Aqorda 🇰🇿
53.6K subscribers
10.4K photos
2.36K videos
12.7K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Президент:

«Справедливый Казахстан создадут не гениальные вожди и мифические супергерои, а простые труженики и добросовестные граждане. Именно их следует всячески пропагандировать. Именно они являются настоящими героями нашего времени и надежной опорой нашей нации.

Сила государства – в людях, в их созидательной энергии и патриотизме. Поэтому все наши масштабные преобразования ориентированы на человека, полноценное раскрытие его созидательного потенциала. Для нас важны не реформы сами по себе, наши реформы не для «красного словца», а для дела. Их главная цель – обеспечить уверенность в будущем и благополучие всех наших граждан.

Особое место средствам массовой информации отводится и в укоренении в обществе «Закона и Порядка» – одного из основополагающих принципов проводимых в стране преобразований»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Біз әр салада заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Ал кез келген құқықтық мемлекетте азаматтар мен институттардың барлығы заңдарды, ережелер мен нормаларды мүлтіксіз сақтауға тиіс.

Қоғамдағы қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер ұлттық заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешілуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Сонда ғана біз берекелі және әділетті қоғам құрамыз.

Сондықтан Заң мен тәртіп қағидатын баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру үшін берік іргетас деп қараған жөн.

Біз, ең алдымен, жемқорлықты түбірімен жоюымыз керек. Мен осы мәселеге айрықша мән беремін. Біз қоғамда бұл кеселдің бар екенін жасырмаймыз. Ашық айтамыз деп, оның зардабын да тартып жатамыз. Тіпті, кейде шетелдіктер де, өз азаматтарымыз да Қазақстанды жемқорлыққа белшесінен батқан ел деп ойлайды. Бұл шындыққа еш жанаспайды. Ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген адал азаматтар аз емес. Қайталап айтамын: жемқорлық – кесел. Біз тұтас қоғам болып оған қарсы тұруымыз керек. Сонда ғана нәтиже болады»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Мы принимаем конкретные меры по обеспечению верховенства закона в каждой сфере жизни. В Казахстане, как и в любом другом правовом государстве, все граждане и институты должны неукоснительно соблюдать законы, правила и нормы.

Противоречия и разногласия в обществе должны разрешаться в соответствии с национальным законодательством и основными международными нормами. Это моя непоколебимая позиция. Только так мы построим процветающее и справедливое общество.

Поэтому принцип «Закон и Порядок» следует рассматривать как надежный фундамент для построения Справедливого Казахстана – страны равных возможностей для всех и каждого.

Интенсивная работа ведется против коррупции на всех уровнях. Мы открыто говорим об этой хронической болезни. Материалы СМИ пестрят сообщениями о задержаниях чиновников. И говорим иногда даже себе в ущерб, потому что среди наших граждан, да и за рубежом складывается впечатление, что Казахстан – это сплошь коррумпированная страна. Это не соответствует реальному положению дел, хотя проблема существует – это мы признаем»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Көпшілігіңіз үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауыңыз. Нағыз журналистер әсіре әуестіктен, бос сөзден және әлеуметтік желіде өзіне-өзі масаттанудан ада болады. Олар әрдайым оқиғаның ортасында жүреді. Халықты алаңдататын өзекті мәселелерді көтеріп, мазмұнды материалдар әзірлейді. Дәл осындай белсенді әрі пайдалы іс атқаратын тілшілер қауымы отандық журналистиканың бет-бейнесі саналады. Олар еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді.

Қазір жаңа медиа дәуірі басталды. Бұқаралық ақпарат құралдары жасанды интеллект технологиясын тиімді пайдаланып жатыр. Мұны шын мәнінде жаңашылдық пен жасампаздықтың көрінісі деуге болады. Әр адам өз ісінің шебері болуға тиіс. Сонда елімізде нағыз кәсіби біліктілік культі қалыптасады. Мен мұның маңызы туралы үнемі айтып келемін.

Біз ұстаз, дәрігер, ғалым және басқа да әлеуметтік сала мамандарының абыройын арттыру үшін нақты шаралар қабылдадық. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылардың мәртебесін көтердік. Осындай жан-жақты жұмыстар жалғаса береді. Себебі еңбек адамы – ел байлығы»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Для многих из вас журналистика – не просто профессия, а призвание. Настоящие журналисты далеки от праздного любопытства, пустословия и самолюбования в социальных сетях. Они всегда находятся в гуще событий и делают высококачественные материалы, в которых поднимают актуальные для граждан вопросы. Именно такая активная и созидательная деятельность соответствует высоким стандартам ответственной журналистики и способствует прогрессу нашей страны.

Началась эра новых медиа. Средства массовой информации эффективно используют технологии искусственного интеллекта. Можно сказать, что это показатель подлинного новаторства и креативности. Каждый должен быть мастером своего дела. Я не раз говорил о том, что только так в стране сформируется культ подлинного профессионализма.

Мы приняли конкретные меры по повышению статуса педагогов, врачей, ученых и других представителей социальной сферы. Также был повышен статус стражей порядка и спасателей. Работа в этом направлении будет продолжена. Ведь человек труда – это богатство страны»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Ақпарат – қуатты құрал. Әсіресе, қазіргідей құбылмалы заманда халыққа жан-жақты сарапталған, тексерілген, шынайы ақпаратты ұсыну аса маңызды.

Азаматтарды адастыратын ақпаратқа жол беруге болмайды. Сөз бостандығы – елдегі әр бастаманы сынау деген сөз емес. Нағыз ұлт мүддесін көздеген ақпарат құралы елдің береке-бірлігін нығайту үшін қызмет етуі керек.

Баспасөз – қоғамның бет-бейнесі. Мен күнделікті газет-журналды үнемі қадағалап отырамын. «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Aiqyn», «Литер», «Turkistan», «Ana tili», «Қазақ әдебиеті» басылымдарын, аймақтарда шығатын газеттерді де үзбей оқимын. Көп мағлұмат аламын, пайдалы ақпарат өте көп. Жалпы, қазіргі таңда газеттерде жарияланып жатқан материалдардың сапасы жоғары,
оқуға тартымды деп айтқым келеді. Қоғамның тынысын, зиялы қауымның ой-пікірін біліп отыру өте маңызды деп санаймын.

Шын мәнінде, газет шығару және газет оқу үрдісі ешқашан үзілмеуге тиіс. Осы сабақтастықты сақтап қалу керек. Бұл – өркениетті елдердің барлығында қалыптасқан дәстүр»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Информация – это мощный инструмент. В нынешнее нестабильное время особенно важно предоставлять населению всесторонне проанализированную, проверенную и надежную информацию.

Распространение сведений, вводящих граждан в заблуждение, недопустимо. Свобода слова не означает критику всего происходящего в стране. Средства массовой информации, действительно служащие интересам нации, должны способствовать укреплению единства.

Пресса – лицо общества. Я внимательно слежу за прессой, каждый день читаю «Egemen Qazaqstan», «Казахстанскую правду», «Aiqyn», «Литер», «Turkistan», «Ana tili», «Қазақ әдебиеті», а также региональные издания, из которых я черпаю много важной и полезной информации. Хочу сказать, что в целом нынешние публикации в газетах отличаются высоким качеством и уровнем подачи информации. Для меня важно держать руку на пульсе общества, знать настроения интеллигенции.

Процесс выпуска газет и культура их чтения никогда не должны прерываться. Мы должны сохранить преемственность в этом деле. Это традиция, сложившаяся во всех цивилизованных странах»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз ұлттық журналистиканың бай шежіресін, тағылымды дәстүрін мақтан тұтамыз. Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ зиялылары баспасөзге түгел атсалысты. Олар бұл салаға ағартушылық сипат берді. Аға буынның осы сара жолын лайықты жалғастыру қажет.

Ақпарат құралдары – халықтың үні, ұлттың жаршысы, бұқараның рухани тірегі. Сондықтан журналистердің кәсіби тұрғыдан мықты болуы өте маңызды, бұл, тіпті, шешуші дүние.

Журналистеріміздің көбі – жоғары деңгейдегі мамандар, олар елге адал, отаншыл азаматтар. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмән жоқ. Осы миссияны сіздер абыроймен атқарып келесіздер.

Кез келген еңбек бағалануға тиіс. Өркениетті қоғам масс-медиа майталмандарын ерекше қадірлейді. Жыл сайын елімізде үздік журналистерге сыйлықтар табысталады. Бұл – қалыптасқан дәстүр.

Бүгін ортамызда осы салада жарты ғасырға жуық қызмет атқарған азаматтар бар. Аймақтағы журналистиканың көшін бастаған тұлғалар да аз емес. Осы жиынға әр облыстың бұқаралық ақпарат өкілдерін арнайы шақырдық. Бір сөзбен, бұл жерде нағыз майталман мамандар отыр. Сондықтан мен ақпарат саласына ерекше еңбек сіңірген бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым.

Бұдан бөлек, былтырдан бері мереке қарсаңында журналистерге пәтер кілтін табыстауды дәстүрге айналдырдық. Бұл үрдіс биыл да, алдағы уақытта да жалғаса береді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Мы гордимся богатой историей и традициями национальной журналистики. Все выдающиеся представители казахской интеллигенции начала ХХ века были тесно связаны с работой прессы. Благодаря их влиянию эта сфера приобрела просветительский характер. Необходимо достойно продолжить путь старшего поколения.

Средства массовой информации – это голос народа, вестник нации и духовная опора общества. Особенное важное, даже решающее значение приобретает профессионализм журналистов. Большинство из вас – подлинные патриоты и специалисты высокого уровня, преданные своей стране. В этом нет никаких сомнений. Вы с честью выполняете свою миссию.

Любой труд должен оцениваться по достоинству. Профессионалы масс-медиа всегда пользуются большим уважением.

Традиционно лучшие представители СМИ нашей страны отмечаются премиями. Среди собравшихся здесь журналистов есть те, кто проработал в этой сфере почти полвека. Также есть посланцы региональных медиа. На мероприятие мы специально пригласили представителей средств массовой информации из разных областей. Одним словом, в этом зале собрались настоящие профессионалы. За особые заслуги в области информации принято решение о присуждении ряду журналистов государственных наград.

Кроме того, с прошлого года накануне праздника журналистам вручаются ключи от квартир. Эта традиция получит свое продолжение и в этом году, и в будущем»

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысының сөзі аяқталды

Завершилось выступление Главы государства


t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

t.me/aqorda_resmi