Aqorda 🇰🇿
76.7K subscribers
19.4K photos
3.47K videos
21.6K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Forwarded from Aibek Smadiyar
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
Forwarded from Aibek Smadiyar
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил Михаила Шайдорова с завоеванием титула чемпиона зимних Олимпийских игр.

В поздравлении подчеркивается, что первая в истории отечественного спорта золотая медаль в фигурном катании – это грандиозный успех исторического значения.

Президент поблагодарил Михаила за высочайшее мастерство и волю к победе.

Касым-Жомарт Токаев особо отметил, что любители спорта и все граждане Казахстана гордятся выдающимся достижением нашего спортсмена.

Глава государства принял решение наградить Михаила Шайдорова орденом «Барыс» II степени, а также выразил благодарность тренерскому штабу, Федерации фигурного катания на коньках и руководству профильного министерства за проделанную работу.

Президент пожелал олимпийскому чемпиону благополучия и новых побед.
✍️Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Садықұлы Әбжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Абжанов Бауржан Садыкович назначен начальником Национального университета обороны Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады

✉️Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді.

Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇸Глава государства поздравил Президента Александра Вучича с Днем государственности Сербии

✉️Касым-Жомарт Токаев отметил, что этот праздник отражает единство сербского народа и его неизменную приверженность национальному единству, суверенитету и поступательному развитию.

В телеграмме подчеркивается, что Казахстан высоко ценит прочные отношения с Сербией, основанные на искренней дружбе и общности устремлений.

Президент Казахстана пожелал Александру Вучичу дальнейших успехов в государственной деятельности, а народу Сербии – благополучия и процветания.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті.

🟦Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды.

🟦Сондай-ақ бүгінде шет мемлекеттерде елімізді әлемге танытып жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқанын, мемлекеттің таланттар мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

– Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

– Қазақстанның азаматы ретінде мақсатымыз еліміздің көк туын 120 миллионнан аса халқы бар Жапонияға таныту болатын. Осы бағыттан таймай, еңбек етіп келеміз. Сондай-ақ Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген отандасымыз Михаил Шайдоровтың айтулы жетістігімен Өзіңізді және барша қазақстандықтарды құттықтаймын, – деді Ерсін Балтағұл.


🟦Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял профессионального борца сумо Ерсина Балтагула

🟦Касым-Жомарт Токаев провел встречу с казахстанским борцом Ерсином Балтагулом, добившимся больших успехов на родине сумо – в Японии.

🟦Президент поздравил спортсмена с завоеванием на Кубке Императора в 2025 году титула «маэгасира» – высокого ранга в борьбе сумо, а также с получением специального приза «Канто-сё» (боевой дух) по итогам соревнований.

🟦Глава государства назвал данную награду результатом упорства и трудолюбия сумоиста.

🟦Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что сегодня растет число наших молодых соотечественников, которые успешно представляют страну за рубежом. По его словам, государство уделяет особое внимание поддержке талантов и созданию условий для развития спорта.

– В ходе визита в Японию я заметил, что Вас знают и уважают многие: от Императора до простых людей. Это большая честь. Проживая в Японии, Вы прославляете казахский народ и укрепляете авторитет нашей страны. Выражаю Вам особую благодарность, – отметил Глава государства.


🟦В свою очередь Ерсин Балтагул поблагодарил Президента за поддержку и сообщил, что планирует встретиться с юными спортсменами.

– Как гражданин Казахстана я поставил перед собой цель – достойно представлять бирюзовый флаг нашей страны в Японии, население которой превышает 120 миллионов человек. Я делаю все, чтобы достичь этой цели. Хотел бы также искренне поздравить Вас и всех казахстанцев с выдающимся достижением нашего соотечественника Михаила Шайдорова, завоевавшего золотую медаль на зимних Олимпийских играх в Италии, – сказал Ерсин Балтагул.


🟦В завершение Президент пожелал борцу достижения новых высоких результатов на международных состязаниях, что будет способствовать повышению авторитета нашей страны и дальнейшему укреплению уз дружбы между Казахстаном и Японией.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

****

Касым-Жомарт Токаев наградил сумоиста Ерсина Балтагула орденом «Барыс» ІІ степени за выдающиеся спортивные достижения


t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесу

****

Встреча с борцом сумо Ерсином Балтагулом

🎦 t.me/aqorda_resmi
📞 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇷🇺Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.

✔️Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

✔️Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.

✔️Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📞 Состоялся телефонный разговор Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Президентом Российской Федерации Владимиром Путиным

🇰🇿🇷🇺Главы государств в традиционно дружественной и доверительной атмосфере обсудили текущее состояние и перспективы дальнейшего развития казахстанско-российских многогранных отношений.

✔️Президенты с удовлетворением отметили последовательное исполнение договоренностей, достигнутых на высшем уровне.

✔️Дана положительная оценка проводимой работе по углублению культурно-гуманитарных связей, также отмечена важность дальнейшего продвижения совместных научно-образовательных инициатив.

✔️Касым-Жомарт Токаев подтвердил свое приглашение российскому Президенту посетить с государственным визитом Казахстан.

✔️В ходе беседы состоялся обмен мнениями по вопросам международной и региональной повестки дня.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

✔️Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті.

– Намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар! Соның арқасында көк Туымыз желбіреді. Еліміздің мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған Дубайдағы дүбірлі дода – халықаралық маңызы бар оқиға. Бұл аса тартысты жарыс деп айтсақ, қате болмайды. Себебі барлық командалар бес күн бойы өте күрделі мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген тосқауылдарды еңсеруі қажет болды. Бірақ біздің жауынгерлер барын салды, әскери міндеттерді мінсіз орындап, ақыры ең жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Мұндай жарысқа әр мемлекет өзінің ең мықты сарбаздарын жібереді. Соған қарамастан ел үмітін ақтап, үздіктердің үздігі атану оңай емес екені анық. Бұл кездейсоқ жетістік емес. Әр жетістік – зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі. Әр жеңіс – мықты кәсіби дайындық пен асқан шеберліктің айқын көрінісі. Өздеріңіз білесіздер, былтыр осы беделді жарыста Қазақстан құрамасы екі күміс жүлдені еншіледі. Биыл да сол жеңіс жолын жалғастырып, зор сенім артқан ұлттық командамыз абыроймен оралды. «Қазақстан С» командасы теңдесі жоқ, яғни абсолютті чемпион атанды. Бұл – тамаша жетістік, бұл жеңіс осы турнирдің тарихында қалады. Жылдар зымырап өтеді, бірақ сіздердің балаларыңыз, осы қуанышты күндердің куәсі болған, сіздерді қолдаған, сіздерді мақтан тұтқан барлық адамдар бұл жеңісті әрдайым ерекше сезіммен еске алып, айтып отырады. Ал «Қазақстан А» командасы екінші орынға ие болды. Бұл да өте жақсы, бәрімізді қуантқан керемет нәтиже, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства вручил награды победителям международного турнира UAE SWAT Challenge-2026

✔️В Акорде состоялась церемония награждения участников команд – победителей международного турнира UAE SWAT Challenge-2026.

✔️Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил победителей и подчеркнул, что они продемонстрировали всему миру непоколебимый дух казахских воинов и укрепили авторитет Казахстана на международной арене.

– Защищая честь страны, вы одержали блестящую победу на этом престижном турнире. Благодаря этому наш небесно-голубой флаг гордо взмыл ввысь, а слава нашей Родины приумножилась. Мы искренне гордимся вами! Турнир в Дубае, собравший более 100 элитных подразделений из 48 стран – это событие мирового масштаба. Не будет преувеличением сказать, что это были сложнейшие испытания: на протяжении пяти дней командам приходилось преодолевать тяжелейшие преграды на пределе человеческих возможностей. Наши бойцы проявили исключительную волю, безупречно выполнили боевые задачи и подтвердили высочайший уровень профессионализма. На такие состязания каждое государство направляет своих самых сильных воинов. В столь непростых условиях вы оправдали надежды соотечественников и доказали, что являетесь лучшими из лучших. Этот успех не случаен. Каждое достижение – плод железной дисциплины и неустанного труда. Каждая победа – яркое свидетельство тщательной тактической подготовки и отточенного мастерства. Как вы знаете, в прошлом году на турнире наши бойцы завоевали две серебряные медали. В этом году национальная сборная, на которую возлагались большие надежды, с честью продолжила этот победный путь. Команда «Kazakhstan C» стала абсолютным чемпионом. Это историческое достижение навсегда останется в летописи турнира. Пройдут годы, но ваши дети и все соотечественники, ставшие свидетелями триумфа, будут с гордостью вспоминать эти славные дни. Команда «Kazakhstan A» заняла почетное второе место. Это тоже великолепный результат, который воодушевил всех нас, – заявил Касым-Жомарт Токаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент «Томирис» қыздар құрамасының жетістігіне айрықша тоқталды

– Сұлу қыздарымыз өте жоғары деңгейде өнер көрсетті, шеберлікпен алға шығып, әйелдер арасында топ жарды. Қазақстанның намысын қорғаған бес құраманың бәрі де үздік 20 команданың тізіміне кірді. Бұл нағыз жасампаз отаншылдық деп күмәнсіз айтуға болады. Төрткүл дүние ұл-қыздарымыздың мықтылығына куә болды. Сондықтан тағы да атап өткім келеді, сіздер көрсеткен мықты тактикалық дайындық, айрықша күш-жігер мен тамаша топтық жұмыстың арқасында әлем жұртшылығы қазақтың батыл, қайсар және өр рухты ұлт екеніне көз жеткізді. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Барлық бапкер мен жаттықтырушыға және әскери басшыларға, басқа да мамандарға зор алғыс айтамын, – деді Президент.


✔️Мемлекет басшысы арнайы жасақ қызметкерлері мен әскерилер әрдайым тәртіп пен мінсіз кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, мемлекет мүддесін қорғау үшін батыл әрекетке дайын болуы қажет екенін айтты.

– Қазіргі күрделі әрі тұрақсыз геосаяси ахуал ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тың тәсілдерін әзірлеуді талап етеді. Сондықтан мемлекет әскери-күштік құрылымдарды кешенді түрде жаңғыртуға, технологиялық тұрғыдан жан-жақты жарақтандыруға баса мән береді. Сіздердің жарыстағы табыстарыңыз – еліміздің күштік құрылымдарын жүйелі дамытудың, әскер қатарындағы жоғары моральдық рух пен физикалық даярлықтың нәтижесі. Сіздер Отанға қалтқысыз қызмет етіп, антқа адал болсаңыздар, Қазақстанның қорғаныс қабілеті нығая түсетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства особо отметил достижение женской сборной «Томирис»

– Наши прекрасные девушки продемонстрировали филигранное мастерство и волю к победе, став победительницами среди женщин. Отрадно, что все пять подразделений, защищавших честь Казахстана, вошли в топ-20 лучших команд. Это и есть пример истинного, созидательного патриотизма. Весь мир воочию убедился в силе наших сыновей и дочерей. Благодаря вашей безупречной тактической подготовке, исключительной энергии и слаженной командной работе мировое сообщество еще раз убедилось, что мы – смелая, стойкая и сильная духом нация. Выражаю искреннюю признательность вам, вашим тренерам и военному руководству, – сказал Президент.


✔️Глава государства считает, что сотрудники специальных подразделений и военнослужащие всегда и везде должны быть примером строгой дисциплины, воинского профессионализма, готовности к решительным действиям для защиты интересов государства.

– Нынешняя сложная, нестабильная геополитическая обстановка требует разработки новых подходов к обеспечению безопасности государства, в том числе с точки зрения военно-технического оснащения нашей армии. Поэтому государство уделяет повышенное внимание комплексной модернизации и всестороннему технологическому переоснащению военно-силового блока. Ваш успех на этих соревнованиях – это результат системного развития силовых структур Казахстана, высокой моральной и физической подготовки военнослужащих. Уверен, ваше беззаветное служение нашей Родине, ваша верность присяге будут способствовать укреплению обороноспособности Казахстана, – полагает Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел қорғау – ең абыройлы міндет. Нағыз отаншыл, адал азаматтар ғана осы жолды таңдайды»

✔️Мемлекет басшысы қазір еліміз ауқымды өзгерістердің шешуші кезеңіне қадам басқанына назар аударып, 15 наурызда азаматтарымыз жалпыхалықтық референдумда Конституцияға қатысты өз таңдауын жасайтынын еске салды.

– Бұл – ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды шешім болмақ. Басты құжаттың жобасында егемендігімізді және мемлекеттігімізді нығайтатын мызғымас рухани және құқықтық құндылықтар бекітілді. Қазақстан Республикасының аумақтық, яғни жерінің тұтастығы, егемендігі, тәуелсіздігі, адам мен оның өмірі, барлық азаматтардың құқықтары және бостандықтары ең жоғары құндылықтар ретінде жарияланды. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық ұғымы айқындалды. Әділетті Қазақстан идеясы, Заң және тәртіп қағидаты жаңа Конституция жобасында лайықты орнын тапты. Мұның бәрін іс жүзінде орнықтыру – баршаға ортақ перзенттік парыз. Түптеп келгенде, жаңа Ата Заңымыз еліміздің одан әрі дамуына және өркен жаюына жол ашуы керек. Ал күштік құрылымдар мен арнайы жасақтар ел тәуелсіздігі және халық тұтастығының тірегі болуға тиіс. Себебі алдымызда тұрған мақсат– біреу. Бұл – келер ұрпаққа қуатты әрі озық мемлекетті аманат ету. Бәріміз бір ел болып осы тарихи миссияны міндетті түрде іске асырамыз. Ел қорғау – ең абыройлы міндет. Нағыз отаншыл, адал азаматтар ғана осы жолды таңдайды. Сіздер келешекте де ұлт мүддесіне мінсіз қызмет ете бересіздер деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM