Aqorda 🇰🇿
52.3K subscribers
9.28K photos
2.23K videos
11.7K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Глава государства:

«Национальные проекты должны быть реализованы качественно и в срок. Каждый бюджетный тиын следует тратить с умом. Здесь особенно важен парламентский контроль.

Граждане, отдавшие за вас свои голоса, возлагают на вас большие надежды. Депутаты должны внести важный вклад в укрепление партнерства власти и общества, дальнейшую реализацию концепции «слышащего государства». В первую очередь это касается партии Amanat, победившей на выборах.

Надеюсь, огромный опыт и широкая поддержка в обществе позволят ей стать одной из главных движущих сил намеченных преобразований»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қысқасы, депутаттарға бір ғана маңызды міндет жүктеледі. Яғни, әрдайым өзгерістердің бел ортасында болу керек. Сіздер шешім қабылдайсыздар және сол үшін жұрт алдында жауап бересіздер. Халықтың мүддесін тиімді қорғау және еліміздегі өзекті мәселелерді шешуге атсалысу үшін азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажет.

Еліміздің негізгі басымдықтарын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Сол арқылы тамыры тереңде жатқан мемлекеттілік дәстүрімізді нығайта түсу. Осы орайда мен Парламенттің алдағы жұмысы туралы ойымды ортаға салғым келеді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«В целом, перед всеми депутатами стоит одна задача – каждый день быть на «передовой», принимать решения и нести за них ответственность перед народом. Необходимо выстроить действенные механизмы «обратной связи» с гражданами, чтобы эффективно отстаивать их интересы, содействовать решению актуальных проблем страны.

Нашими главными приоритетами остаются повышение качества жизни граждан, формирование нового качества нации и укрепление нашей многовековой государственности. Исходя из этого, хочу сегодня представить вам свое видение дальнейшей работы Парламента»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«БІРІНШІ. Іскерлік белсенділікті ынталандыру қажет. Ол үшін, ең алдымен, әділ, тұрақты әрі ашық салық жүйесін қалыптастыру керек.

Салық саясатының жаңа моделі ұлттық байлықты тиімді бөлуді, экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейі мен экономиканың басым бағыттарын нақты қолдауды қамтамасыз етуге тиіс. Салық кодексі және тұтас салық саясаты түсінікті, тұрақты болуы қажет.

Фискальдық органдардың бизнеспен қарым-қатынасына қатысты бүкіл процесті толық цифрландыру керек. Бұл кәсіпкерлердің тіршілігін айтарлықтай дәрежеде жеңілдетуге және бюджет кірісін жүйелі түрде ұлғайтуға септігін тигізеді. Парламентте мемлекеттік бюджетке мол кіріс әкелетін корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығына қатысты мөлшерлемелерді әртараптандыру мүмкіндігін талқылауға болар еді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«ПЕРВОЕ. Нужно стимулировать деловую активность. Для этого, прежде всего, следует сформировать справедливую, стабильную и прозрачную налоговую систему.

Новая модель налоговой политики должна обеспечить оптимальное распределение национального богатства, высокий уровень экономической активности и точечную поддержку приоритетных отраслей экономики. Налоговый кодекс и налоговая политика должны быть понятными и стабильными.

Весь процесс взаимодействия фискальных органов с бизнесом требуется, наконец, полностью оцифровать. Это позволит в значительной степени облегчить жизнь предпринимателей, а также на системной основе увеличивать поступления в бюджет.

Исходя из отраслевых приоритетов, следует дифференцировать ставки по корпоративному подоходному налогу (КПН) и налогу на добавленную стоимость (НДС), которые формируют львиную долю госбюджета.

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Ірі кәсіпорындар және шикізат экспортымен айналысатын компаниялар қазынаға көбірек төлем түсірсе, әділдік болар еді. Бұл әлемде бар озық тәжірибе. Қазір елдегі жағдай түбегейлі өзгерді.

Әділетті Қазақстан дегеніміз – жалаң ұран емес, бұл – анық ақиқат. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз бұған бір ел болып түгел атсалысуымыз керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«При этом высокодоходные крупные предприятия и экспортирующие сырье компании должны платить в казну больше. Такая практика давно и успешно зарекомендовала себя в мире. И это справедливо.


Ситуация в стране кардинально изменилась. Новый Казахстан – это не лозунг, а реальность. Предстоит большая работа, которую всем нам предстоит делать общими усилиями»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Өткен жылдың басынан бері экономиканы монополиядан арылту жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл – Үкіметтен ерік-жігер мен жоғары кәсібилікті талап ететін күрделі процесс. Бұл жұмысты жалғастырған жөн трансфертті баға белгілеу, халықаралық салық салу, субсидия мен мемлекеттік ресурстарды бөлу кезінде бақылауды қамтамасыз ететін түсінікті және тиімді құралдарды қолданысқа енгізу қажет.

Президент болып қайта сайланғаннан кейін ең бірінші Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанымды еске саламын. Үкімет пен Бас прокуратура жеке заң жобасын әзірледі. Парламент тиісті заңды жуық арада қабылдауы керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«С начала прошлого года ведется работа по демонополизации экономики. Это непростой процесс, требующий воли и профессионализма со стороны Правительства. Однако эту работу надо продолжать.
Предстоит внедрить понятные и действенные инструменты, обеспечивающие контроль при трансфертном ценообразовании, международном налогообложении, выделении субсидий и государственных ресурсов.

Одним из первых указов, который я подписал после переизбрания Президентом, стал Указ о мерах по возврату государству незаконно выведенных активов.
Правительство и Генеральная прокуратура уже подготовили отдельный законопроект.
Прошу Парламент в ближайшее время принять соответствующий закон»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Бұл қаржы тек елімізді дамытуға жұмсалуы қажет. Аталған мәселе бюджет шығындарына да қатысты. Алайда бюджеттің жоспарлануы мен жұмсалуы көңіл көншітпейді. Мемлекеттік қарызды өтеу шығыны артып барады.

Ұлттық қордан бөлінетін трансферт азаймай тұр. Барлық деңгейдегі бюджетті тиімді игеру проблемасы әлі де бар. Сондықтан бізге жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет саясаты керек. Биыл Парламент қарауына енгізілетін Жаңа Бюджет кодексінің жобасы аталған мәселелерді шешуге бағытталуға тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Эти средства – внутренний резерв нашей экономики, который должен быть направлен исключительно на развитие страны.
Это касается в том числе и бюджетных расходов.
Однако планирование и исполнение бюджета сегодня оставляет желать лучшего.

Растут расходы на обслуживание госдолга, не снижаются трансферты из Национального фонда, сохраняются проблемы с эффективностью освоения бюджетов всех уровней.
Поэтому нам нужна продуманная и сбалансированная бюджетная политика.
Проект нового Бюджетного кодекса, который будет внесен в Парламент в текущем году, должен быть направлен на решение данных вопросов»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет.

Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Особого внимания Правительства и Парламента заслуживает развитие туризма.
Потенциал этой отрасли до конца не раскрыт.
В стране есть привлекательные туристические объекты, но они все еще малодоступны.

Для серьезного прорыва в данной отрасли в первую очередь необходимо комплексное решение инфраструктурных вопросов и кардинальное повышение качества сервиса.
Требуется создать такие условия, чтобы предприниматели видели в сфере туризма широкие перспективы. Эффективность этой работы следует оценивать по объему частных инвестиций в сектор, числу внутренних и иностранных туристов»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Жалпы орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау саясаты мемлекетіміздің ұзақ мерзімге арналған тұрақты стратегиясына айналуы керек. «Ақ жол» партиясы шағын және орта бизнесті дамыту, экономиканы монополиядан арылту туралы үнемі айтып жүр. Партияның Мәжілістегі депутаттары осы жұмысқа өз үлесін қосады деп сенемін.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған Respublica партиясы Парламентке өтті. Бұл ұйым бизнестің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруға атсалысады деп ойлаймын»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«В целом, государственная политика поддержки малого и среднего предпринимательства должна приобрести в Казахстане характер долгосрочной и системной стратегии.
Вопросам развития малого и среднего бизнеса, демонополизации экономики особое внимание уделяет партия «Ақ жол». Ожидаю, что депутаты Мажилиса от партии внесут свой вклад в решение указанных задач.

Нижняя палата Парламента пополнилась членами партии Respublica, созданной по инициативе группы предпринимателей.Надеюсь, что и она будет всемерно содействовать формированию благоприятной бизнес-среды в Казахстане»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Тағы бір өзекті мәселеге назар аударғым келеді. Заңдар мен түрлі ережелерді әзірлеген кезде қаржы-өнеркәсіп топтары, ірі бизнес өкілдері шешім қабылдауға зор ықпал етеді. Ашығын айтсақ, бұл барлық елге, тіпті, дамыған мемлекеттерге тән жағдай. Бірақ осы үдерісті қоғамнАн жасырмай, заңмен реттеу керек, әйтпесе, жемқорлық белең алады.

Өркениетті елдерде саясат жабық есік жағдайында астыртын жасалмайды. Сондықтан лоббистік қызметті заңмен реттеудің және оған бақылау жасаудың халықаралық тәжірибесін зерттеу керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Пользуясь случаем, хочу заострить внимание еще на одном актуальном вопросе.
Известно, что при разработке законов и различных правил на принятие решений большое влияние оказывают финансово-промышленные группы, крупный бизнес.
Справедливости ради стоит отметить, что это свойственно практически всем странам, включая развитые.

Но, когда это происходит кулуарно, в условиях полной правовой неурегулированности, создается широкое поле для коррупции. В цивилизованном мире политика формируется не за закрытыми дверями. Поэтому поручаю изучить международный опыт законодательного регулирования и контроля лоббистской деятельности»
t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«ЕКІНШІ. Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды. Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр. Яғни, ел экономикасының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан әрі дамыта беру керек.

Бірақ жер қойнауын пайдалану саласында ондаған жыл бойы қордаланған проблемалар аз емес. Геологиялық барлау жұмыстарының ойдағыдай жүргізілмеуі тау-кен өнеркәсібін өркендетуге кедергі келтіріп отыр. Минералды шикізат базасын толықтыру қарқыны бәсеңдеп барады. Оның үстіне қазір игеріліп жатқан кен орындарының қоры сарқыла бастады.

Қазба байлықты тиімді және үнемді пайдалану қажет. Ол үшін заңнаманы жақсартып, рәсімдерді жеңілдету керек. Геологиялық барлау және кеніштерді игеру ісіне инвестиция тарту айрықша маңызды. Үкімет пен Парламент осы салаға қатысты нақты шаралар әзірлеуге тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Второе. Важно в полной мере задействовать производственный потенциал нашей страны.
Экономика Казахстана по-прежнему зависит от добычи полезных ископаемых. Иными словами, ее структура остается сырьевой, тогда как для прогрессивного развития страны необходима диверсификация экономики.
Конечно, у нас есть и свои конкурентоспособные преимущества на мировом рынке, которые необходимо эффективно использовать для решения текущих и стратегических задач. Поэтому эти отрасли необходимо продолжать развивать.

Однако, за последние десятилетия в сфере недропользования накопились системные проблемы. Полноценную реализацию возможностей горнодобывающей промышленности сдерживают недостаточные объемы геологоразведочных работ. Темпы восполнения минерально-сырьевой базы также замедляются. И это происходит на фоне истощения осваиваемых недр.

Необходимо эффективно и рационально использовать минерально-сырьевые ресурсы.
Для этого требуется усовершенствовать законодательство и упростить необходимые процедуры.
Особое значение имеют инвестиции в геологоразведку и разработку месторождений полезных ископаемых.
Правительству и Парламенту следует принять конкретные меры в этом направлении.»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Былтыр тауар газының тапшылығына тап болдық. Бұл жағдай бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре жаздады. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін нарықты газбен қамтамасыз ету керек. Қазақстанда газдың бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді бізге де енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Жалпы, төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидиялар көрші елдерге босқа кетеді. Қаншалықты қиын болса да, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет. Басқа жол жоқ.

Қазіргі уақытта зәулім үйлерін күндіз-түні төмен тарифпен жылытатындар үшін жаңа жүйе бойынша газдың текшеметрі қымбатырақ болуға тиіс. Әлеуметтік әділдік дегеніміз – осы.

Қолда бар шикізатты пайдалану тиімділігін арттыру маңызды. Күнделікті тұрмыста да, мемлекет деңгейінде де үнемдеп үйрену керек. Бұл – әлемдік тәжірибе. Оның өзектілігі қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында күшейе түсті.

Өндірісте де, тұрмыста да газды арзан екен деп бей-берекет жаға беруге болмайды. Мұны доғару керек. Үкімет Тауар газының энергетикалық тиімділігін арттыру және оны үнемді пайдалану жоспарын әзірлеуі қажет»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«В прошлом году мы столкнулись с серьезным дефицитом товарного газа, что поставило под угрозу энергетическую безопасность страны.
Чтобы исключить подобные ситуации в будущем, необходимо обеспечить внутренний рынок этим видом топлива.
В то же время цены на газ в Казахстане самые низкие в сравнении со всеми соседними государствами.
Поэтому по примеру зарубежных стран нужно рассмотреть возможность введения дифференцированных тарифов.
В целом, низкие тарифы и низкие цены негативно сказываются на нашей экономике. Все выделяемые субсидии уходят в соседние страны. Проблема довольно сложная, но ее нужно постепенно решать. Другого выхода нет.

Для тех, кто сейчас днем и ночью отапливает огромные особняки по низкому тарифу, в новой системе цена кубометра должна стать выше. В этом и проявляется социальная справедливость.

Важно повышать эффективность использования имеющегося сырья, надо учиться жить в условиях жесткой экономии как в быту, так и на уровне государства. Это мировая практика, которая усилилась в современной сложной геополитической ситуации.

Бесконтрольное и нерачительное использование дешевого газа как в производстве, так и в быту, должно уйти в прошлое. Правительству следует разработать План энергоэффективности и рационального потребления товарного газа»

t.me/aqorda_resmi