Aqorda 🇰🇿
53.7K subscribers
10.4K photos
2.36K videos
12.7K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Ардақты ағайын!


Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды.

Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Халқымыз әрдайым Наурыз мейрамын жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Түбегейлі өзгерістер қастерлі Отанымызды өркендетуге тың серпін береді деп сенемін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, қолға алған игі бастамаларымыз оңынан болсын, ағайын!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!
Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!


t.me/aqorda_resmi
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю праздника Наурыз мейрамы

Дорогие соотечественники!

Сердечно поздравляю всех с Наурыз мейрамы!

Наурыз символизирует обновление и возрождение, процветание и единство. В это время года день сравнивается с ночью, пробуждается природа. Поэтому испокон веков наши предки придавали особое значение этому яркому весеннему празднику, называя его «Ұлыстың ұлы күні».

В его основе лежат ценности мира и согласия в обществе, в нем прочно укоренены наши национальные традиции и обычаи. Сегодня Наурыз стал по-настоящему народным праздником.

В эти дни на первый план выходят такие качества, как милосердие, сострадание, стремление к созиданию, способствующие укреплению единства и солидарности в нашей стране.

Наш народ всегда связывает с Наурызом самые светлые надежды и ожидания. Казахстан вступил в новый этап своего развития. Уверен, проводимые кардинальные преобразования придадут мощный импульс прогрессу нашей страны. Пусть все наши начинания увенчаются успехом!

Пусть Наурыз принесет счастье и радость в каждый дом!
Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!

С праздником Наурыз мейрамы!

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!


t.me/aqorda_resmi
✉️ Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мейрамына орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиëев құттықтау жеделхатында ежелден бастау алатын Наурыз мейрамының философиялық мән-мазмұнында қазақ пен өзбек халықтарына ортақ әдет-ғұрыптар мен құндылықтар көрініс тапқанын атап өтіп, екі халық та бұл мерекені зор үмітпен қарсы алатынын айтқан.

Өзара тату, көршілес елдер ретінде арамыздағы ынтымақтастық екі халықтың мүддесіне сай дами түсетініне сенімдімін. Жоғары деңгейдегі байланыстарды одан әрі жандандырып, стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастық қарым-қатынасымызды нығайта түсуге мүмкіндігіміз мол, – деп жазылған жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өзінің жеделхатында жыл басы саналатын әрі ынтымақ-бірлікке шақыратын Наурыз мейрамында бауырлас қазақ халқына бақ-береке тіледі.

Осы жыл біздің елдеріміз үшін даму жылы болады деп ойлаймын. Ортақ рухани құндылықтар мен достыққа, сондай-ақ стратегиялық серіктестікке негізделген жан-жақты қарым-қатынасымыз ортақ күш-жігеріміздің арқасында жүйелі түрде дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбіт өмір мен игілік тіледі.

Наурыз мейрамының мызғымас құндылықтарын ту еткен елдеріміз стратегиялық серіктестік аясында достық қатынастарымызды және өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін, – деп жазылған Тәжікстан Президентінің құттықтауында.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев өзінің құттықтау жеделхатында Наурыз халықтарымыздың әлемдік мәдениетке қосқан құнды үлесі деп атап өтті.

Бұл мереке – өзара түсіністік, достық пен ынтымақтастықтың белгісі. Біздің халықтарымыздың еркімен қазақ–әзербайжан достық қарым – қатынасы мен серіктестігін сақтау және нығайту жолында бірлескен күш-жігерімізді жалғастырамыз деп сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран Президенті Ибрахим Раиси, Грузия Президенті Саломе Зурабишвили және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау жеделхаттарын жолдады. Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Телеграммы поздравления в адрес Президента Казахстана по случаю праздника Наурыз

На имя Касым-Жомарта Токаева продолжают поступать поздравления от глав иностранных государств и руководителей международных организаций по случаю праздника Наурыз.

Президент Узбекистана Шавкат Мирзиëев в своей поздравительной телеграмме отметил, что наряду со своей древней историей Наурыз в своем философском содержании отражает общие обычаи и ценности казахского и узбекского народов.

Глубоко убежден, что наше взаимное сотрудничество, основанное на добрососедских отношениях, будет расширяться в соответствии с общими интересами наших народов, а дальнейшая активизация взаимных связей на высоком уровне будет способствовать укреплению нашего стратегического партнерства и союзнических отношений, – говорится в телеграмме.

Президент Кыргызстана Садыр Жапаров в праздник Наурыз, символизирующий начало нового года и призывающий к миру и единству, пожелал братскому казахскому народу добра и счастья.

Считаю, что этот год станет годом развития для наших стран. Пусть многогранные отношения между Кыргызстаном и Казахстаном, основанные на общих духовных ценностях и дружбе, а также стратегическом партнерстве, последовательно развиваются благодаря нашим общим усилиям, – написал в поздравительном послании Садыр Жапаров.

Президент Таджикистана Эмомали Рахмон пожелал Касым-Жомарту Токаеву крепкого здоровья и новых успехов, а братскому народу Казахстана – мира, благоденствия и процветания.

Уверен, что наши страны с новыми надеждами и чаяниями, следуя немеркнущим ценностям Навруза, и впредь будут расширять и развивать свои дружественные отношения и взаимовыгодное сотрудничество в рамках стратегического партнерства, – отметил лидер Таджикистана.

В поздравительном послании Президента Азербайджана Ильхама Алиева подчеркивается, что Наурыз является ценным вкладом наших народов в мировую культуру.

Этот праздник символизирует взаимное понимание, дружбу и солидарность. Верю, что по воле наших народов мы и впредь продолжим совместные усилия на пути сохранения и укрепления азербайджано-казахских дружественных отношений и партнерства, – говорится в телеграмме.

Свои поздравления также направили Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов, Президент Ирана Ибрахим Раиси, Президент Грузии Саломе Зурабишвили и Генеральный секретарь ТЮРКСОЙ Султан Раев. Письма и телеграммы в адрес Главы государства продолжают поступать.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Ардақты ағайын!


Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл.

Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен.

Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.

Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Ораза қабыл болсын!


t.me/aqorda_resmi
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю начала месяца Рамазан

Дорогие соотечественники!

От всей души поздравляю вас с началом священного месяца Рамазан, имеющим огромное значение для всех мусульман!

Это особенное время, когда превозносятся такие ценности, как стойкость, сострадание, умеренность, способствующие духовному очищению и всестороннему совершенствованию людей.

Наши предки с почтением называли Рамазан «султаном двенадцати месяцев», проводя ауызашар для постящихся и проявляя глубокое уважение друг к другу.

На протяжении веков ислам, с которым прочно связаны многие традиции и обычаи Великой степи, играет важную роль в сохранении единства и согласия в нашей стране.

Пусть в месяц милосердия наш народ преумножит свои благие начинания и пожнет их плоды!

Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!
Ораза қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿📞🇯🇴 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞🇯🇴 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары бір…
🇰🇿📞🇯🇴 Президент Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Королем Иордании Абдаллой II бен аль-Хусейном

Состоялся телефонный разговор Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Королем Иорданского Хашимитского Королевства Абдаллой II бен аль-Хусейном. Главы государств обменялись поздравлениями по случаю начала священного для всех мусульман месяца Рамазан.

Лидеры двух стран также обсудили перспективы казахско-иорданских отношений и договорились о продолжении регулярных контактов.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿📞🇶🇦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞🇶🇦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі. Әңгімелесу барысында…
🇰🇿📞🇶🇦 Президент Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Эмиром Катара шейхом Тамимом бен Хамадом Аль Тани
 
Главы государств обменялись поздравлениями по случаю начала священного месяца Рамазан и пожелали народам Казахстана и Катара процветания и благополучия.

В ходе разговора были обсуждены перспективы дальнейшего укрепления двустороннего сотрудничества в торгово-экономической, инвестиционной и гуманитарной сферах. Особое внимание было уделено эффективной реализации договоренностей, достигнутых в ходе государственного визита Эмира Катара в Астану в октябре прошлого года.

Стороны подтвердили стремление к сохранению динамики взаимной торговли и реализации инвестиционных проектов, в том числе в финансовой сфере.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлік Шәкірұлы Әли
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Указами Главы государства:

Али Ерлик Шакирович
назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Румынии, он освобожден от должности Национального координатора по вопросам деятельности Шанхайской организации сотрудничества от Республики Казахстан;

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Республике Австрия, Постоянный представитель Республики Казахстан при международных организациях в городе Вене Бакаев Алибек Асетович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Словения по совместительству.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Указами Главы государства:

Рустемов Нурбах Турарович
освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Румынии;

Абибуллаев Алтай Ибрагимович освобожден от должностей Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Хорватия, Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Боснии и Герцеговине, Черногории по совместительству.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Президент Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасованы қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты.…
Глава государства принял почетного президента федерации шахмат города Астаны Динару Садуакасову

Президент Касым-Жомарт Токаев и международный гроссмейстер среди женщин Динара Садуакасова обменялись мнениями о развитии шахмат в стране.

Известная шахматистка рассказала Главе государства о проводимой работе по повышению популярности шахмат и планах на будущее. По словам гроссмейстера, регулярно проводятся мастер-классы и квалификационные турниры среди детей.

Президент поздравил Динару Садуакасову с завоеванием серебряной медали в рапиде на чемпионате мира по шахматам в Алматы в прошлом году. Он также отметил, что шахматистам будет оказана всесторонняя поддержка со стороны государства.

Касым-Жомарт Токаев пожелал Динаре Садуакасовой успехов на предстоящих соревнованиях.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

❗️Президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ…
Глава государства принял управляющего Международным финансовым центром «Астана» Рената Бектурова

Президент был проинформирован о работе Международного финансового центра «Астана» по развитию инновационных финансовых продуктов и услуг, укреплению инвестиционной привлекательности страны, а также взаимодействию с ключевыми бизнес-партнерами в рамках обновленной стратегии развития МФЦА.

Касым-Жомарту Токаеву было доложено о мерах по дальнейшему расширению спектра инструментов устойчивого финансирования и роли Центра в реализации цели по финансированию достижения углеродной нейтральности страны.

Глава государства отметил важную роль МФЦА в создании инфраструктуры и условий для привлечения иностранных инвестиций, а также в развитии фондового рынка и экономики Казахстана.

❗️Президент акцентировал внимание на необходимости повышения конкурентоспособности Центра, создания благоприятных условий для масштабных инвестиций в актуальные инфраструктурные проекты, такие как Транскаспийский международный транспортный маршрут.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров орталықтың былтырғы атқарған жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады.

t.me/aqorda_resmi