Aqorda 🇰🇿
57.8K subscribers
11.9K photos
2.54K videos
13.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Асхат Жұмағали:

✔️жемқорлыққа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады:
– жыл басынан бері елімізде 947 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген. Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар;
– тергеу амалдары аяқталған қылмыстық істер аясында 193,5 миллиард теңге өтелген. Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,03 триллион теңге көлемінде мүліктік активтер мен қаржы қайтарылған;
– биыл білім, ғылым, спорт, дәрі-дәрмек сатып алу, құрылыс, жер телімдерін бөлу салаларына жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша 113 есеп әзірленген;
– мемлекеттік органдарға жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған мыңнан астам ұсыныс берілген;
– алдын алу шаралары аясында, соның ішінде «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына мониторинг жүргізу арқылы 31 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеген;
– «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру кезінде 7,5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, 67 түйткілді кейс шешімін тапқан;
✔️жол саласындағы жемқорлық әрекеттерді жоюға қатысты тапсырмасының орындалу барысы жөнінде баяндады:
– «ақшаны бояу» пилоттық жобасын әлеуметтік маңызы бар салаларда, соның ішінде жол құрылысында іске асыру жоспарланып отыр;
✔️жыл басынан бері Қатар, Гонконг, Әзербайжан және Ресей Федерациясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарымен ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылғаны жайында мәлімет берді. Аталған құжаттар құқықтық көмек көрсету, активтерді қайтару, адамдарды іздестіру, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына және сатып алу үдерісіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша серіктестікті нығайтуға бағытталған.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады Асхат Жұмағали: ✔️жемқорлыққа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады: – жыл басынан бері елімізде 947 жемқорлыққа қатысты қылмыс…
Глава государства принял председателя Агентства по противодействию коррупции Асхата Жумагали

Асхат Жумагали:

✔️доложил о принимаемых мерах по противодействию коррупции:
– с начала года зарегистрировано 947 коррупционных преступлений, изобличено 660 лиц, из которых 104 – руководители различного уровня;
– в рамках завершенных уголовных дел возмещено 193,5 млрд тенге. В целом с 2022 года обеспечен возврат имущественных активов и денежных средств государству и субъектам квазигоссектора на сумму 1,03 трлн тенге;
– в текущем году подготовлено 113 отчетов по итогам анализа и мониторинга в сферах образования, науки, спорта, закупа лекарственных средств, строительства и распределения земель;
– госорганам вынесено более 1 тыс. рекомендаций и предложений, направленных на устранение коррупционных рисков;
– в рамках предупредительных мер, в том числе путем мониторинга портала «Единое окно закупок», предотвращено нерациональное использование бюджетных средств на сумму более 31 млрд тенге;
– при реализации проекта «Бизнеске жол» защищены права порядка 7,5 тыс. предпринимателей, разрешены 67 проблемных кейсов;
✔️проинформировал о ходе исполнения поручения по устранению коррупционных проявлений в дорожной отрасли:
– пилотный проект по «окрашиванию денег» планируется реализовать в социально значимых сферах, в том числе и строительстве дорог;
✔️доложил о том, что с начала текущего года подписано 4 меморандума о сотрудничестве с антикоррупционными ведомствами Катара, Гонконга, Азербайджана и Российской Федерации. Документы направлены на укрепление партнерства в вопросах оказания правовой помощи, возврата активов, розыска лиц, мониторинга целевого использования бюджетных средств и закупок.

❗️По итогам встречи Глава государства дал ряд поручений.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!


Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.

Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі.

Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.…
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Курбан айт

Дорогие соотечественники!


Поздравляю вас со священным праздником Курбан айт, олицетворяющим идеалы добра и гуманизма, милосердия и сострадания, справедливости и ответственности.

Это особо почитаемый и ожидаемый всеми мусульманами праздник, который содействует продвижению созидательных инициатив и благотворительных начинаний, способствует укоренению нравственных ценностей, укреплению духовной сплоченности общества.

Наша традиционная религия гармонично вплетена в общенациональный культурный код. В трудные времена наш народ всегда проявлял солидарность, оказывал помощь нуждающимся. Это бесценное качество нации ярко проявилось во время разрушительных весенних паводков. Уверен, благодаря единству и согласию мы сможем преодолеть любые испытания и вызовы.

Желаю всем гражданам здоровья, благополучия и успехов!
Пусть исполняются все ваши надежды и мечты!
С праздником Курбан айт!

t.me/aqorda_resmi
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Құрметті дәрігерлер!
Қадірлі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!


Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз зор үлес қосып келесіздер. Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия.

Денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі. Біз өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізді қашанда жоғары бағалаймыз. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және олардың құқықтарын қорғауға әрдайым баса назар аударамыз. Жақында қабылданған арнайы заң – осының айқын дәлелі. Сондай-ақ елімізде тұңғыш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы белгіленді. Бұл марапат халыққа қалтқысыз қызмет еткен нағыз майталман мамандарға беріледі.

Сіздер «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдары мен құндылықтарын берік ұстанып, кәсіби біліктілік пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетіп жүрсіздер.

Қоғамның игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін!

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Медицина қызметкері күнімен құттықтауы Құрметті дәрігерлер! Қадірлі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға…
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем медицинского работника

Уважаемые врачи, работники сферы здравоохранения!


Поздравляю вас с профессиональным праздником!
Вы выполняете ответственную и благородную миссию, изо дня в день заботясь о здоровье граждан, самоотверженно спасая жизни людей.

Развитие системы здравоохранения, всесторонняя поддержка врачей – одна из приоритетных задач государства. Ваш неустанный труд заслуживает самого высокого признания и уважения. Недавно был принят закон, направленный на укрепление статуса и комплексную защиту прав медицинских работников. Впервые учреждено почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері», которое присваивается за выдающиеся заслуги перед страной.

Неизменно следуя идеалам и ценностям концепции «Адал азамат», вы показываете пример подлинного профессионализма и беззаветной верности врачебному долгу.

Выражаю вам искреннюю признательность за вашу созидательную деятельность на благо общества!

Желаю всем крепкого здоровья, счастья и новых достижений!

t.me/aqorda_resmi
🕌 Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🕌 Президент посетил мечеть Хазрет Султан

Касым-Жомарт Токаев по случаю священного праздника Курбан айт посетил мечеть Хазрет Султан в Астане.

В мечети были прочитаны суры из Корана и совершен обряд жертвоприношения от имени Главы государства.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 10-16 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 10 по 16 июня 2024 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇵🇰 Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

📞 Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

✔️Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

✔️Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті.

✔️Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

t.me/aqorda_resmi