Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.3K photos
2.58K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі

Церемония вручения верительных грамот Президенту Казахстана


🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Полиция күнімен құттықтауы

Құрметті полиция қызметкерлері!


Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!
Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Полиция күнімен құттықтауы Құрметті полиция қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.…
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем полиции

Уважаемые сотрудники полиции!


Поздравляю вас с профессиональным праздником!
Вы стоите на страже закона и правопорядка, обеспечиваете спокойствие и безопасность граждан.

Общество возлагает на вас огромную ответственность и предъявляет высокие требования. Вы должны показывать образец профессионализма и эффективности, добросовестного исполнения служебного долга и внимательного отношения к проблемам людей. Важно, чтобы каждый из вас был примером безупречной честности, искреннего патриотизма, подлинного ответственного гражданства.

Уверен, вы продолжите содействовать укоренению в стране принципа «Закон и Порядок», внося неоценимый вклад в построение справедливого государства и гармоничного общества.

Желаю вам благополучия и успехов!

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 17-23 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 17 по 23 июня 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿✉️🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿✉️🇷🇺 Глава государства Касым-Жомарт Токаев выразил Президенту России Владимиру Путину искренние соболезнования и сочувствие в связи с террористическими атаками на православные храмы и синагогу в Дагестане, которые привели к жертвам среди священнослужителей и представителей правоохранительных органов.

Глава государства предложил содействие в проведении оперативно-розыскной деятельности по линии силовых ведомств.

Как заявил Президент, Казахстан решительно осуждает это античеловеческое деяние и выступает за развитие многостороннего сотрудничества в борьбе против терроризма под эгидой ООН, ШОС и других авторитетных международных организаций.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Бурамбаев Серик Жаксигалиевич назначен главнокомандующим Военно-морскими силами Вооруженных Сил Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

✍️ Распоряжением Главы государства Бекжанов Сакен Мансурович освобожден от должности главнокомандующего Военно-морскими силами Вооруженных Сил Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты.

✔️Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан батыл айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген зор қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді.

✔️Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар аясында күш-жігер біріктіру маңызды екеніне назар аударды.

✔️Бұдан бөлек, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті 📞 Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты. …
🇰🇿🇷🇺 Глава государства провел телефонный разговор с Президентом России

📞 В ходе телефонного разговора Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования Президенту России Владимиру Путину и всему российскому народу в связи с человеческими жертвами в результате террористических актов в Дагестане.

✔️Глава нашего государства подчеркнул, что Казахстан решительно осуждает любые проявления жестокости и насилия, направленные против благополучия мирных граждан, рассматривая их как серьезную угрозу региональной и международной безопасности.

✔️Стороны отметили важность продолжения тесного взаимодействия по борьбе с терроризмом и экстремизмом, а также консолидации усилий в рамках авторитетных международных организаций.

✔️Президенты также обменялись мнениями по вопросам дальнейшего развития казахско-российских отношений стратегического партнерства и союзничества, а также обсудили повестку дня предстоящего Саммита Шанхайской организации сотрудничества в Астане.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM