Aqorda 🇰🇿
58K subscribers
12.6K photos
2.62K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
📣 ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

🇰🇿🇨🇳 🇨🇳 Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣 Государственный визит Председателя КНР Си Цзиньпина в Казахстан

🇰🇿🇨🇳 🇨🇳 2-4 июля 2024 года по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Председатель Китайской Народной Республики Си Цзиньпин совершит государственный визит в Республику Казахстан, а также примет участие в 24-м заседании Совета глав государств – членов Шанхайской организации сотрудничества.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 24-30 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 24 по 30 июня 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута»

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута, в том числе для контейнерных поездов сообщением Китай – Европа»

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о международных автомобильных перевозках»

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О науке и технологической политике»

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам науки и технологической политики, платформенной занятости и государственного контроля»

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) и Закон Республики Казахстан «О введении в действие Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)»

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды
 
Заң Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданды.

Жалпы, Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді.
 
Заң новелласының бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған.

Бірінші. Шағымдарды қарау тетігі жаңартылды. Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды.

Сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге  зор өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында бұдан былай шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды.

Сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және жеңімпазы тек конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады.

Екінші. Сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында Заңда тікелей белгіленген мерзімдер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының деңгейіне ауыстырылды.

Үшінші. Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану негіздері қайта қаралды.

Бұрын сатып алулар тек 1 әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда өтпеді деп танылатын. Енді мұндай өнім берушіні тиісті біліктілік талаптарына сай деп таныған жағдайда онымен шарт жасасуға рұқсат беріледі.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды   Заң Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданды. Жалпы, Заң сатып алу процесінің…
✍️ Глава государства подписал Закон «О государственных закупках»

Закон принят в реализацию Послания Президента народу Казахстана от 1 сентября 2022 года «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество».

В целом Закон направлен на оптимизацию процедур закупочного процесса, повышение качества закупаемых товаров, работ и услуг усиление ответственности участников госзакупок и развитие конкуренции.

Первый блок новелл Закона направлен на упрощение и сокращение процедур закупок.

Первое. Обновлен механизм рассмотрения жалоб, пересмотрена роль Министерства финансов, как контролирующего органа.

В целях оперативного проведения закупок, предоставления больших полномочий заказчикам, а также исключения затягивания процедур закупок теперь жалобы будут рассматриваться непосредственно самим организатором закупок.
Обжалование итогов закупок будет осуществляться посредством веб-портала и только по закупкам, где победитель определен конкурсной комиссией.

Второе. В целях сокращения сроков проведения процедур закупок прямо установленные в Законе сроки перенесены на уровень Правил осуществления госзакупок.

Третье. Пересмотрены основания признания госзакупок несостоявшимися для упрощения процедур и исключения коррупционных рисков.

Ранее закупки могли признаваться несостоявшимися, когда в них участвовал только 1 поставщик. Теперь же допускается заключать договор с таким поставщиком, в случае признания его соответствующим квалификационным требованиям.

t.me/aqorda_resmi
Төртінші. Тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау және оларға барынша дербестік беру мақсатында құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған.

Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі бекітілді (әзірге тек төтенше жағдай салдарын жою үшін).

Бесінші. Ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді.
Мәселен, ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу рәсімдері енді Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Төртінші. Тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау және оларға барынша дербестік беру мақсатында құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден…
Четвертое. В целях ускоренного приобретения заказчиками товаров, работ и услуг и предоставления им большей самостоятельности предусмотрено право по закупу из одного источника товаров до 100 МРП, работ и услуг до 500 МРП.

Для сельских акиматов порог приобретения таких товаров, работ и услуг увеличен с 3000 до 4000 МРП.
Также установлена возможность приобретения из одного источника товаров, работ и услуг, необходимых для предотвращения чрезвычайных ситуаций (сейчас только для ликвидации последствий ЧС).

Пятое. Упрощен порядок закупок научными организациями.
Так, закупки научно-исследовательских институтов и организаций высшего и (или) послевузовского образования для выполнения научных исследований и научных работ будут осуществляться по Правилам, утверждаемым Министерством науки и высшего образования.

t.me/aqorda_resmi
Заң новелласының екінші блогы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Бірінші. Сатып алуға қатысушылардың біліктілігін арттыру және өнім берушіні таңдаудың бағалық емес өлшем шарттарын дамыту үшін әлеуетті өнім берушілердің тізілімі енгізілді. Бұл абыройына нұқсан келмеген өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыруға және сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа өлшемшарттарын біріктіре отырып, өнім берушілерді дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте өнім беруші туралы ақпарат мемлекеттік органдар жүйелерінің мәліметтері негізінде түзіледі (жұмыс тәжірибесі, қаржылық орнықтылығы, салық берешегінің болмауы, ашық қолжетімділікте қаржылық есебінің жариялануы және т.б.).

Екінші. Заңда толық дайын түрінде берілетін құрылыс туралы шарт жасасу мүмкіндігі, яғни жобалаудан бастап объектіні пайдалануға беруге дейінгі жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңі, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарлар жеткізу және қызметтер көрсету үшін жауапкершілікті бір өнім берушіге жүктеу мүмкіндігі белгіленген.

Үшінші. Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға негізделген «тұрақты мемлекеттік сатып алулар» түсінігі енгізілді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Заң новелласының екінші блогы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Бірінші. Сатып алуға қатысушылардың біліктілігін арттыру және өнім берушіні таңдаудың бағалық емес өлшем шарттарын дамыту үшін…
Второй блок новелл Закона направлен на повышение качества закупаемых товаров, работ и услуг.

Первое. Для повышения квалификации участников закупок и развития неценовых критериев выбора поставщика внедрен реестр потенциальных поставщиков, который позволит осуществлять закупки среди поставщиков, имеющих положительную репутацию, и перейти к выбору поставщиков с комбинированием ценовых и качественных критериев по всем видам закупок.

Информация о поставщике будет формироваться путем широкого использования данных информсистем госорганов (опыт работы, финустойчивость, отсутствие налоговых задолженностей, размещение финотчетности в открытом доступе и др.).

Второе. Законом установлена возможность заключения договора о строительстве под «ключ», предметом которого являются комплексные работы по строительству объекта с установлением ответственности одного поставщика на всех этапах реализации проекта от проектирования до ввода объекта в эксплуатацию, а также сопутствующие указанным работам поставка товаров и оказание услуг.

Третье. Внедрены так называемые «устойчивые госзакупки», основанные на приобретении товаров, работ и услуг с учетом социальных, экономических и экологических аспектов.

t.me/aqorda_resmi
Заң новелласының үшінші блогы өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Бірінші. Мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі енгізілді.

Екінші. Бұрын сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасаған әлеуетті өнім берушінің, басшының немесе құрылтайшының мемлекеттік сатып алуларға қатысуына тыйым салынды.

Жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар әлеуетті өнім берушілер де мемлекеттік сатып алуларға жіберілмейді.
 
Үшінші. Өнім беруші жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі 50-ден 30 пайызға дейін қысқартылды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Заң новелласының үшінші блогы өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бірінші. Мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі енгізілді. Екінші. Бұрын сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасаған әлеуетті өнім…
Третий блок новелл Закона направлен на усиление ответственности поставщиков.

Первое. Внедрена возможность общественного мониторинга госзакупок.

Второе. Установлен запрет для участия в госзакупках потенциального поставщика, руководитель или учредитель, которого ранее совершили коррупционные правонарушения.
К госзакупкам также не будут допущены потенциальные поставщики, имеющие просроченную задолженность по заработной плате.

Третье. Сокращены с 50 до 30 процентов предельные объемы работ и услуг, передаваемые поставщиком субподрядчикам (соисполнителям) для выполнения работ либо оказания услуг.

t.me/aqorda_resmi
Заң новелласының төртінші блогы бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Бірінші. Барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды сатып алудың бірыңғай платформасына – мемлекеттік сатып алудың веб-порталына көшіру мүмкіндігі заңнамалық тұрғыда бекітілді.
Бастапқы кезеңде қазіргі сатып алу алаңдары сақталады және сатып алу бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты жинау және көрсету үшін интеграция жүргізіледі.

Екінші. Тауар биржалары арқылы сатып алу тәсілі алынып тасталды.

Үшінші. Үкімет айқындаған нақты өнім берушімен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу енді жалпыхалықтық мәні бар аса маңызды объектілер мен жобаларды іске асыру үшін қажетті ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Төртінші. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қаржы министрлігі тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жеке тізбесін бекітеді.
Заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi