауыл» будет способствовать более качественному законодательному сопровождению реформ в сельскохозяйственном секторе»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал. Біздің елде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық.

Принципиальное значение имеет цифровизация объектов водоснабжения и всей водной отрасли. Предстоит масштабная реконструкция оросительных каналов, переход на автономное управление гидротехническими сооружениями, автоматизация учета воды, внедрение квот на использование водных ресурсов. Все эти вопросы требуют качественного нормативно-правового и законодательного обеспечения»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Адам капиталының сапасын барынша арттыру керек. Бұл мәселе менің айрықша назарымда екенін білесіздер. Себебі Қазақстанның басты байлығы – адам.
Қарым-қабілеті зор, білімді азаматтар елімізді алға бастайды. Сол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияны едәуір көбейтті. Балабақша тапшылығы біртіндеп азайып келеді. Барлық облыста мектеп салу, оны жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау ісі жанданды. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Білім сапасын, әсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет. Білім беру саласында ұстаз – ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруіміз керек. Алайда мұғалімдердің, директорлардың және педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмады.

Маған кейбір тәжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бәлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ негізі, ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«ПЯТОЕ. Нужно последовательно повышать качество человеческого капитала. Вы знаете, что я уделяю этому вопросу особое внимание. Убежден, что главное богатство Казахстана – это люди. Именно люди, их знания и компетенции, являются ключевой движущей силой прогресса нашей страны. Для этого необходимо комплексно развивать систему образования. За последние годы государство значительно увеличило инвестиции в эту сферу.

Постепенно уменьшается дефицит мест в детских садах. Во всех регионах полным ходом ремонтируются и строятся школы, улучшается материально-техническое оснащение учебных заведений. Однако проводимой работы недостаточно.

Необходимы решительные шаги для повышения качества образования, особенно среднего.
В образовательном процессе ключевой фигурой является педагог. Следует и далее повышать его статус, авторитет в обществе. Между тем в ходе Национального квалификационного тестирования большинство учителей, директоров и выпускников педагогических вузов не смогли набрать проходной балл.

Опытные учителя жалуются мне, что требования слишком сложные. Может быть, следует их упростить и усовершенствовать. В этой сфере нет раз и навсегда застывших правил. Но, в любом случае, требования к учителям должны быть высокие»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез-келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет.

Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады. Осыған орай тиісті бағдарлама қабылданады.Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Попытки любыми путями заполнить вакансии в школах приводят к тому, что упускается из виду качество педагогических кадров.
Поэтому предстоит принять действенные меры для повышения уровня подготовки учителей. Это важнейшая задача, напрямую влияющая на будущее подрастающего поколения.

Приоритетное внимание также следует уделить улучшению менеджмента в системе образования. Необходимо привлечь в эту сферу профессионалов. По примеру Президентского молодежного кадрового резерва будет запущена программа отбора и подготовки тысячи лидеров изменений в образовании.
Остро стоит кадровый вопрос и в системе высшего образования»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған. Жұмыстың бәрі уақтылы әрі сапалы жасалуы керек. Бұл – өте маңызды. Барлық жауапкершілік әкімдерге жүктеледі.

Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға көп көңіл бөлу қажет. Олардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмауға тиіс. Осыған қатысты арнайы заң жобасы Парламентте бір жылға жуық талқыланды. Бұл құжатта, негізінен, дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру ғана көзделген.

Осы ретте медицина саласының беделін арттыруға қатысты депутаттар мен мамандардың нақты ұсыныстары ескерілмеген. Медицина қызметкерлері заң арқылы қорғалуға тиіс. Парламент осы мәселені ерекше назарға алғаны жөн»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Еще одной ключевой составляющей развития человеческого капитала является эффективная система здравоохранения.
Необходимо улучшить медицинскую инфраструктуру страны. Ее нынешнее состояние вызывает немало нареканий. Государство поэтапно решает эти вопросы.
В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в селах планируется построить более 600 объектов.
Крайне важно, чтобы все работы были выполнены качественно и в срок. Ответственность – на акимах.

Наряду с этим принципиальное значение имеет юридическая защищенность медицинских работников. Их социальное положение также не должно оставаться без внимания.
Специальный законопроект, призванный решить этот вопрос, обсуждался в Парламенте почти год. Этот документ в основном регламентирует страхование ответственности врачей. При этом конкретные меры по повышению престижа медицинской профессии, предложенные специалистами и депутатами, в основном сведены на нет.
Важно, чтобы медицинские работники имели гарантированную законом защиту своих прав. Парламентариям следует уделить должное внимание решению данного вопроса»

t.me/aqorda_resmi